Аңдатпа
Мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде отандық тарих ғылымы алдында тұрған қоғам дамуындағы жаңа проблемаларды, жаңа зерттеу объектілерін түсіндіру, шешу жолдарын көрсету, бұрынғы таптық идеологияға негізделген методологиялық әдістер орнына жаңа көзқарас, жаңа методологиялық ізденістер мен инновациялар енгізу, тарих ғылымының басқа қоғамдық ғылым және гуманитарлық білім салаларымен пәнаралық байланысын күшейту, сонымен қатар, отандық тарихнама ғылымының бұрынғы тарихшылар мектебімен сабақтастық дәстүрін сақтау секілді мақсаттары мен міндеттері сараланады.
XX ғасырдың соңы - XXI ғасырдың басында отандық тарих ғылымының дамуы мемлекет пен қоғам алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды. Ол ұлттық тарихты, тарихи маңызды оқиғаларды жаңаша тұрғыдан зерделеуге негізделген еліміздің тарих ғылымының жаңа тұжырымдамасының қалыптасуына әкелді. Тарихи зерттеулердің жаңа әдіснамасы қалыптасып, тарих ғылымындағы пәнаралық жобалар көбейді және осы мақсатта жаңа технологиялар, әдістемелер кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, отандық тарих ғылымын реформалау процесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық өмірдегі патриоттық тәрбиенің маңызын арттыру және адами капиталды дамыту саясатымен ұштасып, Қазақстандағы тарих ғылымының дамуын жаңа белестерге көтерді, ел дамуына жастардың кеңінен араласуына мүмкіндік берді.
Тарихи сананы қалыптастыру мен тарих ғылымын жетілдіру тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болды. Осы кезеңдегі мемлекеттік тәуелсіздік, егемендік идеясын басты құндылық ретінде тану отандық тарих ғылымының қарқынды дамуына алып келді. Себебі, тәуелсіздік пен ұлттық тарих бір мақсатта қызмет етеді және ұлт мұраты ұлттық тарихи білімнің дамуымен тікелей байланысты. Ұлттық тарихи танымның ұлттық-мәдени мұраларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ғана емес, әлемдік жаһандану жағдайында ата дәстүрі мен құндылыісгарына негізделген ұлттық сана- сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары, бәсекеге қабілетті жаңа, жас ұрпакпың қалыптасуын қамтамасыз ететіні анық.
Сондықтан, қазақстандықтардың бірегейлігі мен рухани-мәдени құндылықтарына сүйенген «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бүкіл қоғамды этникалық айырмашылықтардан тыс жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге; ежелгі қазақ жерінде бейбітшілік пен тыныштық орнауына тікелей жауапты ретінде барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігіне; жауапкершілікті тіл саясаты арқылы біздің рухани негізіміз қазақ тілінің дамуы мен барлық салада белсенді пайдалануына және тілдердің үш тұғырлылығына; ұлттың генетикалық коды мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендетуге; қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болып табылатын ұлттық зиялы қауым рөлін көтеруге; Қазақсган мемлекетінің зайырлы сипатын нығайтуға; әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға; маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа негізделді [1].
Айта кету керек, кеңестік дәуірдегі тарихи таным пролетарлық интернационализм идеясына негізделген таптық сипатта болғандықтан қазақ халқының ұлттық тарихы, ұлттық мүддесі көлеңкеде қалды. Ал «тарихшылар үшін үлкен көңіл бөлер іргелі мәселелердің бірі - ол ұлттық тарихымызға өзінің төл перзенті, бас кейіпкері, әрі құрылысшысы, сәулетшісі - халқымызды, ұлтымызды енгізу болып табылады» [2, 34 б.]. Сондықтан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ өткен тарих сыни тұрғыдан қаралып, ғылыми тұрғыдан жаңаша бағалана бастады, сонымен қатар, қазақстандық тарихи мектептің үздік туындылары мен идеялары, әдіс- тәсілдері жаңа белеске көтерілді. Сөйтіп, отандық тарих ғылымы дамуында болған келеңсіздіктерді ескере отырып, жаңа дәуірдің даму үрдістеріне, әсіресе жаңа технологияларға негізделген әлемдік білім саласындағы өзгерістерге сай қазақ елінің рухани жаңғыруы бағытында тарихи танымды қалыптастыру және тарихи білімді реформалау мемлекет саясатындағы негізгі бағыттардың біріне айналды.
