Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың жердің шөлге айналуына және құлазуына эсер етуі

Аңдатпа

«Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың жерлердің шөлге айналуына және құлазуына эсер етуі» мақаласында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың,соның ішінде жерді өнеркәсіп пен көліктің қалдықтары, ауылшаруашылығыныңигілігіне игеруінен шел басу мен азып-тозуы,жердің құлазуы мен шөлге айналуы қарастырылған.

Елімізде табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану проблемалары тұр - бұл су тапшылығы, жерлердің құлазуы, биоалуандықтың қысқаруы. Табиғи ортаның тұрақсыз болуына эсер етуші факторлар елдің тіршілігі жүйесінде өз шешімін күтіп тұрған әлеуметтік және экономикалық проблемалар болып табылады.

Қазақстанда жердің шөлге айналу себептері - табиғи және антропогендік факторлар. Антропогендік факторларға адамның шаруашылық қызметінің үлкен аумағы жатады, бұл - мал жаю, егін егу, пайдалы қазандыларды өндіру, өнеркәсіптік, әскери және азаматтық нысандар, ирригациялық және желілік құрылғыларды тұрғызу. Жердің тозып, шөлге айналуына ағаштарды, бұталар мен жартылай бұталарды ретсіз шабу, орман және дала өрттері, бақылаусыз туризм, елді мекендерде қоқыс үйінділерін жасау, топырақ пен жерасгы суларының улы заттармен көліктенластануы эсер етеді.

Шөлге айналу процесіне антропогендік эсер етуді негізгі түрде қарастыру үшін табиғи орта тозуына эсер етуші негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерге қысқаша талдау жасау керек.

Шөлге айналу процесіне адамның эсер етуі қазір барлық жерде бірдей бола бастады, бұл оның тіршілік ету орнына байланысты емес. Erep ауыл халқы бұрын табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, оның жағдайына бағынса, қазір бұл дағдыларын жойған. Оның үстіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай халық қоршаған ортаға теріс ықпал етуге мәжбүр.

Адам ықпалынан болған шел басу проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайды, соның ішінде халықтың тұрмыс деңгейінің өсуінен туындайтын проблемаларын шешу керек. Жердің құлазып, шөлге айналу процесінің тез дамуы антропогендік факторлардан туындап отыр және бұл фактор жыл сайын қорқынышты қарқын алуда, бұл әкімшілік-аумақтық бөліну. Қазақстанда 14 облыс, 237 қала мен кенттер (оның 3-і республикалық маңызы бар). 160 әкімшілік аудан, сондай-ақ 174 поселке, 7660 ауыл бар. [1].

Негізгі жердің шөлге айналуының құлазуының себептері табиғи, әрі антропогендік факторлар болып табылады. Елімізде шөлге айналу процесінің дамуына ықпал етуші негізгі табиғи факторлар - елдің континент ішлік орналасуы, бұл климаттың континенталдығы мен құрғақшылығын, су ресурстары тапшылығы мен әркелкі орналасуын туғызады, бұның өзі құмдардың (30 млн га), сортаң және сор жерлердің (100 млн га) кең таралуына себепші болады.

Шөлге айналу процесі аридтік жерлердің тұрақсыз ортасының өзара әрекеттесуі нәтижесі, адамның ұқыпсыз пайдалануы болып табылады.

Шөлге айналу процесіне едәуір эсер ететін - климат өзгеруі, табиғи сулардың сарқылуы мен сапасының нашарлауы, топырақ беті құлазуы, бұлар бірігіп жағымсыз өзгерістер туындатады, соның ішінде антропогендік факторлар әсерінен биологиялық ресурстарды азайтады.

Қазақстан үшін жердің құлазуымен күресу маңыздырақ. Еліміздің 43%- ы (6,47 млн адам) ауылдық жерлерде тұрады. Олардың көбі аграрлық сектормен жерді пайдаланумен тікелей не жанама байланысты Kipicrepre тәуелді.

