Мақалада Жайық өзенінің зоопланктоценозының жай-күйіне талдау жүргізіледі. Мақала материалдарында таксономиялық қүрамы және екі жыл ішіндсгі организмдердің кездесу жиілігі келтірілген. Жайық өзенінің зоопланктондық бірлестіктеріне кеңістіктікте маусымдық өзгерістерінің орналасуына талдау жүргізілді. Жүргізілген зсрттеулер нәтижесінде зерттелген су айдынында зоопланктонның өнімділік деңгейі бойынша трофностысынын томен сыныбы анықталды.
Зоопланктон ценоздардың кеңістіктікте орналасу сипатындағы айырмашылықтары белгіленді. Зоопланктонның бірнеше жыл ішіндегі сандық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасалды.
Сонымен қатар 2018-2019 жыл аралығында таксондардың сандық көрсеткішіне салыстырмалы талдау жасалды. Талдау нэтежесінде 2018 жылы ең көп пайызда кездескен коловраткалар арасында B. Calyciflorus (85%) және B. angularis (60%) болса. 2019 жылы ең жоғары пайызда кездескен B. Calyeiflorus (80%). M. brachiata, A. tonsa жэне Cyclops sp. кездесуі 40% болды. Көктем жэне жаздық маусымдарда саны бойынша коловраткалар басым болатындығы анықталды.
Зопланктон ағзаларының 2018 жылы сандық құрамы 26,46мың дана/м3? биомасса бойынша 290,96 мг/м3 құраса. 2019 жылы сандық құрамы 46.84мың дана/м3. биомасса бойынша 832,15мг/м3 құрап. Талдау нэтижелері бойынша ең өнімді Төменгі Дамба. 7 пост жэне Балықшы станциялар болып табылатындығы сипатталды.
Kipicne
Жайық өзенінің төменгі жағындағы зоопланктон экологиялық қоғамдастығы омыртқасыз жануарлар ретінде түр құрамының салыстырмалы, динамикалық тұрақтылық, табиғи жағдайлардағы құрылымдық-функционалдық ұйымымен сипатталады.
Жайық өзенінің төменгі бөлігі жағындағы зоопланктонның таксономиялық қүрамы, саны және биомассасы толық 1967 жылы Сәдуақасова зерттеген. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап балық шаруашылығы ғылыми- орталығы Атырау филиалында зоопланктонды зерттеу тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Зоопланктон ағзалары су экожүйелерінде маңызды рөл атқарады. Орта жағдайының өзгеруіне байланысты тез бейімделеді, бұл су айдындарының экологиялық балансын сақтауға ықпал етеді. Олардың табиғи өздігінен тазару процестерінде қатысады. Өзен организмдерінің дамуына реттеуші факторы бола отырып, ағыс жылдамдығы зоопланктонға да су қабатындағы лайлылық пен өлшенген қоқыстарды арттыру арқылы кері эсер етеді.
Ағыс жылдамдығы, өзендегі өмір дамуының реттеуші факторы бола отырып,зоопланктонға кері эсерін тпгізеді, сонымен бірге су бағанындағы тұнба мен тұндырылған шөгінділердің жоғарылауы да кері эсерін тигізеді.
Аспалы бөлшектердің шаян тэрізділерді сүзгілеу аппараттарынан тікелей эсер етуінен басқа, бұл бөлшектер судың мөлдірлігін төмендетеді, инсоляция жағдайларын нашарлатады, бүл фитопланктонның дамуына теріс эсер етеді, сондықтан зоопланктонның дамуы үшін трофикалық жағдайды нашарлатады. Осыған орай, біз үлгілерді су тасқыны келмей тұрғанда , бүрын алуға тырыстық. Зерттелген аймақ табиғи ресурстарының маңызды аймақтың қатарына жатады. Бұл су қоймалары қоршаған ортаның экологиялық жағдайының көрсеткіші бойынша маңызды бола түсуде.
