Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шетел тілін оқытуда тыңдалымның рөлі мeн орны

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушыларды жаңа тілдік материалдармен таныстыруда, дағды мен іскерлікті қалыптастыруда, сөйлеудің қол жеткізілген деңгейін қолдауда тыңдалымның оқыту құралы ретіндегі рөлі мен орны туралы айтылады.

Қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларындағы әлеуметтік - саяси және экономикалық өзгерістер білім беру саласына да елеулі өзгерістер алып келді. Халықаралық байланыстардың кеңеюі, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа кіруі шетел тілінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Шетел тілі - қарым-қатынас құралы, адамдардың түсінуі мен өзара іс-қимыл құралы, өзге ұлттық мәдениетке баулу құралы ретінде және оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, олардың жалпы білім беру әлеуетін дамыту үшін маңызды құрал ретінде өзіндік орны бар. Сонымен қатар, азаматтардың қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша саяхат жасауға мүмкіндігі бары да тікелей қарым-қатынас жасай білуді қажет етеді.

Тыңдалым - сөйлеу қызметінің өте қиын түрі. Сол себептен, білім беруде - тыңдау - баста пқы кезеңде маңызды орын алуы керек. Тыңдауды меңгеру тәрбиелік, білім беру және дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды дыбысгалған сөйлеуге, сөйлеудің мағыналық мазмұнын алдын - ала білуге және осылайша тыңдаудың мәдениетін шетел тілінде және а на тілінде қатар түсінуге жол ашады. Сондай-ақ, ол баланың жадының, ең алдымен, есту жадының дамуына оң эсер етеді. Тыңдалым білім беру мақсатына қол жеткізуге өз үлесін қосады, балаларға әлемнің ең көп таралған тілдерінің бірі - ағылшын тілінде айтылған сөздерді түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тыңдалым шет тілін оқытудың қуатты құралы. Ол оқытылатын тілдің дыбыстық жағын, оның фонемдік құрамын және интонациясын: ырғакты, екпінді, әуенді меңгеруге мүмкіндік береді.

"Тыңдалым" терминін американдық психолог Роджер Уильям Браун енгізді[1). Ресейде бұл ұғымды 3. А. Кочкина " Тыңдалым дегеніміз сөйлеуді есту арқылы түсіну"- деп көрсетсе[8], Г.В. Рогова мен И.Н.Верещагина "тыңдалым - есту арқылы қабылданатын сөйлеуді түсіну» деген анықтама берген[9].

Тыңдалым сөйлеумен қатар, шет тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететіні түсінікті. Тілдік қарым-қатынас - екі жақты процесс. Тыңдалым дағдысы сөйлеуді есту арқылы қабылдау барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте, әр түрлі қарқынмен, әр түрлі интонациялық ресімдеу және әр түрлі деңгейдегі дұрыс сөйлеуді түсіну қажеттілігі бар. Әр түрлі, тіпті ең төменгі, шетел тілінде тыңдалымды меңгеру деңгейі сөйлеу қызметінің осы түрі үшін негіз болатын бірқатар операциялардың қалыптасуын болжайды:

  1. дыбыстарды тану;
  2. тыңдалынатын бірліктердің мәнін қабылдау;
  3. тыңдалатын мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтау.

Қазіргі шет тілін оқыту әдістемесінде тыңдалым - әрі мақсат, әрі оқыту құралы. Мектеп тәжірибесінде бұл екі функция өте тығыз байланысты.

Тыңдалым оқыту құралы ретінде оқушыларды жаңа тілдік материалдармен таныстыруды қамтамасыз етеді, сөйлеу қызметінің барлық басқа түрлерінде дағды мен іскерлікті қалыптастыру құралы ретінде әрекет етеді, сөйлеудің қол жеткізілген деңгейін қолдауға ықпал етеді, дағдыларды қалыптастырады. Тыңдауды оқытудың мақсаты - оқушылардың психикасының ерекшеліктеріне және оның дайындық деңгейіне қарай қандай да бір ақпаратты тыңдалым құралдарымен алуы, мәселен: мәтін, фильм және т. б.

