Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жергілікті жауһарлар (атырау өңірі ғалымдарының зерттеу еңбектері негізінде)

Аңдатпа

Мақала Атырау өңірі ғалымдары З.Қабдолов, Қ.Сыдиықов, З.Серікқалиев, З.Бисенғалилардың зерттеу еңбектерінің ғылыми бағыттары негізінде сөз қозғайды.

Өткен ғасырда әдебиеттану ғылымының әр саласында еңбек еткен Атырау өңірі ғалымдары зерттеулері елеулі орын алады. Отандық ғылымның дамуы жолында сан сипаттағы әдебиет мәселелерін түбегейлі және арнайы қарастырған ғалымдар еңбектері - руханият құндылығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және ҚР ҰҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан және Қырғыз республикасы на еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың - ұлт әдебиетінің жасауын түгендеген теориялық зерттеулері мен өнегелі өмір сүрген өкілдерінің ғылым мен әдебиеттің көркем әлеміне қосқан сүбелі еңбектеріне арналған публицистикалық қазыналары, туған өлке қазынасын тақырып еткен көркем шығармалары - оның мәңгі өлмес екінші өмірінің сара жолы. Бұл сөзіміздің ең бір жарқын көрінісі - әдебиеттану ғылымының теориялық мазмұнын дамытқан басты зерттеуі «Сөз өнерінің» - ұлттық әдебиеттің көркемдік жүйесін таныту мен дамытудағы қызметі.

«Қазақ әдебиеттануның тарихында «Сөз өнерінен» асқан оқулық- онография жоқ. ... қолына қалам алған талантты жастар осы еңбекті оқу арқылы әдебиет әлеміне енеді. Олар сөз өнерінің көркемдігі мол, жұмбағы да аз емес қазынасына ену кілтін әзірге осы кітаптан ғана табады...» [1, 27] Зейнолла Қабдоловтың ғибратты да өнегелі ғұмыры, өзі «білімнің Қағбасы» атаған Қазақ ұлттық университет! нің қабырғасында дәріс берумен көркемделді. Сөз өнеріне тәнті болып келген шәкірттің ғылым жолындағы алғашқы қадамы студент кезінде ұстазы Мұхтар Әуезов ұсынған тақырыбы - «Абайдың лирикасынан» басталады. Ғылымға деген бұл - алғашқы қадам болып табылатын еңбек сол уақыттағы кеңесгер одағының «Студенттер ғылыми еңбектер конкурсының» жүлделі орынды иеленді. Кейіннен дипломдық зерттеуге ұласқан бұл ізденіс - мыңнан аса жазылған ғылыми мақалалар мен көптеген монографиялардың бастауына айналды. Айталық, «М.Әуезовтің әсемдік әлемі», «Көзқарас», «Б.Майлиннің мұрасы мен мирасы», «Шеберлік мектебі» басқа да әдебиеіміздің тарихында өзіндік орны бөлек зерттеулері жетерлік және «Сөз өнері».

Қазақ әдебиеттану ғылымында тұңғыш теориялық еңбек Ахмет Байтұрсынов қаламынан туындаса, оның алуан көрнекті құрал етіп зерлеген, әдіптеген, көркем шығарма табиғатына замануи сипатта қабыстырып, ғылыми тұжырымдармен қорытындылаған - Зейнолла Қабдолов болды. Содан бері «Сөз өнері» - әдебиеттану ғылымының құндылығын жоймас оқулығына айналды.

«Сөз өнерінің» алғашқы тарауы «Сөз өнері туралы сөз» деп аталады. Әрі қарай әлем және орыс әдебиеттінің өкілдері мен сыншыларының, мысалы Белинский, Фелин, Бальзак, Микеланджело, Шекспирлердің байламдарын мысалға келтіреді. Әдебиетті өнердің басқа түрлерімен салыстыра отырып, олардан артық қасиеттеріне көз жеткізеді. Әдебиеттің нақты және затты екенін дәлелдей келіп: «Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін - бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Бальзак) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды - қызыл тіл» деген ділгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаған-ды», - деп тұжырым жасайды.

