Аңдатпа
Жарқын болашақта әмбебап жасыл экономика стратегиясына ауысу арқылы адамзат экологиялық мәселелердің шешімін табып, тұрақты даму жолына қадам басуға міндетті. Сондықтан, көшу барысында Қазақстанның және барша әлемнің бойында кездесетін мәселелер мен кедергілерді анықтап, олардың алдын алу бүгінгі күннің асыл мақсаты болып, дүниежүзі бойынша аса өзекті талқылаулардың бірі болып табылады. Қазіргі мезгілде барлық мемлекеттер өз бағытын заманауи қауіпсіз әлемнің қалыптасуына жетелеуде. Баламалы энергия әдістерінің артықшылықтарын түсініп, болашақ стратегиясына көшу үдерісін жеделдету арқылы өз мақсатына жетіп, Қазақстан әлем деңгейінде белсенді қызмет атқаруға және қарқынды дамуға қабілетті.
Сан жылдар бойы дәстүрлі энергияның қайнар көздері Қазақстан экономикасының негізгі бағдары ретінде қызмет атқарып, мемлекеттің қарқынды дамуына үлкен үлес қосты. Дегенмен, өндірістің ықпалы елдің экожүйесіне эсер етіп, бірқатар экологиялық мәселелерді тудырды. Сонымен қатар, елдің территориясында шоғырланған энергия ресурстары қысқа мерзімде жойылып, экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Қазіргі жағдайда дүниежүзі бойынша мұнай қорлары күннен күнге азайып, ғалымдардың айтуы бойынша 53 жылда жойылуға ықтимал. [1]
Сондықтан, сарқылмайтын, баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану және ресурстарды үнемдеу - мемлекеттің болашақтағы ұстанатын бағыт-бағдарына айналды. Жасыл экономикаға кешу алтын бесігіміз үшін аса маңызды қадам болып табылады. ҚР Президент Н.Назарбаев өзінің «2050 Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында темен көміртекті эконом и каға көшуді жеделдетуге, дамудың «жасыл жолына» шығуға шақырды.[2]
Қазақстанның геосаяси жағдайы және жердің шикізатқа бай болуы он ың жасыл эконом и каға сәтгі түрде ауысуға және әлемдік деңгейде басқа да елдерге белсенді көмек көрсетіп ынтымақтастық құруға мүмкіндік береді.Бұл тақырыпты таңдау себебім - қазіргі танда жасыл экономика әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні экологияға зиян тигізбейтін және халықтың әл-ауқатының өсуіне бағытталған стратегияны ұстану аса маңызды. Менің ойымша, жасыл экономиканы ұстану болашақта бірсыпыра артықшылықтарды әкеліп, елдің экономикалық әлеуметтік дамуына жол ашады.
Қазіргі мезгілде жасыл экономика концепциясына көшу аса өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. 21 ғасырда экологиялық ахуал нашарлап, Қазақстанда да өндіріс секторы және дәстүрлі өндіріс әдістері ескеріп, ресурстардың сарқылуы және ластану секілді мәселелер орын алуда. Бұл құбылыс өз кезегінде экономика саласына ықпал етіп, шығындардың артуына үлес қосуда.
Барлық негізгі секторларда ресурстардың тиімсіз пайдалану үдерісі байқаланады. Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл құбылыс жылына 4-8 млрд АҚШ долларының жойылуына әкеліп, 2030 жылы 14 млрд долларға жуық қаражаттың жойылуына әкелу мүмкін. Жердің құнарсыздығының нәтижесінде экономикалық шығындар жылына 1,5-4 млрд АҚШ долларын құрайды. 2030 жылы бұл шығындардың көлемі күрт көтерілу мүмкін және ол өз кезегінде аграрлық сектордың ыдырауына ықпал ету мүмкін. Бұл салада халықтың 30-45% жұмыспен қамтылуын ескеру аса маңызды. Шыны керек, шаруашылыққа арналған жердің үштен бірі қазіргі мезгілде жарамсыздалған, ал өткен уақытта құнарлы жердің 10 млн астам га күтімсіз қалдырылған. Қазіргі мезгілде 2030 жылда экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруына қатысты тұрақты су ресурстарының 13-14 млрд.мЗ көлеміндегі су дефициті болжануда. Сонымен қатар, қатты коммуналды тұрмыстық қалдықтардың 97 пайызы санитарлық талаптарға сай келмейтін бақылаусыз қоқыс полигондарда сақталады немесе қоқыс үйінділері ретінде белгілі бір жерде жиналады.[3]
Сонымен қатар, Қазақстанның кең байтақ территориясымен (2.7 млн км2) халықтың тығыздығының (6.8 адам/км2) арасындағы айырмашылық барлық аудандарға энергияның қамтамасыз етілуіне кедергі келтіреді.