Шетел тілінде түсініп сөйлеуді арнайы үйрету керек. Мектеп жағдайында тыңдалым - мұғалімнің немесе диктордың, кластастарының немесе ықтимал қонақтардың сөздерін тыңдау және түсінуді білдіреді. Тыңдау дағдылары сөйлеушіде есту арқылы ғана қалыптасады. Бұл ретте, сөйлеушінің әр түрлі қарқынмен, түрлі интонациямен, әр түрлі деңгейдегі сөздерін дұрыс түсіну қажет етіледі. Тыңдау - ақпаратты естіп, қабылдау арқылы сөйлеудің түсіндіру функциясын орындайды.[11].

Тыңдау үшін мәтінді іріктеу кезінде оның тілдік ерекшеліктері, мазмұндық сипаттамасы және композициялық ерекшеліктері ескеріледі. Оқушының психикалық ерекшеліктерін бағалау кезінде, ең алдымен, оның сөйлеу, есту қабілеті, назары мен есі, сөйлеу болжамына және ықтималдық болжауға қабілеттілігі, ішкі сөйлеудің даму және дәлелдей білу деңгейі ескеріледі. Оның барлық түрлерінде сөйлеуді меңгеру маңызды рөл атқарады, өйткені шет тілі сабағында қарым-қатынастың негізгі нысандары диалог пен монолог болып табылғандықтан, тыңдауды оқыту оқушылардың еркін коммуникациям! үшін өте маңызды.

Тыңдауды оқытудағы өте маңызды фактор оқушылардың тұрақты қызығушылығын қолдау болып табылады. Оның тұрақты мотивациям, негізгі факторлары[2]:

  • мәтінді дұрыс таңдау (қиындық деңгейі және қызықты мазмұны),
  • мәтінді қабылдау алдында қарым-қатынас жағдайын жасау

 мәтінді қабылдағаннан кейін тыңдалғанды бақылау және әр түрлі тапсырмаларды орындау.

Қазіргі уақытта мектепте оқытудың бастапқы кезеңінде тыңдауды пайдалану үрдісі оқушыларға ән айту, жаңылтпаштар мен өлең айту тәсілдерімен жүргізіледі. Бұл материалдардың әрине, жалпы білім беруде құндылығы зор, өйткені балалар басқа халықгың мәдениеті туралы түсінік алады. Бірақ, тек осындай материалдармен шектелуге болмайды, өйткені көптеген зерттеулер мен эксперименттер, оқыту әдістемесі оқытушымен тыңдауды меңгеруге бағытталған мақсатты және жүйелі жұмыстың қажеттілігін дәлелдеп көрсеткен.

Өкінішке орай, әлі де кездесетін жағдай: оқушылардың сөйлеу белсенділігі жоқ, орындалатын тапсырмалардың жағдаяттылығы мен функционалдығы жоқ, оқушылар үнемі ана тіліне аударманы күтеді және ешқандай ой қызметін талап етпейтін, автоматтандырылған дағдылар мен іскерлікке негізделген мәтіндерді сөздікпен аудару, қайта жазу, оқулықтан жазу, жазбаша аударма және т.б жаттығуларды орындайды.

Сондықтан да, шет тілін оқыту процесін тиімді және қарқындату үшін оқытудың коммун и кати вті к әдісінің принциптерін сақтай отырып, тыңдалымды сөйлеу қызметінің түрі ретінде оқыту тәжірибесіне толықтай енгізуде арнайы жаттығу жүйесі қажет. Олар:

  • жаттығулардың есту арқылы қабылданатын хабарламалардың психологиялық және лингвистикалық қиындықгарына сәйкестігі;
  • тыңдаудың сөйлеу қызметінің басқа түрлерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі, бірінші кезекте ауызша қарым-қатынас - тыңдау және сөйлеу;
  • тыңдаудың дағдыларын қалыптастыру процесін басқару;
  • оқытудың практикалық мақсаты мен аралық міндеттерін табысты іске асыру;
  • оқу кезеңдерінде жаттығуларды орындауға мүмкіндік беретін қиындықтарды біртіндеп арттыру.

