Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарабау 3 обасындағы қазба

Қарабау 3 обасы. GPS координаты: N 48°32. 272; EO 52° 56. 271. Қарабау ауылынан 9, 8 км., қашықта,Оба 2 - нің солтүстігінде IOO метр жерде орналасқан. Обаның көлемі: диаметрі - 45 метр, биіктігі - 1,5 метр. Сыртындағы орының ені - 6 метр, тереңдігі- 0,5 м. Батыс жағында ор қазылмған ені 6 метрлік жол бар[2]. Ісызба. 1 сурет. 2017 жылғы 1-12 маусым аралығында қазба жұмыстары жүргізді. Қазбажұмысына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, тарих мамандығының 1-3 курс студенттері практика кезеңінде археологиялық қазбаға қатысты [3].

Қарабау обалары тобы 5 обадан тұрады. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылының солтүстігінде 8 км., қашықта, жазық алқапта орналасқан. Құмшағылдар арасындағы сазды - құмайты алаңқайда тізбектеліп жатыр. Олар сазды құмайты топырақтан үйілген, үстін шөп басқан. Олардың сырты ормен қоршалған. 2005 жылы ашылған.

2007 жылы Қарабау 3 обасына археологиялық зерттеу жұмысы жүргізілді. Обалардың жобасы алынды. Оба 3 - ке кесінді қазба салынып, оның жоғарғы қабатының жабындысы анықталды. Қазба кезінде оның қабатынан ағаш пен қамыстың жабынды қабаты анықталды [4].

Оларға жеке сипаттама жасайық.

Қарабау 1 обасы. GPS координаты: N 48° 32, 146; EO 52° 55, 152. Оның пішіні дөңгелек келген, көлемі: диаметрі 62 м., биіктігі 2 м. Айналдыра ені 7 м., тереңдігі 1 м., болатын ормен қоршалған. Қорған топырақтан үйілген. Оңтүстік жағында ор қазылмған 3 метрлік қақпа жол бар.

Қарабау 2 обасы. GPS координаты N 48°31. 895; EO 52° 55. 627. Оба 1 солтүстігінде 100 метр қашықта орналасқан. Обаның көлемі: диаметрі - 70 метр, биіктігі - 4 метр. Сыртындағы орының ені - 6 метр, тереңдігі -1 м. Ортасында терең ойыс шұңқыр бар, диаметрі -15 метр, тереңдігі 1 метр.

Қарабау 3 обасы.GPS координаты N 48°32. 272; EO 52° 56. 271. Оба 2 солтүстігінде 100 метр қашықта орналасқан. Обаның көлемі: диаметрі - 45 метр, биіктігі - 1,5 метр. Сыртындағы орының ені - 6 метр, тереңдігі- 0,5 м. Батыс жағында ор қазылмған ені 6 метрлік қақпа жол бар. І-ІІсызба. 1 сурет.

Қарабау 4 обасы. GPS координаты N 48°32. 262; EO 52° 56. 211. Оба 3 солтүстігінде 100 метр қашықта орналасқан. Обаның көлемі: диаметрі -21 метр, биіктігі - 0,5 метр. V сызба.

Қарабау 5 обасы. GPS координаты N 48°32. 262; EO 52° 56. 211. Оба 4 солтүстігінде 10 метр қашықта орналасқан. Обаның көлемі: диаметрі -23 метр, биіктігі - 0,3 метр.

Қарабау 3 обасындағы қазба жумысы.Обаның көлемі: диаметрі -45 метр, биіктігі - 1,5 метр. Сыртындағы орының ені - 6 метр, тереңдігі - 0,5 м.Батыс жағында ор қазылмған ені 6 метрлік қақпа жол бар. I-II сызба. 1-10 сурет.

Беткі қабатын өсімдік жамылғысы басқан. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт құмдақты, сары топырақтан тұрады. Солтүстік бөлігіне қазба салынды. Шығыстан батысқа қарай оба ортасына ені 4 метр кесінді қазба салынды. Беткі қабаты бульдозер көмегімен алынды. Ол жер қабатына дейін 1,5 метр қалыңдықта қазылды.

