Аңдатпа
Балабақшадағы тәрбие мен отбасындағы тәрбие бір-бірін толықтырады. Отбасы - қоғамдағы шағын мемлекет. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы жағдайлармен тығыз байланысты. Отбасы - ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасы баланы адамгершілікке, ізеттілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсатпен ұштасу арқылы іске асады.
«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің халықтың міндеті».
Балабақшадағы тәрбие мен отбасындағы тәрбие бір-бірін толықтырады. Отбасы - қоғамдағы шағын мемлекет. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы жағдайлармен тығыз байланысты. Отбасы - ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.
Отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасы баланы адамгершілікке, ізеттілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Ана тілінің тағдыры да осы отбасынан басталады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған [1].
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі [2].
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішіндегі және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыстан туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсатпен ұштасу арқылы іске асады. Мысалы, тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен баланың жетістігі туралы айтып отырады. Тәрбиешілер мен ата-аналар балаға қатысты барлық мәселелерде бірлесе отырып шешім қабылдайды.
Тәрбиешілер баланы жан - жақты дамытуға оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды. Сонымен қатар, отбасымен тәрбиешілер бірлесе отырып, баланың бойындағы ерекшілігі мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады.
Тәрбиешілер ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін пайдаланады. Бұндай қарым-қатынастың негізгі принцип! - балабақшаның ата-аналар үшін алақандағыдай ашық, сенімді болуы. Әр ата-ана өз баласының қалай дамып өсіп келе жатқанын көру, білу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты ата-аналармен түрлі шаралар ұйымдастырылұрады. «Ашық есік» күнінде ата-аналар балаларының балабақшадағы іс-әрекеттері жайлы толық ақпарат алып, көрнекіліктермен, оқу - тәрбие процестеріне қатысып, спорттық шаралар, қимылды ойындар, тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, ата-аналарға нұсқаулықтармен танысып, хабар ала алады [3].
Мектепке дейінгі білім, тәрбие берудің жаңа стандарты баланың нені біліп, қалай жасай алу керектігін және қандай негізгі құдыреттілікті меңгеру керектігін нақты анықтап береді.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі - отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысы отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын - ясли, балабақша, мектепке дейінгі балабақша, орта балабақша, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т.б. баланы отбасы н да емес, балабақшада тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқарасга екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, мектепке дейінгі мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға не болмаса педагогика, психология саласынан элементарны болса да білім беріп, сауатын ашу мәселесі қолға алу көзделуде.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата- ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазалатынын, әділдік мен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасы н асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкерлікті өз мойындарына алуда [4].
Осы заманның тағы бір ерекшелігі - толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Қарым-қатынас - адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністіктұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады [5].
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым- қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі - әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера - мақсатты (отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы) бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері - әке мен шеше ортасында түсінісгікмен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды құрал - қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы эсер ету болып саналады.
Психолингвист ғалымдар бала болсын, ересек адам болсын, алдымен сөздің дауыстағы астарына мән беретініні белгілеген. Олардың зерттеулері бойынша сөз арқылы қарым-қатынасқа енуде алдымен дауыс басымы не ырғағы көңіл-күйді білдіретін тұстарына, одан соң айтушының ым- ишарасына, ең соңында барып, сөздің мәнін аңғартатыны туралы эксперимент түрінде дәлелдеген (Э.Меграбян, И.А.Зязюнь, Л.П.Вербовая т.б.).
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орыны алмасып отырады. Мәселен, бірде ересектер балаға ықпал етсе, енді бірде балалар ересектерге эсер етіп отырады. Отбасы қарым-қатынасында ата-ана балаға ықпал етудегі мақсатын, өзінің талаптарын, оған түрткі беріп отырған ішкі мотивтерін қанағаттандыру үшін және мұны кейде тікелей, кейде жанама түрде іске асыруға тырысады. Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты әдет, дағдыларды меңгерту, іскерлікке баулу, ұқыптылыққа, ерінбеуге т.б. дағды мен әдет қалыптастыру. Ықпал ету ересектер тарапынан өз күшін көрсету, бағындыру, баланың әлсіздігі не білместігін пайдаланып билігін жүргізіп, содан ләззат алу секілді теріс психологиялық мотивтерден туындауы да мүмкін.
Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез-құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттар да эсер етеді. Үйде қандай іс әрекет жасаса, отбасы иелері - әкесі мен шешесінің ұстағаны сотка болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны айтылып келеді. Ата-ана іс-әрекеті, өмір салтының тәрбиелік ықпалы жан-жақты қарастырылды [6].
Жалпы, тәрбиелеу әдістері педагогикада сана-сезіміне ықпал ету, іс- әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру болып топтастырылағн. Отбасы тәрбиесіне байланысты ғылыми-педагогикалық, практикалық бағыттағы, отбасы тәрбиесінің психологиясына байланысты әдебиеттерді зерттеу және өзіміздің практикалық жұмыстарымыздың нәтижесінде ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін:
- ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту;
- ықпал ету арқылы баланың психикасына эсер ету;
- ықпал ету арқылы баланың қуаныш сезімін ояту;
- ықпал ету арқылы баланың өмірге деген құштарлығын ояту;
Отбасында бала тәрбиелеу тәжірибесін жинақтау ондағы бала санының көптігі не ата-аналардың жасымен белгіленбейді, керісінше, олардың жинақтаған тәжірибесінен, әрбір отбасындағы көрініс, құбылыс, оқиғалар мен жағдайлардан, балалармен қарым-қатынасындағы кеткен кемшіліктер мен жақсы істерден қорытынды шығарып, ой елегінен өткізіп дұрысы мен бұрысын талдап болашақта қайда, қалай ескеру керектігін білген күнде ғана сол отбасының бала тәрбиелеудегі қағидасына айналады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті жаңартылған стандартында білім салалары деп аталатын бес бағыт белгіленген. Бес бағыт тәрбиешілердің аялы алақанында ұштасып, болашақтың кепілі жас ұрпақты, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелейді. Бұл бес бағыт бір - бірімен тығыз байланыста. Алғашқы орында «Денсаулық» саласы, оның негізгі мақсаты өз денсаулығына саналы түрде қарай білуге тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін арттыру және физикалық қасиеттердің қалыптасуына назар аудару. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалғыз балабақшаның күші жетпейтіні анық. Стандартта осы мақсатта отбасы тәрбиесіне де қатал талаптар қойылған. Ата-аналар көмегінсіз, дене тәрбиесінде жетістіктерге жету өте қиын. Ата-ананың көмегімен, қатысуымен балабақшадағы кейбір шаралар өте қызықты өтеді, оларға үлкен қуаныш сыйлайды. Қазіргі за манда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат - сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу - тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады? Тәрбиеленуші тұлға ретінде бүгінгі күн талабына сай болып, мектеп табалдырығын аттауға дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы - бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдалану. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата-ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез - құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға кеңес түріндегі психологиялық - педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр [7]. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, баласының психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында балабақшамызда ата-аналарға арналған пункт, жұмыс істеуде. Кеңес беру пунктінде жұмыс істейтін мамандар: педагог - психолог, дәрігер, дене тәрбие нұсқаушысы, музыка жетекшісі. Құрастырылған кестеге сай ата-аналар қабылданып, кеңес, көмек беріліп, отбасы тәрбиесінің өнегелі тәжірибесі таратылады, үгіт-насихат жұмыстары, ата-аналардың өтініштері бойынша жеке консультациялар өткізіледі.
Әдебиеттер тізім:
- Антология педагогической мысли Казахстана/ Сост. К.Б.Жарыкбаев, С.К.Калиев. - Алматы: «Рауан», 1995. - 512 б.
- Арғынбаев X. Қазақ отбасы. - Алматы: «Қайнар», 1996. 288 б.
- Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі. - Алматы. - 1993.
- Елікбаев Н. Ұлттық психология. Көмекші оқу құралы. - Алматы: «Қазақ университет!», 1992. -96 б.
- Жарықбаев Қ., Қалиев С. қазақ тәлім-тәрбиесі. /Оқу құралы/. Алматы: «Санат», 1995. 302 б.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті жаңартылған стандарты.- Астана.-2016 ж.
- Туленова У.Т. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны. «Ұлттық құндылықтар: жаһандану жағдайындағы дәстүрлі отбасы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция Атырау -2015ж. 47-52 б.