Андапта
Мақалада ата-аналарыннан қамқорсыз қалған балаларды қолдаудың педагогикалық мәселелеріне тоқталады. «Жетім (жетімдік)», «Әлеуметтік жетім» деген ұғымдарға сипаттама берілді.Ғалымдар еңбектеріндегі жетім балалардың жекелік ерекшеліктеріне анализ жасалып карастырылды.Жалпы жетімдік, оны тәрбиелеу-оқыту үрдісін ұйымдастыру және кең көлемді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету педагогикада, сонымен қатар психологияда, әлеуметтік педагогикада және ғылыми танымның басқа салалар қатарында жеткілікті дәрежеде өзекті меселе болыу көрсетілді.
Қазіргі уақытта отбасы балаға әлеуметтік-тарихи тәжірибені, бәрінен бұрын адамдар арасындағы эмоционалдық және іскерлік қарым- қатынастарды берудің негізгі көзі мен тобы болып табылады. Ата-анасын жоғалтқан бала-бұл ерекше, шын мәнінде, қасіретті әлем. Жетімдік-біздің қоғамымыздың алдында тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Жетімдік мәселесінің кең таралуы қазіргі таңда көптеген елдерге тән мәселе болып табылады. Бүкіл елдерде мұндай балаларды түрліше атайды: «қабыл алмаған балалар», «қазыналық бөбектер», «тастау үшін туылғандар», «мәңгі жаңадан туылғандар».[1]
Жетім балалар проблемасы қашан және қай мемлекет болмасын, қоғамның басты мәселелерінің бірі болып қала бермек. Өйткені өз елінен дұрыс тәлім-тәрбие алып, отанын сүйетін азамат болып қалыптасқан бала- жетім немесе асыраушысынан айырылғанына қарамастан, кез-келген мемлекет болашағы, сол елдің өсіп-өркендеуіне, дамуына өзіндік үлес қосар ұрпағы болып табылады. Өз заманында жетімдіктің қайғы-қасіретін көре жүріп, соған қарамастан елінің, ұлтының болашағы жолында небір жасампаз жарқын істерді атқарып кеткен айтулы тұлғалар қазақ тариханда аз болмаған. Осындай әлемді аузына қаратар әйгілі саясаткерлер, ел қорғайтын батырлар, ғылым-білім саласын жаңа биіктерге көтеретін ғұлама ғалымдар,ақын жазушылар, елінің даңқын асқақтатар өнер адамдары бүгінгі ұрпақтың да арасынан шығуы мүмкін.
Бүгінгі әлемде жетім балалар саны 143 милионға жетіпті. Халықаралық ұйымдардың мәліметтеріне сүйенсек, осы жетім балаларындың тек 700 мынына ғана әлеуметтік және күнделікті өмірдегі басқа да қажеттіліктер бойынша көмектер көрсетіледі екен. Бұл көрсеткіш жаһандағы барлық жетім балалардың тек 5 пайызы ғана құрайды. Ал, қалған 95 пайызы тағдырдың тәлкегіне тасталып, болашағы бұлдыр күйде болып отыр. Олардың алдағы күндері қалай болары де белгісіз. Балалар үйінен балалар қашып панасыздар қатарына қосылады. Және бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал, Білім және ғылым министірлігінің өкілдері біріншіден, Ата- аналарыннбалаларға қарайтын маман тапшы, екіншіден, балалар психологиясына байланысты қашады деп отыр.
Бүгінгі таңда балаларды асырап алу, асырап алушылар отбасына беру (асыранды немесе патрионатты ата-ана) сияқты тәрбиелеу формалары қарқынды кең таралуына қарамастан, жетімдердің айтарлықтай бөлігі (25- 30 %) баяғыдай әртүрлі мемлекеттік интернат мекемелерінде тұрып жатыр. Еңбек пен халықты қорғау министірлігінің есеп беруіне сәйкес, тек Оңтүстік аймақ бойынша 360 бала әртүрлі үй-интернаттарында өмір сүруінде. [2]
Осыған байланысты жалпы жетімдік, оны тәрбиелеу-оқыту үрдісін ұйымдастыру және кең көлемді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету педагогикада, сонымен қатар психологияда, әлеуметтік педагогикада және ғылыми танымның басқа салалар қатарында жеткілікті дәрежеде өзекті меселе болып қалуда.