Жаттығулар жүйесінің құрамдас бөліктері:

  1. тыңдалудың лингвистикалық қиындықтарын шешуге арналған жаттығулар,
  2. тыңдалудың психологиялық қиындықтарын жоюға арналған жаттығулар,
  3. жаттығулардың түрлері және олардың орналасуы,
  4. дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру дәйектілігіне сәйкес келетін жаттығулар,
  5. жаттығулардың орындалу нысаны мен орны болып табылады.

Бұл компоненттердің ішінде жаттығулардың орналасуының дәйектілігі ғана тұрақты болып қалады, басқа құрамдас бөліктер аудиотекстердің сипатына, оқушылардың тілдік дайындығына, коммун и кати вті к міндеттердің күрделілігіне және басқа да факторларға байланысты өзгереді.

Мысалы, жеңіл мәтінді есту кезінде қарапайым операцияларда қажеттілік болмайды, оларға біз имитацияны, фонды немесе жақын интонациялық модельдерді ажыратуды, синонимдерді сәйкестендіруді, мәтінді ұсақ мағыналық кесектерге бөлуді жатқызамыз. Жақсы дайындалған оқушы перцептивті-сенсорлық базаны дамытатын жаттығуларға мұқтаж емес, өйткені ол тыңдаудың техникалық дағдыларын, оның ішінде фонематикалық және интонациялық есту, сөздер мен сөйлемдерді жылдам рецептивті комбинациялауды, болжамдық іскерліктерін меңгерген. Осындай жаттығуларға темен дегідей талаптар қоюға болады[4]:

  • оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатын және оларға осы кезеңде логикалық-мағыналық әрекеттермен ұштастыруға мүмкіндік беретін ақыл-ой іс-қимылдарымен қарапайым операциялардың үйлесуі;
  • тірек қолдану мүмкіндіктерін басқару;
  • тілдік қиындықтарды біртіндеп арттыру;
  • жаттығуларда белгілі және белгісіз материалды біріктіру;
  • нысаны мен мазмұнына назар аудару.

Осы мақсатта оқушылармен дайындық жаттығулары жүргізілуі тиіс. Мысалы:

4- бірнеше жұп сөздерді тыңда және қайтала...

4- рифмалық сөздерді есту арқылы анықта, оларды сандармен белгіле.

4- сын есімдердің (етістіктердің) қатарын тыңда, олармен жиі қолданылатын зат есімдерді ата.

4- фонограммадан мәтінді (мұғалім ұсынысымен) тыңдап, мәтіннің графикалық нұсқасында көрсетілген жерді толтыр.

4- екі-үш қысқа фразаларды тыңдап, оларды бір сөйлемге қос;

4- контекст және олардың дыбыстық формасы бойынша интернационалдық сөздердің мәнін анықта;

4- таныс емес сөздердің мәнін шет тілінде сипаттамалау көмегімен анықта;

4- кілт сөздерді қарап шығып, аудиотекстке қойылатын тақырыпты ата.

4- содан кейін аудиотексгі тыңдап, жауаптың дұрыстығын тексер.

Отандық және шетелдік әдіскерлер дәстүрлі түрде мәтінмен жұмысты үш кезеңге бөлуді ұсынады. Мәселен, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Елена Николаевна Соловова[10]:

  1. тыңдалғанға дейін,
  2. тыңдау кезінде,
  3. тыңдап болған соң - деп, бөліп көрсетсе;
  4. В. Рогова бұл үш кезеңді[9]:
  5. алдын ала нұсқаулық және алдын ала тапсырма,
  6. дыбыс байланысын қабылдау процесі,
  7. түсінуді бақылайтын тапсырмалар- деп нақтылайды.

