Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ибн баттута кітабы: мәдениеттанымдық және культуртрегерлік аспект

Аннотация

Мақала ортағасырлық саяхатшы Ибн Баттутаның мәдениеттанымдық көзқарасына арналған. Тек саяхатшы ғана емес ислам өркениетінің өкілі,культуртрегер болған Ибн Баттута өзі болған елдердің салт-дәсгүріне, мәдениетіне сыни көзқараспен қараған. Сондықтан ол елдердің мәдениеті жайлы көптеген өз тұжырымын қалдырды. Қазіргі жахандық әлемдегі күрделі, қайшылықты жағдайда оның жазбаларының саяси, діни, мәдени, тіпті геосаяси астарын қарауға болады. Ол Ислам әлемі мен исламдық емес элем, ислам мен түркі әлемі қатынасының орта ғасырға тән картинасын жасады. Сондықган осынша ғасырлар ішінде не өзгерді, мәдениеттер сұхбаты мен қайшылығы қалай ауысты деген сұраққа оның шығармасына иек арта отырып жауап іздеуге болады. Ибн Баттута пікірін, тұжырымдарын қазіргі тарихи кезеңдегі еуразия мәдениеті, діні тұрғысынан салысгыра қарасгыру қажеттігі тұжырымдалады. Соның ішінде қазіргі қазақ мәдениеті мен діни ұстанымдары тұрғысынан параллель жасау маңызды екендігі көрсетілді.

Біз қазіргі әлемді жаханданған дәуір деп санап, бұл процессгің, яғни, мәдениеттер мен ұлттар, халықтар арасындағы тығыз коммуникацияның XX- XXI ғасырларда орныққанын басып айтамыз. Бірақ бұл қозғалыс, жақындасу траекториясы, өркениеттік диалогтар ерте кезде-ақ бастау алған. Оғанда қазіргі замандағыдай экономикалық, діни-дүниетанымдық, саяси факторлар зор ықпал етті. Бірақ осы құбылыстың әлемге тарауына, мәдени шекаралардың кеңеюіне үлкен ықпал еткен адамдар тобы бар, олар - жиһангерлер болды. Erep оларды «жаһангерлер» деп атайтын болсақ, семантикасы «жаһандану» процессінің тарихи тамырын көрсететін болып шығады. Сондай әлемге әйгілі саяхатшының бірі-Ибн Баттута (1304-1377) еді. Қазіргі интернет кеңістігіндегі мәліметтер оның шын мәнінде әлемді тануға зор үлес қосқан ұлы саяхатшы екенін танытады. Соның ішінде кейбір барынша қазбалап зерттегендер оның жүз жиырма мың жеті жүз шақырым қашықтық жол жүргенін, 69 карта сызғанын, сол дәуірдегі мұсылман әлемін барынша қамтып жүріп өткенін айтады. Шынында ол тарих уақыт араб- ислам әлемінің ренессанстық кезеңі, ғылым мен ислам діні өркениетінің дәуірлеп тұрған уақыты еді. Сондықтан оның саяхаты культуртрегерлік тұрғыдан да зерттеуді қажет етеді және оның осы миссиясын қазіргі дәуірмен салысгыра қарау да белгілі мәдениеттанымдық нәтижесін берері сөзсіз деп санаймын.

Атақты ортағасырлық Мароккадан шыққан араб (бербер) саяхатшысы Ибн Баттутаның «Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту» кітабының (қолжазбасының) мәнін әр түрлі аспектіде қарауға болады. Оның жазбалары жайлы жүздеген еңбектер бар, кейбір келтірген деректері әлі де пікірталас тудыруда[1]. Оның еңбектерін өзінің тарихи өткенін електен өткізіп, тарихи шындықты іздеген халықтар дереккөз ретінде пайдалануға тырысады. Осындай қызығушылықты оған еуразия халықтары да танытуда. Қазіргі бүкіл әлем біртұтас дүниеге айналған жаһандану заманында оның кітабының ақпараттық мәні темен болуы да мүмкін. Бірақ оған осы жаһандық космосгың қалыптасу эволюциясы аспектісінен қарар болсақ оның мәні мен маңызы арта түседі. Осы жағынан алсақ ол да орта ғасырлық әлемдегі мәдениеттердің өзара танымдық процессінің ұлғаюына, кейін Батыс пен Шығыс өркениеттерінің бір-біріне қадам жасауына, қазіргі тілмен айтқанда «мәдениенттер сұхбаты» қалыптасуына ықпал еткенін көреміз. Ибн Баттут әуелі сол кездегі мұсылман елдерінің бір-бірін тануына жол ашты, сонымен қатар әлі ислам мәдениеті қалыптаспаған немесе әлі исламға «өзге» дәстүрлер ықпал етіп тұрған мәдениеттердің кейбір ерекшеліктерін ашуға ықпал етті.