Жетім балалардың жекелік ерекшеліктерін И.Дубровина, С.Забрамная, Е.Казакова, М.Лисина, В.Мухина, А.Прихожан, А.Рузская, Е.Стребелева, Л.Шипицина және басқа да көптеген ғалымдар жан-жақты зерттеп келеді.
Қазіргі таңда теоретикалық зерттеулерде екі ұғым кең қолданылады:
1) «Жетім (жетімдік)».
2) «Әлеуметтік жетім».
Бірақ, «жетімдік» түсінігінің өзі көп аспектілі болғандықтан,оны түрлі ғылыми бағыттардан шыға қарастыруға болады. Көптеген анықтама сөздіктермен әдебиеттерде «Жетім - бір немесе екі ата-анасы қайтыс болған кәмилетке толмаған бала. Жегімдік-жетімдіктің күйі,жалғыздық».
Психологиялық-педагогика ғылымы тұрғысынан, жетімдік ата-ана қамқорлығынан айырылған кәмилетке толмаған балалардың өмірлерінің бейнесін сипаттайтын жағымсыз әлеуметтік құбылыс.
Л.Олиференко пікірі бойынша, әлеуметтік жетімдік - әлеуметтік- экономикалық, сонымен қатар имандылық-өнегелік себептер бойынша ата- ана қамқорлығынан айырылған ерекше әлеуметтік-демографиялық 0 ден 18 жасқа дейінгі балалар тобы, яғни, бұл ата-ана құқығынан айырылған, ішімдік, нашақорлық және т.б. психологиялық ауытқулардан және т.б. азап шегетін, өз балаларынан бас тартқан ата-аналардың балалары.[3]
Е.Рыбинскийдің көрсеткеніндей, әлеуметтік жетімдік дегеніміз - «кең көлемдегі тұлғалардың ата-ана міндеттерін орындаудан босатылуы немесе қатыспауы (ата-ана мінез-құлықтарының бұрмалануы)».
Әлеуметтік жетімдік себептеріне мыналар жатады: халықтың материалдық жағдайларының қауырт нашарлауы, оның әлеуметтік экономикалық жүйесінің дағдарыстық жағдайлары. Осы факторлар көптеген елдерге тән және отбасын қирататындай эсер етеді,нәтижесінде туылулардың деңгейі төмендейді, толық емес отбасылар саны өседі.
Жоғарыда аталған берілгендерді талдай отырып жетімдікке тән жалпы ұғымдарды белуге болады.
Жетім балалар-бұл бір ғана немесе екі ата-анасы қайтыс болған тұлғалар.
Әлеуметтік жетім-бұл биологиялық ата-анасы бар, бірақ олар қандайда себептер бойынша баланы тәрбиелеп,оған қамқорлық етпейтін ата- аналарының баласы. Бұл жағдайларда қамқорлықты мемлекет және қоғам өзіне алады.
Е.Казакова және Л.Шипицынаның пікірлеріне сүйенсек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатарына мынадай ата-аналарының жағдайлары бар балалар жатады: қайтыс болғандар; ата-ана құқығынан айырылғандар; ата-ана құқығынан шектелгендер;хабарсыз жоғалып кеткен деп танылғандар; қолынан іс келмейтін (кеміс); бостандықтарынан айырылғандар, жазасын өтеушілер; баланы тәрбиелеуден қашқандар.Адам баласының шыққан тегі бір болғанымен, ұлты, түр-түсі, әл-ауқаты, әлеуметтік тұрмысы әртірлі болып келеді.Бірақ бәрінің үйі біреу-ақ. Ол-Жер ана. Бәрі де табиғаттың тумасы. Сондықтан бір-бірімен санасуға мүдделі.
Адам өзге адамдарды құрметтеуге, оларға түсіністікпен қарауы тиіс. Өйткені адамға адамдықпен қарау-аталық дәстүріміз. Ата-бабаларымыз: «Жетім көрсең жебей жүр» -демей ме? Құдай жетімнің күнін ешкімнің басына бере көрмесін! Олардың үлкендерге жабырқай әрі жасқана қарайтын мұңды, қайғылы жүздерін көген кезде жүрегі шымырламайтын, тамағына бір ащы өксік кептелмейтін жан жоқ шығар-ау бұл өмірде. Ана мейірімін, әке жылуын көрмеген, қорғансыз қалған сәбилерге қамқорлық жасау, оларға титтей де болсын көмек көрсету, қол ұшын беру-барша адамның парыздық міндеті.
