Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлғалар бейнесінің сомдалуы

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыптар, тарихи тұлғалар бейнесі, ұлттық тарихтың бет алысын кейінгі ұрпаққа тұсіндірудегі көркем туындылардың орны баяндалады.

Ел дамуының нышанына айналған тарихи кезеңдер әдебиет майталмандарының қаламынан туынды болып суырылды. Талай тарихтың ақтандықтары жазылып, осы тақырыпта көптеген жазушылар қалам тартты.

Көрнекті ғалым Ш.Елеукенов: «Тарихи роман жанрының бір құндылығы - ол әрдайым халқының өткен тарихы мен қазіргі өмірінің арасына салынған рухани өткел тәрізді. Ол халқының өткен тәжірибесін бүгінгі өмірге алып келеді, бойымызға ата ұрпақтың рухани күштерін дарытады. Сол кездегі қара түнек күшке қарсы күрескен озық ойлы адамдардың қимыл-әрекетін біз тамашалаймыз, тамашалаймыз да еліктейміз», - деп жазады өзінің «Замандас парасты» атты еңбегінде.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында ұлттық тарихтың бет алысын келер ұрпаққа түсіндіру мақсатында тарихымыздың өткенін зерделеп, тарихи құндылықтарды таныту, тарихи шығармаларға арқау болған қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды келер ұрпақ зейінінде қалдыру мақсатында көлемді туындылар дүниеге келді. Тарихи тақырыпта жазушылар Т.Ахтанов, І.Есенберлин, С.Сматаев, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Ә.Әлімжанов, М.Мағауиндер қалам тербеді. Сөйтіп қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып, тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойды.[5] Осы жылдардың бас кезінен бастап кейінгі онжылдықтарды тарихи тақырып қазақ әдебиетінде үлкен бір толқынды кезең болып көзге түсті. Осы бетбұрыс, рухани серпіліс көп нәрседен хабар бергені сөзсіз.

Ұлттық тарихты зерттеу мен оның ұғыну идеясын ҚР Президент! Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата айтқан болатын. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет пен шығармашылыққа айырықша ден қойылып, тарихшылар мен жазушылар еңбектерін жаңа дәуірмен байланыстырып, тәуелсіздік тағлымын халыққа дарытуға мән берді. Ел дамуының нышанына айналған тарихи кезеңдер әдебиет майталмандарының қаламын тербеді. XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы эпикалық шығармаларда халықтың арғы-бергі тарихы, олардың теңдік, бейбітшілік, бостандық үшін қажырлы күрестері бейнеленді. [1]

Ұлт мүддесін ұлықтаған қоғам және мемлекет қайраткері, ана тілін ардақтаған тіл жанашыры, дарынды ақын Фариза Оңғарсынованың шығармаларындағы тұнып тұрған патриоттық сезім, халықтың рухани байлығы, ұлттық психология мен ұлттық мәдениет, кең философиялық толғаныс өз алдына бір тебе болса, ақынның дара сипатын айқындайтын «Алмас қылыш» немесе «Махамбетпен қалай кездестім» поэмасының орны белек. Сол замандағы өмірдің қатпар- қатпар шындығын, адамдардың әр қилы мінез-құлқын, бет-бейнесін жарқын бояулармен даралап көрсетеді.

Бүгінгі дәуір шындығына да, тарихи тақырыптарға да батыл барып, осы тақырыптағы тың дүниелерді әкелген Хамит Ерғалиев ұлттық әдебиетімізге өзіндік қолтаңбасымен келіп, поэзия жанрындағы лириканың бір түрі арнау өлендерімен ұлттық әдебиетімізге тың серпіліс әкелді. Тарихи тақырыптағы өлеңдер циклындағы «Ата-баба рухына бағышталған жырлар» топтамасында тарихи тұлғалар Әз Теле, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ халқы өміріндегі орнын баяндады.

Ғұмырнамалық, тарихи деректердің мәліметтері негізінде көптеген көркем шығармалар дүниеге келді. Әсіресе, адам тағдырына әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан қарау, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дегендей халық басынан өткен қиямет күндерді, тарихи шындықты баяндаған туындылар жазылып жатты. Өмірдің шиыршық атқан қым-қуыт қайшылықтардың бүркелмей, серпінді ой, эмоциялық бояумен, өткір тілмен жырлануын Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, М.Шаханов, Р.Отарбаев, М.Сатыбалдиев шығармаларынан көре аламыз. [3] Солардың ортасынан ойып орын алған жазушы, журналист, қоғам және мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның ұлттық тарихымыздағы, әдебиет пен өнеріміздегі ақтаңдақтардың бетін батыл ашудағы еңбегі орасан зор.

