Аңдатпа
Бұл мақалада шетел тілін оқыту процесінде оқушыны әлемдік мәдениет құндылықтарына қол жеткізуге және жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін психологиялық факторлардың өзектілігі туралы айтылады.
Шет тілін меңгеру - бұл лингвистикалық қабілеттерді жетілдіруде, сөйлеу әрекеттерін күрделеуде, сондай-ақ жеке тұлғаның көптеген жақтарын байытуда күрделі процесс.
Қазіргі уақытта оқыту - білім алушылардың мақсаты, мотивациясы, өзіне және өз күшіне сенуі, ойлау тәсілдерінің дамуы, таным стратегиялары, танымдық артықшылық және жинақталған тәжірибе сияқты жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады. Сондықтан да жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мамандарын даярлауда «Шетел тілін оқыту психологиясы» пәнінің енуі маңызды құбылыс.
Шетел және отандық психологияда шет тілдерін меңгеру процесінің психологиялық ерекшеліктеріне қатысты бірқатар психологиялық теориялар мен тұжырымдамалар бар. Шет тілдерін оқытудың ерекшелігі И. М. Берман, И. Л. Бим, М. А. Давыдова, И. А. Зимняя, Г. А. Китайгородская, А. А. Леонтьев, М. В. Ляховицкий, Б. В. Беляев, В. А. Артемов, Б. А Бенедиктов, а. А. Алхазишвили жэне т.б. педагогтар мен психологтардың іргелі жұмыстарының қатарында қарастырылған. Олардың еңбектеріндегі тұжырымдамалар мен ілімдер, тіл дамыту бағытына деген көзқарас психологтарға, психолингвистерге, әдіскерлерге тек сөйлеу ғана емес, сонымен қатар басқа да қызметтің құрылымын құрайтын машықтар мен іскерліктерді зерттеу және меңгеру нысандары ретінде бөліп көрсетуге, зерделеуге, зерттеуге негіз бола алады.
Шетел тілін оқыту процесінде психологиялық факторлардың өзектілігі жоғары: ұстаздың өзіне деген сенімділік сезімінің пайда болуы, аудиторияның реакциясына барабар жауап бере білуі, өзге тілді қарым- қатынас барысында оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін басты назарда ұстай білуі қажет. Міне, осы қағидаларды болашақ маман терең меңгеріп шығуы тиіс.
Шет тілін оқыту мазмұнын анықтау адамның санасында шындықтың психикалық көріну заңдылықтары туралы психология ғылымына жүгінбей өту мүмкін емес, олар көрінетін жағдайларға байланысты тұлғаның рухани қасиеттерін, ойлау қызметін және индивидтің жағдайын зерттейді. Психология адамның сөйлеу әрекетін құрумен және оны қалыптастырумен айналысады.
Қазіргі заманғы шет тілін оқыту оқушылардың шет тілі мәдениетіне дамытуға да ерекше мән беріп отыр. Әдіскерлердің көпшілігі жеке тұлғаның рухани құндылықтарының жан-жақты дамуына ықпал ететін коммун и кати вті к бағыттағы шет тілін оқытудың теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайдағы талаптарға назар аударған. Шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу оқушылардың лексикалық қорын, лингвотілдік білім шеңберін, шет тілін тасымалдаушылармен қарым-қатынас жасауға байланысты сөйлеу іс-қимылдарының аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шеттілін оқытудың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу жалпы алғанда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ететінін атап көрсету қажет.
