Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төлен әбдіковтің суреткерлік шеберлігі

Аңдатпа

Мақалада 1960-80 жылдары әдебиеттің проза жанрына өзінің елеулі үлесін қосқан, өмір шындығын бейнелеуде қалам тербеген жазушы Т.Әбдіковтың шығармаларының суреткерлік шеберлігі сөз болады. Туындыларының тілдік, стилдік ерекшелігінің бірі шығармада қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер және көркемдік форманың жекелеген элементтері - теңеулер мен эпитеттерді, басқа да бейнелеуіш сөз өрнектерін шығарма мәтініне, кейіпкер сөзіне, авторлық баяндауларда орын табуы.

Қазіргі таңда әдебиетімізді тереңнен зерделеп, жаңаша пайымдау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осындай өзекті мәселелердің бірі XX ғасырда пайда болған өнер түрі - Модернизм екені баршамызға мәлім. Ол тек әдебиет емес, сондай-ақ: кино, театр, музыка, скульптура, живопись, дизайн, сәулет өнеріне тиесілі. Модернизм қатты білініп, қатты сәнге айналған өнер екені баршамызға аян. Біз мұнда әдебиеттегі модернизм төңірегінде сөз қозғамақпыз. Әлемдік әдебиеттегі модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалғанын жоққа шығара алмаймыз. Белгілі ғалым Б.Майтанов: «Әдебиет тарихына жаңа көзбен назар аударған уақытта біздің көптеген реалистік туындыларымыздың модернизммен тамырласып жатқанын байқаймыз. Ол М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тіпті, С.Сейфуллин мен С.Ерубаев шығармаларынан да кең орыналады. 1960 жылдардан бергі «жылымық» дәуірде мұндай әдеби-танымдық дискурс Р.Тоқтаров, С.Мұратбеков, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, Т.Әбдіков, Ә.Тарази, Қ.Ысқақов, А.Нұрманов, Д.Досжанов, Р.Сейсенбаев, М.Қабанбай т.б. жазушылардың көркемдік тәжірибесінен анық аңғарылады» - дейді [1, 8 б.]. Қазақ әдебиетіне де модернистік бағытенді. Ал, осы пікірді дұрыс деп есептесек, онда біздің әдебиет те модернистік бағытты бастан өткерді деп толық айта аламыз. XX ғасырдың бас кезінде ұлттық әдебиетімізге эсер еткен бұлағым 1960 - 80 жылдардағы прозада жазушылардың тың ізденістерінің арқасында ерекше көрінді. Әдебиет зерттеушісі Ж.Жарылғапов «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» монографиясында «Қазақ прозасында XX ғасырдың алғаш кезеңдерінде көрініс беріп, қайтадан үзіліп қалған модернистік поэтика желісі 1960 жылдардан бастап қайта өрістеуінде әлемдік тәжірибелермен аналогиялар байқалмай қоймайды. 1960 жылдардан бастап қайта epic ала бастаған қазақ модернизм! маркстік-лениндік эстетикаға көзсіз берілуден бас тартудан, тоталитарлық сана үстемдігінен арылуды ойлай бастаудан, «жарқын коммунизмге бет алып бара жатқан» өз қоғамдарының болашағына шүбә келтіруден барып күш алды» - дейді [2, 3416.]. Шынында, адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 - 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездескені бәрімізге белгілі. Осы шағын мақаламыздың зерттеу нысандарының бірі белгілі жазушы О.Бөкейдің жекелеген шығармаларын модернистік принциптер тұрғысынан қарастыру болып табылады. 1960-80 жылдары қаламгерлердің идеологиялық қыспақты місе тұтпай, тың бағыттарда еңбектенулері ұлттық прозамызда үлкен серпіліс болғаны даусыз шындық. Міне осы тұста қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар, орны белек жазушы Т.Әбдікұлының әдебиетке келуі социалистік реализмнің әбден шыңына жеткен кезі болатын.