Бүл мақаланың мақсаты - Жайық өзеннің төменгі бөлігі ағысындағы зоопланктонның қазіргі жағдайы туралы ақпарат беру, организімдердің пайда болу жиілігі, зерттелген өзен учаскесінің трофикасы, бүлар бұдан эрі балықтардың жемдік базасын бағалауға негіз болатынын көрсету. Көпжылдық аспектіде сандық көрсеткіштердің сипаттамасы берілді.
Материалдар мен әдістер
Зерттеуге арналған материалдар 2019 жылғы көктем, жазғы жэне күзгі кезеңдерде Жайық өзенінде белгіленген 6 станциядан жиналды. Камералдық өңдеу зоопланктонның түрлік құрамын, санын жэне биомассаны анықтауды қамтыды. Сынамаларды өңдеу жэне есептеу жалпы қабылданған гидробиологиялық эдістемелерге сэйкес жүргізілді [1,2,3]. Зоопланктонның сынамасы микроскоппен қаралып шықты, табылған ағзалар түрге дейін анықталды [4-6]. Cy айдынының трофностысын талдау үшін С. П. Китаевтың [7] жұмысы қолданылды.
Нәтижелер және талқылау
Жайық ө. төменгі ағысындағы зоопланктонның сапалық құрамында 42 таксон зоопланктерлер саналды. (1-кесте). Ең бай фауна 2019 жылы 29 такса болды. Ең көп санды топ коловраткілер тобы болды - 25 таксон, 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1 таксонға өсті. Ротифер кешенін негізінен брахионустар болды екі жылда кейбір қүрамы өзгерді. 2019 жылы Brachionus Calyciflorus amphiceros (Ehrenberg), B. Ieidigii rotundus (Rousselet) құрамнан шықты.
Кесте 1 - Жайық өзенінің төменгі сағасындағы зоопланктон организмдерінің таксономиялық құрамы және кездесу жиілігі
Зоопланктон ағзалары |
2018 ж. |
2019 ж. |
Rotifera - Коловраткалар |
||
Asplanclmapriodonta Gosse |
30 |
40 |
A. girodi de Gueme |
- |
10 |
A. Irerriski de Gueme |
5 |
10 |
Bracliionuscalyciflorasampliiceros Elirenberg |
5 |
- |
B. Calycifloras Pallas |
85 |
80 |
B. angularis Gosse |
60 |
17 |
B. q. quadridentatus Hennaim |
15 |
5 |
B. diversicomisDaday |
- |
5 |
B. ucseus UcseusLiime |
10 |
5 |
B. IeidigiirotundusRousselet |
5 |
- |
CeplialodellacatellinaMuller |
- |
10 |
Euclilanusdilatata Elirenberg |
5 |
- |
Enteroplealacustris Elirenberg |
5 |
- |
F. Iongiseta Elirenberg |
22 |
5 |
LecanelunaMuller |
- |
5 |
Notolcaacuminata Elirenberg |
- |
10 |
N. SquamulaMuller |
- |
5 |
Polyartlira vulgaris Garlin |
- |
5 |
Syncliaetapectinata Elirenberg |
30 |
10 |
S. StylataWierz |
10 |
- |
Synchaeta sp. |
30 |
33 |
Testudinella patina Hennami |
- |
10 |
TrichocercapusillaLauterbom |
5 |
- |
T. CapucinaWieiz |
5 |
- |
Жалпы таксондар: 25 |
16 |
17 |
Cladocc га-Бұтакіцрііылар |
||
AlonarectangulaSars |
- |
10 |
BosininalongirostrisMuller |
30 |
17 |
CeriodaphniaquandrangulaMuller |
25 |
- |
ChydorasspliaericusMuller |
15 |
- |
Daplmia IongispinaMuller |
10 |
- |
Diaphanasoinabrachyuram Levin |
15 |
5 |
MoinabracliiataJurine |
10 |
40 |
M. macrocopa Straus |
30 |
17 |
Polvphemus pediculusLiime |
5 |
- |
Жалпы таксондар: 9 |
8 |
5 |
Copepoda- Ескек аяқтылар |
||
Acartiatonsa Dana |
30 |
40 |
Eudiaptomus sp. |
- |
5 |
E. gracilisSars |
- |
5 |
