Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нарын құмындағы сүйіндік ескерткіштері

Аңдатпа

Мақалада Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан маңындағы ерекше обаларға жүргізілген археологиялық зерттеулер баяндалады. Сүйіндік ауылы маңындағы аймақта қазіргі кезеңде ондаған обалар белгілі. Олар сонау қола дәуірінен бастап, ортағасыр кезеңін дейінгі уақыты қамтыған. Сонымен бірге ерте темір кезеңінің обалары да жеткілікті. Сүйіндік ауылы жанында бір жерге IOO обаларшоғырланған, ескерткіштерге жүйелі зерттеулер қажет. Нарын құмынан ерте темір кезеңінің қыш құмырыралары, қару жарақ, зергерлік бұйымдар және алтын әшекейлер көптеп кездеседі. Сүйіндік жерінде бұл зерттеліп отырған тұнғыш обалар.

Сүйіндік обалары. Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылы жеріндегі Нарын құмы ортасында жатыр. Жер қыртысы құмайты сазды болып келеді. Оның маңына жүздеген обалар шоғырланып жатыр. Олардың түрі мен жобасы әр түрлі. Ауыл ішінде де көптеген обалар бар. Олардың көбісі бұзылып кеткен.

2018 жылғы қазан айында барлау жұмыстары жүргізлді.Нарын құмы ортасындағы тақырлы, қыраты аудандарда ортасында көптеген обалар мен мекендер шоғырланған. Олар өзінің орналасуы мен жасалуы жағынан ерекше түрде. Обаларды тек жоғарғы құс ұшатын биіктіктен ғана байқауға болады. Археологиялық барлау мен қазба жұмыстары жүргізілгенде ғана олар құпиясын ашады. Жақсы сақталған обалар жйынтығына сипатама берейік.

Нарын құмы - Каспий маңы ойпатының солтүстік - батыс бөлігінде, Еділмен Жайықөзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Құрманғазы, Исатай аудандары және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 40 000 км2. Құм қалыңдығы: 1-10 метр аралығында шағылдардан тұрады. 1 сурет.

Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен -21 м., темен жатыр. Өңірдің климаты тым континенттік, қаңтар айындағы орташа темпертурасы -10-12°С, шілдеде + 24-25°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері: 215 - 245 мм. Қардың қалыңдығы 10 см-ден аспайды. Жерге түскен ылғалдың булану мөлшері жауын - шашыннан 5-6 есе артық. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен- жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры мол (1,5-2 м., тереңдікте). Құдықтары мен шұрайлы жерлері көп. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, құмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады. Жануарлар әлемінде киік, қоян, қарсақ, дала күзені, т.б. кездеседі.

Бұл аймақ көне за маннан Eypona мен Азияны жалғастырар коммуникациялық тораптың бойында орналасуымен маңызды, тарихи деректерге бай өлке. Ол жерді адамдардың мекен ете бастағанына тарихи деректер бойынша, бірнеше мыңдаған жылдар өткен. Көне заман мәдениетінің іздері бұл аймақта жиі кездеседі. 2 сурет.

Аймақтың табиғи қатал климатына қарамастан, ерте замандардан адамзатқа мекен болғанына, тас дәуіріне жататын еңбек құралдарының табылуы дәлел. Қазіргі күнде Солтүстік Каспий бойының ең көне ескерткіштері Нарын құмының батысындағы Қызылүй қонысы,Шошқалы, Қошалақ мекендеріндегі мезолиттік тұрақтар саналады. Бұл тұрақтардағы жәдігерлер кварцит, кремний жаңқалары ретіндегі тас еңбек құралдары арқылы бізге белгілі.

XX ғасырдың басында Солтүстік Каспий маңы ойпаты, Еділ- Жайық аралықтарының территорияларынан мезолит, неолит және энеолитке тиісті материалдары бар 20 шақты құм төбелі тұрақтар ашылды. Бұл тұрақтар топыраққа көмілген жабық орындар емес, құмды дөңдердің көшуі салдарынан ашылып, бұзылған тұрмыстық және жерлеу ескерткіштерінің материалдары болатын. Күшті дауылдар кезінде құм шағылдар желмен бірге жылысады, әрі бірталай алыс қашықтыққа дейін көшетіні белгілі.

Зерттеулер нәтижесінде археолог М.П. Грязнов Жайық өзенінің шығыс жағында андронов мәдениетінің ескерткіштері, ал Еділ-Жайық аралығында хвалын мәдениетінің ескерткіштері болған деп болжады.

Құм төбелі тұрақтардың материалдарын зерттеу және жүйелеу бойынша И.В.Синицынның де жұмысын ерекше атауымыз керек. И.В.Синицын алғашқы боп «Каспий теңізінің солтүстік жағалауы құмтөбелі тұрақтарындағы кремний құралдары» атты диссертациясында, Саратовтық археологтердің 1930 жылдары ашқан, геометриялық микролитті Каспий маңы тұрақтарының материалдарына арнайы талдау жасайды. Ол ғылыми айналымға, Солтүстік Каспий маңы үшін «құм төбелі тұрақтардың каспий маңы мәдениеті» терминін енгізеді. Микролиттік құралдардың типологиялық ұқсастығына қармастан, И.В.Синицын «құм төбелі тұрақтардың каспий маңы мәдениеті» неолиттік деп мерзімдемеді, өйткені, неолиттің бастапқы дәуірлері мен ерте метал арасында үзіліс болды деп есептеді [1].

