Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жылдық білім беруге көшуге бейіндік мектептердің атқаратын рөлі

Аңдатпа

Бұл мақалада 12 жылдық білім беруге көшуге бейіндік мектептердің атқаратын рөлі туралы айтылған. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі қарасгырылып, сатыларға бөлінген. Бейінді оқыту, жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын, жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту керек екені туралы айтылған.

Қазіргі заман - білім беру азаматтың ортақ мүлігіне айналған дәуір болып есептелінеді. Бір жерде жаңалық ашылса, ол басқа жерде тез қолданысқа енуде. Әрбір азаматтың міндеті дүние жүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін үйрену. Өйткені ғасырымызда барлық саланың даму қарқыны өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі - білімде. Қазақстанда қазір білім берідің ұлттық моделін орнату жүріп жатыр. Бұл процесс білім беру парагдимасын өзгертумен қатар жүргізілуде. Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі таңда білім берудің дәстүрлі түрлерін өзгертуді және жаңа оқыту технологияларды пайдалану ұсынып отыр [1].

Еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде 2006-2007 оқу жылынан бастап жоғарғы сатысына бейінді оқыту енгізілді.

«Бейінді оқыту» және «кәсіптік білім беру» ұғымдарын шатастыруға болмайды.

Бейінді оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтасгықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.

Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады [2].

Бейінді оқытудың негізгі міндеті - бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:

  • жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
  • білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
  • жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады [2].

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық- педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде [3].

Бірінші саты - бастауыш мектеп (1-5 сынып). Білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы - 5 жыл. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.

Бүгінгі күні баланы 5 жастан бастап тәрбиелейтін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибеге енгізілгеніне бес жылдан асып кетті. Ал алты жасар баланы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп, оқу-тәрбие процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тәжірибеге енгізіліп, еліміздің 104 мектебінде сынақ тәжірибеден өтуде.

Ал екінші саты - (6-10 сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік- психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді, сондай-ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді десек, үшінші сатысында (11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі.

Мұндағы басты мақсат - оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау. Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократияландыру процестерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері әлемдік білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің, дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы бейіндік оқытудың алғашқы қадамы болып саналады.

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады. Атап айтсақ, жеке тұлғаның жас және табиғи ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның балалық шағының ескерілуі; барлық жұмыс оқыту мен тәрбиеге бағытталуы назарда болады.

Жоғарыда айтылған үш сатыда білім берудің материалдық-техникалық жағдай, кадрлық әлеует пен оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді қатаң ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру төмендегі бағыттар бойынша қарастырылады:

  • бір бейіндімектеп - бір бейінді оқытуды іске асырады;
  • көп бей/ндімектеп- бірнеше бейінді оқытуға бағытталады;
  • жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұяларындағы бейінді оқьггу сыныптары ашылары .
  • өңірлік ресурстық орталық-материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын мүмкіндігі бар білім беру ұйымы болып табылады. Ресурстық орталықтар жоғары оқу орындарының, колледждердің немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастыруына болады.
  • сырттай оқытатын және кешкі мектептердегі бейіндік оқыту еліміздің ЖОО, облыстық біліктілікті арттыру институттары жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
  • елді мекендерде шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:
  • ауыл балаларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі қамтылған мектеп-интернат;
  • интернат бағыттарындағы пансионат - шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық жағдайына қарай аудан орталықтарында ұйымдастырылған орта мектептері.

Елімізде 2005 - 2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және отандық 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында бейінді оқытудың үш бағыты анықталған: оның біріншісі, жаратылыстану-математикалық, екіншісі, әлеуметтік-гуманитарлық, үшіншісі, технологиялық. Бұл бағыттардың мазмұны арнаулы бейіндік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушысының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мектеп желісінің ерекшеліктеріне және кадрлық құрамына қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар.

Жаңа оқу жылынан бастап, әрбір облыс, аудан орталықтарында, қалаларда, ауылдық жерлерде бейіндік оқытуды сынақ-тәжірибеден өткізуге арналған эксперименттік алаңдар - бейіндік мектептер нақтыланып, бағдарламасы әзірленуде. Қазақстандық білім беру жүйесінде оқушының білімін тек қана 5 балдық шкаламен бағалау көп уақыттан бері қалыптасып қалғанмен, білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгеріс, білім мазмұнын жаңарту процесі оқушының білімін бағалауда түбегейлі өзгертулерді талап етеді. Осыған орай, тәжірибелі ғалымдардың, озат педагогтардың қатысуымен оқушының білімін бағалаудың жаңа жүйесінің жобасы дайындалуда. Сондай- ақ, біздің мекеменің ғылыми қызметкерлері білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығымен бірлесе отырып, шетелдік тәжірибелерді де түбегейлі қарасгырып жатыр.

12 жылдық оқыту жүйесіне байланысты айтылып жатқан сан алуан пікірлерге келсек, халық арасында түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе, бала жасына байланысты болып отыр. Қазіргі оқыту жүйесінде бала мектепке 7 жастан барып, орта мектепті 16-17 жасында аяқтайды. Ал 12 жылдықта да солай болады. Бала 6 жастан мектепке барады. 16-17 жасында мектепті бітіреді. Бала жасына байланысты өзгеріс - оның мектепке бір жыл ерте баруында ғана [4].

12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық - баланың тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11- 12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының танымдық қабілетінің деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін арттырып, ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын дәрежеге қол жеткізеді. Бұл үрдіс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкеледі. Әрине, бұл құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етері сөзсіз. Дегенмен әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты, бұл да өз шешімін береді деген үміт үлкен.

Президентіміз айтқандай, білім реформасы «біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы тиісті білім мен біліктілік алған соң әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман бола алатын» деңгейге жетуі тиіс [5].

Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алуына кепіл бола алады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметова A., Ақтаубаева Ж.Х. Оқу үрдісінде жаңа технологияны қолданудың теориялық негіздері/ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы/ №1 (44), 2017 ж, 120 б.
  2. Кенесбаев С.М., Нурманова А.Х. Мектепте информатика пәнін бейіндеп оқытудың педагогикалық-әдістемелік жолдары/ ҚР БҒМ Өрлеу БАҰО АҚ Филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ ББИ / Білім және ғылымдағы инновациялар тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары, 22-23 қараша 2018 жыл-ISBN 978-601-276-570- 0, 393-396 б.
  3. Сағымбаева А.Е. Білімді тексерудің тестілік әдістемесі. // Информатика негіздері. №2. 2002. Б. С. 15-17
  4. Кенесбаев С.М., Педагогикалық және компьтерлік технологиялардың өзара байланыстарының дидактикалық шарттары/ «Педагогика мен психологиядағы қазіргі тенденциялар: теориядан практикаға» атты шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткізілетін ғылыми-практикалық конференция жинағы Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2013 ж, 143-145 б.
  5. Койшигулова Л.Е., Уркимбаева Г. Білім алушылардың шығармашылық іс - әрекетін қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері/ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы/ №1 (44), 2017 ж, 135 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.