Сөйлеу қызметінің құрылысын зерттеумен айналысатын ғылым - психолингвистика. Психолингвистер адамның сөйлеу мінез-құлқын зерттейді, тыңдау және сөйлеу кезінде болатын ақыл-ой процестерінің, операциялардың, әрекеттердің үлгілерін сипаттайды. Психолингвистер қандай тілдік бірліктерді және ұсыныстарды кодтауға (сөйлеуге) және декодтауға (тыңдауға) қандай ретпен қатысатынын анықтауға әрекет жасайды. Шет тілін оқыту кезінде оқу (танымдық) іс-әрекеті қалыптасады, оның барысында оқушы тілді меңгереді, оның сөйлеу механизмдері қалыптасады және қарым-қатынас бойынша іс-әрекет жасайды. Қызмет тыңдалым, сөйлеу, оқу және жазу үшін жауапты сөйлеу механизмдерінің жұмысын қамтамасыз ететін нақты іс-қимылдар мен операцияларда жүзеге асырылады. Диалогтар, әңгімелесулер, мәтіндер, кез келген ауызша және жазбаша сөйлеу шығармалары сөйлеу әрекетінің нәтижесімен көрінеді. «Психологияда сөйлеу әрекеті қарым-қатынастың нақты жағдайында пікір білдіруге бағытталған оның компоненттерінің (қарым-қатынас қатысушыларының, мақсаттың, пәндік мазмұнының: тақырыптың, экстралингвистикалық және паралингвистикалық құралдардың) өзара әрекет ету процесі ретінде анықталады»-деп көрсетеді ғалым А.А. Алхазишвили [1].
Шет тілін меңгеру - осы тілде ойлауды үйрену дегенді білдіреді. Академик Берлиц М.Д. тұжырымдаған бұл әділ мәлімдеме шетел тілін меңгеру мен меңгерудің "психологиялық заңдылықтардың экстрапсихологиялық факторларының бұзылуларын" еңсеру тәсілдерін бірлесіп іздестіруді көздейді. Оқыту процесі өзінің психологиялық табиғаты бойынша мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесі болып табылады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға негізделеді. Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруге, ең алдымен, оқушылардың танымдық мүдделерін "адамның өмірлік маңызы мен оның эмоциялық тартымдылығының санасынан туындаған объектіге деген көзқарасы"-деп анықтауға болады [2].
XIX ғасырда психология шет тілдерін оқыту әдістемесіне көп жаңалықтар енгізілгені белгілі. Шет тілдерін оқытудың психологиялық ерекшеліктерінің: әдістемелік, педагогикалық, физиологиялық, мәдениеттанушылық, лингвистикалық және т.б. өзара байланыстары көрсетілген. Мәселен, психологияда кең теориялық материал жинақталып, тіл фонетикасын меңгеру барысында сана мен іс-әрекет бірлігінің теориялық принциптері, шет тілін меңгеру заңдылықтары туралы ғалым, филолог Григорий Евгеньевич Ведель былай деп көрсетеді:
- сана және қызмет бірлігі теориясы;
- ақыл-ой үрдістерін кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы;
- оқытудың ашық және жасырын тәсілінің тұжырымдамасы;
- оқу үрдісінде оқушылардың қозу жағдайының қарқындылық дәрежесінің теориясы;
- ішкі сөйлеужәне латентті артикуляция концепциясы;
- ақыл-ой процестерінің нейродинамикасы және т.б.
Г.В.Ведель өз еңбегінде тілдердегі ойлау механизмдері, олардың пайда болуы және жұмыс істеуі, рөлі; тілді меңгерудің білім алудан қабілет-дағдыға дейін өсу деңгейі; тілді меңгерудегі механикалық жады мен жас ерекшеліктерінің рөлі; әріпті және бейнелі сөздерді оқуға, оларды түсініп оқуға және кейін аудара отырып оқуға үйрету; грамматиканы ережелер мен ұсыныстар үлгілері бойынша оқыта отырып, грамматикалық құбылыстарды жүйелі түрде қарастырудың тиімді механизмдерін басты бағытта ұстаудың қажеттілігін атап көрсеткен. Жоғарыда айтылғандай, мұғалімнің кәсіби ойлау құрылымы жетекші орын алатын психологиялық ойлауға алып келеді, өйткені оқыту процесінің мазмұны "әрдайым жеке тұлғаға бағдарланған болып қалады, психологиялық заңдар мен оның даму және әлеуметтік болмыс механизмдері бейнелейді" [3].