Төлен Әбдікұлы - қазақ әдебиетіне 60-70-жылдары келген жазушы. Жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған. Т.Әбдікұлы тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. «Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» атты шығармаларында тұлғаның екі ойда болуы, екі тұлғада өмір сүруі көрініс табады. Тұлғаның екіге жарылуы туралы жазылған шығармаларынан соң, автор біраз сынға да ұшыраған. Автордың «Әке», «Ақиқат» повестері мен «Қайырсыз жұма», «Бассүйек», «Жат перзент» сынды әңгімелеріндегі «жалғыздық» философиясының мәтіндегі көрінісі мен идеясы анықталады.

Автордың «тұлғаның екіге жарылуы» құбылысы 1970-жылдары жазылған «Оң қол» әңгімесінде көрініс тапты. Әңгіме жарыққа шыға салысымен сындарға ұшырап, бірақ кейіннен өзінің оң бағасын алды. Сол кезден бастап Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары зерттелді. Төлен Әбдікұлы сол кезден бастап әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптарының біріне айнала бастады. Әсіресе, Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы «тұлғаның екіге жарылуы» тақырыбы - XX ғасыр мен XXI ғасырдың басты зерттеу нысанына айналды. 2002 жылы шыққан «Парасат майданы» әңгімесі де «тұлғаның екіге жарылуы» тақырыбына ғалымдарды қайта айналдырып әкелді. «Парасат майданы» әңгімесі негізіндегі постмодернист!к бағыт жайлы Амангелді Кеңшілікұлы, Мауленов Алмас сынды ғалымдар еңбек жазды. Бұл жұмыста Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы автор-оқырман-көркем мәтін концепциясының негізінде талдау жасалынады. Төлен Әбдікұлы - қазіргі оқырман қауымның ұсыныс қамтамасыз етіп жүрген бірден бір жазушы. Халықтың сұранысындағы автордың жазу стилін, оқырманға ұсыну жолдарын, мәтінді құрастыру ерекшелігін ашып көрсету - бұл жұмыстың негізгі мақсаты. Қазіргі таңда өзекті талқыланып жүрген жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ашуымыздың өзі бұл тақырыптың өзекті тақырыптардың бірі екенін айқындауда.

Жоғарыда аталған суреттеу тәсілдері Т.Әбдіковтың әңгіме,повестерінде көптеп кездеседі мысалы: «Ақиқат» шығарамасындағы сана ағымын талдап көрейік.

Шығарма бас кейіпкері Роберттің үзік-үзік санасындағы жаңғырықтар абсолютті шындық, адам мен элем, жаратылыс пен мәңглілік т.б. іргелі философиялық толғамдарына құрылған. Повесть қарапайым ғана сюжетке құрылған, тіпті фабулалық қисынмен түзілген. Қаламгерге оқиғалар қоюлығы, сюжет дамуының логикасы аса маңызды емес. Роберттің телепаттық қасиетін өз мақсатына пайдаланушы профессормен, жындыханадағы көршісі священникпен және дәрігермен болатын диалогтық қарым-қатынастар ғана сюжеттік желілер түрінде көрінгенімен, олардың байланыстары да әлсіз. Олардың ортасындағы диалог полемикалық тұрғыда басталғанымен, бара-бара Робертпен диалогқа түсуші субьект ығысып, орталық образдың субъективті толғаныстары күш алып кетіп отырады. Өйткені ішкі монологтың күрделенген типі, ой мен сезімді бейнелеудің модернистерге тән техникасы - сана ағымы доминанттық сипат алады. Профессор-Роберт диалогының бір үзіндісіне жүгініп көрейік:

  • ...Болашақ тұнып тұрған фальсификация. Шындық пен жалғанның шекарасын таба алмаймыз. Өйткені бәрін қолдан жасаймыз.
  • Бұл сұмдық қой, - деді профессор сыбырлап. - Адамзаттың санасымен жасалған осыншама заттың бәрін жоққа шығаруға бола ма?..

Мынау өмірдегі мән-мағына, қасиет, әділет деп жүргендеріміздің бәрі адамдардың өздері ойлап тауып жүрген дүниелері. Әйтпесе олардың жаратылыс заңының негізін құрауға еш қатынастары жоқ...» [3, 425 б.].