ҚР жер ресурсгарын басқару жөніндегі агенттік мәліметтері бойынша бүгінде елімізде 188,1 млн га жайылымдық жер бар. Оның ішінде 27 млн гектары деградацияға ұшыраған, яғни азып-тозған жерлер. Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млн.га жыртылған жер мен 35 млн.га жайылым эрозияға шалдыққан. Сонымен қатар 17 млн.га жер мен су ирригациялық эрозиядан зақымданған. Жайылымда құлазу процесінің өсуі мен шөлге айналу салдарынан шабындық ауданының қысқаруын, олардың улы өсімдіктер мен бұталардың қоқыстарымен толуынан көрінеді.

Шөлге айналу процесі көбіне қолайсыз экологиялық жағдайы бар - Арал маңы, Каспий маңы, Балқаш өңірі аймақтарында көп дәрежеде дамыған. Жұмыстан айырылу процесі барлық жыртылған және жайылымдық жерлерде байқалады. Суармалы жерлерде дегумификация үлесіне 0,7 млн га келеді. Сортаң және сор жерлер 93,2 млн га ауыл шаруашылығы ауданында таралған. 30,5 млн га жер топырақ эрозиясына ұшыраған. [2].

ҚР аумағында шөлге айналу процесін тоқтату үшін ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2005-2015 жж. арналған 24.1. қаулысы жарияланған. 2005 ж. аяғында республикада өнеркәсіптік құрылыс, желі және т.б. кәсіпорындар тұрғызу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру мен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған жер 169,4 мың га, солардың 49,5 мың га өңделіп, рекультивацияға жатады.

Шөлге айналу процесіне апаратын антропогендік факторлар экожүйеге теріс эсер ететін бірнеше шаралармен:соның ішінде пайдалы қазбалар кеніштерін игеру, көлік және инженер құрылғыларын салу, су ресурстарын алу және ластау сияқты шаруашылық қызмет түрлерімен байланысты.

Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемалары экологиялық тұрақсыздық проблемаларымен тікелей немесе жанама түрде байланысты, бұл экономикалық құрылымы ауысу кезеңінде пайда болған дағдарыс салдарымен және экологиялық ахуал тұрақсыздығымен сипатталады, соңғысы үсті-үстіне қабаттасып, халықтың 90-шы жылдардағы тұрмыс деңгейін төмендетті, бұл әсіресе экологиялық қолайсыз аймақтарда қатты білінді. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуінен 17 елді мекен су астында қалды, желмен қуаланып келетін толқындар қорғаушы құрылыстар салуды қажет етіп отыр. Тасыған теңіз Атырау облысының Алғабас совхозының жерін басып, өгіз бордақылаумен айналасатын шаруашылықтың 2,5 мың халқы жұмыссыз қалды. Жайлау және шалғын болған құнарлы жерлер су астында қалып, халық әрі жұмыссыз, әрі күнкөріссіз қалды. Жаңа шаруашылық түрлерінің жоқтығы халықтың кедейлігін күшейтіп, жұмыссыздықты көбейтіп отыр.

Халықтың тұрмыс-тіршілігінің төмендігі, дұрыс тамақганбау, медициналық қызметтің жеткіліксіздігі, сапасыз ауыз су, топырақ және тұз аралас құм борандар тіршілік ортасының экологиялық тепе- теңдігініңбұзылуы және азып-тозуының салдары болып табылады,осы жағдайлар халық деңсаулығының нашарлауына, өмір сүру ұзақтығы қысқаруына, халық өсімі төмендеуіне соқтырады, бұл демографиялық қолайсыздықтың бастапқы белгілері болып табылады.

Мал шарушылық өнімдері өндірісінің ұлғаюы мен мал өнімділігі артуы, мықты мал азық базасынабайланысты. Астық бағасы өсуіне байланысты құрама жем бәсі де өседі, бұл мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына эсер етеді, өйткені мал шарушылығының өнімді өндірісіне жұмсалған материалдық шығын құрылымындағы жем құны 75 % құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатында игерілген жерлердің шөлге айналуы мен құлазуы малды көп жаюынан эрозияға, екінші рет сорлануға, топырақ бетін агрохимикаттармен ластануына топырақ тығыздалуына, құнарлы қабаты жойылуына, өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтардан ластануына және тазаланбаған қалдық сулар мен дренаж сулардан ластануға, орманда жаюға байланысты.

