Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нарын құмындағы археологиялық барлау

Аңдатпа

Мақалада Атырау облысының Исатай және Құрманғазы ауданы аймағында жатқан Нарын құмында жүргізілген археологиялық барлау жұмысы баяндалады. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2019 жылы тамыз, қыркүйек айларында, жаңадан тарихи - мәдени ескерткіштерді анықтау мақсатында экспедициялық жұмыс жүргізді. Нарын құмынан тас, қола, темір және ортағасырлық ескерткіштер анықталды. Сонымен бірге XVIII-XX ғасырлар тән кесене, құлпытас және басқа да құрлыс орындары табылды. Біз өз мақаламызда тек темір дәуірінің ескерткіштерін ғана атамақпыз [1].

Бүгінгі таңда тас дәуірінен бері сақталып, анықталған көне тұрақтар, ерте темір дәуірлік сарматтық қорғандар мен құмтөбелі қабірлер, ортағасырлық қалалар мен керуен сарайлар, Атырау өңірі көне заманнан адамдар мекендеген аймақ екенін дәлелдеуде.

Атырау облысының аумағында көптеп кездесетін археологиялық нысандардың бірі - көне обалар, қорғандар. Қазіргі уақыттың өзінде тарихи- мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген мұндай археологиялық нысандардың саны жүздеп саналады. Олардың негізгі бөлігі Құрманғазы, Исатай аудандарының солтүстік бөлігі, Махамбет пен Индер аудандарының батыс аумағында кездеседі.

Тек Батыс Қазақстан аймағында ғана кездесетін сарматтық «Құмтөбелі қабірлер» өзінің құрлысымен ерекшеленеді. Бұл қабірлер тек б.э.д.VIII-I ғасырларда сарматтар мекендеген Тайсойған, Бүйрек, Нарын, Сарықамыс [2], құмдарында пайда болған.

Сонымен бірге бұл аймақта тастан жасалған сәулет құрылысының ерекше түрлері «қойтас», «қошқартас», жәшік-саркофагтар (сандыісгастар), қабір үсті белгілері, күмбезді мазарлар мен құлпытастар шоғырланған кешендердің саны басым. Сонымен қатар, олардың құрамында XIX ғасырға жататын көне мешіттер де кездеседі.

Индер, Махамбет, Исатай аудандарының аумақтарында жоғарыда аталған ескерткіштерді негізінен шикі кірпіштен (саман тас) тұрғызған. Ресеймен шектесетін Құрманғазы өңірі мен Исатай ауданының батыс бөлігінде сағанатам мен мазарлар ағаштан жасалған.

Құрманғазы ауданы жеріндегі Нарын құмындағы обалар туралы мәліметтер: - «Исатай және Құрманғазы аудандары. Атырау - Алматы, 2012. II том», - ескеркіштер жиынтығында жарияланды. [3]

Соңғы уақыттарда анықталған археологиялық ескерткіштерді зерттеуде археологтар З.Самашев пен Л.Л. Галкинің үлесі зор.

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының «Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы», 1989-2004 жылдар аралығында З.Самашевтың басшылығымен Жылыой, Мақат, Құрманғазы аудандарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде неолит және ерте темір дәуіріне жататын көптеген тұрақтар мен қорғандар анықталды.

Сонымен қатар, соңғы уақытта тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтауда Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының да үлесі бар. [4].

2019 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстары Атырау облысы аумағына енетін Нарын құмы аумағында жүзеге асты. Мақсаты, аталмыш құмды аймақтың археологиялық және сәулеттік маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерін анықтау болып табылады. Өйткені, бұл аймақ күні-бүгінге дейін тыңғылықты зерттелінбеген аумақтардың бірі саналады [5].

Нарын құмы - Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарын және Батыс Қазақстан облысыныңБөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 40 мың км2. Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м, темен жатыр. Өңір Каспий теңізініңХвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Ментеке Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, массивтерінен тұрады. Солтүстік - шығысын Қамыс - Самар жайылмасы алып жатыр. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақгы ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5-2 м., тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұрайлы жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, құмдақгы-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады.

Нарын құмы аумағына жүргізілген кешенді этно-археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде барлығы 84 тарихи-мәдени мұра нысаныанықталды. Оның ішінде археологиялық объектілердің саны - 58, сәулет ескерткіштерінің (ансамбль) саны - 26.

Анықталған нысандардың негізгі бөлігін тас пен қола дәуірлерінің және ерте темір дәуірінде мекен еткен қауымдардың белгілі бір уақытқа тұрақтанған мекендері (тұрақтары) және ерте темір дәуірлік қорғандар және XIX - XX ғасырдың бас кезіне жататын сәулет ескерткіштері болып есептелетін құлпытастар шоғырланған қорымдар құрайды. Бұл аймақта осындай тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің көптеп анықталуы, бұл жерлерді көнеден адамдардың мекен еткендігін дәлелдеп отыр. Қазірдің өзінде Нарын құмы алқабы жер асты тұщы суы мол, шөбі шүйгін мал шаруашылығын дамытуда ең қолайлы аймақ саналады. Табылған обаларға сипатама берейік.