«Тек профессор аяғын айқастыра салып, көзілдірігінің үстінен сүзіле қарап, сабырлы отыр. Ол басқа бір затқа - он жыл бойына жүргізілген тәжірибеден бері телепаттың ақылға сыймайтын дәрежеде өскендігіне таң қалды. ...Профессордың он жыл бойына жинаған материалдары аз емес еді. Оның таңғажайып фактілерді көп жинағандығы сонша, осыдан бір жүйелі заңдылық тауып, игере алмай қалармын-ау деп те қорқатын» [4, 108-109 б.]. Осы «он жыл» - Роберттің үміт пен күдікке толы уақыты, он жылдың нәтижесі - санадағы сілкіністер, өзгерістер, ақылдан азап шегу, адасу. Осылайша тұйыққа тірелген Роберт екінші бір уақытқа, онейрикалық, мистикалық уақытқа ауысады, сөйтіп жындыханаға тап болады. Осыған орай, шығармада екі түрлі уақыт-кеңістік көрініс береді. Біріншісі - адамдар өмір сұрген қоғамдық ортаның уақыт-кеңістігі, екіншісі - жындыхананың уақыт-кеңістігі. Роберт болса екеуінде де өмір сүреді. Бірақ кең дүниеге сыймай, жындыханадан далаға, даладан жындыханаға қашып жүрген Роберттің ақиқат іздеп аласұрған жаны мен санасы не даладан, не жындыханадан тұрақ таппайды. Тұйық кеңістікке (жындыханаға) қамалған Роберт алғашында кең далаға, бұрын өзі өмір сүрген қала кеңістігіне ұмтылады, дегенмен бұнда да жаны жай таппай сандалады: «Роберт көк шөпке шалқасынан түсіп, табиғат құбыжықтың жалғыз көзіндей болып жарқырап тұрған дөңгелек айға қарады. Шексіз, шетсіз кеңістікте зеңіп жүрген өлі, тірі денелер. Ажалдай қатал, мейірімсіз әлем. Мәңгілік деп аталатын уақыт кеңістігінде тіршілік атаулы қараңғы түнекте анда-санда бір жалт еткен нәзік сәуле секілді. Ал жеке адамның ғұмыры ше?.. Мәңгілікпен салыстырғанда осынша қып- қысқа ғұмырының ішінде осынша үлкен азапты арқалап кететіндей адам сорлының не жазығы бар?» [4, 1216.]. Осы тұста сюжеттік уақыт лирикалық шегініс арқылы кейіпкердің өткен уақытына ауысып, бас қаһарманның қазіргі жағдайының сыры ашылады. Лирикалық шегіністің өткен уақыт пен қазіргі уақытты байланыстырудағы рөлі зор, сондай-ақ көркемдік шешімдегі Роберттің өзіне-өзі қол салуының себебін түсінуге көмектеседі. Роберттің субьективтік уақыт-кеңістігі обьективтік уақыт-кеңістікті қабылдағысы келмейді. «Роберттің өміріндегі ең бір ойсыз, қамсыз өткен, сондықтан да соншалықты өзіне бақытты болып елестейтін кезеңі осы балалық шағы. Тек осы үшін ғана өмір сүруге келісуге болар еді» [4, 1226.]. Робертке қоғамның өркениетті атанып, қумдық-сұмдықтың ордасына айналғаннна гөрі кешегі балаң кезі көбірек ұнайды.