Өсімдік жамылғысының азып-тозуы шөлге айналуының ең кең таралған және көзбен анықталатын процесі, бұл орманның, мал жайылымдық жерлердің және шабындық жерлердің азып-тозуы түрінде көрінеді.

Бүгін республиканың бүкіл мал басы, елді мекендерге жақын орналасқан ашық су көздері айналасында шоғырланған. Табиғи су көздері мал жайылымы аумақтарынан тек 20 %-н (30-31 млн га) қамтамасыз ете алады. Инженерлік су көтеретін құрылғылар (шахта, шеген, құдық, су құбырлары) жайылымда жұмыс істемейтіндіктен, ал суды тасып алу қымбатқа соғатындықтан, ауыл шаруашылық малдарын суару үшін бұлақ, өзен, көлдерді пайдаланады. Сөйтіп, бүгін Қазақстан жайылымдарынан тек 1/5 бөлігі мал өрісі ретінде пайдаланылуда. Мұндай ауыртпалық азаймаса жануарлар мен жайылым экожүйелері арасындағы қатынасгардың шиеленісуіне әкеледі. Демек, мал өрісі ауыртпалығын көтеретін ауыл-село маңындағы жер участкелері болмақ. Мұндағы жайылым мал азығы тапшылығының әсерінен мал тұяғы астында тапалып, жердің құлазуына, елдімекендердің айналасындағы қоршаған орта балансын бұзуға итермелейді де осының бәрі ауыл халқының кедейленуіне әкеледі.

Мал басы көбею нәтижесінде жайлысты жерлерге үлкен ауыртпалық түсіп тұр. Erep мал жыл ішінде өсімдік биомассасын өсіп өнгеннен артық тұтанса, жайылым тапалып қалады. Бұл өсімдіктің түр құрамының өзгеруіне, түр алуандығы санының азаюына, папуляцияның жас құрамы өзгеруіне, ассоциация құрылымы мал саны, фитомасса өнімділігі, топырақ жамылғысының күйі, жер бедері формасы, топырақ асты суларының өзгеруіне әкеледі. Малды артық жаю жайылым өсімдіктеріне ғана емес, жердің эрозия күйіне де эсер етеді. Сондай-ақ epic мал тұяғынан тығыздалып, өсімдіктері тапалып қалады. Бұл атмосфералық жауын- шашынның топыраққа сіңуін азайтады, беткі су ағыны артады, топырақ альбедосы артады, топырақ ылғануы азаяды. [3].

Нәтижесінде су эрозиясы күшейеді, жайылым өсімдіктері ылғал тапшылығын сезінеді. Мұның бәрі өсімдіктер ксерофиттеріне жайылымдардан мал азықтық сыйымдылығы азаюына, топырақ эрозиясы күшеюіне соқтырады.

Жердің шөлге айналуымен күресу тәжірибесі әлемнің дамыған, дамушы елдерінде алға қойылған. Судыжинауда тиімді пайдалану, жердің сорға айналуымен күресу, дренаж жұмыстары, топырақ және су ресурсгарын қорғау, құмдарды бекіту, орман егу, жайылымдарда басқару, ұлттық парктерді құру құлазыған жерлерді қалпына келтіреді.

Экологиялық жағдайдың елеулі бұзылуына көмірсутек шикізаты кеніштерін барлау, игеру және пайдалану кезінде болады,осыдан іргелес аумақтар да теріс ықпал әсерін сезінеді. Бұл кезде кешенді теріс ықпал етуші факторлар - сұйық қалдықтарды жинақтаушы булану тоғандары және қатты қалдық жинақтаушы жерлерондаған және жүздеген шаршы километрлерге жетеді.

Өнеркәсіптің шөлге айналу процесіне эсер ету дәрежесі бойынша бес деңгей бөлініп қаралады.

Бірінші деңгей - темен эсер ету дәрежесі (1 млрд теңге), бұл ел аумағының жартысынан (54,1%) астаман алады.

Екінші деңгей - орташа дәреже (1-5 млрд теңге) ел аумағынан 30,2% алады.