Байланысқан ауызша сөйлеуді қабылдау күрделі ойлау қызметімен қатар жүреді және бірқатар акустикалық факторлармен анықталатын ерекше жағдайларда өтеді. Демек, қабылданатын сөйлеу мазмұнын ұғынуға және қабылдаумен байланысты қиындықтарды жеңуге назар аударатын жаттығулар да қажет. Олар тілдік жаттығулар немесе сөйлеу деп аталады. Бұл тірексіз, кеңестерсіз, ситуация немесе тақырыппен алдын ала танысусыз сөйлеу хабарламаларын қабылдауда оқушы дағдысының қалыптасуына ықпал етеді.

Сөйлеу жаттығулары арқылы оқушы үйренетіні:

  1. мәтін деңгейінде болжау арқылы түсіне білуді;
  2. аудиотекстты мағыналық бөліктерге бөлуді және олардың әрқайсысында негізгі ойды анықтауды;
  3. хабарламаның ең қажетті бөліктерін анықтауды;
  4. сөйлеушінің жеке ерекшеліктері мен әр түрлі жылдамдыққа бейімделуге (орташадан орта қарқынға дейінгі);
  5. аудиотексттің нақты материалын (сандық деректер, хронологиялық күндер, жеке есімдер, географиялық атаулар және т.б.) жадыда ұстауға.

Сөйлеу жаттығуларына қойылатын талаптар:

  • мазмұны жағынан әртүрлі мәтіндерді, көрнекілікке сүйеніп, қалыпты қарқынмен тыңдап, содан кейін көрнекілікке тіреусіз дыбыс жазбасында тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
  • әңгіме басталуын тыңдап, одан әрі не болғанын болжауға тырысу.
  • мәтінді тыңдап, оған атау беру.
  • мәтінді тыңдап, оның түрін анықтау (хабарлама, сипаттама, баяндау, ойлау).
  • диалогты тыңдап, оның мазмұнын қысқаша беру.
  • мәтіннің бірнеше фрагменттерін тыңдап, жоспарын құрастыру.

Бұл жаттығулар мазмұнның тереңдігін тексеруге, жаңа фактілер мен мәліметтерді, ең қызықты ақпаратты таңдап есте сақтауымен ерекшеленеді. Сонымен, тыңдауды үйренуде нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы және арнайы емес сөйлеу жаттығуларын, сондай-ақ, әрине, тілдік (дайындық) жаттығуларды қолдану аса қажет.

Тыңдалым кезінде әрекет ететін негізгі психикалық процестер: жады, қиял, қабылдау және ойлау. Осылайша, оқушы психикасының осы ерекшеліктерін жандандыра отырып, біз оларды бір мезгілде дамытамыз, бұл тұлғаның жан-жақты дамуының негізгі факторы болып табылады. Демек, тыңдалым - дамыта оқытудың ажырамас бөлігі деп есептеуге болады.

Қабылдау мәнін (есту және керу) сипаттай отырып, екі ұғымды қатаң ажырату керек: қабылдау және тану. Түсіну үшін ішкі сөйлеудің мәні өте үлкен, ол сөйлеу хабарламаларын қабылдауға, болжауға және жалпылауға мүмкіндік береді. Өйткені, тыңдалым тек хабарламаны қабылдау ғана емес, сондай-ақ естігендерге ішкі сөйлеуде жауап реакциясын дайындау.

Тыңдауды қалыптастыру бойынша жаттығуларды бес топқа біріктіруге болады[3]:

1 топ. Лингвистикалық қиындықтарды шешуге бағытталған жаттығулар, Оның өзі бірнешеге бөлінеді:

  • фонетикалық ("сөздерді тыңдау, дыбысты есту " - мұғалім әр түрлі дауысты сөздерді атайды);
  • грамматикалық ("сөздерді тыңдау, көпше зат есімді естігенде, қолыңды көтер");
  • лексикалық ("сөздерді тыңдау, түр-түсті білдіретін сөздерді есту).