Бұл мәселелер психологиялық және физиологиялық заңдылықтарға сүйеніп қолданыста болса және оқытудың талаптары мен міндеттері ескерілсе шетел тілін меңгерту тиімділігі артады. Жалпы шет тілін оқытудың, атап айтқанда, зерделеудің ең даусыз факторы - мотивация. Шет тілін меңгеруде мотивация маңызды рөл атқарады. Бізге белгілі сыртқы және ішкі мотивациядан басқа, психологияда жаһандық, ситуациялық және аспаптық мотивациялар болып бөлінеді. Олардың барлығы шеттілін үйренуде қажет.
Сыртқы және ішкі мотивацияның ерекшеліктеріне тоқтай отырып, психология ғылымдарының докторы, профессор И.А. Зимняя оқытудың коммуникативтік-танымдық міндеттерін шешуге бағытталған "тең партнерлік оқу ынтымақтастығын" атап көрсетті, бірінші, мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасына; екінші, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекеті мен педагогикалық қарым-қатынас субъектілері ретінде психологиялық си патта масы на; үшінші, оқушылардың оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне назар аударуды ұсынады [4].
Жас ерекшелік және педагогикалық психология, қабілет психологиясы саласындағы ресейлік көрнекті мамандардың бірі, психология ғылымдарының докторы, профессор В.А.Крутецкий зейіннің қасиеттерін сипаттап: "зейіннің шоғырлануы - бұл бір объектіде немесе басқалардан көңіл бөлу кезінде бір қызметте зейіннің сақталуы. Зейіннің тұрақтылығы - бұл затқа немесе қандай да бір қызметке ұзақ уақыт назар аудару. Осылайша, шет тілін меңгеру процесінде оқушыны топтау, сөздерді дұрыс белу және грамматикалық құрылымдарды ажырату, өз назарын қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыстыру сияқты қасиеттері ерекше рөл атқарады деп болжауға болады. Ал, қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей эсер еткендегі объективті әлемнің заттары мен құбылыстарының тұтас көрінісі дей келіп, қабылдау қасиеттері мен түрлерін атап көрсетеді:
1. Тұтастық, заттың әрдайым тұтас бейнесі, біз қоршаған заттарды пішіні, түсі, өлшемі және т.б. бойынша салыстырмалы түрде тұрақты қабылдаймыз.
2. Қабылдауды түсіну - ойлаумен, заттардың мәнін түсінумен тығыз байланысты.
Ал қабылдау түрлерін: заттарды, уақытты қабылдау, қарым-қатынасты, қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау деп анықтама берген [5].
Тәжірибе көрсеткендей, оқушылардың бір-бірімен тұлғааралық қарым- қатынасын ұйымдастыруда шет тілі сабағының басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі бар. Бірдеңені бірге орындау ғана емес, бірге үйрену - бұл тәсілдің мәні. Бірге оқу оңай және қызықты ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай тиімді. Шет тілі сабағында мұғалім оқушыларды қызықтырады, тілдік материалдарды енгізеді, қандай да бір тілдік құбылыстарды түсіндіреді, сөйлеу үлгілерін көрсетеді, нұсқау береді, сұрақтар қояды, жауаптарды талап етеді, оқушылардың жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды. Мұғалімнің өзінің оқушыларына қатысты әр түрлі көзқарасы болуы мүмкін, бірақ бір жағдайда - ынтымақтастықта оқытудың негізгі принциптерін нақты сақтау маңызды. Атап айтсақ, оқушылар тобын мұғалім балалардың психологиялық үйлесімділігін ескере отырып, сабақтарға дейін қалыптастырады. Erep топ бірнеше сабақта үйлесімді, тату жұмыс істесе, оның құрамын өзгертудің қажеті жоқ. Tonқа бір тапсырма беріледі, бірақ оны орындау кезінде топ мүшелері арасында рөлдерді белу көзделеді (әдетте рөлдерді оқушылардың өздері бөледі, бірақ кейбір жағдайларда мұғалім ұсыныстар бере алады). Бір оқушының жұмысы емес, барлық топтың жұмысы және білім ғана емес, оқушылардың күш-жігері де бағаланады.