Халқымыз: «Жетім, жетім демеңіз. Жетімнің ақысын жемеңіз»-дейді. Яғни, жетімдерге тек құрғақ сөзбен емес,ауқымды іс-әрекетпен көмек көрсетіңіз. Қазақ халқы жаугершілік кезінде де жесірін жылатпаған, жетімін қанғытпаған ел болған.Баланы шаранасын шырылдатып, күресінге тастай салу еш те дағдыларында болмаған, тіпті ондайды ойлауды да білмеген.
Ал, бүгінгі күндері мұндай жайттар белең алып, етек жая бастаса, бұл жақсылық нышаны емес. Ендеше, оған кедергі болып, жаппай бұл келеңсіз оқиғамен күресуге тиіспіз. Біреу мойнына бұршақ салып Құдайдан бала сұраса, енді біреулер өз қағанағынан жерініп,баласының көз жасынан, жетімектердің обалынан қорықпай алшаңдап жүр.
«Торғай екеш торғай да балапанынын қорғайды»,- деген сөз әрбір жан-сезімі түгел адамды ойлантпай қоймауы керек. Баланы жетімсірету өзіміздің қазақы руымызға тән емес. Олай болса қолмен тастанды бала жасамауға ұлттық тұрғыдан күрес жүргізуіміз қажет. Бұл мәселені түрік ағайындар XVII ғасырларда-ақ шешіп тастаған. Оларда «Янычао-Жанышао». яғни «Жанашыр» деген қозғалыс болыпты. Оның мақсаты-осындай тастанды болған балаларды бауырларына басып, тәрбиелеу. Кейін етек жауып, ес біліп, ер жеткен, бой түзеген соң сол жанашырлардың ішінен өз Отанын сүйген патриоттар, кемеңгерлер, данышпандар, қайраткерлер, оқымыстылар, ғалымдар, өнерпаздар шыққан екен. Көсем Ататүріктің өзі де содан шығыпты.
Түрік халқы бауырларымыз сияқты арнайы мекеме ашып,онда сезіне алмаған жылы алақан мен мейірімімізді төгіп, келешек ұрпақ тірегі болар патриоттық сезімді, мейірімділікті,бауырлар арасындағы бір-біріне деген ажырамас бауырмашылдықты, Оганды қорғау мен сүю, адамзат балаларына қамқорлықпен қарау және тағы басқа тура жолдан таймастай тәрбие берілсе, ата-бабамыз сияты ел қорғаны, жай жатып ту тіккен халық болмасқа.[4]
Қазақ халқы ешбір жанды жанын қинатпаған, жесірін жылатпаған, жетімін қамқорлықсыз қалдырмаған. Балаларды ертеңгі ел тірегі деп жақсы тәрбие мен жақсы қасиет беруге тырысқан халық.
Ей,адам! Өмірде кез келген адам басқаларға шынайы пайдасын асырып, көмегін тигізген кезде бағаланады. Сен де айналаңдағы қамқор сыздарға демеу бола біл, жетімдерге арқа шық. Сен ақыл-ойыңмен қатар жүрек сенімдеріңе де жол бер. Сонда атың алысқа жетеді. Бұл жағдайда сен таза да пәк байлығыңды күн санап көбейтіп, өзіңнің де, өзгенің де жан дүниесін байытып жібересің. Өйткені адамның жан дүниесі-алты құлпының астындағы қазына сарайы тәрізді. Ол мұнда өзінің рухани байлыған сақтайды.