2 топ. Есту жадын дамытуға бағытталған жаттығулар ("сөздерді тыңдап, оларды есте сақтауға тырыс. Содан кейін бұл сөздерді қолдана біл").

3-топ. Оқушылардың назарын дамытуға бағытталған жаттығулар ("тыңда да, қайтала немесе өзіңше толықтыр").

4-топ. Қиялды дамытуға бағытталған жаттығулар (белгілі бір тақырыптың мазмұнын ашып, айту").

5-топ. Логикалық ойлауды дамытуға бағытталған жаттығулар ("сөйлемді тыңда. Олар дұрыс, қисынды ма).

Оқытудың бастапқы кезеңіне 3-6 сөйлемнен тұратын мәтіндер арналады, орта сатыда бұл сан 10-15 — ге дейін, ал мектепте оқудың соңында-20-25-ге дейін немесе оқушының, сыныптың дайындығын, жас ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі арттыру да қажет.

Мұғалім оқушыларды қарым - қатынас кезінде тілдік құралдарды тез таңдап алуға, микро-және макро қарым-қатынас құрастыруға, монолог, диалог, әңгіме жүргізуге, мәтінмен жұмыс істей білуге үйретуі маңызды. Аудиоматериалдарды қолдану арқылы сабақтар оқушыларды тірі тілге ауыстырады, олардың қызығушылығын тудырады. Тыңдалымның табыстылығы бір жағынан тыңдаушының өзіне (сөйлеу, есту қабілетінің, есте сақтау қабілетінің даму дәрежесіне, оның көңілінің, қызығушылығының болуына және т.б.), екінші жағынан, қабылдау жағдайларына ( саны мен түрлері, дыбысталу ұзақтығы) және, ең соңында, лингвистикалық ерекшеліктерге — сөйлеу хабарламаларының тілдік және құрылымдық- композициялық күрделілігіне және олардың оқушылардың сөйлеу тәжірибесі мен біліміне сәйкестігіне байланысты.

Әдістемеде тыңдауды оқытуда визуалды (бейнелеу) және вербалды тіректерді қолдану ұсынылады. Визуалды тіректерге: карталар, суреттер, суреттер, схемалар, жергілікті жердің жоспарлары және басқа да графикалық материалдар жатады. Вербалды тіректер тыңдаушыға ұсынылған тәсілге сәйкес мәтінді ауыстыруға мүмкіндік беретін түйінді сөздер, жоспар, тақырыптар, әртүрлі сауалнамалар түрінде ұсынылуы мүмкін. Оқушыларды аудиотекстің өзінде бағдарларды табуға үйрету маңызды (интонациялық бөлінетін сөздер, тақырыптар мен тақырыпшалар, логикалық екпінді сөздер, риторикалық сұрақтар, қайталаулар және т.б.)[6].

Мұғалімнің міндеті - осы жұмыс түрлерін сөйлеуге итермелейтін коммун и кати вті к мотивация жасау үшін тиімді пай дал а ну. Дэл осы қарым- қатынас қажеттілігін тудыратын негіз болып табылады. Барлық кезеңдерде мұғалімнің сөзі қарым-қатынас жасау үшін үлгі болуы керек. Оқушы өз мүмкіндіктеріне көз жеткізіп, әр сабақта өзге тілді сөйлеуді түсінуі тиіс. Бұл оқушыны дамытады, ынталандырады. Техникалық оқу құралдарын қолданғанда, сондай-ақ мұғалімнің тікелей сөйлеуінде тыңдауды оқытудың тиімділігін арттыру үшін тіректер мен кестелер талапқа сай қолданылуы, оқушыларды үйде және лингафондық кабинетте фономатериалдарды өз бетінше тыңдауға бағыт-бағдар берілуі тиіс. Тыңдалым барысында оқушылардың назарын сұралған ақпаратты жедел жадыда бекітуге бағыттау, ал қызықты ақпаратты ұзақ мерзімді есте сақтауы үшін эмоционалдық көңіл - күймен байланыстырудың маңызы ұтымды.