CalanipedaaquaedulcisKritcz. |
- |
5 |
C. kolensisLilljeborg |
- |
5 |
Cyclops sp. |
10 |
40 |
Eucyclops sp. |
- |
5 |
Harpacticoida sp. |
45 |
17 |
Жалпы таксондар: 8 |
2 |
7 |
2 жылдағы жалпы таксондар: 42 |
26 |
29 |
Сонымен қатар р. Asplanchna, A.girodi түрімен толықтырылды. Өзгерістер басқа да коловраткаларға қатысты. 2019 жылы томен жиілігімен L. Iuna, N. acuminata, N. Squamula және P. vulgaris.табылды. Бұтақмұртты шаяндар 9 таксон құрады. 2019 жылы 5 таксон кездесті, бүл 2018 жылғы көрсеткіштен 3 таксонға аз. Кладоцер түрлерінің ішінде 2018 жылмен салыстырғанда C. quandrangula, С. sphaericus, D. Iongispina және P. pediculus болмады. Копепод кешенінің 8 таксоны анықталды.
2018 жылы ең коп пайызда кездескен коловраткалар арасында В. Calyciflorus (85%) және B. angularis (60%) болды. 2019 жылы ең жоғары пайызда кездескен B. Calyciflorus (80%). М. brachiata, A. tonsa жэне Cyclops sp. кездесуі 40% болды. 2018ж.кладоцер арасында кездесу жиілігі бойынша В. Iongirostris жэне М. macrocopa, ал копепод - арасында Harpacticoida болды. 2019 ж. бұтақмұрттылардан М. brachiata басым, ал есекек аяқтылардан - A. tonsa жэне Cyclops sp.болды.
Зоопланктонның көктемгі сандық құрамын зерттеу кезінде 2019 жылдың сэуірінде зерттелетін учаскедегі зоопланктонның орташа саны мен биомассасы тиісінше 10,07 мың дана/м3 жэне 102,86 мг/м3 құрады, бұл өткен жылдың көктемгі көрсеткіштерінен жоғары. Планктон қауымдастығының сандық көрсеткіштері өзен станциялары бойынша таралуы біркелкі емес. Барлық жерде биотоптар бойынша коловраткалар тобы басым болды. Олардың орташа көрсеткіштер саны бойынша 9,01 мыц дана/м3 жэне биомассасы бойынша 93,29 мг/м3 құрады. Ескек аяқтылардың сандық көрсеткіштері бойынша 1,06 мыц дана/м3 жэне биомассасы бойынша 9,57 мг/м3 құрады.
Ерте көктемде бұтақмұртты шаяндар кездеспеді. Зооплан ктонныц жалпы саны зерттелген акваторияда 5,44 мыц дана/м3 ("Төменгі Дамба" станциясында), 15,82 мыц дана/м3 ("Балықшы"станциясы) дейін ауытқыды.Биомасса "Институт" станциясында 37,7 мг/м3-ден "Балықшы" станциясында 170,85 мг/м3-ге дейін өзгерді. Осылайша, "Балықшы" станциясы сандық жэне салмақтық қатынаста жаппай жоғары өнімді болды.
Жазғы кезеңде сынамала^ды жинауда, өзен сағасындағы зоопланктонның орташа саны 19,38 мыц дана/м3 болғанда, биомассада 141,83 мг/м3 тец болды. Өткен жылдың жазғы кезеңімен салыстырганда, организмдер саны коловратка санының есебінен артты. Ал, биомасса-ескек аяқтылар салмағы есебінен. Жогарыда айтылгандай, орташа станциялар бойынша доминантты саны - 13,3мың дана/м3 коловраткалар болды. Ескекаяқтылар саны 3,55мың дана/м3, ал, бұтақмұрттылар 2,53 мың дана/м3 құрады. Биомассасы басым ескек аяқтылар - 58,27мг/м3тең болды. Субдоминантты бұтақмұрттылар-48,79мг/м3. Коловраткалардың массасы 34,77 мг/м3 құрады. Станциялар бойынша маусым айында саны 3,22 мың дана/м3-ден 75,93 мың дана/м3-ге дейін болды. Станцияларбойынша биомасса 34,57 мг/м3-ден 407,37 мг/м3-ге дейінөзгерді.