Кезінде оның кітабы еуропа үшін оған дейін белгісіз, тылсым Азияны танытқан сенсациялық шығарма болды. Оны бүкіл ориенталисгер ден қойып оқыды, бірден бірнеше еуропа тілдеріне аударылды, оны зерттеген кітаптар, мақалалар жарық көрді. Қазіргі жаһандық әлемдегі күрделі, қайшылықты жағдай үшін де оның жазбаларының саяси, діни, мәдени, тіпті геосаяси астарын қарауға болады. Ол Ислам әлемі мен исламдық емес элем, ислам мен түркі әлемі қатынасының орта ғасырға тән картинасын жасады. Сондықтан осынша ғасырлар ішінде не өзгерді, мәдениеттер сұхбаты мен қайшылығы қалай ауысты деген сұраққа оның шығармасына иек арта отырып қарауға болады. Ибн Баттута саяхатшы, діни қызметкер, дипломат және культуртрегер болды. Бірақ, сонымен қатар мұсылман және діни қызметкер, миссионер ретінде басқа мәдениет өкілдеріне менсінбей қарағаны да көрініс беріп қалады. Себебі ол бүкіл бітім болмысымен сол кездегі мұсылман мәдениетінің өкілі болды және жүрген жерінде миссионер ретінде де сол діннің мүддесіне қызмет етті. Жоғарыда біз оның шығармаларын әртүрлі аспектіде қарастыруға болады деп өттік, соның ішінде мәдениеттанымдық тұрғыдан қарасақ, біраз қызық деректер мен жағдайларды байқаймыз. Осы жерде айта кету керек мәдениет теориясында әртүрлі мәдениеттердің жүздесуіндегі тосын, «бөтендік» элементтермен кездесудің алғашқы әсері ерекше жағдай туғызады деп саналады. Тіпті осыған байланысты американдық мәдениет зерттеуші антрополог Калерво Оберг (Kalervo Oberg) «culture shock» («культурный шок», «мәдени естен тану, шошу») сияқты терминді енгізді[2]. Эрине, ол тарихи кезең әлемдегі халықтар арасындағы аккультурация үрдісінің басталып жатқан кезі болды, әуелі аккультурацияны өз жеке басынан өткізген (дәстүрлі нанымдағы бербер тайпасынан шығып, ислам діні мен мәдениетін қабылдап, саналы өмірін ислам дінінің таралуына жұмсаған) ибн Баттута да осындай мәдениеттердің сұхбатына үлкен үлес қосты. Ол барған елдеріне ең біріншіден, сүннит мұсылман, миссионер көзімен, ислами дүниетаным тұрғысынан қарады. Сондықтан И. Тимофеев байқағандай ол кейбір барған елдерінде мәдени шошуға тап болса, оның өзі атақты жиһангердің осындай көзқарасымен байланысты болып келеді[3]. Бұл дәуір ислам дінінің дәуірлеп, көптеген елдерге тараған, діни-мәдени ареалы кеңейген кез болды. Сондықтан шынайы мұсылман ретінде ол ислам құндылықтарына жат болып көрінетін құбылыстарға шошына қарады. Ол өзге мәдениеттерге сол кезде әлемдегі озық өркениет болған ислам мәдениетінің қағидаттары, түсініктері, жетісгіктері тұрғысынан қарады, сондықтан оның бойында исламдық емес салт-дәстүрлерге, қоғамдық қатынасгарға жатырқай қараушылық болды, тіпті өзі ұстанған суниттік ислам дүниетанымы бойынша исламдық шиттерге де теріс көзқарас білдірді.