Академик Зейнолла Қабдолов - көп қырлы талант: жазушы, публицист, ғалым, ұстаз. Сонымен қатар ол сөз өнерін, жазушылық қызметін ұстаздық, ғалымдық еңбегінен бөле-жармай, өзінің бүтін бітімін бірегей қасиетіне айналдырған көп қырлы тұлға. Зейнолла Қабдолов есімі оқырмандарына кеңінен таныс. Оны еліне осылайша кеңінен танытқан, қадірін асырған шығармашылық еңбегі - азаматтық болмысын қалыптастырды.

«Қабдоловтану - Қазақстанның жаңа тарихындағы ұлттық рухани құндылықтарымызды зерттеу мен оқыту тұтастығымен бағаланатын әдеби- ғылыми мұратану қазынасы. ... Қабдолов танудағы қарастырылуы қажет мәселелердің бірі - ғалым-ұстаздың ғылыми жетекшілігімен қорғалған дипломдық жұмыстардың, кандидаттық, докторлық диссертациялардың әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелерін қамтығандығына, кешенді зерттеулердің өзара жалғасқан бағыттарына ықпал еткен маңңызын саралап көрсету. Бұл арқылы әдебиеттану ғылымындағы Қабдолов мектебі атты зерттеушілік саланың ұлттық тарихымыздағы орны айқындала түседі.» [2,18,23]

Атырау өңірінің тағы да бір талантты тумасы - тарих қойнауына ерте кеткен әдебиеші ғалым, жидашы, жазушы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлы.

Ғалымның, әсіресе Маңғыстау әдебиеті мен өнері туралы байыптаулар туралы «Кәусар бұлақ» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу бағытының қазақ әдебиетінің тарихи тұрғыдан зерттеудегі тың ізденісі болып табылады.

Ғалым, «Әр халықтың, әр елдің әдеби, мәдени дамуына сол елдің басы на н өткен тарихи жағдайлар мен дәуірден дәуірге ұласып келе жатқан өнеге- дәстүрлер елеулі эсер етеді» - дей келіп өңірлік жыраулық мектептер ерекшелігіне тоқталады.

«Қазақстанның батыс өңіріндегі ақындық, жыраулық орта сырттай қарағанда шағын бір жырау, жыршылар тобы сияқты көрінуі мүмкін. Әлбетте олай емес. Бұл орта бейнебір айдын теңіздей елестейді. Оған құятын бастау, бұлақтар мүлде көп болған.

Сол бастаулардың бірі - Маңғыстау, Қарақалпақ, Хорезм аймағындағы Абыл бастаған Нұрым, Қашаған, Қалнияз, Қарасай, Қалым, Мәулімберді, Өгізбай, бегім сияқты ақын-жыралар ортасы.

Екінші - Әлім Үкі жыраудан басталып, Бекберген - Жаскілең - Бақы - Терлікбай - Бітеген - Ділмағанбет - Мақует арқылы Нұрпейіске ұласқан ақындар ордасы.

Жаскілең - Нұрым, Қалнияздардың замандасы. Реті келгенде олар бір - бірімен айтысқа да түскен.

Мұрын жырау Жаскілеңді Жем өзенінің өр басындағы Қазыбек, Қандыарал деген жерде көрдім, бірге болдым дейді. Әрине, бұл кездесуде ғана емеес, Мұрынның ұстаздары Нұрым, Қалнияз, Қарасай, Ақтандар да, Мұрынның өзі де Үкі ұрпақтарымен қоныстас, аралас-құралас жүрген. Нұрпейіс пен Мұрынға «Қырық батыр» құрамындағы бірқатар жырлар жырау, жыршылардың осы легі арқылы да жеткен.

Үшінші - Марабай бастаған Жетірудың жеті ақыны. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Н.И.Ильминскийге «Ер Тарғын» жырын жаздыратын атақты Марабай. 1906 жылы Орынбор архив комиссиясына шақырып жырлар жазып алып, орындау шеберліктерін таңдай қаға суреттеп жазатын Қазақбай, Көшелек жыраулар және Бала Оразбен айтысатын атақты ақын қыз Жібек қыз, Сабыр жырау, Ізім шайыр т.б.