Осы кезеңде қабылданған «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасында» тарихи білімнің іргелі принциптері мен қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілді, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленді [3]. Академик К.Нұрпейіс атап өткендей, осыған орай Қазақстанның тарих ғылымының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
- өткен тарихгы үзінділер (фрагментарлы) түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қарастыру;
- көне және ортағасырлық тарихқа күшті назар аудару;
- Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін қайта қарау;
- қазақ диаспоралары тарихын зерттеуге басты назар аударумен қатар, елімізді мекендеген этностық топтар тарихына тиісті мән беру [4].
Жаңа тұжырымдама бойынша көне замандардан бергі Қазақсган тарихының дерек көздеріне жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттілігі баса көрсетілді. Сонымен қатар, қажетті жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптау, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың «ақтаңдақ беттерін» толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды.
Елімізде тарихи сана тақырыбының көтерілуінің өзі тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық сананың жаппай оянуымен, отандық тарих ғылымының басты аспектілері мен даму перспективаларының жаңаша саралануымен, тарихи ақтаңдақтардың қалпына келтірілуімен, тарихи әділеттікті орнату үдерісгерімен байланысты болатын. Өйткені қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи біліммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай, ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайтыны белгілі.
Айта кету керек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әр деңгейдегі Отан тарихына арналған оқулықтарда коммунистік идеология ұстанымдарына негізделген ойлау, жазу инерциясы, таптық көзқарас сарқыншақтары сақталып, ал жекелеген оқу құралдары батыстық (еуроцентризм) және орыстық (русскоцентризм) түсінік негізінде жазылды [4]. Сондықтан Қазақстан тарихы бойынша оқулықтардың жаңа буынын дайындау мен одан әрі жетілдіруге, олардың сапасын арттыруға көп көңіл бөліне бастады. Оқулықтарды үлкен авторлар ұжымы жазуына, орта мектептер оқулықтарын дайындауда мектеп мұғалімдерін, әдіскерлерді кеңінен тартуға үлкен мән берілді. Мектепте тарих пәнін оқыту өзекті мәселелердің бірі. Себебі, мектеп қабырғасында тарихи білімнің негізі қаланатыны белгілі. Кез-келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі сол мемлекеттегі білім беру ісіне тікелей қатысты және білім беру ісінің ұзақ мерзімді стратегия екенін ескерсек жас ұрпақтың париотизмі, жалпыұлттық біріктіруші идея төңірегінде дүниетанымының қалыптасуы тарихи білімнің маңызын арттыра түседі.
Сонымен қатар, тарих ғылымы мен білімнің бірігуіне, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын зерттеуде жаңа әдістемелік көзқарас әзірлеуге, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға көп көңіл бөлінді.
Сөйтіп, тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымында тарихи зерттеулер мен ізденістердің мазмұны өзгерді. Мемлекет елдің негізін құраған қазақ халқының тарихы, дәстүрі, әдет-ғұрпы мен билік дәстүрін сақтаған мемлекеттілік тарихын жазуға зор мүмкіндіктер ашты. Отандық тарих ғылымы тарих ғылымының жаңа методологиясын әзірлеуді, ел тарихын кезеңдерге бөлуді, архив құжаттарының қолжетімді болуын қамтамасыз етуді қолға алды.
Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басгы-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә.Назарбаев™ң бастамасымен жүзеге асқан ірі саяси оқиғалар ел тарихында жаңа кезеңдерге негіз болды. Қазақстан Республикасында ұлтжанды және зайырлы қоғам құру және азаматтардың біртұтас тарихи санасын қалыптастыру мақсатында «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру» және басқа да бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұл азаматтық және жалпыұлттық идеялар қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді, деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталды. Осы мақсатта ғылымды қаржыландыру көлемі өсті, ол тарих ғылымында сапалы зерттеулер жүргізуге, ғылымға жас кадрларды кеңінен тартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тарихты желілік жүйемен зерттеуге, оның дерекнамалық негіздерін жасауға ерекше мән беріле бастады. Ол үшін инновациялық технологияны жетік меңгерген, бірнеше тілдерді білетін, ғылымға бейім кадрларды дайындау міндеті тұрғаны белгілі.