Психология және филология ғылымдарының докторы, лингвист А. А. Леонтьев сөйлеу дағдысын қалыптастыруды - сөйлеу операцияларын орындауды жетілдіру дәрежесіне дейін жеткізді [6].
Ал, Е. И. Пассов дағдылар мен іскерлікті "дамытуға" әрекет жасады. Ол дағды "саналы қызмет жүйесіндегі сапалардың толық жиынтығының арқасында осы қызметті орындау шарттарының бірі болған дербес әрекеттер"-деп түсіндірді. Олардың бірлігі келесідей анықталған: бұл "саналы іс-әрекет жүйесіне негізделген және коммун и кати вті к міндеттерді шешуге бағытталған саналы іс-әрекет" [7].
Орыс және кеңес ғалымы, физиолог, Нобель сыйлығының лауреаты И. П. Павлов: «дағдылардың физиологиялық негізі динамикалық стереотип болып табылады» - десе [8], С. Л. Рубинштейн дағдыларды жаттығулар мен жаттығулар арқылы түзілетін саналы орындалатын қызметтің автоматтандырылған компоненттері ретінде анықтайды [9]. Miне, шет тілін меңгеру-бұл сөйлеу дағдылары жүйесін меңгеру. Тіл адамның психикасында, ең алдымен, кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін дағдылар түрінде қарастырылған.
Мектепте шет тілін алғаш оқытудан баста п балаларды шетелдік қарым- қатынас құралдары мен тәсілдеріне ғана емес, сондай-ақ, қарым-қатынас мәдениетіне де үйрету қажет. Мұғалім оқушылардың нақты танымдық қызығушылығына және ағылшын тілінде сөйлесу ниетіне сүйенуі тиіс, бұл өзге тілді сөйлеу қызметінің алғышарты. Әсіресе оқушының зейіні, жады және қабылдауы басты назарда ұсталуы тиіс. Зейін - есте сақтау, ойлау, қабылдау немесе қиял сияқты дербес танымдық процесс болып табылмайды, бірақ оның маңызы зор, өйткені онсыз танымдық немесе пәндік іс- әрекеттерден өту мүмкін емес.
Мектеп оқушыларының шетел тілін меңгеруге деген оң көзқарасы пәнді мақсатты қалыптастырудың өзекті маңыздылығын, прагматикалық құндылығын және кең контексте шет тілін қолдану перспективасын, нақты өмірлік жағдайларында сол тілге жүгіну қажеттігіне оң реакцияны сезген жағдайда мүмкін болады. Мұғалімнің сабақтың оқу мақсатын анықтап, оқушының қызығушылығын, оның білімі мен іскерлігінің деңгейін негізге ала отырып, барлық оқу процесін ұйымдастыру, бағыттау және түзету құзыреттілігі жоғары болуы тиіс. Өйткені, қазіргі заман әрбір уақыт бірлігінде оқу еңбегінің тиімділігін арттыруды, яғни еңбектің оңтайлы қарқындылығын қарастыруды талап етеді.
Оқушының жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне психологияның қосары мол. Оқушыны байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтінде осы ғылым саласы. Жалпы психология ғылымының алға қойған мақсаттары халыққа, болашақ ұрпаққа адамның өзін-өзі танып білуінде психологиялық қызметтің қаншалықты маңызды мәселе екендігін жете түсіндіру.
К.Д.Ушинский: «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзінің логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін», логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруіне жетелейді. Сондайақ кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, деп көрсетеді. [10]
Демек, мұғалім оқыту процесінде басым қажеттіліктерге, құндылықтарға және тұлғаның әртүрлі жас ерекшеліктеріне сай қылықтарының кезең-кезеңімен өзгеріске түсетінін тұрақты назарда ұстауы маңызды.
Сонымен, психология мектепте шет тілін оқыту мазмұнының психологиялық компоненты анықтауға мүмкіндік береді, бұл коммун и кати вті к мақсаттарда оқытылатын тілді қолдану дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруды көздейді.
