Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарабау ғибадатханалары

Аңдатпа

Мақалада Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан маңындағы ерекше ғибадатханаларға жүргізілген археологиялық зерттеулер баяндалады. Олар, Қарабау ауылынан 9,5 км., солтүстікте, Индер - Миялы тас жолынан батысқа қарай 1 км., қашықта орналасқан. Ғибадатханалар орналасқан жер солтүстіктен оңтүстіке созылып жатыр, алқап жердің көлемі: 6 х 4 км.

Ғибадатханалар диаметрі: 70-150 метр аралығында. Олар өзінің құрлысымен ерекшеленеді. Қазақстан жерінде бұндай ескерткіштер кездеспеген. Қарбау маңында ерте темір дәуірінің ондаған обалары мен тұрақтары бар. Ғибадатхана маңында да, қола және темір дәуірінің ондаған обалары шоғырланған.

Осы маңдағы құм шағылдарда, ерте темір кезеңінің қыш құмыралары, қару - жарақ, зергерлік бұйымдары және алтын әшекейлері көптеп кездеседі. Келешекте аймақтағы ескерткіштерді жүйелі зерттеу қажет.

КІРІСПЕ

2018 жылы маусым айында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, тарих факультеті студенттері археологиялық практикасы кезінде Қарабау ғибадатханаларына археологиялық барла қазбаларын жүргізілді. Осы ғылыми жұмыстар нәтижесінде құнды деректер жиналды. Зерттеу жұмысының алғашы нәтижелері негізінде мақала жазылып отыр.

4 ғибадатхана - Қарабау ауылынан 9,5 км., солтүстікте, Индер-Миялы тас жолынан батысқа қарай 1 км., қашықта орналасқан. Олардың диаметрі: 70 - 150 метр аралығында. 3 ғибадатхана солтүстіктен оңтүстіке тізбектеліп бір қатарда созылып жатыр. 1-3 сурет.

Бұл ғибадатханалар 2005 жылғы археологиялық барлау кезінде табылған, сызбасы алынған [1].

Бірақ бұрын жасалған құжаттарда ғибадатхана 1 ортағасырлық қалашық, ал 2, 3, 4 ғибадатханалары оба ретінде берілген [2].

Ғибадатхана 1. Кординаты: N 48°32.081. EO 52°55.008. Көлемі: диаметрі -150 м., сыртқы қамал-жал биіктігі - 2,5 м, ені - 8 м. Қамал - жал сыртын - 2-3 қатар болы 196 апан шұңқырлар айнала қоршап тұр. Диаметрлері: 2-6 м., тереңдігі - 1-2 метр. Солтүстік жақ бетінде апан шұңқырлар 4 қатарға дейін барады. 4-11 сурет.

Қамал іші тегіс, алаң диаметрі 90 м. Қақпасы оңтүстіке қараған ені - 6 м., ұзындығы -12 м., жол қамал-жал арқылы, апан шұңқырлар үстінен өткен.

Ғибадатхана ортасындағы алаңға көлемі: 5x2 метр, тереңдігі - 0,80 метр кесінді қазба (шруф) салынды, 0,40 м., тереңдіктен қыш ыдыстың кішкене сынықтары, малдың сүйектері шықты. 15,16 сурет.

Табылған қыш ыдыстар оны темір дәурінің құрылысы деп болжауға мүмкіндік береді. Кешенің ғарыштық фотосуреті күннің бейнесін береді. 17 сурет

Қамал - жалының солтүстік-шығыс бөлігіне ені - 1 м, ұзындығы - 10 м., кесінді қазба салынды. Кесінді қабаттан, 1 м., тереңдіктен, солтүстік-батысқа қаратылып жерленген баланың қабірі табылды. Қамал дуалы құмайтты топырақтан үйілген. 18 -22 сурет.

Ғибадатхана 2 - ғибадатхана 1-дің оңтүстік - батысында 280 метр қашықта орналасқан. Координаты: N 48°.31.941. EO 52° 54.746. Көлемі: диаметрі - 95 м., биіктігі - 1,5 м. Ортасы: диаметрі 40 метрге, тереңдігі 0,50 метрге ойыс болып келген. Сыртын: ені - 5 м., тереңдігі -1 метрге жететін, ор айнала қоршап тұр. 12- сурет.

