Аңдатпа
Бұл мақалада шетел тіліне сөйлеу қызметі, мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде басым бағыт бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығы туралы айтылады.
Мемлекеттер мен халықтар арасындағы өндіріс, ғылым және мәдениет, білім беру және тәрбиелеу саласындағы байланыстарды тереңдету аясында қазіргі уақытта біздің демократиялық қоғамымызға шет тілін өте жоғары деңгейде меңгерген мамандар қажет. Олар өз кезегінде келесі ұрпақты жетелеп, тәрбиелейді. Шет тілдерінде қарым-қатынас қарқынды дамуда. Демек, қазіргі заманғы мектептің басты міндеттерінің бірі шет тілдерін оқыту сапасын мектеп түлектерінің еркін қарым-қатынас деңгейіне дейін жақсарту болып табылады. Өйткені, тілдік білім берудің басты мақсаты - мәдениет диалогына қабілетті көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін коммун и кати вті к бағытталған әдістер мен формаларды қолдана отырып, шет тілін жаңаша оқыту.
Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адамның сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып керсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз - үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», - деген. Сөйлеу жағдаяттылығы және коммуникативтік оқу жағдайларын жасау мәселелерімен П. Шубин, И.М. Берман мен В.А. Бухбиндер, В.А. Скалкин, Г.А. Рубинштейн, М. Розенбаум, В.А. Артемов, Ю.И. Пассов, А. Хорнби және басқа да көптеген ғалымдар айналысты.
Әдістемелерде мектептегі шет тілін оқыту шетел тілінде жан- жақты іскерліктер мен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын маңызды кезең ретінде қарастырылады. Оқытудың мақсаты-тіл жүйесі емес, өзге тілді сөйлеу қызметі, сонымен қатар қарым-қатынас құралы ретінде маңызды. Ауызша коммун и кати втік, дайын емес және дайындалған, диалогтық және монологтық сөйлеуді оқыту ерекшеліктерін зерттеу - мектепте шет тілін оқытудың қазіргі әдістемесінің негізгі практикалық мақсаттарының бірі болып есептеледі. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту коммуникация процесінің табысты өтуі үшін қажетті шарт болып қала береді.
Әрбір оқу пәні оқыту технологияларын пайдаланудың өзіндік ерекшелігіне ие. Бастауыш мектепте ауызша және жазбаша түрде шет тілінде қарым-қатынас негізі қаланады. Оқу уақытының елеулі бөлігі сөйлеу, графикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық дағдыларды қалыптастыруға жұмсалады. Осылайша, бастапқы ағылшын тілін оқыту көпжақты болып табылады, бұл ретте мұғалім ауызша сөйлеу дағдыларын (монолог, диалог және ситуативті) қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Ауызша сөйлеу - ойды ресімдеу тәсілі бойынша сөйлеу әрекетінің формасы болып табылады, ол ойды білдіруде сөйлеу әрекетінің бағыты бойынша іс-әрекеттің өнімдік түрі негізінде сипатталады. Ал қарым-қатынас процесінде ауызша сөйлеу адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады [7].
Осылайша, сөйлеу қызметінің түрі ретінде ауызша сөйлеу төмендегі си патта мала рға ие:
- жеке адаммен байланыс,
- ойлаумен байланыс,
- ойлаудың коммун и кати вті к функциясымен байланыс.
Сөйлеу қызметі адам миының психикалық, психофизиологиялық қызметінің нәтижесі болып табылады. Демек, сөйлеу қызметі сөйлеу қызметінің күрделі психофизиологиялық механизмінің арқасында жүзеге асырылады.
Шет тілін оқыту қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында жүзеге асырылатын, сөз арқылы ерекшеленетін күрделі құрылым. Сөйлеу қызметінің түрлері: ауызша сөйлеу (тыңдау және сөйлеу), оқу, жазу және тіл аспектілері: фонетика, лексика және грамматика. Аталған компоненттердің әрқайсысы өз кезегінде, мысалы, ауызша сөйлеу қарым-қатынас құралы болып табылады, оның көмегімен тыңдау кезінде ақпарат алу, сөйлеу кезінде ақпарат беру, әңгіме кезінде ақпарат алмасу әдістерімен байланысып жүргізіледі. Ауызша сөйлеуді қолдану - оқушылардың шынайы қызығушылығын және олармен айналысуға деген ынтасын тудыруы тиіс [5].