Енді оны қандай бөтен мәдени құбылыстар таңқалдырды дегенге тоқталып өтсек. Мысалы, оған түріктердің ат қою дәстүрі тосын көрінеді. «Тюрки называют родившегося ребенка по имени первого входящего в шатер при его рождении». Бұл дәстүрді ол пұтқа табынушылықтан қалған деп санайды. Алтын Орданың ханы Өзбектің қызының есіміне таң қалып, оған өз түсінігін білдіреді: «Имя дочери Султана Узбека- Иткуджук (шамасы, толықтай «иттің күшігі»- Ө.Б). Имя это значит «Собачка», потому что «ит- собака, а куджук»-щенок. Мы уже сказали выше, что тюрки получают имена по случаю, как это делалось когда-то у арабов»[4]. Эрине, түрік халықтарының, соның ішінде сол кездегі ноғайлар мен қазіргі қазақтардың мәдениетінде олар ислам дінін қабылдағанына қарамастан дәстүрлі наным- сенім, әсіресе, ырымдар тек Баттутаның заманы емес қазірде кей жерлерде сақталуда екені белгілі. Ибн Баттута ғайыптан қазіргі заманда қайтып келсе де, Самита, Олимпиада немесе Азиада деген есімдерге қайраң қалары сөзсіз. Ол кезде арабтар ислам дінінің кіруімен ондай дәстүрден пұтқа табынушылықтың сарқыты ретінде құтыла келген еді. Сондықтан сұлтанның қызына харам жануардың есімі қойылуы өзін шынайы мұсылман санаған Ибн Баттута үшін нағыз «culture shock» болуы заңды еді.

Бірақ осы жерде оның өз есіміне байланысты мына фактіге назар аударғым келеді. Оның толық есімі- Абу Абдуллах Мұхамммад ибн Абдуллах ибн Мухаммад ибн Ибрахим ибн Юсуф аль-Лавати ат Танджи ибн Баттута ибн хамид аль-Гази ибн Күрейш аль-Али екені тарихтан белгілі. Ал осы узын шұбар есімінен ол бүкіл әлемге тек Ибн Баттута деген атпен таныс. Бір зерттеушілер «Баттута» деген лақап есім араб тілінің маракон диалектісінде«уточка», яғни, қазақшаласақ «кішкентай үйрек»деген мағына береді деп түсіндіреді. Демек, лақап болса да оның өз есімі де ислами ат қою шартынан шет тұр. Бұл да осы адамның бір парадоксі деуге болады.

Ол Персияда мына жағдайға таң қалады. Мешхедте Али Ибн Муса ал- Реза (8-ші шиит имамы) моласымен қатар жатқан атақты Харун ар- Ра ш и д(/бу Джафар Харун ибн Мухаммед, Аббасид халифі- Ө.Б.) басы на барғанда, ал-Резаның жібекпен көмкерілген құлпытасына шииттердің қалай тағзым жасағанын көріп суннит мұсылман ретінде реніш білдіріп, «Харун ар- Рашидке түкіріп жатқандай болды» - дейді[4). Тағы бір таңқаларлық дәстүрді ол Афғаныстан жерінде көреді. Құрметпен қарсы алып, дасгархан жайған сол жердің бір белгілі адамының тамақтан кейін қол жуған суды бұларға құрмет көрсету ретінде ішіп қойғанын айтады. Сондай-ақ осы Афған жерінде сұлтанның өз әйелін бөтен еркекпен сөйлесуге қалдырғаны да оған тосын көрінеді.

Ол Укактан (Саратов) Эль Сарайға бара жатқан жолда бір күндік жерде Орыс таулары бар деп айта отырып, орыстарды: «христиане, народ рыжими волосами и голубыми глазами, весьма хитрый и коварный. У них есть серебрянные рудники, и из их земли получаются сувами, или слитки серебра»- дейді. Оның Алтын Орда туралы жазып отырып, русь туралы ештеңе жазбағанына И.Тимофеевте таң қалады: «Во всяком случае, воспринимая Золотую Орду как могущественное мусульманское государство, он ни словом не обмолвился о Руси, так, словно бы ее и не было вовсе. Случайно или умышленно? Думается, ни то, ни другое. Скорее всего в первой половине XIV века русские княжества представлялись арабскому путешественнику неотъемлемой частью Золотой Орды, ее лесной окраиной, платившей сарайскому хану ежегодную дань и с трепетом ожидавшей его повелений»[3].

Содан кейін өзі мынандай тұжырым жасайды: «Русь выпала из поля зрения Ибн Баттуты еще и оттого, что была населена враждебными ему христианами, а также ввиду нечеткости политической перспективы. Действительно, кто из ордынцев в первой трети XIV века мог предвидеть 1380 год?»[3]. Осылайша орыс зерттеушісі XX ғасырда астам сөйлеп, атақты жиһангердің болашақты болжай алмағандығын бетіне басып жазады. Шынында да ұлы саяхатшы тарих көшінің қайда бет бұратынын ол кезде болжай алмады. Ия, осы XIV ғасырда қазақтар тарих сахнасына жаңа шыға бастады. Сондықтан жихангер ол туралы ештеңе жаза алған жоқ. Кейін Русь кезінде өзі тәуелді болған Алтын Орданы өзіне қаратты, жихангер көрген империяның өзі де мәдениеті де, гүлденген қалаларыда жойылды. Тарихта жиі болатындай ортағасырлы қалып империя хандықтарға бөлініп кетті. Бөлінгендерді русь билеп, жаңа империя құрды. Осылайша Ибн Баттута көп назараудар маған орыстар өз билігін орнатты. XX ғасырда осы территорияда атеистік мемлекет орнады. XX ғасырдың аяғында бұл империя да тарады.