Бағырлай 1 қорғаны. N 48° 24, OlГ; E 51° 26, 766'. Ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Индер ауданы, Есбол ауылынан солтүстік-батыста 8 км., қашықта. Бағырлай 1 қорғаны ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіш саналады. Қорғанның диаметрі - 61 м, биіктігі - 1,6 м. Айналасында оңтүстік және солтүстігінде, сонымен қатар үстінде ордың орны бар. Үстіңгі бөлігінде геодезиялық үшбұрыш белгісінің орны байқалады. Құрылысы құмды топырақган үйілген.

Бағырлай 2 қорғандары (2). N48° 22, 233';Е51° 23, 769'. Ерте темір дәуірі. Қорғандар Индер ауданы Есбол ауылынан батысқа 11 км., жерде орналасқан. Бірінші қорғанның диаметрі - 20 м, биіктігі - 0,6 м, екінші қорғанның диаметрі - 7 м, биіктігі - 0,5 м. Айналасында және үстіңгі бөлігінде ордың орны бар. Құрылысы құмды топырақтан үйілген.

Бағырлай 3 қорғаны. N 48° 21, 866';Е 51° 23, 144'. Ерте темір дәурі. Қорғандар Индер ауданы Есбол ауылынан батысқа 10,5 км, қашықта. Қорғанның диаметрі - 50 м, биіктігі - 1,5 м. Айналасында және үстінде ордың орны бар. Үстіңгі бөлігінде геодезиялық үшбұрыш белгісінің орны байқалады. Құрылысы құмды топырақтан үйілген.

Топырақ жайған қорғаны. N 48° 09, 892';Е 51° 15, 228'.Ерте темір дәуірі. Индер ауданы Көктоғай ауылынан батысқа 21 км,Бағырлай каналының жағалауында, Нарын құмының шығыс етегінде орналасқан. Қорғанның диаметрі - 25 м, биіктігі - 0,5 м. Айналасында және үстінде ордың орны бар. Үстіңгі бөлігінде геодезиялық үшбұрыш белгісінің орны байқалады. Құрылысы құмды топырақтан үйілген.

Бесікті қорғаны. N 47° 20, 749'. E 50° 32, 597'. Ерте темір дәуірі. Исатай ауданы, Қызылүй ауылынан оңтүстік-батыста 13,5 км, қашықта.Қорғанның биіктігі - 5 м, диаметрі - 25 м. Tac араласқан құм топырақпен үйілген.

Мыңтөбе қорғаны. N 47° 25, 763'; E 49° 56, 757'. Ерте темір дәуірі. Исатай ауданы, Нарын ауылынан солтүстік-батыста 61,5 км, Мыңтөбе елді- мекені маңында. Қорғанның диаметрі -10 м, биіктігі - 0,8 м. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы құмды топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан.

Tac уйген 2 қорғаны. N 47° 21, 202'; E 49° 56, 512'. Ерте темір дәуірі. Исатай ауданы, Нарын ауылынан солтүстік-батыста 56 км, Мыңтөбе елді мекені маңында. Қорғанның диаметрі -10 м, биіктігі - 4 м. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы тас аралас құмды топырақтан үйілген.

Мыңтөбе қорғандары (5). N 47° 22, 015'; E 49° 53, 040'. Ерте темір дәуірі. Нарын ауылынан солтүстік-батыста 60 км, Мыңтөбе елді мекені маңында.Мыңтөбе қорғандары 5 қорғаннан құралған. Қорғандардың диаметрі -7-10 м, аралығында, биіктіктері - 0,5-0,8 м, аралығын қамтиды. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы құмды топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан.

Tac үйген 1 қорғандары (2). N 47° 21, 345'; E 49° 57, 070'. Ерте темір дәуірі. Нарын ауылынан солтүстік-батыста 55,5 км, Мыңтөбе елді мекені маңында. Нысан 2 қорғаннан құралған. Қорғандардың диаметрі -10 м, және 15 м, биіктіктері - 0,9 м, және 1,5 м. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы тас аралас құмды топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан.

Қорған. N 47° 21, 174'; E 49° 55, 028'. Ерте темір дәуірі. Нарын ауылынан солтүстік-батыста 57,5 км., Мыңтөбе елді мекені маңында. Қорғандардың диаметрі - 7 м., биіктігі -1 м. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы құмды топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан.

Шалқар қорғандары (3). N 48° 01, 385'; E 48° 55, 702'. Ерте темір дәуірі. Құрманғазы ауданы Үштаған ауылынан солтүстік-шығыста 16 км, қашықта.Нысан әртүрлі өлшемдегі 3 қорғаннан тұрады. Қорғандардың диаметрі -15-20 м, биіктіктері - 0,4-0,8 м, аралығында. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы құмды топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан.