Төртінші - Орал өңіріндегі Жиембет жыраудан тараған ақындар ортасы: Сүгір жырау (Мырзалыұлы), Қубала, Табия, Нұрыммен айтысатын терт ақын т.б.

Бесінші - Алаша Байтоқ, Қайырлы жырау айналасындағы Қожантай, Жұмырбай, Қарабура, Досжан, Сартай ақын т.б.

Алтыншы - Исатай - Махамбет көтерілісі оқиғасы мен Махамбет өлеңдерін жатқа білген Қуан жырау, оның шәкірттері, Мұрат, Кішкене Қобыланды, олардың мұрагері Ығылман.

Жетінші - Есенбақ дәстүріндегі Құлманбет, Қоспақ, Бала Ораз, Қашқынбай ақындар ортасы.

Біз атаған бастау - бұлақтардай әдеби ортаның бәрі Атырау аймағында Абыл, Махамбет, Есенбақ, Үкі сияқты ірі ақындар бастаған дәстүрі жыраулық, ақындық, жыршылық ортаны құрайды. [3,160-161]

Біз өз мақаламызда өзі туралы толық айтып үлгермеген, ғылымға берерін түгел түгесіп үлгермеген Қабиболла Сыдиықов туралы ғылыми пікірлерден бұрын, ғалымның аз таралған еңбегінің ерекше құнды тұстарын тұспалдап енгізіп отыруды мақсат еттік. Өйткені, сүбелі еңбек өз бағасын алып қана қоймай, ғылыми айналысқа енуі мақсатқа айналуы керек. Сондықтан да жоғарыда ғалымның өзі өнердің жеті мектебі деп таныған ақындар мен олардың өнер мектебінің шәкірттерін сол қалпында жариялап отырмыз.

Атырау өңірінің тағы бір дара тумасы, сын саласының саңлағы - Зейнолла Серікқалиев.

Көркем шығарманы биік мәдениеттілікпен, жоғары эстетикалық талғаммен, парасатпен, биік таныммен талдай білуімен ерекшеленген көрнекті әдебиетші, эстет-сыншы Зейнолла Серікқалиев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Сыншы қаламынан «Ойлар, толғаныстар» (1967), «Жылдар сазы» (1971), «Ақыл таразысы» (1976), «Ақ жол» (1990) «Дүниетану даналығы» (1994), (1996), «Сын кітабы. Таңдамалы» (1997) тағы да басқа ғылыми зерттеу еңбектер туындады.

Әдебиетке сонау 60-жылдарда келген сыншының шығармашылығы біртұтас қарастырғанда әдеби-рухани мәдени даму заңдылықтарын ғана емес, қоғамның идеалдарын, әлеуметтік тыныс-тіршілігін де біртұтас тануға мүмкіндік береді. З.Серікқалиев «...сын беделін көтеру сын қадірін түсірмеуден басталатынын, өнер адамының көзі тірісінде өзінің парасат зердесі мен ар-ожданын пір тұтып, артында да жауапты екенін» айта келіп, өнердің дербес даралығын өзі ғана сомдайды дейді.

Әрқилы композициялық, идеялық бір жүйеден шығатын еңбек - мәдени және тарихи көкжиектерімізді, «ұлттық рухани келбетімізді, әдебиетіміздің ізгілік межесін, өзінің шынайы тұғырын» Уақыт және Кеңістік тұрғысынан зерделеп-айқындауға бастайды. Бұл ретте автор философиялық категориялармен сөйлеуді нысана етпейді, жалпы ғылыми және көркем ойымызды әлемдік мәдени контексте саралай отырып оқырманымен мейлінше тең серіктес-пікірлес болу мақсатын көздейді. Айталық, ғалым- сыншының «Ар біліміне баспалдақ», «Көмбе көзі», «Кісілік келбеті» бөлімдерінен тұратын «Тағдыр және Біз» кітабы ұрпақтар тағдырын қоғамдық-әлеуметтік тұтастыққа ғылыми-көркем ой биігінен талдап- зерделеуімен бағалы.