Kepin отырғанымыздай, тарих ғылымының, оның ішінде отандық тарихтың, қоғамдық-гуманитарлық ғылым арасында алатын орны ерекше. Жаһандану жағдайында өзіндік болмысын сақтап қалуға ұмтылған халық саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік өмірдегі, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы өзгерістерді түсінуде жауапты тарих ғылымынан іздейді. Огандық тарих ғылымы алдында қоғам дамуындағы жаңа проблемаларды, жаңа зерттеу объектілерін түсіндіру және шешу жолдарын көрсету секілді міндеттер тұр. Бұрынғы таптық идеологияға негізделген методологиялық әдістер орнына жаңа көзқарас, жаңа методологиялық ізденістер, инновациялар келді. Тарих ғылымының басқа қоғамдық ғылым және гуманитарлық білім салаларымен пәнаралық байланысы күшейді, сонымен қатар, отандық тарихнама ғылымының бұрынғы тарихшылар мектебімен сабақтастық дәстүрі де сақталды.
Астана қаласында Ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы М.М.Тәжин отандық тарихты одан әрі зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына тоқтала келіп «әрбір ұлттық тарих формациялар мен өркениеттердің абстрактілі хронологиялық жылнамасы ретінде емес, халықтың бүкіл күрделілігі мен бөлек бітімін бойына сыйғызған жанды тарих ретінде бой көрсетеді. Тарихшының міндеті - ұлттық тарихты қайдағы бір әмбебап заңдылықтардың қасаң қалыптарына салып жібермей, ұлттық тарихтың жанды, бөлекше ағзасының қалай дамитынын түсіну» [5, 12 б.] деген еді.
Ол үшін баяғы бір тәртіпті аңсай бермей, жиырмасыншы ғасырдағы қиыншылыққа толы тарих туралы ашық айту; өткен күнге объективті қарап, тарихта тек қар мен ақ түстің болмайтынын ұғыну қажет. Сондықтан, отандық тарих ғылымының жұмысын бірнеше бөлікке бөліп қараған дұрыс:
- Ұлттық тарихтың қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуы;
- Стандық тарихтың сапалық жаңа деңгейдегі ортақ тұжырымдамасын жасау;
- елдегі және шетелдердегі Қазақстан туралы тарихи материалдарды жинақтау, яғни түпнұсқасын немесе көшірмесін елге қайтару, жүйелеу және жіктеу, болашақ зерттеушілер мен жалпы жұртшылық үшін қолжетімді ету;
- Қазақ этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуді күшейту; қазақгардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындау;
- тарих бойынша сапалы оқулықтар даярлау [5, 21-6.].
Түптеп келгенде, тәуелсіздік жылдары алдыңғы қатарлы методология мен методика негізінде отандық тарих ғылымының сапалы секірісіне жағдай жасалды, мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегі кеңейді және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымы қалыптасты. Ол тек қазақ халқының мәдени кодына (тіл, руханилық, дәстүр, мәдениет) ғана жағдай жасамай, бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық қалыптасуына мүмкіндік туғызуда.
Сөйтіп, тарихи білім жеке тұлғаның, ұлтжанды азаматтың қалыптасуына ықпал етеді. Ол ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. Огандық тарих «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, ал бұл өз кезегінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Әдебиеттер тізімі:
- Назарбаев Н.Ә. Ұлы Даладағы мыңжылдық - тарихтың жаңа дәуірі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2016 жыл.
- Алдамжар 3. Ұрпақтар сабақтастығы - тарихи проблема // Таным таразысында (мақалалар жинағы). - Атырау: Атырау-Ақпарат баспаханасы, 2006.-313 б.
- Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 30 маусым 1995 жыл.
- Нұрпейіс К. Қазақстанның жаңа тарихы // Егемен Қазақстан, 28 қазан 2005 жыл.
- Тәжин М.М. Ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу - өз-өзіңді сақтап қалудың жолы // Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. Т.1. - Астана: Фолиант, 2013. - 320 б.