Мектепте шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемесінде ауызша сөйлеу - оқыту құралы ретінде кеңінен қолданылады, бұл оқушылардың шет тілін үйренуден бастап сөйлеу коммуникациясына қатыстыруға мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларын есту, көру және сөйлеу, қозғалу анализаторларын белсенді жұмысқа қосу арқылы енгізілетін сөздер немесе грамматикалық құрылымдар танымдық қызығушылыққа ынталандырылады.
Оқытудың басты мақсаты-оқушыларды табиғи жағдайда сөйлеу қарым-қатынасына дайындау. Оқыту процесінің тиімділігі оның мақсаттылығымен анықталады, атап айтқанда, оқушы оқу процесінде табиғи сөйлеу қиындықтарына тап болып, сәйкесінше оларды жеңуді үйренеді.
Объективті факторлар - ұсынылған мәтінді есту арқылы қабылдау шарттары: бейтаныс грамматикалық құбылыстар, бейтаныс лексика, сөйлеу қарқыны және оның жеке ерекшеліктері, қабылданатын ақпараттың қысқа уақыттылығы және қайталанбауы [3].
Субъективті факторлар - есту арқылы бөтен тілді қабылдайтын психиканың ерекшеліктерімен (фонематикалық және сөйлеу есту, есте сақтау, зейіннің, ішкі артикуляцияның, қиялдың, болжамдық қабілеттерінің) анықталады [3].
Осылайша, сөйлеу-ойлаудың негізгі құрамдас бөлігі. Ауызша сөйлеуді меңгермей, оның барлық түрлерінде дұрыс оқуды үйрену мүмкін емес. Сөйлеу қызметін меңгеру сөйлеу дағдылары мен біліктерін кезең-кезеңмен қалыптастыруды көздейді. Сөйлеу іс - әрекетінің белгілі бір түріне, ал дағдылар-сөйлеу іс-қимылдарына сәйкес келеді.
Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы - сөйлеу біліктерінің дамуының міндетті шарты, оның негізі. Оны қамтамасыз етудің факторлары:
- сабақта жақсы атмосфера; жағымды эмоционалдық климат; оқытушы мен оқушылар арасындағы, сондай-ақ тілдік шағын топтағы оқушылар арасындағы сенімді қарым-қатынас [11]. Бұл факторлар коммуникативтік мотивациямен қатар шет тілді сөйлеу қызметін табысты меңгеруге, оқу үдерісін қарқындатуға ықпал етеді.
Сөйлеу мәні-ой. Сөйлеуді қалыптастыру жаттығуларды орындау барысында жүзеге асырылады. Оқыту мақсаты ретінде тілдік және сөйлеу материалымен жұмыс жасау керек. Оқушылардың фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мәтіндерді дұрыс пайдаланып, жұмыс жасай білуіне, коммун и кати вті к тапсырмаларды шешу кезінде дағдыларды шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігін қалыптастыруға бағыт берілуі маңызды. Сондықтан осы кезеңде репродуктивті жаттығуларды пайдалану орынды.
Оқушыларда тіл тәжірибесі әлі де аз болғанымен, жұмысты шет тілінде сөйлесуге бағыттау қажет. Оқыту белгілі бір тақырыптар бойынша жүргізіледі. Тақырыптар оқушылардың қызығушылықтарына сай болуы керек. Бұл мотивацияның артуына ықпал етеді. Тапсырмаларды таңдау мен реттілігі оқушылардың өзіне деген сенімділігін нығайту, диалог және монологтық сөйлеу дағдыларын дамыту үшін қажетті танымдық тәжірибе жинақтауға негіз бола алады. Жаттығулар ойдың вариативтілігіне жол бере отырып, ойлау дербестігіне бағытталуы тиіс. Олар тек өз позициясын тұжырымдауға және айтуға ғана емес, сонымен қатар жұптық немесе топтық жұмыс кезінде оқу процесінің басқа да қатысушыларымен ынтымақтасуға мүмкіндік береді[9].