Шет тілін меңгеруде таңдау, тұтастық (әсіресе сөйлеу мен тыңдалымда), құрылымдылық (сөйлеу, оқу) сияқты қабылдау сипаттамалары маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, шет тілін оқыту барысында жады маңызды рөл атқарады. Бейнелі жады, ауызша-логикалық жады, еріксіз және еркін жады сияқты есте сақтау түрлері шет тілін меңгергенде үлкен мәнге ие және сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде дамуы тиіс.
Шетел тілін оқыту мен оқытудың психологиялық ерекшеліктері ғылым ретінде психологияның маңызды жақтарының бірі. Мұны ең алдымен білім алушы өзінің дамуы үшін жасау керек, ол шет тілін меңгеру процесін жеңілдетуге және жеделдетуге көмектеседі. Алайда, оқу қажеттілігі коммун и кати вті к (тілде тікелей қарым-қатынас), лингво тану (тілге оң көзқарас) және аспаптық (жұмыстың әр түріне оң көзқарас) сияқты ішкі мотивацияның түрлеріне сәйкес келуі тиіс.
Шетел тілін оқыту сапасы айтарлықтай дәрежеде оқытуды саралау және дараландыру дәрежесімен анықталады, бұл оқушылардың жеке- психологиялық қасиеттерін білуді, есепке алуды және дамытуды көздейді. Осылайша, оқыту сапасын арттыру үдерісіне эсер ететін психологиялық факторлардың өзектілігі:
- шетел тілдерін меңгеру қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогресінің пәрменді факторына айналуында;
- оқушылардың жеке ерекшеліктеріне, танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сәйкес шетел тілін оқытудың жаңа дәстүрлерін әзірлеу қажеттілігінде;
- шетел тілі пәніне деген жағымсыз көзқарастың пайда болуын болдырмай, неғұрлым тиімді игеруді қамтамасыз етуде.
Сонымен, шет тілін оқытудың табыстылығының маңызды психологиялық факторлары:
- оқушылардың екінші тілді жүйелі меңгеруге психофизиологиялық дайындығы;
- оқушылардың танымдық белсенділігі мен танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері;
- оқушылардың жоғары психикалық функцияларын дамыту ерекшеліктері (есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау, қиял);
- оқушылардың эмоционалдық-ерік және жеке ерекшеліктері;
- мінез-құлықтың еркіндігі, коммуникация дағдыларының қалыптасуы;
- шет тілін үйренуге талпынысы, қоршаған әлем туралы белгілі бір білім мен түсініктің деңгейі.
Оқушылардың қарым-қатынас құралын меңгеру барысында интеллектуалдық, сөйлеу және эмоциялық қабілеті, сондай-ақ: жалпыадамзаттық құндылық бағдарлары, мүдделері, ерік және т.б. жеке қасиеттері дамиды. Бұл оқушыны әлемдік мәдениет құндылықтарына қол жеткізуге мүмкіндіктер жасап, жеке тұлға ретінде дамуына нәтижелі эсер етеді.
Әдебиеттер тізімі:
- Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностранной речью. - M.: Высшая школа, 1998, С. 87-89 .
- Берлиц М.Д. Метод преподавания новых языков : англ, часть / М. Д. Берлиц. - Переем, изд. - Одесса: [б. и.], 1970. - С. 21
- Ведель Г.Е. Сознательно-практический метод обучения иностранным языкам: спустя сорок лет / - Воронеж: Воронеж, гос. ун-т, 2002. - С. 186
- Зимняя И. А. // Психология обучения иностранному языку в школе//. M., Просвещение, 1991, С. 97-102
- Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. - M.: Просвещение. 1972. - С. 112
- Леонтьев А.А. Основы психолингвистики 4-е издание. M., Смысл, Издательский центр «Академия» 2005. С. 78-81.
- Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иностранным языкам. - М.;1998, С.63.
- Павлов И.П. Избранные труды по физиологии высшей нервной деятельности. - Москва: Учпедгиз, 1977. - С.264.
- Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии, Издательство "Питер", 2000, С. 15-18.
- Ушинский К. Д. Педогогические сочинения В.бт. M.., 1998. С. 44 - 45.