«Оның шығармашылық лабораториясын зерделеуде көзіңіздің жететіні, ғалымның алдымен өзінің адами тұлғасын сомдауы мен білімін шыңдауы жүйелі түрде айқын сатыланып дамиды. Ол өзімен бірге оқырманын да үйренуші-шәкірттей өзінің таным сатысымен бірге жетелеп, алдымен білім тереңдігінен сынап, кейіннен даналық ілімімен толықтырады. Ең бастысы ғалым-сыншы Зейнолла Серікқалиевтің сындарлы білімі мен дүниетану даналығы - ұлт жастарының танымдық әлемі мен ақылын кемелдендіріп, санасына ой салатындай әсерлі.» [4,52]

Ол өзінің сын и мақалала рында ұлт әдебиетін әлемдік дәрежемен салыстыра салмақтау арқылы, өмірді жаңаша танып, өнер шындығын халықтық сананың тыныс-тіршілігінен бөле-жармай, жүйелі қарастырды.

Бүгінде қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиет тарихы саласында өзіндік терең де ерекшелікті зерттеу еңбектерімен аталып жүрген есімнің бірегейі - әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Зинол-Ғабден Бисенғали. Ғылыми еңбектерін XX ғасыр басына арнаған ғалым, әсіресе проза жанрының тарихын зерттеген. Оның еңбектері «XX ғасыр басындағы қазақ прозасы», 1989 жыл, «XX ғасыр басындағы қазақ романы./Зерттеу», 1997 жыл, «Қазақ романы», 2003 жыл филология ғылымының қайталанбас құндылығына айналды.

Ғалым өзінің зерттеу бағыты туралы «...Әдеби дамудың болашағы әдеби жанрлардың романдануы /романизаия литературных жанров/ деп ғұлама М.Бахтин айтқандай, «болашақта арба жасап әуре болмас үшін» қазақ романының тарихын жасау қажет. Бұл - кезек күттірмейтін іс. Романының тарихы жазылмаған ел әдебиетінің ғана емес, қоғамдық санасының да тарихын жазып шыға алмайды. Өйткені роман - өмір туралы /кең мәнінде/ көркем философия, көркем зерттеу. Оның өз ұғымдары, өз жүйесі, тілі бар.» [5,265 6]

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс беретін ғалым - академик Зейнолла Қабдоловтың ғылымдағы ізі мен ізденісін жалғастырушы шәкірті болып табылады. Оның жетекшілігімен ғылым қарашаңырағының қабырғасында жыл сайын «Қабдолов оқулары» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтеді. Бұл мақсатта ғалымның «Өзгенің бақытын аялау», «З.Қабдолов және әдебиеттану» тағы да басқа ғылыми-зерттеу мақалалрын атауға болады.

Сонымен, қазақ әдебиеттану ғылымында еңбек еткен жергілікті азаматтардың зерттеулері мен ізденіс көкжиектері ұлт әдебиетінің көкжиегін кеңейтуде, танымын дамытуда тұғыры биік екенін арнайы қарастыру магистрлік диссертаиямыздың түпкі тақырыптық мақсаты болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бисенғали З.Ғ. З.Қабдолов және әдебиеттану // «V Қабдолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы // 7 желтоқсан, 2012 жыл. 27 б.
  2. Тебегенов Т. Қабдоловтану а риала ры: зерттеу мен оқыту міндеттері, тәрбиелік ұлағаты//«\/ Қабдолов оқулары» атты халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдарының жинағы // 7 желтоқсан, 2012 жыл. 18, 23 б.
  3. Сыдиықұлы Қ. Кәусар бұлақ. Кітапта: Қазына.//Атырау ақын- жазушыларының кітапханасы. 35 кітап. Атырау-Ақпарат, Атырау, 2002. 160, 161 б.
  4. Балтоғаева Ж., Сайынова Г. Шындықтан ажырамаған сыншы. // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы №1 (52) наурыз, 2019. 52 б.
  5. Бисенғали З.Ғ. XX ғасыр басындағы қазақ романы. /Зерттеу/ Алматы. Өлке, 1997. 256 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.