Оқушылар тыңдау кезінде ауызша сөйлеу сөзін бақылайды. Олар сөздің мағынасын түсінуге тырысады және оның басқа сөзбен қалай үйлесетінін бақылайды. Оқушылар тыңдалып, бұрын меңгерген әр түрлі тіркестердегі сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркестерін құрайды.
Ауызша орындау оқушыларды сөйлеуде меңгерген лексиканы қолдануға дайындайды және оқуға және жазуға үйрету үшін қолайлы жағдай жасайды. Олар әр түрлі лексикалық толымды сөйлеу үлгілерін(типтік сөйлемдерді) тыңдайды және бірнеше рет қайталайды. Қажетті сөзді немесе сөз тіркесін пайдалану көрнекі құралдармен, немесе сөзбен, сөз тіркесімен қамтамасыз етіледі. Оқушылар сыныптастарының, заттардың (саны), уақыты және т.б. өзгерістерімен байланысты ұсыныстарды тыңдайды және трансформациялауды (өзгертуді) жүзеге асырады[2].
Бұл жағдайда мұғалім сыныпта нақты жағдайларды пайдаланады. Мысалы, оқушылар "I have ..., He (she) has..."деген сөздерді қолданады.
Оқушы: "I have a pen".
Басқа оқушы мұғалімді көрсетіп "He has the реп"деп хабарлайды.
Одан әрі оқушы "I have a book" сыныпқа хабарлайды.
Оның көршісі: "She has а Ьоок."және т. б. жалғаса береді.
Осылайша, сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жаттығу жүргізіледі және оқушылардың сөйлеу түрін "I have a green pen", "She has an English Ьоок."және т. б. жаттығулармен кеңейте беру қажет.
Ойын әрдайым шешім қабылдауды болжайды, ал шешу ниеті оқушылардың ойлау қызметін қозғайды. Ойын маңызды әдістемелік міндеттерді орындауға ықпал етеді. Сөйлеуге психология лық дайындық жасайды. Тілдік материалдың бірнеше рет қайталануын қамтамасыз етеді. Оқушыларды қажетті тілдік нұсқаны таңдауда үйретеді[1].
Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, жағдайды ұсынады. Мысалы, мереке жақындап келеді. Мұғалім сабақ бастайды: What holiday recently? Do you like Nauryz holiday? How do you prepare for Nauryz?
Немесе тақырып бойынша суреттерге сұрақ қоюға болады: What can you see in the picture? What were you thinking first? What do you wonder? What tasty things do you cook? What presents do you give or get? What do you do on this day?
Жаттығуларды ауызша орындау оқушыларға меңгерілетін материалды сөйлеу барысында қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оқушылар оқу материалымен танысады, оқу материалының графикалық көрінісіне тіреусіз ауызша әр түрлі жаттығулармен орындайды. Бұл оқушылардың білімін кеңейтуге, сөйлеу ой-өрісін қалыптастыруға жол ашады. Ауызша сөйлеуде мұғалім басты назарға алуы тиіс [8]:
- айтылуға үйрету, себебі оқушы дыбысталған сөйлеу тілінде ғана сөйлейді. Айтуды меңгеру қиын міндет болып табылады, оны тілді үйретудің ең алғашқы қадамынан бастау керек.
- оқушылардың есту арнасы бойынша оқу материалын қабылдау қабілетін дамыту, бұл шет тілін меңгерудің маңызды факторларының бірі.
- шетел тілінде тыңдау, сөзбен байланыстыру, одан кейін оқу мен жазу арқылы меңгертуде әрбір қадамды табиғи бірізділікпен қамтамасыз ету.
- сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Ауызша сөйлеуге итермелейтін сабақта коммун и кати вті к жағдай жасау үшін әрбір баланың жоғары белсенділігін қолдау маңызды.
Шет тілі сабағында оқушының өзіндік ой-өрісін және сезімдерін бере білу үшін әнмен жұмыстың маңызы ерекше. Әнмен жұмыс істеу негізінде ауызша сөйлеу дағдысы дамиды, есту арқылы шетел тілін қабылдау дағдысы қалыптасады, дәлме-дәл музыкалық материалдарды пайдалану дағдылары дамиды, шет тілі мен басқа халықтың мәдениетіне оң көзқарасы қалыптасады. Оқытылатын тіл еліне және тілге қызығушылықты арттыру құралдарының бірі. Әндерді іріктеу оқушылардың қызығушылығына, жасына, тіл деңгейіне және оқу бағдарламаларының тақырыбына сай болуы керек. Сондай-ақ, ән мәтіні, музыкасы сыныпта жағымды креативті атмосфера туғызып, оқушылардың қиялын ынталандыра алатын болуы тиімді [10].