Ғибадатхана 3 - ғибадатхана -1-дің солтүстік шығысында, 100 метр қашықта орналасқан. Координаты: N 48°.31.151. EO 52° 55.164. Көлемі: диаметрі -70 м., биіктігі -1 м. Сыртын: ені -4 м., тереңдігі -1 метрге жететін, ор айнала қоршап тұр. Ортасы: диаметрі 20 метрге, тереңдігі 0,30 метрге ойыс болып келген. 13 сурет.

Ғибадатхана 4 - ғибадатхана 1-дің шығысында 700 метр қашықта орналасқан. Координаты: N 48°.31.890. EO 52° 55. 617. Көлемі: диаметрі - 80 м., биіктігі - 1,5 м. Сыртын: ені - 4 м., тереңдігі -1 метрге жететін, ор айнала қоршап тұр. Ортасы: диаметрі 15 метрге, тереңдігі 0,30 метрге ойыс болып келген 14 сурет.

Қарабау ғибадатханалары маңында ондаған обалар бар. Олар темір дәуірі кезеңіне тән. Ежелгі темір дәуірінде тайпалар күнге және отқа арнап ғибадатханалар салған. Оның маңына обалар салынып, табыну алаңына айналған.

Ғибатхана 1 - дің солтүстік жағында, 1,5 км., қашықта орналасқан, Қарабау 3,4,5 обаларына қазба жұмыстары жүргізілді. Олар б.э.д. II ғасырдағы темір дәуіріне жатады [3].

Қарабау ауылы маңындағы Жолайшағыл құмынан темір дәуірінің қабірлері табылды. Олар б.э.д. II ғ. даталанады[4].

Қазіргі кезеңде сармат ғибадатханалары туралы жазбаша дерек жоқ. Ресей жерінде ғибадатханалар табылған.

2001 жылы Ресейдің Кривой Por аймағынан археолог Александра Мельниктің басшылығымен, диаметрі -116 метрлік, сыртында орны бар ғибадатхана зерттелді. Сыртындағы орына қазба жүргізіп ит, жылқы қаңқаларын тауып, орды құрбандық шалатын орын деп атаған. Автор бұны күн ғибадатханасы деген.

2003 жылы Рессейдің Волгоград облысы, Трёхостров Иловлин ауданы, Дон өзені өңірінде «Трёхостров ғибадатханасы» зерттелді. Ғибадатхана айырмашылығы оның сыртына ор қазылып, ішіне диаметрі 40 метрлік ошақ жасалып, от жағылған. Рессей ғалымдарының зерттеуін көрейік.- «Трёхосгровской археологический объект - это сооружение, отличающееся не только внушительными размерами, но и, как оказалось, сложной внутренней архитектурой. Внешне это сооружение представляет собой искусственный холм высотой 3 м., и диаметром около 150 м. Объект окружен мощным рвом шириной от 24 до 32м., а современная его глубина - 2 м.

Своеобразная печь представляла собой, вероятно, круглую конструкцию диаметром до 40 м. Высоту ее определить трудно, она могла равняться нескольким метрам. Дно и внутренние стены печи предположительно были выложены сепиолитом (минерал класса силикатов, обладающий термо изолирующими качествами), выходы которого имеются в обнажениях близлежащих оврагов.

Отобранные образцы для радиоуглеродного датирования были отправлены в разные лаборатории. Были получены следующие результаты: три даты пришлись на поздний бронзовый век в пределах XV - XIII вв. до н. э., и шесть дат скифского времени VII - IV вв. до н. э.

Проведенное в 2002 г. обследование округи Трёхостровского сооружения позволило выявить следы нескольких поселений срубной культуры, которые, в случае отнесения святилища к позднему бронзовому веку, являются синхронными ему. Возможно, население этой культуры и возводило исследуемый нами объект» [5].

Сонымен «Трёхостров ғибадатханасы» қола дәуірінен, б.э.д. IV ғ. темір дәуіріне дейін даталанады. Скиф тайпалары сармат тайпаларымен туыс тайпалар болғандықтан олардың діни нанымдары да бірболған. Олар да ғибадатханал салып отқа, күнге табынған.

