Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кемел ойдың кемеңгері

Андатпа

Мақалада әдебиеттің әр жанрында өз өрнегін, өз ізін салған жазушы шығармаларының маңыздылығы, бүгінгі күні әлем жұртшылығына танымал болып отырған жазушылық шеберлігі айтылады. Сан қырлы қасиеттерді бойына дарытқан даралық қолтаңбасы, кемеңгер тұлғанын кең тынысты толғанысы оны кемел елдің кемеңгеріне айналдырды.

Мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаев алғаш жазушылық жолын өлеңдер, мақалалар, әңгімелер жазудан бастаса, прозалық шығармалары оның творчестволық қабілетін, эпик жазушыға тән байсалды баяндау тәсілін, философиялық ой - қиялын ойлау ұтқырлығын, тілдің шұрайын келтіретін суреткерлік шеберлігін танытты. Оның шығармалары тәжімаланып әлемнің әдебиет сүйер қауымын таң қалдырды. Олар жазушы шығармалары арқылы жаңа рухани байлық, шалқар ойлар мен керемет суреттеулер тапты. Неміс кітап баспасының «Жиырмасыншы ғасырдың ең көрнекті жазушысы» атты кітапқа енгізуі де Әбіш Кекілбаевтың қаламгерлік қабілетінің (қаншалықты) мықтылығын танытқан еді. Оның шығармаларындағы ұлттық, болмыс мәдениет пен сөз мәнері мен әдебиетіміз, дініміз бен тіліміз, тұрмыс-салт пен тарихи ұлттық дәстүрлеріміз, халқымыздың болашағы тарих қайнауындағы тұнық сырға толы еді. Қаламгер қай тақырыпта болмасын оқиғалар жиелісін жан-жақты талқылап, байыппен зерделеп, оқырманына жеткізе білді. Шығармаларындағы негізгі тақырыптар легі: егемендік, қаһармандық, шынайылық, діни таным мен түсінік, мәдениет, бәсекелестік пен әлемдік деңгей, әлеуметтік тұрмыс, елдің даму жағдайы, ел тарихы, халқымыздың тарихы мен менталитет!. Елдің рухани тұтастығын, болмысын бүкіл әлемге танытуды көздеді: «Тарихи мұрағаттарға қамқорлық жасау - тек өткенге құрмет емес, ол ең алдымен болашақтың қамын ойлап, мүддесін айқындау» - деген ұстаныммен ол тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұраларды зерделеу мен қорғауды қолдады. «Мұра - ол тек жәдігер мен тарихи ескерткіштердің жиынтығы емес, ол адамдардың дәйім күрделі, дәйім белсенді іс-әрекеттерінің жиынтығы мен жемісі, нәтижесі, жеңісі мен тағлымды тағдыры». [1,45]

Көптің көкейінде жүріп, өзегін өртеген тіл мәселесінде де үлкен мінбелерден қазақтілінің мәртебесін көтеру, мемлекеттіл ретінде мойындау, осы мәселелердің дұрыс шешілуінде де атсалысгы, өз күш - жігерін аямады.

Елбасы Әбіш Кекілбаевқа «Бейбітшілік пен татулық» сыйлығын табыстаған сәтте: «Оның еңбектегі ізденіс мен ақыл-парасатының арқасында көркем сөзбен бейнелі, астарлы терең толғаныстарымен мемлекеттік қызметте де өз үлесін тигізді» - деп бағасын берген болатын.

Кезінде Ә.Кекілбаев шығармаларына арқау болған мәселелер қазіргі күні ұлттық құндылығымызға айналып отыр. Тарихи тақырыптағы тарихи тұлғаларды бейнелеуде кейіпкерінің моральдық бейнесін жасауға, ел аузындағы аңыз-шежілерден бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерін көтеруге басты көңіл бөлді. Көркем тілінің қуаты мен қасиеті сонда ол ежелгі аңыздар мен әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшей алуында. Жазушының тарихи еңбектерін зерттеуші ғалым Ж.Дүйсенбаева қаламгердің тарих тұлға жасау шеберлігін былайша пайымдайды:

  • тарихи деректен ауытқымай тарихи тұлға бейнесін (образын) жасауы;
  • тарихи деректер мен халықтық аңызды қосып, бір тұлға жасау;
  • таза аңыздан тұратын тарихи тұлғаның бейнесін сомдау;
  • тарихи деректі көркем қолдану арқылы тарихи тұлғаны жасау. [2]

Жазушының «Үркер», «Елең-алаң» шығармалары тұтас бір кезеңнің саяси мәдениетін, еліміздің тыныштығын қозғаса, «Аңыздың ақыры» романында өткен кезеңіміз өте шебер суреттелген. Әбіш Кекілбаев шығармаларының қай-қайсысының да мән-мағынасы мен жүйесі толық сақталып, астарлы ой елегі мен философиясы кейіпкер әрекетіне қарай өзгереді.