Осылайша жихангер келіп кеткеннен кейінгі тарихи кезеңдерде осы географиялық аймақта ол үшін шын мәнінде тарихи-мәдени жағынан нағыз«сиІІиге shock» болатын талай оқиға орыналды.

Қырым туралы былай дейді: «Место, где мы сошли на берег, пустыня, называемая Дешт-и-Кипчак. Эго зеленая степь, нет в ней ни деревьев, ни холмов, ни домов, ни хвороста. Люди здесь жгут навоз, который называется «тазак» (қазақша «тезек»)[4]. Осы және басқа жерлердегі сөздерінен Батуттың түркілерге менсінбей қарағаны байқалады. Оған олардың мұсылмандығы да сенімсіз көрінеді және әр жерде түркілердің басқа да нәрселерге табынатындарын байқап қалады. Осы жерде қазіргі заманмен де кейбір паралелльдер байқауға болатынын айта кеткен жөн сияқты. Ken жылғы кеңес идеологиясы мен атеизмінен кейінгі орта азияға, жалпы бұрынғы кеңестік мұсылман елдеріне келген, өзін шынайы мұсылман санайтындар сол баяғы Баттута сияқты жергілікті мұсылмандарға скепсиспен қарайтыны жасырын емес.(7б% сол кезде Баттуттың лексиконында «ширк» сөзі оларға қолданылды ма, жоқ па білмеймін-Ө.Б.}. Тек біздің кезімізде бұл көзқарас қайшылығы тек мәдени феномен түрінде қалмай, экстремизм, терроризм сияқты діннен өзге саяси сипаттағы қақтығыстарға апарып жүр.

Алтын Орданың ханы Өзбек алыстан, Араб елінен келген мұсылман ғұламасына барынша өзін таза мұсылман, ал елін мұсылман жолын ұстанған империя ретінде көрсетуге барынша тырысып бақты-дейді зерттеуші. Тағы бір зерттеуші М. Крамаровский де оны орданың ислам діні таңқалдырғанын айтады және оны бұл жаққа көп тараған суфизммен және Ханафит мазхабымен түсіндіреді [5]. Оның үстіне ежелгі түрік наным-сенімдерінің де сол кезде әлі жойылмаған (шынын айтқанда, әлі де исламмен қатар сақталып отырғанын) айтқан жөн.

Ибн Баттута Сарайшық қаласы жайлы өзінің қысқа ғана пікірін білдіріп кетеді. Ол екі сарай қаласы бар екенін айта келе, қазіргі атырау жеріндегі сарайшықты кішкене ғана қалашық ретінде суреттейді: «Через десять дней после отъезда из Сараямы прибыли в город Сараджук, джук значит «маленький». Они таким образом хотели выразить, что это Сарай Малый.Город этот расположен на берегу полноводной, крупной реки, называемой Улусу, значение чего «великая вода».Через нее переброшен мост из лодок, такой же, как в Багдаде. В этом городе наше путешествие на лошадях, тянувших арбы, закончилось. Там мы продали их по четыре динара денег за лошадь и меньше этого, ввиду их слабости и дешевизны в этом городе, и наняли верблюдов, чтобы тянуть арбы. В этом городе находится завия праведного старца из тюрков, которого называют «ата» (бул да әлі күнге өз ерекшелігін сақтаған біздің дәстүрлі исламның көрінісі- Ө.Б.), что значит «отец». Он угостил нас в завии и благословил. Принимал нас также кади этого города, имени которого я уже не помню»[4].