Үшінші деңгей - ортадан жоғары (5-10 млрд теңге) 8,2% қамтиды.

Төртінші деңгей - жоғары (10-100 млрд теңге), 4,7% аумақты қамтиды.

Бесінші деңгей - өте жоғары эсер ету деңгейі (100 млрд теңгеден астам) 2,7% аумақты қамтиды.

Соңғы екі деңгейде шөлге айналуға эсер етуші - тау-кен өндірісі, әсіресе, мұнай саласы дамыған аудандар. Маңғыстау облысының бір ерекшелігіне көңіл аудару керек. Көмірсутек шикізатын Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының аумақтарында өндіріледі, бұлардың әкімшілік шекаралары аз және бөліп қарауға келмейді. Өнеркәсіптің жетекші салалары: түсті және қара металлургия, химия, машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібі. Мұнай өңдеумен құрылыс материалдар өндірісі де дамыған. Шөлге айналу процесіне жеткізетін антропогендік факторлар экожүйеге теріс эсер етуші пайдалы қазбалар кеніштерін игерумен, көлік және инженер құрылғыларын салумен, су ресурстарын алу және ластау сияқты шаруашылықтың қызмет түрлерімен байланысты.

Экологиялық жағдайдың қатты бұзылуы көмірсутектер кенішін барлау, игеру мен пайдалану кезінде болады, әсіресе іргелес аумақтар үлкен теріс ықпалға ұшырайды. Өсімдіктердің молдылығын анықтау үшін субьективті (көзбен өлшеу) бағалау, аймақтағы жеке түр бірліктерінің санын (тығыздығын) анықтау,өлшеп талдау және көлемін анықтау әдістері арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта фитоценоздағы түрлердің жиілігін анықтауда О.Друде шкаласы бойынша белгілеужиі қолданылады.[4].

Әрбір бұрғылау қондырғысының айналасындағы 500-800 м радиусга өсімдіктер 70-80%-ға дейін жойылады.Осы жағдайға дәлелөсімдіктер бірлестігінің флоралық құрамына толық сипаттама жазуда түрлердің сандық қатынасы жиілігі, жабыны және орналасу сипаты ескеріледі.Осы бірлестіктерге салыстырмалы таза табиғи орта үшін Шығыс Мақат кен орны №113 ұңғыманың солтүстік-шығыс жағындағы 3 км-ден 100 м квадрат жер алынған. Мұнаймен ласганған топырақтардың құрамы анықталғаннан кейін, 2013 жылдың көктем мезгілінің 27 сәуір айында, жаз мезгілінің 23 маусым айында және күз мезгілінің 12 қазан айында, сол жерлерде өсетін өсімдіктер қауымына геоботаникалық зерттеу жүргізіліп, сол зерттеудің нәтижесінде ұңғыма маңынан 500 м (1 сынама) қашықтықта өсімдік түрінің 3 түрі анықталған. 1,5 км (2 сынама) қашықтықта өсетін эфемирлі-галофитті фитоценоздың флоралық құрамына өсімдіктің 8 түрі анықталды. Салыстырмалы сынама алаңы 3 км (3 сынама) бұйырғынды-мортықты фитоценоздың флоралық құрамындағы өсімдіктің 14 түрі анықталған. [4].

Мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде экологиялық қауіпсіздік сұрақтары қанағаттанарлықсыз шешілгендіктен және ескірген технологияларды қолданғандықтан Атырау облысының 1,3 млн га жерінде ондаған мың тонна көлеміндегі мұнай төгіліп техногендік ластануға жол берілген. Кейбір мұнай кәсіпшілігіндегі топырақтың мазутпен ластануы Юм тереңдікке дейін жетеді. [5]. Соның салдары ретінде Каспий өңірінде 4,3 млн га бүлінген жер, оның ішінде 1,5 млн га техногенді аймақтар 1,9 млн га құлазыған жайылымдар, 0,6 млн га мұнаймен ластанған жерлер, 0,3 млн га радиоактивті ластанған жерлер. Каспий теңізі көтерілуіне орай көптеген ұңғырлар су астында қалып, теңіздің ластануы мүмкін. Кейбір мәліметтер бойынша Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің консервацияланбаған 100 шақты ұңғырлары су астында қалды. Барлығы 700 консервацияланған ұңғылар су астында қалды.