1,30 метрден соң, қалыңдығы 10 см., болатын қоңыр түсті ағаш шірінді қабаты жапқан. Одан төмен 10 см., ден соң қамыс пен шөп жабынды шірінді топырақ қабаты қабаты жапқан. Бұл қабір бетін жапқан жабынды болған. 2-5 сурет.

Оба ортасынан 3 қабір орны анықталды. Олар екеуіне қазба жұмысы жүргізіліп толық тазартылды.

Қабір 1. Оба ортасында диаметрі 4 метр болатын қабір байқалды. 2 метр тереңдіктен соң шашылған адам және мал сүйектері ұшырасады. Қабырдің сыртқы қабырғасын мен көлемін дәл анықтау мүнкін емес өйткені сусымалы құмайты топырақ опрылып құлаумен, қабір шекарасын жойған. Қабір ортасынан қар түсті құмыра табылды. Ол қаты қирап сынған. 8 сурет.

300 жуық қола жебе ұштары бір жерде шоғырланып жатыр. Олардың кейбіреулерінің ұнғымаларында ағаш сабтарының қалдықтары сақталған. 6 сурет.

Он ың маңында қола айна және тасбақа сауыт сүйегі алынды. 7,11 сурет.

Қабір ішінен адам мен мал сүйектерінің қалдықтары ретсіз шашылып жатыр. Сонымен бірге нашар сақталған темір найза ұшы, темір қалдықтары шықты. Күлдің де қалдықтары ұшырасады. Қабір тонауға ұшыраған, Оңтүстік батыс тұсынан жер деңгейінен қойдың жауырын сүйегі шықты. Бұл құрбандықа шалынған мал сүйегі болса керек.

Қабір 2. Қабір 1 шығысынан 2 метр қашықта жатыр. Оның бетін ағаш және қамыспен жапқан. 2 метр тереңдіктен, диаметрі - 2,4 метр қабірден 2 адам қаңқасы шықты. Бастары солтүстіке қараған. Ep мен әйел сүйектері жақсы сақталған.

Қабір табанынан 7 жерден тіреу бағананың ойықтары сақталған. Диаметрлері 10-15 см. Бұл құмайты қабір қабырғасын қаланған қамыс бойраны тіреп ұстаған тіреу бағаналар қадалған орны. Сонымен бірге қабір төбесін жапқан жабынды қамысты да ұстап тұрған. Жабындың қалындығы 25 см. 9 -10 сурет.

Ep адам шалқасынан жатыр, қолдары шынтағынан бүгіліп, екі жанына созылып қойылған, аяқтары тізелерінен сәл бүгіліп талтайып қойлған. Бойы 1,75 м. Аяғының ұшынан диаметрі - 1-1,5 см., болатын 3 моншақ табылды.10 сурет.

Әйел адам. Бойы 1,60 м. Шалқасынан жатыр. Қолдары екі жанына созылып қойылған, аяқтары тізелерінен сәл бүгіліп талтайып қойлған. Оң құлағы тұсынан алтын салпыншақ, сол иығы тұсынан 3 алтын жұқа дөңгелек қаңылтыр табылды, диаметрлері - 2 мм. Аяғының басынан диаметрі - 3-4 мм., болатын әр түсті және әр түрлі 100 жуық майда моншақтар табылды. Табаны тұсынан көлемі 10 х12 см., қалыңдығы 2,5 см., әктас табылды. 10 сурет.

2 қабірдің шығысынан жатқан «3 қабір» жартылай тазаланып, кескіні анықталып, адамдар қаңқалары шықты. Қабір толық қазылған жоқ.

Іқабірден шықан заттарға сипатама жасайық.

Қыш көзе. Биіктігі 36 см., ернеуінің диаметрі 18 см., түбінің диаметрі 15 см., бүйірінің диаметрі 30 см. Бүйірлі болып, ернеуі сәл сыртқа қайырлған. Мойын тұсына тұтқа орналасқан, жуандығы 2 см., ұзындығы 11 см. Сырты жылтыр, сапалы жасалған. Сазына құм қосылып жасалған, қара түсті. 8 сурет.