Қолбас қорғаны. N 48° 58, 78Г; E 48° 52, 832'. Ерте темір дәуірі. Құрманғазы ауданы Үштаған ауылынан солтүстік-шығыста -10,1 км, қашықта.Қорғандардың диаметрі -15 м, биіктігі -0,9 м. Биік төбеде, Қолбас қорымының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Құрылысы құмды топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан. Үстінде және жиегінде ордың орындары бар.

Азғыр қорғаны. N 47° 50, 432'; E 47° 55, 197'. Ерте темір дәуірі.Құрманғазы ауданы Азғыр ауылынан шығыста 500 м, қашықта.Қорғандардың диаметрі -10 м, биіктігі -1 м. Биік төбеде орналасқан. Құрылысы құмды топырақтан үйілген.

Құдайберген корғандары (4). N 47° 41, 584'; E 48° 37,317. Ерте темір дәуірі. Құрманғазы ауданы, Асан ауылынан оңтүстік-шығыста 27 км, қашықта. Нысан Құдайберген деп аталатын биік төбеде орналасқан. Әртүрлі көлемдегі 4 қорғаннан тұрады. Қорғандардың диаметрі - 20-30 м, биіктіктері - 2-3 м, аралығында. Биік төбеде, оңтүстіктен солтүстікке қарай қатарласа орналасқан. Құрылысы тас араласқан құмды топырақтан үйілген. Батыс жиегінде қиыршық тас өндірген, карьер қазылған. 1 сурет.

Қырықоба қорғандары. N 47° 42, 882'; E 48° 34, 565.Ерте темір дәуірі. Құрманғазы ауданы, Асан ауылынан оңтүстік-шығыста 23 км, қашықта.Аты айтып тұрғандай биік төбеде шығыстан-батысқа қарай қатарласа көптеген қорғандар шоғырланған. Олар оңтүстік-шығыстан, солтүстік - батысқа қарай -800 метрге созылып жатыр.

7 үлкен қорғанның көлемдері әртүрлі, диаметрі - 5-30 м, биіктіктері - 0,5-3 м, аралығында. Ал майда 40 жуық обалар көлемі: диаметрі - 5-10 м, биіктіктері - 0,3-0,5 м, аралығында.

2 және 3 үлкен обаларына жалғасып солтүсгікке қарай биіктігі-0,5 м, ені -7 метр жал қорғаны бартөрткіл түрінде құрлыс жасалғанкөлемі: 70 х 70 м.Ортасы тегіс алаң. Бұл ғибадатхана. Құрылысы тас араласқан құмды топырақган үйілген. 2 сурет.

Бұндай ғибадатхана қазіргі кезеңде Тайсойған құмдарында жатқан Қарабау обаларында бар. Оның жобасы шеңбер түрінде жасалған [6].

Қырықоба 2 қорғандары. N 47° 42, 909'; E 48° 33, 713. Ерте темір дәуірі.Құрманғазы ауданы, Асан ауылынан оңтүстік-шығысқа 22,5 км, қашықта, Қырықоба қорғанының батыс жағында.Шығыстан-батысқа қарай қатарласа 4 қорған шоғырланған. Көлемдері әртүрлі. Қорғандардың диаметрі - 5 - 20 м, биіктіктері - 0,5 -1,5 м, аралығында. Құрылысы тас араласқан құмды топырақтан үйлген. 3 сурет.

Нарын жерінде жүргізілген археологиялық барлауда ашылған қорғандар ерте темір дәуіріне жатады. Табылған деректер, бұл обалар сарматтардың обалары екенін айғақтайды. Келешекте жалғасатын археологиялық зерттеу жұмыстары ескерткіштердің сырын толық ашады деп ойлаймыз.

1-сурет. Құдайберген қорғандары (4)

2-сурет. Қырықоба қорғандары

3 -сурет. Қырықоба 2 қорғандары (4)

4 -сурет. Нарын құмы

5 -сурет. Нарын құмы

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Атырау облысы Исатай және Құрманғазы аудандары аумағынан жаңадан тарихи мәдени мұра ескерткіштерінін анықтау экспедициясының ғылыми есебі. (Нарын құмы аумағына жүргізілген зерттеу экспедициясы). Атырау, 2019. - 70 б.
  2. Касенов М.С. Сарықамыстың археологиялық ескерткіштері // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - Атырау, №1 (52), 2019. - 23-36 б.
  3. Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай және Құрманғазы аудандары. - Атырау - Алматы, 2012. II том. - 84 -118 б.
  4. АЦИА. Атырау облысы аумағында жаңадан сәулет жэне археология ескерткіштерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының ғылыми есебі. - Атырау, 2009. - 30 б.
  5. Археологическая карта Казахстана. Алма-Ата, 1960. - С. 136-137.
  6. Касенов М.С. Қарабау ғибадатханалары Ц Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - Атырау, №2 (53), 2019. - 4-16 6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.