Автомобиль, теміржолдар мен магистралық құбырларды салу кезінде ландшафты, топырақ беті мен топырақ асты сулар қозғалыс режимін бұзып және шөлге айналу процесін жеделдететін т.б. теріс құбылыстарымен қатар жүргізіледі. Жол салу технологиясы өсімдіктерді жоюмен, жол жанындағы белдеудің су-жылу режимін бұзумен, биоценозды бүлдірумен байланысты. Магистральдар төсеу нәтижесінде су және жел эрозиясы күшейіп, топырақгың құрамы мен микроклимат өзгереді.

Автомобиль және темір жолдарда т.б. көлікті пайдалану қоршаған ортаны газ тәрізді және қатты отпен жану қалдықтарымен, жанар-жағар май материалдарымен ластауға жеткізеді. Мысалы, 1 автомобиль жол ішінде 4 т оттегін сіңіріп, түтінімен бірге 800 кг көміртек тотығын, 40 кг азот тотығын, 200 кг көмірсутектерді, 2 кг қорғасын тастайды. [6]. Ұзындығы 1 км және ені 10 км жол учаскесінен жыл ішінде 1 т шаң сыпырылады. Мәліметтер бойынша Қазақстан аумағының 76,3%-ы бірқалыпты, орташа және күшті дәрежеде шөлге айналған.Орташа дәрежеде шөлге айналған аумақтардың басым бөлігі табиғи шөлдерге емес, далалық және құрғақ далалық аймақтарға тән, бұның өзі жыртылған жерлерде жағымсыз процестердің дамуы есебінен болған. [7].

Отын - энергетикалық кешеннің табиғи ресурстарын белсенді игеретінаудандарда күшті дәрежедегі шөлге айналу байқалады. (Каспий өңірінің мұнай және газ өндіруші, Қарағанды көмір өндіруші кешендері). 464,0 мың км2 (17%) алып жатқан шөлге айналу типі кешенді тип, бұған құлазумен немесе топырақ - өсімдік қабатын толық бұзумен жүретін техногендік эсер ету кіреді. Шөлге айналу процесін тұрақтандыру және құлазыған жерлерді қалпына келтіру, тек жер ресурстарын тиімді пайдаланып, оны қорғаған кезде ғана мүмкін болады.

Қорыта келе ҚР мемлекеттік саясатының стратегиялық мақсаты - өндірісті оңтайлы дамыту, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау негізінде адам үшін қолайлы тіршілік ету ортасын оңтайлы деңгейде қамтамасыз етіп, қолдау болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Состояние окружающей среды и природных ресурсов Атырауской области за 2016 год //Отчет Атырауского областного территориального управления охраны окружающей среды в MOOC РК.Астана, 2016. 46 с.
  2. Социально-экономическое развитие Атырауской области на январь 2005 г. - Атырау, 2005. - 149 с.
  3. Грищенко О.М., Бакалдин А.Я, Бохоров Г.Н. Проблема в волго - уральских песках. // Материалы межд. научно - практич. Конференции, Часть II. Теоретические и прикладные проблемы географии на рубеже столетий. Алматы " Аркас" 2014
  4. С.С.Мәден.Ө.Ғ.Шайхмежденова.Г.Б.Аталихова. // Мақат ауданы кен орнындарындағы фитоценоздардың флоралық құрамы I Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №1 (32), 2014,77 б
  5. Диаров М.Д. Экология и нефтегазовый комплекс.// Состояние и меры оздоровления природной среды. Северного побережья Каспийского моря и Северной части Атырауской области. Алматы. Изд. Былым. 2006. - Т.6. - С.230.
  6. Курочкина Л.Я. Установление порога устойчивости пустынных экосистем к выпасу. // Сб.Проблемы устойчивости биологических систем. Харьков. 1990. 28-35 с.
  7. Файзов К.Ш. Антропогенное опустынивание почв РК.Алматы, 2013. 33с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.