Осылайша ұлы саяхатшы мәдениеттер сұхбаты тұрғысынан да кептеген маңызды мәліметтер қалдырады Ол мәліметтердің танымдық мәні әлі жойылмағанын айта кеткен абал. Ең қызықтысы тарих көшінің дөңгелегі айналып, қайтадан сол заманға ұқсас мәдени сипаттарға, қатынастарға оралуда екендігі. Біз сол заманнның үзіліп қалған тарихын қайта жалғастыруға, ең болмаса тарихын реконструкция жасауға ұмтылыста отырмыз. Соның ішінде мұсылман әлемімен үзіліп қалған байланыс қайта жандануда. Бірақ ол ниетіміз де кейде түсінбестік туғызып, оның өзі көзқарас қайшылығын, тіпті одан да өткен конфликтілер туғызып жүр. Себебі біз сол бір тарихи кездегі сияқты дәстүрлі наным-сенім мен ислам құндылықтарының симбиозын сақтағымыз келеді. Атақты жиһангерді оқығанда тағы бір таласты сұрақ алдымыздан шығады. Ол Жиһангер көрген, кезінде жазып кеткен Алтын Орда тағдыры, оған қазіргі ұрпақтың, оның орнында өмір сүріп жатқан елдердің қатынасы. Қазір «Еуразия» аталып жүрген кеңістіктегі түркі халықтары да, Ресейде Алтын Орданың мұрагері болуға тырысып жатыр, осылайша посгкеңестік кеңістікте тарихи бастауларына оралу сияқты құбылыстар өз жалғасын табуда. Осы тұрғыдан атақты жиһангер жазбаларыныңтарихи танымдық маңызы зор және ресей империясы отаршылдығына дейінгі еуразияны зерттеуге маңызды дереккөз бола алатыны сөзсіз.

Атақты жиһангердің Алтын Орда жеріне келіп кеткеніне 5-6 ғасыр өткенімен, осы жерді мекендеген түркі халықтарының базалық мәдени құндылықтары әлі де сақталғанын байқауға болады. Бұл осы жердегі халықтардың (оған қазақтарды да қосамыз) автохтондық екенін дәлелдейді. Сонымен қатар сырттан таңылған мәдени факторлар (әсіресе, ресейлік, кеңестік колониялық) жергілікті халықтардың дәстүрлі мәдениеті мен әдет- ғұрпын түбегейлі жоя алмады, әрбір халықта ежелгі салт-дәстүр сабақтастығы сақталды. Сондай-ақ, осы халықтардың діни көзқарасы да сол дәстүрмен тығыз байланысын сақтап қалды. Бұл елімізде қалыптасқан ислам дінінің тарихи сипатын, өзіндік ерекшелігін және бірнеше ғасырдан келе жатқан сенім екенін көрсетеді. Бұл орта азиялық немесе еуразиялық ислам мен Араб әлемі болмаса таяу шығыстағы ислам дәстүрлерлі арасындағы жиі көрініс беріп қалатын құндылықтық қайшылықтардың тамыры тереңдігін көрсетеді. Соның ішінде исламның осы ерекшелігі қазіргі қазақтарға да тән болып келеді. Сондықган жоғарыда айтылып өткендей жергілікті, өзіміз «дәстүрлі» деп атайтын сенімге мұсылман елдерінен келген дін иелері баяғы Ибн Баттута сияқты сенімсіз қарайды және кейде өздерін баяғыша жоғары қояды. Осындай культуртрегерлік жағынан қарасақ «culture shock» мәдени феномен ретінде олар тарапынан әлі де көрініс беріп қалады.

Баттута феномен і қалай болғанда да жалғасын табуда және мәдениеттанымдық процесте өз орнын сақтауда. Мысалы, «Semaphore Studios» араб студиясы түсірген «Unearthed: Trail of Ibn ВаНи1а»экшен ойыны (ойынның мақсаты Ибн Баттутаның қазынасын табу!) осы бір ұлы саяхатшының өмірі мен аты қазіргі жаһандық бұқаралық мәдениет пенкиберкеңістікте заманауи технология арқылы саяхатын жасап, культуртрегерлік миссиясын жалғастыруда екенін көрсетеді[6].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. . Elad, Amikam (1987), "The description of the travels of Ibn Batutta in Palestine: is it original?", Journal of the Roya/ Asiatic SocietyT. 119: P 256-272
  2. .Смолина Т.П. Симптомы культурного шока: обзор и классификация. Электронный журнал «Психологическая наука и образование» www.psyedu.ru / ISSN: 2074-5885 / E-mail: psyedu@mgppu.ru 2012, №3 1
  3. .Тимофеев И. В. Ибн Баттута. - М. Молодая гвардия, (Жизнь замечательных людей). 1983.- 272с.
  4. .Ибн Баттута. Сочинения. Электронный источник: http://vostlit. borda.ru/
  5. .Крамаровский М.Г. Ибн Баттута о тюркском исламе. //Золотоордынское обозрение.№1(3).2014. с.64
  6. . Электронный источник: https://kanobu.ru/games/unearthed-trail-of- ibn-battuta/
  7. .Ибрагимов Н. Ибн Баттута и его путешествия по Средней Азии / Нематулла Ибрагимов,- М.:Наука(Главная редакция восточной литературы), 1988.- 128 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.