Тыңдалым (есту арқылы қабылданатын сөйлеуді түсіну) қарым-қатынас негізін құрайды, одан коммуникацияны меңгеру басталады. Тыңдауды сөйлеу қызметінің түрі ретінде жеткілікті меңгеру тек қана мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар фильмдерді және телебағдарламаларды шет тілінде өз бетінше қарауды ынталандырады. Оқушыларға тыңдау мәдениетін үйрету қажет, тыңдай білу — ағылшын тілін үйренудегі табыстың кепілі екенін түсінуі тиіс. Ecry арқылы сөйлеуді мағыналық қабылдау - талдау, салыстыру, абстракция, нақтылау және т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды. Тыңдалым оқушыларды жаңа тілдік немесе сөйлеу материалымен таныстыру құралы ретінде пайдаланылады. Жаңа материалмен танысуды ұйымдастыру оқушыларға оның мәнін, нысанын және қолданылуын көрсетуді білдіреді.

Түсіну үшін ішкі сөйлеудің мәні өте үлкен,ол сөйлеу хабарламаларын қабылдауға, болжауға және жалпылауға, оқытылатын тілдің дыбыстық жағын, оның фонемдік құрамын және интонациясын: ырғақты, екпінді, әуенді меңгеруге мүмкіндік береді.

Сонымен, тыңдалым кезінде әрекет ететін негізгі психикалық процестер: жады, қиял, қабылдау және ойлау - оқушы психикасының ерекшеліктерін жандандыра отырып, тұлғаның жан-жақты дамуының негізгі факторы болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Браун R . Контроль грамматики в имитации, понимании и производстве. Журнал Словесного Поведения Learningand 2, 1963. С.121- 135.
  2. Елухина Н.В. «Интенсификация обучения аудированию на начальном этапе»: Ж. «Иностранные языки в школе». - 1986 - №5 - С. 15.
  3. Елухина Н.В. Основные трудности аудирования и пути их преодоления // «Иностранные языки в школе». 1977. - № 1, С. 38.
  4. Зайцева Л. А. Требования к аудитивному материалу, содержащему неизученную лексику // Иностранные языки в школе . -1996. - № 3, С. 15.
  5. Иванова, Н. В. Методика драматизации сказки как средство развития коммуникатив-ности младших школьников при обучении иностранному языку [МГПУ им. М. А. Шолохова]. - M., 2006. - С. 18.
  6. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранному языку: учебное пособие /-M.: Издательский центр «Академия», 2004. - С. 120 - 136.
  7. Копылова В. В- M.: Дрофа, 2004. - 96 С. 9. Коммуникативное развитие учащихся средствами дидактической игры и организацией языковой среды в образовательном учреждении: Кемерово: МОУ ДПО «НМЦ», 2006. - 104 С. 10.
  8. Кочкина 3. А. Аудирование : что это такое?//Методическая мозаика. 2007. - С. 12-18.
  9. Рогова Г. В., Рабинович Ф. И., Сахарова Т.Е. « Методика обучения иностранному языку в средней школе» M., Просвещение 1991. - С. 134 - 141.
  10. Соловова Е.Н. Методика обучения иностранным языкам: базовый курс лекций. 4-е издание. M.: Из-во «Просвещение», 2006. С.78-79.
  11. Тыныбаева Б.Қ., Мәтеш Ф.М. Шет тілі сабағында тыңдауға оқыту әрі мақсат, әрі құрал. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы № 1(48), 2018. С.32-37.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.