Қаламгер - өз заманының перзенті. Жазушы Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» романында келешек ұрпақ ата-бабасының, қазақ ұлтының болашағы мен оның тәуелсіздігі үшін қан мен терін төккен ұлыларымыздың бейнесін, қазақ тарихында болған ақтаңдақ оқиғаларды мәңгі өшпестей етіп баян етті. Оның шығармаларының он бойынан өзі бастан кешірген өмірдің тарихын көреміз. [2]

«... Ел тағдырынсыз мен ештеңе жазбаймын... Кейде өз тағдырым туралы жазатын болармын. Бірақ ол да ел тағдырына байланысты», - деп ағынан жарыла ақтарған сырынан жазушының қаламгерлік ұстанымын, ел тағдырын жазушылық өнердің кредосына айналдырғанын аңғарамыз. Жазушы шығармаларының барлығы дерлік ұлтымыздың тарихи тағдырын бейнелеуге арналған. Ғұмырнамалық «Қызыл жебе» романындағы Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдері қамтылады. Романды оқи отырып, заман шындығын, халық психологиясы мен менталитетін танимыз. Тұрар Рысқұловтың халықаралық деңгейдегі зор тұлға, өрелі қайраткер екендігін романның «Қызыл батыр» тарауында әдемі көрсеткен. Ол - коминтерннің Монголиядағы төтенше өкілі ретінде жас республиканың мемлекеттік құрылымына, оның қалыптасуына үлкен үлес қосқан жан.

Суреткер Ш.Мұртаза Тұрар Рысқұловтың халық перзенті ретіндегі қаһармандық ерлігінің бүкіл әлеуметтік - тарихи мазмұнын сол шынайы қалпында асқындармай не әлсіретпей мейлінше байыппен берген.

Өткен ғасырдың 60-жылдары оқырманға мағынасы терең ойлы психологиялық, философиялық прозаны әкелген жазушы Әбіш Кекілбаев еді. Шыға риала рында тарихи тұлғалардың моральдық бейнесін ашуға ден қойды. Жазушының «Аңыздың ақыры», «Елең- алаң», «Үркер» романдары, әсіресе, тәуелсіздік жылдары жазылған публицистикалық шығармалары мен «Абылай хан» драмасында халқымыздың өткен-кеткен тарихы, ел басқарған ұлтымыздың тәуелсіздігін аңсаған тұлғалар бейнесі шынайы сомдалған еді. [4] Тарихтың ақтаңдықтарын батыл ашып берді. Тарихи тақырыпта жазылған шығармаларының ерекшелігі жазушы тарихи тұлғаларды бейнелеуге жалаң сөзбен емес, кейіпкерінің моральдық бейнесін жасауға, ел аузындағы аңыз-шежірелерден бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерін көтеруге баса көңіл бөлді.

Қазақ қаламгерлері а расы н да ұлт тарихы на қатысты алғаш туындылар жазып қалдырған Ілияс Есенберлин Кеңес Одағы кезінде- ақ қазақтың тарихи санасының оянуына өлшеусіз үлес қоса білді. Елдің төл тарихына қосылған «Көшпенділер» трилогиясы- халқымыздың ғасырлар бойғы тарихын суреттеген, ұлы дала мәдениетін, Қазақ хандығы туралы мол мағұлмат берген шығарма. Құжаттық деректерді, шежірелер мен аңыздарды негізге ала отырып жазушы қазақ халқының сан ғасырлар өмірін көркем суреттеді. Шығарма кейіпкерлері -тарихи тұлғалар Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі халқының қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, елін қорғай білген арыстан жүрек батырлар.

Қазақ халқының көркем әдебиетінің өркендеп өсу жолында баға жетпес еңбек еткен қаламгерлер шығармалары - қазақты сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи мәні баға жетпес мұра екені даусыз. Аталған туындылардың өміршендігі де осында.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Елеукенов Ш. «Замандас парасаты» Алматы, 1977
  2. Әшімбаев С. «Кемел жазушы» Жалын, 2004
  3. Майтанов Б. «Қазақ романы және психологиялық талдау». Алматы, 1996
  4. Дүйсенбаева Ж., Кекілбаев Ә. шығармаларындағы тарихи тағлым. Алматы, 2007
  5. Қазақ әдебиетінің тарихы. IX том, Алматы, 2005

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.