Кейін оны өз еңбегінде А.Н.Мелентьев пайдаланып, ерте энеолиттің Каспий маңы мәдениеті деп нақтылайды [2].

Атырау облыстық тарих - өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы 2014 жылы 2-16 мамыр аралығында, Исатай және Құрманғазы аудандары аумағындағы Нарын құмына жаңа археологиялық ескерткіштер анықтау мақсатында барлау жұмысын жүргізді. Экспедиция Сарайшық - Қызылүй - Мыңтөбе - Қошалақ - Ресей шекарасына дейін маршруты бойынша сапар шекті [3].

Нарын құмына жүргізілген зерттеу экспедициясы, ортағасырлық Сарайшық пен Сарай Вату қалалары аралығындағы керуен сүрлеуі бойымен жаңа ескерткіштер іздеу мақсатында, аталған маршрутты жүріп өтті.

Осы аралықта 13 ескерткіш анықталды. Табылған ескерткіштердің көбі Нарын құмының шеткі аймақтарын бойлап орналасқан. Ол жерлерде тұщы су көздері ретінде шегенделген құдықтар қазылып, тұрақтарды адамдар кейінгі тас ғасырынан бері мекендеп келе жатқаны дәлелденіп отыр. Бұл су көздері айналасында ортағасырлық қыш сынықтары табылуы, сол заманда керуендердің құдық басына дамылдап, шөл қандырып, күш-қуатын толықтырған орындар болғанын көрсетеді. Керуендер құдықтар тізбегі бойымен қозғалған болуы мүмкін. Керуен-сарайлар мен ірі қалалардың орны табылмағаны Нарын құмында олардың орналаспағанын білдірмейді. Алып құм шағылдар жел ыңғайымен орнын жылдар сайын ауыстырып тұратындықтан олар көміліп қалуы да мүмкін. Тұрақтардың ара қашықтығының жиі болуы Нарын құмында мал шаруашылығымен айналысқан тайпалардың біршама тығыз қоныстанғанын көрсетеді[4].

Соңғы зерттеулер Нарын құмы әлі өз құпиясын ашпай жатқаны белгілі болды. Құм арасында мезолит, неолит, темір дәуірі, ортағасырлық ескеркіштер мен кейінгі заманғы зираттар мен құлпытастар, құландылардан басқа көптеген ескерткіштер бар екені анықталды[5].

Олардың көбісі бұзылып кеткен. Жақсы сақталған обалар жиынтығына сипатама берейік. 3 сурет.

Сүйіндік 1 обалары. Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылының шығысында 500 м., қашықта. Көлемі: 265 х163 метр, 108 обадан тұратын, трапеция түріндегі обалар шоғыры. Обалар шоғыры әдемі түрде түзілген. Обалар диаметрлері: 3-10 метр. Ортасында бірғана төрт бұрышты оба бар. Көлемі: 10x10 м. 4 сурет.

Сүйіндік 2 обалары. Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылының солтүстігінде 700 м., қашықта. Көлемі: 210 х180 метр, 80 обадан тұратын, жұлдыз түріндегі обалар шоғыры. Обалар шоғыры әдемі түрде түзілген. Обалар диаметрлері: 5-8 метр. 5 сурет.

Сүйіндік 3 обалары. Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылының солтүстігінде 100 м., қашықта. Көлемі: 210 х120 метр, 100 жуық обадан тұратын, жұлдыз түріндегі обалар шоғыры. Обалар диаметрлері: 5-8 метр. 6 сурет.

Сүйіндік сызықтары. Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылының солтүстігінде 1,5 км., қашықта, көлемі: 700 х 250 метр, сорда орналасқан. 100 жуық сызыты жолақтан көлемі: ұзындығыІО XlOO м, ені 4 метр, төртбұрышты ені 6x4 м., және обалар 7 м., обадан тұратын, жолақты - обалар шоғыры. 7 сурет.

Сүйіндік обаларына жүргізілген археологиялық барлаулар, бұл ауданда әр түрлі жобада жасалған ондаған қорғандар бар екенін анықтады. Бұл обалардың қашан және кімдікі екенін келешектегі зерттеулер айғақтайды. Қазіргі болжаулар бойынша бұл ескерткіштер ерте темір дәуіріне тән.

Сүйіндік жерінде обалардың жүздеп шоғырлануы, бұл ескерткіштер ғибадатхана болып, діни рәсімдер өткізу үшін құрылған. Қорыта келгенде Сүйіндік жеріндегі обалар жүйелі зерттеу арқылы, тың деректер алуға болады. Олар қола, темір және ортағасыр дәуірлері уақытына жатады. Келешектегі археологиялық зерттеулер өңірдегі ескерткіштер туралы толығырақ мәліметтер бермек.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Синицын И.В. Археологические исследования в Западном Казахстане. - Труды Института ист., археол., и этн. АН КазССР,1956. Т. I. Археология.
  2. Архив Института археологии АН Каз ССР. 1970 г.
  3. Нарын құмына жүргізілген археологиялық барлау жұмысының ғылыми есебі. Атырау, 2013 ж.
  4. Нарын құмындағы археологиялық зерттеулер. «Марғұлан оқулары - 2014». Материалы международной научно - практической конференции. Посвященной 110-летию академика. А.Х.Маргулана. 3- 5 декабрья, 2014 г. Алматы - Павлодар, 2014. 62 - 67 бет.
  5. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай және Құрманғазыаудандары. Атырау - Алматы 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.