Ал қазақ әдебиетіндегі үздіктуындылардың бірі «Парасат майданы» шығармасы интертестуалдық әдісіне құрылған шығарма деуге негіз бар. Шығарма Гамлеттің монологы мен американ ақыны Роберт Пенн Уоренннің сөздерін эпиграф етіп ала отырып, Абай, Ницше, Бальзак, Ганди сияқты 17 ғұламадан цитата келтіреді. Шығарманы оқи бастағаннан-ақ суреткер Әбдікұлының талай кітаптың шаңын жұтып, өз ақиқатын дәлелдеу үшін айтысатын ізгілік пен зұлымдықтың қисындарын бақайшағына дейін зерттегенін аңғарасың. Оқиғаның фабуласы да қызық. Жындыханадағы жігіт пен дәрігерлерден басқа кейіпкер де жоқ. Бірақ тұлғаның екіге жарылуын өте сәтті қолдана отырып, адамзаттың болашағы жайлы толғанысы мен қорқынышын автор жазылған хаттар арқылы жеткізе біледі. «Парасат майданы» күтпеген жерден қайғылы аяқталады. Ауыр қасіретті арқалап, жан азабын кешкен науқас, ақырында, ешқандай да бейтаныс хат жазушының жоқ екені, өзінің біресе ізгілік, енді бірде зұлымдық болып айтысып жүргені туралы ащы ақиқатқа көзі жетіп, өзіне-өзі қол салып өледі.

Повесттің басты кейіпкері қаза тапты. Бірақ рух тазалығы үшін болған шайқас әлі жалғасып жатыр. Зұлымдық салтанат құрып, үстемдігін жүргізіп тұрған замандағы парасат майданында сол ұлы ұрыста қиналып, азапқа түсетін бір жұмбақ элем бар. Ол - адамның жаны. Жан өлген күні - Ізгілік өледі. Өмір өледі. Біз өлеміз... Сөзіміздің түйіні қазақ әдебиеті тоқырауда, классикалық кезең артта қалды, алыптар сарқылып бітті,жазатын тақырып пен жан сүйсіндіре жазатын жазушы қалмады, постмодернизм өгей әке секілді ештеңе де бермейді деушілердің сөзі бекер.

Қазақ әдебиетінде постмодернді толықтай меңгерген, сол постмодерндік тәсіл арқылы ұлт мұңы ғана емес адамзат қамын ойлай да, жаза алатын жандар бар.

Өмір шындығы көркем әдебиетте көркем шешімдер арқылы ашылатыны белгілі. Яғни, қандай шығарма болсын негізінен белгілі көркемдік бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдердің нәтижесінде дүниеге келеді. Олар өзінше жүйе түзе келе, шығарманың басқаға ұқсамайтын ерекшелігін құрайды. Шығармада қолданыс тапқан бейнелеу құралдары мен тәсілдері шығарманың көркемдік деңгейінің көрсеткештері. Бейнелеу құралдары әдебиетте көбінесе ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метанимия, астарлау, теңеу, эпитет және дыбыстық қайталамалар деген мағыналарда қолданылады. Олардың шығарма қасиетін арттырудағы маңызы зор. Автордың идеясын жүзеге асыратын шығарманың тілі. Олай болса, шығарма тілінің құнарлығының жоғары болуы шарт. Жазушы тілі бейнелі, образды болумен қатар терең ойға құрылуы тиіс. Көркем шығармада шеберлікке жетудің жолдары көп. Түптеп келгенде, солардың ең бастысы - шығарманың тілі. Көркем, шынайы тіл шығарманың қадір- қасиетін айқындайды.

Жазушы халықтың тілі мәйегі - қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер және көркемдік форманың жекелеген элементтері - теңеулер мен эпитеттерді, басқа да бейнелеуіш сөз өрнектерін шығарма мәтініне, кейіпкер сөзіне, авторлық баяндауларда орын тауып, ұтымды пайдаланылып отыруы қажет. Кейіпкер образынсомдауда, тарихи шындықтың шежіресін шертуде сөз маржандарының әсері зор. Сондай-ақ, шығарманың ішкі құрылысы да жазушының айтар ойына негіз боларлық көркемдік шешім ретінде үлкен жүк көтеріп тұрады.