Күзгі кезеңде зоопланктонның дамуы басқа маусымдармен салыстырғанда анағұрлым жоғары болды. Зоопланктон организмдерінің орташа саны күзде 111,08 мың дана/м3, биомасса 2251,75 мг/м3 болды. Саны мен биомассасы бойынша бұтақмұрттылар - 47,96 мың дана/м3 жэне 1640,39 мг/м3 сэйкес басым жагдайга ие болды. Саны бойынша екінші орынды коловраткалар алды - 41,47 мың дана/м3. Ескек аяқтылар саны зоопланктонның басқа топтардан екі есе томен болды жэне 21,65 мың дана/м3 құрады. Биомасса бойынша субдоминанты ескек аяқтылар - 454,26 мг/м3. Коловраткалардьщ массасы 157,1 мг/м3 тең.
Ең өнімді станциялар: Төменгі Дамба, 7 пост жэне Балықшы байқалды. Осы станциялардагы биомасса 425,09-766,99 мг/м3 шегінде болды. Ец аз биомасса Бугорки станциясында белгіленді - 89,9 мг/м3. Бугорка станциясында агзалар саны 5,89 мың дана/м3-ге дейін, Төменгі Дамба станциясында 47,62 мыц дана/м3-ге дейін өзгерді. Зоопланктон санын маусым бойынша салыстыра отырып, зоопланктонның барлық топтарында станция бойынша, орташа саны күзге карай артқанын атап отуге болады. Коловраткалар - көктемде 9,01 мыц дана /м, жазда 13,3 мыц дана /м3 жэне күзде 41,47 мыц дана/ м3 болды. Көктемде бұтақмұрттылар сынамаларда болған жоқ. Жазда олардыц саны 2,53 мыц дана/м га жетті жэне күзде 47,96 мыц дана / м3 дейін өсті. Сондай - ақ, көктемде ескек аяқтылар саны өскендігі- 1,06 мыц дана /м3-дан жазда 3,55 мыц дана /м3-ге жэне күзде 21,65 мыц дана /м3-ге дейін байқалды. Биомассасының маусымдық өзгеруі келесідей болды.Коловраткалардьщ биомассасы көктемде 93,29 мг/м3-ден жазда 34,77 мг/м3-ге дейін төмендеді жэне күзде қайтадан 157,1 мг/м3-ге дейін өсті. Жоғарыда айтылғандай, кладоцерлер сэуір сынамаларында болмады. Жазда олардыц биомассасы 48,79 мг/ м3 жетті жэне күзге қарай 1640,39 мг/м3 дейін өсті. Копеподта ұқсастық көктемнен күзге дейін биомассасы жоғарылауы (көктемде 9,57 мг/м3, жазда 58,27 мг/м3 жэне күзде 454,26 мг/м3-ге) байқалды.
Біздер су айдынының трофикалық жағдайын зерттедік. Зерттелген кезеңде биомассаның орташа мэні 0,8 г / м3 тең болды, бұл суқойманың трофностысы төмендігіні көрсетеді. Осыдан 2019 жылы, Жайық өзенінің төменгі бөлігіндегі су айдындарын олиготрофты түріне жатқызуға болады [7].