Дүниежүзі бойынша жұмыссыздық мәселесі туындаған кезде Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасымен ЮНЕП 2009 жылы «Жаһандық жасыл жаңа бағыт» тұжырымдамасы іске асырылды. Көптеген кәсіпорындар жасыл экономиканы негізгі бағыт ретінде қолданып, жұмыс орындарын құру үшін жұмыс жоспарын атқаруға уәде берді. Халықаралық бағдарлама Қазақстада өз жалғасын табып, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауымен қолға алынды. «Жасыл» экономикаға көшу аясында келесі мақсаттарға қол жеткізу күтілуде - ресурстардың тиімділігін арттыру; қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру; халықтың әл-ауқатын жақсарту.[4]
Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезенді жоспарды талап етеді.
I кезең ( 2013-2020 жж.):
- ресурстарды пайдалануды оңтаайландыру;
- табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;
- «жасыл» инфрақұрылым құру.
II (2020-2030 жж.):
- табиғат ресурстарын рационалды пайдалану;
- жоғары технологиялар базасындағы жаңартылмалы энергетиканы енгізу.
III кезең ( 2030-2050 жж. ):
- «үшінші өнеркәсіптік революция» принциптеріне көшу.[5]
2012 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаев барша халыққа өз Жолдауында «Қазақстан 2050 Стратегиясын» таныстырды. Өз болашақ жоспарында Елбасы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуын ғана емес, жасыл энергетикалық технологияларының дүниежүзілік басымдылығын айта келе, 2050 жылға қарай алғанның өзінде барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік беретініне үміттенді.
Энергетика министрлігінде 2020 жылы ҚТҚ шығаруды 90%-ға, қоқысты санитарлық сақтауды 50%-ға, қалдықтарды өңдеу үлесі 10%-ға жеткізу міндеті тұр. Өткен жылғы нәтиже бойынша халықты ҚТҚ шығарумен жабу - 59%, қоқысты санитарлық сақтау - 11%, өңделген қалдықтар үлесі 40%-ды құрады.
Н.Ә.Назарбаев 'Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр."
Барлық дамыған елдер баламалы және "жасыл” энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. Жасыл энергетиканың дамуы экологиялық мәселелердің алдын алуға және қалдықсыз өндіріске қол жеткізуге көмектеседі.
Жасыл экономика «Рио де Жанейро Декларациясы», «Agenda XI», «Йоханесбург жоспары» және «Мынжылдық Декларациясының» принциптеріне сүйініп, жоғары өмір сапасын, ресурстарды тиімді әрі рационалды түрде пайдалануын қамтамасыз ету керек.
Қойылған мақсаттарға жету экономика даму траекториясының түбегейлі өзгеруін талап етеді. Темен кем іртекті экономика үлгісіне көшу үшін Елбасы 2013 жылы "Жасыл көпір" халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы терт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынды. Сонымен қатар, елдің "жасыл" даму жолына көшуіне Астанадағы ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі жөнінде талқылады.
«Жиырма жыл бойы Қазақстан инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту жүзеге асырылады: Активтердің жалпы мәліметгер көлемінен 55% ғимараттар және 40% электр станциясы. 2030 жылы олар жаңадан салынады», - деп атапөтті өз сөзінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров. [8]
Жасыл экономикаға көшу үшін басқа елдердің тәжірибелерінің негізінде ауқымды жобалар тізімін құруға болады. Сонымен қатар, жасыл экономиканың эффективті болуына және пайда әкелетініне дәлелдер керек. Әлемдік тарих пен мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, жасыл экономика аудандық дамуға оң ықпал етіп, жұмыс орындардың және, солайша, экономикалық потенциалдың өсуіне жетелейтіні баршамызға мәлім. Мысалы, Бразилияда көптеген шаралар топырақты құнарлау және аграрлық өнімдерді жинау әдістерінің жөнделуіне, өнімдер транспорттау үдерісінің бақылау жүйесінің жақсарылуына негізделіп, шаруашылыққа керекті құнарлы жерлердің қайта жаңаруына үлкен үлесін қосты. Германияда орналасқан Дортмунд қаласы көмір өндіріс орталығы болып, қазіргі мезгілде инфрақұрылымы "үшінші индустриалдық төңкеріске" сай жасыл секторының жаңа орталығына айналды.Оңтүстік Корея 2011 жылынан бастап жасыл секторының дамуына 60 миллиард АҚШ долларын бөліп, 1.8 млн жұмыс орындары ашылды. Бүгінгі күні мемлекет жасыл экономикаға ІЖӨ-нің 2% инвестиция ретінде бағыттап, үш негізгі секторларының дамуына назарын аударуда: өнеркәсіп, инвестиция және энергетика.