60-80-жылдар қазақ қаламгерлері туындыларының бір ерекше тұсы да - халықтың тіл мәйегі - мақал-мәтелдерді шығарма мәтініне, кейіпкер сөзіне, авторлық баяндауларға орын тауып, ұтымды пайдаланып отыратындығы. Бұған мысалды Төлен Әбдікұлының туындыларынан көптеп кездестіруімізге болады. Жазушының шығармаларында мақал-мәтелдерді өз мақсатына орай орынды қолданып отырған. «Ат арыса тулақ, ер арыса әруақ», «Жақсының дидары алыс, даңқы жақын», «Ағайын жоқ болсаң бере алмайды, бар болсаң коре алмайды», «Бір күн тұзын тартқанға қырық күн сәлем», «Күш атасын танымас» т.б. Осылайша жазушы шығармашылық табысына қазақ ауыз әдебиетінің ықпалы, өнегелі үлгісі өз әсерін тигізіп отырады. Сондай-ақ Төлен Әбдікұлының шығармаларында тұрақты тіркестер мен ауыспалы мағынадағы сөздер тонның ішкі бауындай кірігіп, жымдасып жатады. Мысалы, «әңгіменің тамызығына тұтана бастады», «бес саусағындай белгілі», «тілі мүкіс шежіре», «аузының салымы бар», «қадамы құтты екен», «қысқа жіп күрмеуге келмей», «көңілдің көзін ашып», «жүрек қылын шертетін», «от ауызды, орақ тілді», «қой үстінде бозторғай жұмыртқалағандай», «сүт пісірімдей уақыт», «аузымен орақ ору», «тепкенде темір үзер», «сағы сынған, тауы шағылған», «ағынан жарылу» т.б.

Т.Әбдіковке тән тағы да бір ерекшелік жазуышының тың теңеулерді шебер пайдалануынан көреміз. «Ауру деген шелектеп кіріп, мысқалдап шығады», «Бейне кәрі шалға ұзатылған намысты қыздай сыңсып», «сайысқа түсетін балуандай», «құмар ойнағандай қу сазарып», «сыбызғышы құсын шақырған бүркітшідей», «сүттей ұйып, сілтідей тұнып», «жібектей есілген леп, құйындай ұйытқыған ысқырық», т.б.

Ерте заманнан бері адам өзінің ой-пікірін суретті сөз арқылы беруге ұмтылған. Осының нәтижесінде эпитеттер туындап отырады. Эпитеттер әдеби шығармалардағы кейіпкер портертін жасауда, образын сомдауда, табиғаи ортаны суреттеуде қолданыс табумен қатар уақыт өте келе әлеуметтік мән-мағынаға да ие болды. Эпитеттер шығармада жәй қолданылмай, суреттеліп отырған жайдың мәнін аша түсу үшін пайдаланылады. Олардың кейіпкер бейнесін сомдаудағы ролі зор.

Тіл - халықтың асыл да қымбат бағалы байлығы. Қаламгер адам өмірінің шындығын тіл арқылы оқырманның көз алдына алып келіп, жүрегін сәулендіретін басты құрал, қуаты мол сырлы бояу болмақ. 1960-80 жылдары қазақ әдебиеті көркем тілмен құнды болды. Бабалар тастап кеткен өрнекті сөз - сарқылмас қазына. Біздің жазба әдебиетіміз өзінің туу, есею шағында ауыз әдебиетінің інжу- маржанынан, кәусар бұлағынан нәр алған. Аталмыш кезең қаламгерлері ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, әдеби тілімізді дамытты, бейнелі, образды сөйлемдерінің астарына терең ой дарыта білді.

Шығарманың эстетикалық мәні, оқырманға әсері оның көркемдік деңгейіне, көркемдік құнарлығына байланыста. Кейіпкер бейнесін жинақтауға ықпал ететін көркемдік әдістер, бейнелеуші, көркемдеуші құралдар жүйесі, кейіпкер характерін жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу принциптері, шы,арманың жалпы көркемдік болмыс бітімі 60-80-жылдардағы қазақ прозасында үлкен жетістіктермен көзге түсті.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Майтанов Б. Мұхтар және ұлттық әдеби үдерістер. - Алматы: Жібек жолы, 2007.-5446.
  2. Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер: Монография/Ж.Ж. Жарылгапов. - Қарағанды: Гласир, 2009. - 284 б.
  3. Әбдіков Т. Ақиқат шындығы: Әңгімелер мен повестер жинағы. Алматы: Жалын, 1976.
  4. Әбдіков Т. Оң қол. Әңгімелер мен повестер. - Алматы: Атамұра, 2002 - 352 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.