2019 жылы зоопланктон санының қорытынды мэні 2-кестеде көрсетілгендей, 46,84 мың дана/м3 қүрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштерден екі есе жоғары. Биомассаның мэні 832,15 мг /м3 құрады, бүл 2018 жылғы көрсеткіштерден үш есе жоғары. Зерттеу кезінде топтар бойынша сандық көрсеткіштер ,2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы организмдердің барлық топтардың көбісінде тұрақты артықшылық байқалды. Биомассаның мэні бойынша екі жылда да бұтақмұртты шаян тэрізділер - 2018 жылы 210 мг/м3 жэне 2019 жылы 563,1 мг/м' бірінші болды. Сандық мэні бойынша басымдылық коловраткаларда - 2018 жылы 21,45 мың дана/м3 және 2019 жылы 21,26 мың дана/м3 болды.
Кесте 2- 2018-2019 жылдардағы Жайық өзенінің сағасы мен атырауындағы зоопланктонның негізгі топтарының орташа көрсеткіштері
Зоопланктон ағзалары |
20 |
18ж. |
2019 ж. |
|
C |
Б |
C |
Б |
|
Rotifera |
21,45 |
63,58 |
21,26 |
95,05 |
Cladocera |
3,77 |
210,55 |
16,83 |
563,1 |
Copepoda |
1,24 |
16,83 |
8,75 |
174,0 |
Барлығы |
26,46 |
290,96 |
46,84 |
832,15 |
Ескертпелер : саны - C., мың дана/м3; биомасса - Б., мг/м .
Қорытынды
Осылайша, зоопланктонның сапалык кұрамын зерттеу нәтижесінде, 2018 жылы 26-ға таксон болса, 2019 жылы - 29 таксон болып фаунасы ең бай екендігі көрсетеді. Көптеген коловраткалар тобы болды, олардың ішінде көрнекті байлығымен Brachionus түрі ерекшеленді. Зоопланктонның сандық сипаттамаларын анықтау кезінде, Жайық өзенінің төменгі жағында 2019 жылы зоопланктонның сандық көрсеткіштері көктемнен күзге дейін барлық топтар бойынша өсе түскені анықталды. Көктемде жэне жазда саны бойынша коловраткалар басым болды.
Биомасса бойынша көктемде коловраткалар басым болса, жазда ескек аяқтылар болды. Күзде саны мен биомассаның мәні бойынша басым рөлді, көктемде сынамаларда болмаған бүтақмұрттыларға ауысты. Жайык өзенінің төменгі бөлігінде томен трофикалық сыныбын анықтауда, су айдынының трофикалығын бағалау үшін С. П. Китаевтың [7] жіктеуі қолданылды. Екі жылдық жағдайда байқалғандығы, зоопланктонның саны мен биомассасы 2019 жылы өткен жылмен салыстырғанда артқаны болды.
Әдебиеттер тізімі
- Винберг Г.Г., Лаврентьева Г.М. Методические рекомендации по сбору и обработке материалов при гидробиологических исследованиях на пресных водоемах. Зоопланктон и его продукция / ред. - Л.; ГосНИОРХ, Зоолог, ин-т АН СССР. 1984,- 33 с.
- Абакумов В.А. Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и донных отложений/ Ленинград: Гидрометеоиздат. 1983. - С.57-58.
- Шарапова Л.И. Методическое пособие при гидробиологических рыбохозяйственных исследованиях водоемов Казахстана (планктон и бентос). Алматы. 2018. - 42 с.
- Кутикова Л. А. Коловратки фауны СССР. - М. - Л: Наука. 1970. - 745 с.
- Цалолихин С.Я. Определитель пресноводных беспозвоночных России и сопредельных территорий. Ракообразные. / С. Я. Цалолихин. - С.-Пб.: Наука. 1995. - Т.4. 5. 6. - С. 304.
- Цалолихина С.Я. Определитель пресноводных беспозвоночных России и сопредельных территории. Т. 2. Ракообразные. - СПб.: Зоолог. ин-тРАН. 1995. -628 с.
- Китаев С.П. Основы лимнологии для гидробиологов и ихтиологов. - Петрозаводск: Карельский научный центр РАН. 2007. - 398 с.
- Демесинова Г.Т. Оценка степени неорганического загрязнения рек Жайык и Кигаш. Вестник. Атыраускийгосударственный университет. Атырау. 2015. С.159.