Сен атқарған іс тек жақсы сөз-жарым ырыспен ғана шектелмеуі тиіс. Сен жақсы ісіңмен үдгі болуың керек әрі оны шын көңілмен істе. Бұл игілігің өзіңе ұнағанда ғана үлкен жетістіктерге жете аласың.Өйткені өз ісіңе шынайы берілген,шаруа салқынқандылықпен қарайтын, әрі істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады.[5]
Ей, адам! Сен адамгершіліктен ада кетпе. Сонда азғандыққа түспейтін боласың. Ал, адамның адамгершілік тұрғыдан азғындағандығының ең соңғы белгісі- жетімектерді, қамқорсыздарды айналып өткісі келетіндігі. Сен бұл жолға түсе көрме. Сен көкірегіңде әуелі мейірім шуағын орнат. Өйтені мейірімді адам қоршаған ортадан өзін барша адаммен біріктіретін, байланыстыратын затты,жолды іздейді. Бұл жолдың бірі ретінде жетімектерге, тастандыларға, қамқорсыздарға қол ұшыңды бер.
Ей, адам! Жетім көрсең жебеп жүр. Оларды есірке, қолыңнан келген қандай болмасын жақсылығыңды аяма. Бірақ, істегеніңді міндетсіп, оны ыңғайсыз күйде қалдырма, жылатпа, өксітпе. Жетімді қуант, маңдайынан сипа және оны құшағына ал. Жерде бір жетім қуанса, көкте мың періште той тойлайтынын біл. Осылайша жердегіні де, көктегіні де қуанышқа белей алатын жан бол.
Ойлап қарасақ бұл мәселені бізде де шешуге әбден болады. Тастанды балаларды кеудесінен итермей ішке тартсақ, өз тәрбиемізге жақындатсақ, имандылыққа баулысақ, олар патриот болайын деп-ақ тұр. Олар қамқор лыққа, мейірімге зәру. Сондықтан оларға қамқорлығымызды аямай, мейірімімізді шексіз төге білуіміз қажет. Бұлардың барлығы айтылып жатқан пікір мен арман сияқты сөз жүзінде айтылып қоя беретін. Осы айтылған жүрек шымылдатар, кейбіреуді шырылдатар жайттар іс жүзінде қолға алынып, жетімдер мен қамқорсыздар саны азая бастаса ғой-бұл игі іс болар еді, тағы бір рет қазақ екенімізді мойындатар ма едік.[6] Жетімдер мен қамқорлықсыздар саны күнен-күнге азаяма десек,керсінше көбейіп жатқан сияқты. Бұған кім кінәлі деген ой мазалауын қоймауда. Бұған қазіргі айтылып жатқан пікірлер бір-ақ ауыз сөзбен қоғам деп, жабулы қазан жаулы күйінде қоя салады. Бірақ осы жайттарға қоғамды шыр айналдыра отырған адам мен адам тәрбиесі кінәлі. Барлық нәрсе тәрбиеге келіп тіреледі. Тәрбие жағдай дұрыс болып, өз құрсағындағы баланы аялап,мәпелеп не, жетім қалған балаларға өз баласындай қарап, өз елінің патриотты ұлы мен қызын тәрбиелеп өсіретін мекемелердың аздығынан. Мекемелер қазіргі уақытта барына бар, бірақ тірліктеріне қарның ашат. Кейбір мәліметтерге қарасаң жетім балалар арнайы мекемелерден қашып кеткен жайттарын құлағың шалып қалып жатады. [7] Бұндай жағдай не себептен болары айтпаса да түсінікті сияқты. Жастайынан ана мейірімін көрмей, жылы алақанын сезіне алмаған балаларға кішкентай болса да мейірім танытса ол бала тура жолдан таймас еді. Арнайы мекемелерде әрбір балаға жеке, жете мән бере қараса, оның тәрбиесі мен мінез-құлқының жетілу процесінде, өткелең кездерде жеке мән берсе көңіл қоншытар болар еді.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстандағы ағарту ісі және педагогика. - Алматы, 2006. -93 б.
- С.Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы; - «Білім», 2003, 280 бет.
- Абай. Қара сөз. Поэмалар. Алматы., - «Ел», 1993.
- Койшигулова Л.Е. Оқу - тәрбие үдерісінде жасөспірімдерде қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру// Хабаршы АтМУ, 2016, №4 (39), с. 233- 237
- Особенности развития личности ребенка, лишенного родительского сельского попечительства. Дети с отклоняющимся поведениям. / Под.ред. В.С Мухиной.-M., 1989. 109 с
- Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. 99 б
- Арғынбаев X. Қазақ отбасы. - Алматы: Қайнар,1996. 66 б