Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізу қатынастарының қорытынды ретінде сот шешімдерінің қабылдануы мен заңдылығының құқықтық негізі туралы баяндалған. Азаматтық процесс субьектілерінің құқықтық мәртебесі туралы және іске қатысушылардың сот актілерінің орындалуына тікелей қатысушылар ретінде қарастырылуы туралы баяндалады. Сот билігінің тәрбиелеу функциясы нақты сот істерін қарау арқылы материалдық және процессуалдық нормаларды, көпшілік жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданумен іске асырылады. Оларды реттеу үшін мемлекет қалыптастырған ережелерді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлықтары мен әлеуметтік процестерге эсер ету жағдайлары қарастырылады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарында азаматтар құқықтары мен мүдделерінің қорғалу деңгейі бүгінгі таңда қоғамның назарындағы өзекті мәселенің бірі. Азаматтар құқықтарының тиісті деңгейде қорғалу үшін сот жүйесі саласының құқықтық даму жағдайы экономикалық даму деңгейіне байланысты қарқынды құқықгық негіздердің бағытын анықтауға себепші.Азаматтық іс жүргізу қатынастарындағы сот шешімдерінің азаматтар мен іске қатысушылар құқықтарын қорғауда маңызы зор. Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы қағида (норма) болып саналуға тиіс. Өйткені, сот төрелігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Бұл принциптің маңызын түсіндіретін басты бір мәселе, сот билігінің дербесгігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап шешетін судьяның тәуелсіздігінің басгамасында атқарылуы қажет. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің мәртебесі айқындалды. Сот билігінің түсінігі, оған тән атқарылатын басты нысаны сот әділдігі арқылы бұл биліктің басқа да белгілері мен функцияларын айқындау тәсілімен көрсетілді. Әсіресе, сот билігін мемлекет билігінің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде қарастыру, оған жүктелген азаматтар мен ұйымдардың құқықгары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет ететін мақсаттарымен түсіндіріледі.
Сот саясатын заң шығарушы биліктің орнықтыратыны, өз кезегінде сот билігін мемлекеттің арнаулы органы соттың ғана жүзеге асыратыны және бұл билік мемлекеттік қызметтің ерекше, әрі сапалы нысанына ие болатыны т.б.айқындалады. Құқық арқылы тәрбиелеу оны бұзушыға қатысты жүргізіледі. Бірақ, оның әсері жәй, заңға бағынушы (құқық бұзушылықты жасамаған) адамдар мен азаматтарға да тигізілуі қажет. Өйткені, оның түбегейлі мақсаты құқық бұзушылықты, қылмыс жасауды болдырмау, мүмкіндігінше жою.
Сот билігінің тәрбиелеу функциясы нақгы сот ісгерін қарау арқылы материалдық және процессуалдық нормаларды, көпшілік жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданумен іске асырылады. Сондай-ақ, сот мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың атына қылмыстың, құқық бұзушылықтың болуына себебін, салдарын тигізген мән- жайларды жою шараларын қарастыруы үшін жеке қаулыларын шығарып жолдайды. Енді қоғам үшін сот билігінің қаншалықты қажетті екендігіне тоқталсақ, біріншіден, даулы мәселелерді шешу қажеттігімен байланысты. Оларды реттеу үшін мемлекет қалыптастырған ережелерді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлықтары мен әлеуметтік процесгерге эсер етуімен түсіндіріледі.
Елімізде азаматтық - қаржылық қатынастың дамуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, даулы мәселе туындауы мүмкін жағдайлардың көптеп кездесуі материалдық жауаптылықты анықтайтын, белгілейтін органды қажет етеді. Бұл орайда мемлекет атынан құқық қорғау саласында әлеуметке қызмет көрсететін бірден-бір мемлекеттік басқару құрлымы бұл - Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесі. Қазақстан Республикасында Сот төрелігін тек судья жеке дара тәуелсіз жүзеге асырады. Соттардың шығарған актілері соның ішінде сот шешімдері азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтайды.Сот шешімдерін шығаратын судья азаматтық істердегі дәлелдемелерді анықтап, зерттеп, бағалау арқылы обьективті және заңға негізделген шешім шығарады. Icri мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы. Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын жатпайтынын айқындайды.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарында шешім сот өндірісіне орай бірнеше топтары қарасгырылады. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін- өзі басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот дауға түсіп отырған әрекетті (әрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, азаматтың талабын қанағаттандыруды міндеттейді, оған қолданылған жауаптылық шараларын жояды не оның нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын өзгедей әдіспен қалпына келтіреді. Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап бұл акті қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуі мүмкін. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік құқықгық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім. Сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрін цифрмен және сөздермен көрсетеді.Атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы шешімдер-өндіріп алу даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде нотариустың атқарушы жазбасының негізінде жүргізілетін атқару құжатының немесе өзге құжаттың күші жойылды деп тану туралы дау бойынша талап арызды қанағаттандыру кезінде шешімнің қарар бөлігінде атқарылуға тиісгі емес құжаттың атауы, нөмірі, күні және есептен шығарылуға жатпайтын сома көрсетіледі. Шарт жасасу немесе өзгерту кезінде туындаған дау бойынша қарар шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрі жэне тараптар шарт жасасуға міндетті талаптар көрсетіледі. Мүлікті немесе оның кұнын алып беру туралы шешім- мүлік заттай алып берген кезде сот шешімде оның дербес - белгілі бір белгілерін және егер шешімді орындау кезінде алып берілетін мүлік болмай қалса, жауапкерден өндірілуге тиіс мүліктің кұнын көрсетеді. Айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім жасау бес күннен аспайтын мерзімге кейін қалдырылуы мүмкін, бірақ қысқаша (қысқартылған) шешімді сот істі қарау аяқталған отырыстың өзінде жариялауға тиіс. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарған шешімдері олар жарияланған күннен бастап занды күшіне енеді. Апеллияциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса. апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, соңдай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды. Erep жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі занды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына эсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның жазбаша өтініші бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиісті органына орындау үшін жібереді. Азаматтық істерді мәні бойынша шешкен кезде сот кысқаша шешім шығарады, ол кіріспе, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. Шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптардың жасаған жазбаша өтінімі бойынша не өз қалауы бойынша сот кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады.