Шетел тілін оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) шет тілдерін оқытудың тиімді пайдалануға болатын шексіз мүмкіндіктердің тұтас әлемі. Ақпараттық технологияларды пайдалану оқытудың ыңғайлы интерактивті ортасын жасайды, оқушылардың мотивациясы мен белсенділігін арттырады, оқытуды жеделдетуге және дараландыруға көмектеседі, өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Интернет арқылы алынған ақпаратты мұғалім сабақты дайындау үшін, сабақта иллюстрациялық және оқу материалы ретінде де пайдалана алады, жаңа лексика, грамматикалық ережелер енгізуге, тыңдауға болады[4]. Мысалы, "ЖаHyapnapVAnimaIs/, "Спорт''/Sport/, "Тағам"/Ғоосі/, "Мектеп" /School/, "Бос уақыт"/Ғгее time/және т.б. тақырыптар бойынша алдымен оқушылар сөздер мен фразалық бірліктерді бірнеше рет тыңдап, тақырыптық лексиканы меңгереді, содан кейін ойын режимінде оларды дамытады және жетілдіреді.
Шетел тілін оқытуда оқушылардың өзіндік және шығармашылық деңгейде жетілуін, тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануын қамтамасыз ету қажет.
Ағылшын тілін оқыту аясында ауызша сөйлеуді тұжырымдасақ:
- коммун и кати вті к тәсіл талаптарын ескерместен ауызша сөйлеуді оқыту мүмкін емес;
- ауызша сөйлеудің индуктивтік және дедуктивтік жолдарды пайдалана отырып диалог-үлгі, рөлдік ойын және басқа да тиімді құралдар арқылы үйрету маңызды;
- ауызша сөйлеу дағдысының тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін монологқа назар аудара отырып, диалогтық сөйлеуді оқытудың жаттығулар кешенін қолдану қажет.
Осылайша, оқу процесінде барлық педагогикалық және ақпараттық жаңа технологияларды кешенді пайдалану мектеп қабырғасынан тұлғалық, интеллектуалдық белсенділіктерін ынталандырады, танымдық процестерді дамытады, оқушы бойына шетел тілінен меңгеруге тиіс құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып сөз қорын мол айтады, ережелерді қолдануын және сөйлеу қабілетін дамытады. Бұл ағылшын тілін практикада пайдалы құрал ретінде еркін қолдануға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:
- Бакишева Л.Б. Шетел тілі сабағында ойын технологиясын қолдану // Мектептегі шет тілі - Иностранный язык в школе. - 2011. - № 4. - 7, 8-6.
- Бақытов A., Жұманова Р. Шетел тілін үйренуде тілдескіш оқу құралдарының тиімділігі // Мектептегі шет тілі. - 2011. - № 4. - 23- 25-6.
- Болотов В.А., Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе // Педагогика. - № 10. - 2003. - 45с.
- Жұмаева Э.С. Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. - Қызылорда: Санат, 2012. - 20-24-6.
- Зимняя И. А. //Психология обучения иностранному языку в школе//. M., Просвещение, 1991, C 97-102.
- Зимняя И.А.//Игра и ее роль в психическом развитии ребенка//. «Вопросы психологии» №6. 1992, C 42
- Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. - M.: Просвещение, 1987. - 190 с.
- Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. - M.: Педагогика, 1990. - 83 с.
- Колыхалова, Ольга Алексеевна, Махмурян, Каринэ Степанова. Учитесь говорить по-англ ийский, фонетический практикум.-M.: ВЛАДОС, 2004-стр. 158-175.
- Сматуллаева Б. Ағылшын тілінде ән үйренудің маңыздылығы // Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі. - 2014. - № - 25, 26-6.
- Хуторской А.В. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного обучения. - M.: Изд-во МГУ, 2003. - 416 с