2015 жылы Ресейдің Ставрополь аймағынан да ғибадатхана табылды. Оның диаметрі 150 метр дуал мен ордан тұрады, ортатасы тегіс алаң болып келген. Онан қыш ыдыс сынықгары, темір пышық табылған.

Сарматтардың күнге, отқа табынғаны белгілі. Ол, туралы ертедегі гректер жазған. Геродот, Страбон еңбектерінен ежелгі сақтардың күнге табынғанын білеміз [6].

Бұған Томирис патшайымның Кирге «массагеттердің күн құдайымен антетемін» деген сөзін мысал ретінде келтіруге болады. Сақ тайпаларының бірі - массагеттер күнге, жарық пен жылу көзіне арнап ең жүйрік жануар - жылқыны құрбандыққа шалған. Массагеттер «Күн құдайы, массагеттердің иесімен» ант берген.

Қарабау 1 ғибадатханасы өзінің құрлысымен, евразия жерінде жалқы болып отыр. Ресей жеріндегі ерте темір дәуірінің ғибадатханаға ұқсасгығы болғанымен, айырмашылығы да бар. Қарабау ғибадатханаларын келешекте жүйелі зерттеу қажет [7].

1 сурет. Қарабау ғибадатханалары.

2 сурет. Қарабау ғибадатханалары.

3 сурет. Қарабау ғибадатханалары.

4 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы.

5 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы.

6 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы.

7 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы.

8 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Солтүстіктен көрнісі.

9 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Оңтүстік апан шұңқырлары

10 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Солтүстік апан шұңқырлары

11сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Шығыс апан шұңқырлары

12сурет. Қарабау 2 ғибадатханасы.

13сурет. Қарабау 3 ғибадатханасы.

14 сурет. Қарабау 4 ғибадатханасы.

15 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Ортасына салынған кесінді қазба

16сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Ортасына салынған кесінді қазба

17сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Кесінді қазбадан табылған жәдігерлер

18сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Қамал - жалға салынған кесінді қазба

19 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Қамал - жалға салынған кесінді қазба

20 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Қамал - жал кесіндісі.

21 сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Қамал - жалдағы бала қабірі

22сурет. Қарабау 1 ғибадатханасы. Қамал - жалдағы бала қабірі

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндедегі археологиялық зерттеу жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының 2006 жылғы есебі. Атырау - 2007 ж. (Касенов М.С.).
  2. Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылқоға және Индер аудандары. Атырау - Алматы, 2012. № 60. 62, 63 б.
  3. Касенов М.С., Зайнов А.М. Қарабау обаларындағы зерттеулер. Марғұлан оқулары - 2019 I Маргулановские чтение - 2019. Нұр-Сұлтан, 2019. Материалы Международной археологической научно - практической конференции, посвященной 95 - летию со дня рождения выдающегося казахстанского археолога К.А.Акишева. Нур-Султан, 19-20 апреля 2019 г. 296 -300 с.
  4. Касенов М.С., Сейткалиев М. Погребенная в песках Жолайшагыла. Мэдени мұра. №1 (70) / 2017 ж. Қаңтар - ақпан. 132-135 б.
  5. «Древнее Сятилище огнепоклонников на берегах Дона». А.С. Скрипкин, А.Н. Дьяченко. Стрежень. Научный ежегодник / под ред. М.М. Загорулько. Вып. 6. Волгоград. 2008 г.; «Необычное древнее сооружение в излучине Дона». В.А. Демкин, Т.В. Алексеева, А.О. Алексеев, А.С. Скрипкин. И Журнал «Природа». №8 2003 г.
  6. Касенов М.С. Қарабау 3 обасындағы қазба. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Атырау, №2 (49), маусым, 2018 ж. 13-30 6.
  7. Касенов М.С. Сарықамыстың археологиялық ескерткіштері. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы./ Вестник. Атырауского государственного университета имени Халела Досмухамедова. Атырау, №1 (52), наурыз, 2019 ж. 23-26 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.