Сот билігі шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьялардың кол қоюының алдында айтылуға тиіс. Сот шешімі кеңесу бөлмесінде шығарылады, онда судьядан басқа бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді. Жұмыс күнінің соңында егер судья сот шешімін дайындап үлгермеген болса, оның кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға құқығы бар. Жұмыс күнінің барысында да кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға заңмен жол беріледі. Сот шешімінің заңдылығы шешім іс бойынша қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына қатаң сәйкес түрде және іс жүргізу құқығының нормалары сақтала отырып шығарылған дегенді білдіреді. Материалдық құқықты қолданған кезде судья АПК-нің 3-бабы, Конституцияның жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады дейтін ережелерді ескеруге тиіс. Erep, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, міндеттеріне қатысы бар заңдар, сондай-ақ кез келген басқа нормативтік құқықтық актілер жалпы жұртшылықтың назарына ресми түрде жарияланбаған болса, өзінің шешімін оларға негіздеуге соттың құқығы жоқ дегенді білдіреді; Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының құқықтық негізінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар оның заңдарының алдында басымдыққа ие болады [1].
Халықаралық шартпен, заңмен көзделгеннен басқа ережелер көзделген болса, онда халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару қажет болмаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.Шешім тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделеді. Erep шешімде іс үшін маңызы бар, сот отырысында жан-жақты әрі толық анықталған барлық мән-жайлар мазмұндалса және істің анықгалған мән- жайлары, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы тұжырымдарды растайтын дәлелдемелер келтірілсе, шешімді негізделген деп санау керек [2].
Істің мән-жайлары сот тексерген дәлелдемелер арқылы расталады. Дәлелдемелер олардың қатыстылығы мен жарамдылығы туралы заңның талаптарын қанағаттандыруға немесе дәлелдеуді қажет етпейтін жалпыға белгілі мән-жайлар болуға тиіс. Дәлелдеменің қатыстылығы туралы норманың орындалуы бірқатар іс жүргізу кепілдіктерімен қамтамасыз етілген. Қаралатын іске қатысы бар дәлелдемелерді (нақты деректерді) сот осы көзқарас тұрғысынан оларды сот отырысында зерттеу барысында зерделейді және олар төмендегілер арқылы анықталады:
- іске қатысушы адамдардың, талапкердің және үшінші тұлғалардың түсініктемелері;
- куәлардың айғақтары;
- заттай дәлелдемелер;
- сараптама қорытындысы;
- іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары;
- басқа құжаттар - іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар.
Erep іс бойынша дәлелдемелер
- Азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген тәртіпте алынған болса;
- тек заңмен ғана көзделетін дәлелдемелермен расталатын болса, олар жарамды деп сана лады.
Заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып алынған, нақты деректердің растығына эсер еткен немесе эсер етуі мүмкін болған жарамсыз дәлелдемелер болып табылады. Мұндай дәлелдемелерге соның ішінде төмендегі жолдармен алынған дәлелдемелер жатады:
- күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс- әрекеттерді қолдана отырып;
- іске қатысушы адамға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеудің, оларды толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған осы адамның жаңылуын пайдалана отырып;
- азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу әрекетін жүргізуіне байланысты;
- қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;
- іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып; белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден алынған болса;
дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса. Сот нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы шешімді не өзінің бастамасы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтінімі бойынша қабылдайды. Бұл туралы сот отырысында өтінім мәлімделген кезде әдетте сот не аталған өтінімді қарайды және дәлелдемені шығарып тастау туралы белек ұйғарым қабылдайды немесе істің мәні бойынша шығарылған шешімде осы дәлелдемеге баға береді.
- Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер
- заңдық күші жоқ;
- іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды;
- заңның бұзылу фактісін және оны бұзуға жол берген тұлғаның кінәлілігін растай алады [3]
Дәлелдемелердің жарамсыздығы туралы ережелер көбінесе даулы қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормаларын қолдануға байланысты жеке істер бойынша қолданылады. Судья дәлелдемелерді осы тұрғыдан бағалаған кезде пайда болған даудың құқыкпық сипатын айқындауға, содан кейін материалдық құқық нормаларын қолдануға міндетті.Сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті [4]
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының құқықтық негізі азаматтық іс жүргізу заңдарына және сот жүйесін сондай-ақ сот орындаушыларының құқықтық мәртебесіне тікелей байланысты. Азаматтық қоғамда заңдылықтың үстем болуына кепілдік ретінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басты назарда ұстау үшін соттардың шығарған заңға негізделген шешімдері мен оларды орындауды жүзеге асыру органдарының қызметіне тікелей байланыстылығынан көруге болады. Барлық нормативтік құқықтық актілер заңдылық пен әділеттілікке бағытталуы тиіс екенін қоғамдық-құқықтық тұрғыда дәлелденді деуге болады.Сот актілерінің орындалу деңгейі халықтың әділеттілікке сенуіне жол береді. Адам құқықтарының сақталуы және мүдделерінің тиісті деңгейде қорғалуы сот өндірісінің шешілуінен көрінеді.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж.
- Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы". 25 желтоқсан, 2002 ж.
- ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі 13-шілде 2015 ж.
- Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы ҚРЗ., 30-маусым, 1998 ж.