Соны мен қатар, тұщы судың бала малы көздеріне, қалдықтарды өңдейтін технологиялар мен парктердің дамуына мән береді. Қытай жасыл инвестиция ретінде ІЖӨ-нің 1.5% бөледі. АҚШ жасыл экономиканы қолдау үшін баламалы энергия көздеріне сүйенеді және осы саланы негізгі бағыт- бағдар ретінде қарастыруда. Моңғолия, Қытай сынды елдер де жасыл экономикаға негізделетін жоспарларын іс-жүзіне асыруда. [6]
Болашақта осындай жобаларды Қазақстанда жүргізу аса тиімді болу мүмкін, өйткені Қазақстанда жердің байлықтары және климаттың алуандылығы жасыл экономиканың дамуына үлкен үлесін әкелу мүмкін.2030 жылға дейінгі "Энергетикалық комплекстердің даму концепциясына" сүйенсек, сарапшылардың айтуы бойынша орташа және үлкен өзендердің гидропотенциалы 55 млрд клвт/сағ. кіші өзендердің гидропотенциалы 7.6 млрд квт/сағ. құрайды. Күн сәулесінің потенциалы 2.5 млрд квт/сағ. құрайды. Жылдағы 8760 сағаттан күн сағаттарының саны 2200-3000 сағат құрайды. Бір жылда жел потенциалы1820 млрд квт/сағ. құрайды.
Қазіргі мезгілде баламалы энергия көздерінен алынатын қуат мөлшері үлкен емес. 2016 жылда күн және жел стансыларынан өндірілген энергия мөлшері 320 млн квт/сағ. құрады. Бұл энергия мөлшері барлық көздерден өндірілген қуаттың 0,3% ғана құрайды. Алайда, гидроэнергетика саласының үлесі 12,3% құрады. Биылғы жылмен салыстырсақ, гидроэнергетика үлесі 1,9% өсіп, күн және жел электрстансаларының әкелер қуаттың мөлшері 105% өсті.Қазіргі мезгілде мемлекетте 50 баламалы энергия көздерінің объектілері қызмет атқаруда. [7]
Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Себебі, Қазақстанның геосаяси орны өте тиімді. Сонымен қатар, дамыған елдермен бірлесе отырып, Астана Экономикалық форумы және ЭКСПО 2017 көрмесі өткізілді. Байланыстардың көмегімен Қазақстанда көптеген жобалар іс жүзіне асырылып, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы өз жұмысын атқаруда.
Қазіргі мезгілде «Жасыл көпір»,«Қазақстан - 2050 Стратегиясы», «Энергия үнемдеу-2020» және тағы да басқа жобалар іс-жүзіне асырылуда. Жасыл экономика стратегиясына көшу үдерісі өте тез және тиімді өтілуде, алайда көптеген адамдардың бұл туралы білімділігі жеткіліксіз. Менің ойымша, басқа елдермен салыстырғанда, Қазақсганның жас мемлекет болуын ескерсек, әлемдегі жасыл экономика ахуалына қосар үлесі өте жоғары, өйткені тәжірибесі аз болса да, көптеген жетістіктерге жететіні анық. Болашақта жасыл экономика жұмыс орындарын көбейтіп, мемлекеттік экологиялық ахуалын жақсартып, Қазақстанның беделін көтереді.
Әдебиеттер тізімі:
- https://finance.rambler.ru/economics/40108051-skolko-ostalos-nefti-na- zemle-i-kogda-ona-zakonchitsya/
- На пути к «зеленой» мировой экономике. Ежегодный доклад ЮНЕП 2009 г. http://www.unepcom.ru/unep/gei/216toward-ge.html
- Зеленая экономика: практический вектор устойчивого развития или политический компромисс? - http://ecamir.ru/ experts/Zelenaya-ekonomika- prakticheskiy-vektor-ustoychivogo-razvitiyaili-politicheskiy-kompromiss.html
- Пронина И.В. Зарубежный опыт эко-инноваций и возможность его применения в России для стабилизации экономики - sibac.info. Экономические науки. 3884-3884.
- Егорова М.С., Аскаров И.М. Проблемы финансирования перехода на «зеленую» экономику // Молодой ученый. - 2015. - № 6.- С. 396 - 399. 6. Егорова М.С. Содержание «зеленой» экономики: цели и задачи // Современная экономика: проблемы и решения № 12(60) 2014, С. 154 -167 3.
- Ковылин Ю.А. Зеленая экономика как предпосылка устойчивого развития. — Журнал. Экономика современности - 2010. - № 7. - С. 15 4. Мамедов H. М. Зеленая экономика // Журнал. Экономика современности — 2011. — № 11. — С. 23-27