Аңдатпа
Мақалада қоғамның әлеуметтік және табиғи жағдайлардың әртүрлілігі мен күрделілігін танып білуге қабілетті, өмірдегі өзгерістерге лайықты жауап беруге және сәйкес шешім қабылдауға дайын адамды тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты бастауыш сынып оқушыларының туған жері туралы өлкетану идеяларын қалыптастыруды зерттеудің өзектілігі талқыланады.
Оқушыларды туған жерінің салт-дәстүрімен және құндылықтарымен таныстыру қажеттілігіне бағытталған оқу үдерісінөзінің туған өлкесінің тарихи-мәдени ортасының ерекшеліктерінсіз құру мүмкін емес. Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу - танымдық, адамгершілік және эстетикалық дамуының, жеке тұлғаның патриоттық сезімі мен рухани ұстанымдарын қалыптастырудың маңызды құралы.
Өлкетану- белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кеңісгігінде жаңаша білім берудің мақсаты-өзін-өзі тұлғалық болмысқа бағыттау үрдісі тек қоғамның қажеттілігі мен сұранымынан туатын қабілет пен іскерлікті ұштау,оның әлеуметтік сипаттағы белсенділігі мен құлшынысы-өздігінен жұмыс жүргізуге қозғаушы күш болып табылады. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске асады.Біліктілік пен шеберліктеріңізді ұштастырып, «ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып,өсіп келе жатқан жастарымызды әлемді мойындататын рухани биікке көтеру сіздер мен біздердің міндетіміз [1].
Бүгінгі күннің негізгі мақсаты мен міндеттері: оқушылардың қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына сүйіспеншілектерін қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау, табиғатын қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа экологиялық, өлкетанулық тәрбие беру [2].
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының бойында тұлғалық бағдарды қалыптастыру мақсатында біз өзіміздің туған өлкеміздің тарихымен, табиғатымен, мәдениетімен сусындатуды бастауымыз қажет. Қазіргі таңда болашақ ұрпақтың тұлғалық-бағдарының қалыптасуына ізгіліктік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарға негізделген үздіксіз білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өте қажет.
Өлкетану материалдары оқыу, зерттеу оқушыларға өздерінің туған өлкесін жан - жақты, тереңоқып үйренуге, оның құндылығын бағалай білуге, аймақтық мәселелерді зерделеуге, тұлғалық бағдарын қалыптастыруға, тәрбие және танымміндеттерін шешуге көмектеседі.
Оқушының туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін қалыптастыра отырып, оқушылардың өз бетінше өлкені танып білуіне, шығармашылық ізденісін дамуына жағдай жасай аламыз. Географиялық, тарихи ұғымдарды нақты түсінуге көмектеседі.
Өлкетанудың зерттеу нысандарын 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
- Өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке компанеттердің (геология, жер бедері, ауа-райы, топырақ және өсімдік жамылғылары, жануарлар дүниесі т.б.) олардың өзгеру деңгейі мен сипатын, табиғатта жүретін үрдістерді зерттеу;
- Өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан кәсіптік ерекшекліктерін анықтау;
- Өлкенің және онда тұрып жатқан халықтарының тарихы жайлы деректер, экспонаттар жинау, көне қалалар қалдықтарын, тарихи ескерткіштерді оқып-тану және оларды халық тарихымен, тарихи кезеңдермен байланыстыру;
- Халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын зерттеу [3].
Тұлғаға бағытталған парадигма - бұл оқытушы тарапынан білім беруді ізгілендіру, білім берудегі адам факторының өсіп келе жатқан рөлін ескеру, оқушыға да, мұғалімге де қатысты.
Өлкетану - оқушылардың жинақтаған білім және дағдыларын пайдалануының кең және қол жетімді саласы. Ол әсіресе қоғамдық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Өлкетануда көп жұмыс ұжыммен орындалады, жұмыстың нақты нәтижелері мен істің пайдалылығымен бекітілетін ортақ мүдделер мен жауаптылық туындайды. Өлкетану зерттеушілік сипаттағы жұмыстарға қолайлы жағдай туындатады, ол оқушылардың күш-жігерін мақсатты пайдалануына және шығармашылық ынтасының дамытуға ықпал етеді.
Өлкетану үш бағыт бойынша бөлінеді:
- .Мемлекеттік өлкетану
- .Қоғамдық өлкетану
- .Мектептік өлкетану
Мектептік өлкетану жұмыстары арқылы оқушының тұлғалық-бағдарын қалыптастыра аламыз.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы. Қазіргі кезде Д.Н. Богоявленскийдің, П.Я. Гальпериннің, Б.В. Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің, С.Л.Рубинштейннің, Н.Ф.Талызинаның т.б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған технологиясына Л.И. Аниферованың, Е.В. Бондаревскаяның, В.С. Ильиннің, М.В. Клариннің, Т.Н. Мальковскаяның, В.В.
Сериковтың, И.С. Якиманскаяның, Д.В. Дорофеевтің зерттеулері арналған. Білімнің түрлі салаларындағы ғалымдардың, философтардың, психологтардың, педагогтардың тұлғалық бағдарлы оқыту мәселелеріне деген терең және үздіксіз қызығушылығы да қозғалып отырған мәселенің маңыздылығын дәлелдей түседі. Ол үшін алдымен «тұлғалық бағдарлы оқыту» дегеніміздің не екенін түсініп алғанымыз жөн.
И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамыту.
Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының терт компонент! де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаның жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп тұжырымдайды. [4].
Ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, тұлғалық-бағдарлыоқыту дегеніміз - тұлғаның өзіндік ойлау ерекшелігінің болуы, қызығушылығы мен мүддесі, жеке ұстанымы, өмірге, еңбекке деген сыни көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі деп анықтама береміз. [5].
Тарихты болашақ ұрпаққа ұлықтау, өткенді есте сақтау- біздің азаматтық парызымыз. Келешек ұрпақ өткенінен хабардар, ұлттық құндылықтарды, тарихи ескерткіштерді көз қарашығындай қорғап, бабалар салған дара жолдың сарынын ұстанғаны абзал. [6].
Алысқа бармай өзіміздің Атырау қаласының тарихын, мәдениет орындарын, қаладағы көшелердің атауының шығу тарихына зерттеу жұмыстарын жүргізіп балалардың туған өлкеге деген қызығушылығын арттыруға болады. [7].
М.Өтемісов атындағы драма театры, Н.Жантурин атындағы облыстық филармония, әйгілі Д.Нүрпейісова атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, тарихи-өлкетану мұражайы, жасанды-қолданбалы өнер мұражайы бар.Атырау облысы тарихи - өлкетану музейін мысалға алатын болсақ. Музейдің мақсаты - Атырау облысының тарихи - мәдени мұрасын түсіндіріп таратуды қамтамасыз ету, мәдени, білім беру және ғылыми - зерттеу функцияларын жүзеге асыру болып табылады. [8].
Мұражай экспонаттары бірнеше жыл бойы жинақталған. Мұнда өңірдің маңызды оқиғалары мен құрметті тұлғалары фотосуреттермен айғақталған [9].
Мұражай мұралары келесі буынға өнеге, әрі тәрбиелік маңызы зор естеліктер болмақ.
Сонымен қатар, Атырауда Гиннес рекордтар кітабына енген көпір, өзен жағалауы, 50-жылдар стиліндегі саябақ.
Қала тұрғындары арасында сүйікті демалыс орны болып табылатын жерлердің бірі. Бұл саябақ өткен ғасырдың 50-жылдарындағы неоклассикалық стильде жасалған. Саябақта жаяужолды аллеялар, амфитеатр салынған, Жайық өзенінің жағалауына шығатын жол бар, әрі көрме павильондары орналасқан.
Өлкетану жұмыстарын саралай келе, біз мынадай мақсаттарға жетеміз:
- ой-өрісін кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің, зертеушілік қабілетінің дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылық сезімін оятып,туған өлкесінің проблемасын көтеру және оған араласуына жағдай жасау;
- өлкетану білімдерін, өлкетану іскерліктерін игеруде біліктілігін практикалық іс-әрекетте бекітуіне өзін өзі дамытуына бағыттау;
- өлкетану іскерліктерін күнделікті өмірде, болашақта кәсіптік қызыметінде өз бетімен қолдана алуы жеке басының жауапкеншілігінің қалыптасуы.
Біз балалардың білімі мен білігіне мынадай талаптар қоя аламыз: оқушылар алдымен:
- «өлкетану» ұғымын, өлкетану бағыттарын;
- жергілікті жерді кешенді зерттеудің қайнар көздерін;
- жергілікті халықтың әдеп - ғұрыптарын, мәдениетін;
- қайраткер азаматтарын;
- жергілікті жердің мәселелерін;
- өз отбасын, тегін білуі керек.
Өлкетану жұмыстарын жүргізу барысында оқушылар жергілікті жердің елдегі, облыстағы, аудандағы рөлін айқындайды, бақылау жүргізеді, іздестіру жұмыстарымен айналысу арқылы материалдарды жинақатйды, сипаттама жазуға машықтанады, жергілікті жерді оқып - тануда зерттеу іс - әрекетінің элементтерін қолдануды; жергілікті жердің мәселелерін анықтау және қорытындылауды, салыстыруды үйренеді.
Бұл жұмысты балалар: жеке, топпен, жұппенорындауларына болады. Қолданылатын әдіс-тәсілдері: тұлғалық-бағдарланған іс-тәжірибе; презентация; - тест тапсырмалары; дәріс; сауалнама.
Өлке тарихын ұрпақ санасына сіңіре білуіне және өз елінің тарихын оқып білуге барынша мүмкіндік жасап, еліміздің өткенін жан-жақты зерттеп білуіне бар жағдайды жасау арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық-бағдарын қалыптасгыра аламыз.
Әдебиеттер тізімі:
- Умирбекова Ж.Б. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - Атырау, 2016. - № 1(40). - 234 - 236 6.
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. - 264 б.
- Мазбаев О.Б. Туризм және өлкетану негіздері. Оқу құралы. 2006 жыл. - 210 б.
- Танирбергенова А.Ш., Баймаханова К.Қ. Тұлғалық - бағдарлы технологиялар негізінде сгуденттердің коммун и кати вті к құзыреттілікті flaMbiTy.http://www.rusnauka.com/8_NMIW_2012/Pedagogica/5_102408.doc.ht m
- Жубандыкова A.A. Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іс- әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыру. // пед. ғыл. канд. ... автореф.: - Алматы, 2010. - 48-69 б.
- Аймағамбетова Қ.А. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. - Алматы: Балауса, 2003. - 144 б.
- Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии: учебное пособие. - Алматы: Литера, 2003. - С. 178
- Майғаранова LU., Иманбаева C., Әшімова Б. Тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясы. - Алматы, 2010. - 10 б.