Мұндай шығармалар оқырманның түсініп қана қоймай, оқиғаны ой елегінен өткізіп, саралап, сараптауына жол ашады [3]. Қаламгер, қайраткердің «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» сияқты әңгімелер жинағы мен «Күй», «Шыңырау», «Ханша-дария хикаясы» повестері, «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Үркер», әсіресе, тәуелсіздік жылдарында жазылған публицистикалық шығармалары мен «Абылай хан» драмасы қаламгердің ой-жүйріктігі мен тарихи танымын танытты.

Өз елінің, қоғамның даму жолын саралап, халық тағдырына жанашырлықпен қарап, елдің азаттығы жолында, ұлттық мүдде мен ұлттық сананың өрбуіне өз үлесін қосқан бірден-бір терең таным, биік парасат иесі болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елге түсініксіздеу болған саяси оқиғалар да жазушы қаламынан сырт қалмады. «Ешкімнің пешенесіне құлдық жазылып қойылмаған. Теңдік жазылған. Теңдікке жете алу, жете алмау жалпыға ортақ тарих пен жалқыға ортақ тағдырға тәуелді нәрсе. Өзгелердей бола білуге тырысқан халық та жерде қалмайды. ...Өйткені халықтың тағдыры егемендік пен бейбітшілікке тәуелді. Сондықтан ең әуелі бейбітшілікті ойлайық. Қандай қиын болса да ел ішінде кеңесіп, шешу мақсат. Болмашы өкпе-назға беріліп, өткен - кеткенге наразылық білдіргеннен пайда жоқ. Ол елді алға емес, артқа сүйренді» - деген сөздерінде қаншама парасат-пайым жатырғанын бәрімізде ұғынып, түсінуіміз керек, әсіресе, бүгінгі ұрпақ-болашақ ел иелері жастардың жадында сақталуы тиіс сарабдал пікір [4].

Жазушы еңбектері халқының санасына сілкініс берді, өйткені қалам сардарының міндеті халқының қорғаны болу еді... Оның еліне, халқына жасаған еңбектері, терең мағыналы тарих тұңғиығынан нәр алған шығармалары осы үрдеден шықты. Ел болып ұйысып, халық болып қалануды міндеттеген шығармалары өмірдің әр саласына қосқан үлесі, дамудың даңғыл жолын салған бағдаршамы болды.

Жазушы шығармаларын әр қырынан таразылап, талдаған сөз зергері Т.Медетбек: «Әбіш Кекілбаевтың қай шығармасының болмасын тереңінде астарлы ой мен сол астарлы құпттан танылып, таралады» - деген еді.

Ә.Кекілбаев еңбектерінде тәуелсіздік алған тұстар мен елдегі реформалау кезеңдері оның олқы тұстары мен жетістіктері жазылды [5]. Қаламгердің кемел ой, келісті көркемдікпен жазылған публицистикалық шығармалары халқымыздың көкіреген оятып, халық арасында болып жатқан күрмеуі қиын мәселелерге үн қосты. Жазушы жастардын білімі мен білігінің арқасында кемел болашақтың есігі айқара ашық екенін үнемі айтып отырды. Оның публицистикасы бүгінгі заман бейнесін танытты. Ел болып ұйысып, халық болып қолдануды міндеттеген шығармалары, өмірдің эр саласына қосқан үлесі, дамудың даңғыл жолын салған, бірігу мен бірліктің негізін қалыптастырған публицистикалық туындылары болашақта да құндылығын жоймақ емес.

Суреткерлік пен саясаткерлікті қатар ұстаған тұлға қоғамның қай саласында жүрсе де қолынан қаламын тастамады, екі қызметті де аброймен атқарды. Ойшыл философ өзінің зор шығармашылық болмысы арқылы халқымыздың әлеуметтік, рухани дүниесіне, мәдени өміріне терең араласқан қайраткер. Оның ұлт алдында да, ұрпақ алдында атқарған игілікті ісі де, артында қалдырған ұлы мұрасы да тарих бетінде алтын әріппен жазылып қала бермек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. Алматы: «Жазушы» 1996 ж.
  2. Дүйсенбаева Ж. Кекілбаев Ә. шығармасындағы тарихи толғам. Алматы, 2007 39 б
  3. Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекілбаев ирозасы: халық аңыздары мен көркемдік шешім. Алматы, 1999 ж. 98 б
  4. Кекілбаев Ә. Толғауы тоқсан тарих. Алматы. «Өлке» 1999 г
  5. Кекілбаев. Ә. Азаттықтың ақ таңы. Алматы. Қазақстан, 1998 8 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.