Қола айна. Диаметрі: 15 см, қалыңдығы 0,3 см. болды. Тұтқа ұзындығы 8 см., ені 2- 2,5 см. Артқы бетіне сызықты 4 шеңбер салынған. Нашар сақталған. 11 сурет.

Темір шар. Көлемі: 3,5 х 2,5 см. Бір бүйірі кесілген. 11 сурет.

Қола жапсырма. Диаметрі: 3 см., қалыңдығы- 0,6 см.11 сурет.

Сүйек жапсырма. Ұзындығы 4 см., ені Ісм. Бетінде шеңберлі оюлары бар. 11 сурет.

Қола жебелер. 300 дана. Үш қырлы болып жасалған. Ағаш саптарының қалдықтары нашар сақталып, түптері ғана қалған.12-14 сурет.

Темірден жасалған заттар. Үзенгі сынығы, тоға, темір кездік т .6. темір заттар қалдықтары жиналды. Нашар сақталған. 15-16 сурет.

Найза ұшы. Темір. Сақталған ұзындығы- 25 см, диаметрі -3 см., қалыңдығы - 1см. Нашар сақталған. 16 сурет.

2 қабір заттары:

Алтын салпыншақ. Ұзындығы 4 см., түтік түрінде жасалған 4-1 см., басы жапырақ түрінде өрнектелген. 17 сурет.

Алтын жапсырмалар. 3 дана. Диаметрі 0,5 см, қалыңдығы 1 мм. болады. 17 сурет.

Өңделген тас. Көлемі: 3x2 см., қалыңдығы 1,5 см. Жартылай сынған. Ақшыл сары түсті. Беті мен қыр тегістеліп, жылтыратылған, сәнделген.17 сурет.

Моншақ ақық (сердолик). Қызғылт түсті.Ұзындығы 2,5 см. Диаметрі 0.5 - 1,2 см.18 сурет.

Моншақ. Паста. Қара түсті.Диаметрі 1,5 -1,2 см.18 сурет.

Моншақ. Паста. Көлемі 1,1-1,2 см. Қара түсті. Бетіне өрнек салынған.18 сурет.

Моншақ. Паста. Көлемі - 2 см. Қара түсті. Бетіне ақ шеңбер өрнектер салынған.18 сурет.

Моншақ. Паста. Ұзындығы 2см, диаметрі 0,8 см. Қара түсті.18 сурет.

Моншак- Диаметрі Ісм. Ақ түсті. Жартысы сынған.17 сурет.

Моншақтар майда. 300 дана. Диаметрі 1-4 мм. Әр түрлі пішінде. Ақ, сары, көк, жасыл, қара, түсті. Тастан, минаралдан, т. б. затардан жасалған.19 сурет.

Әктас. Көлемі: 10x12 см, қалыңдығы 2,5 см.

Ақ хрустал. Өңделген. Көлемі: Ix 2 см.

Қоңырау. Қола, көлемі: биіктігі 1,5 см., диаметрі 2,5 см.

Ұршық бас. Диаметрі 4 см, қалыңдығы, 0,6 см. Қара түсті қыш.

Қарбау 3 обасына жүргізілген археологиялық қазбадан табылған деректер, бұл обаның біздің эрамызға дейін II ғасырларда болғанын айғақтайды. Каспий ойпатында және Жайық, Ойыл, Сағыз, Жем өзендері өңірінде сармат кезеңінің обалары жүздеп кездеседі. Сарматтар б.з.б. VII ғасырдан б.з. IV ғасырына дейін ұланғайыр территорияны мекендеп, кейін Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтар құрамына енген.

Тайпалар орналасуы әлі толық зерттелмеген. Қазақстанның Батые аудандарының ескерткіштері, орталығы Солтүстік Каспий маңында болған, аттары б.з.б. II ғасырда грек-рим тарихшыларына жақсы мәлім аорстар мен роксоландардың арғы аталарына тән болуы керек деген болжам бар.

Сарматтар әлемі тарихта әлі жүйелі зерттелмеген бір сала. Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарының территориясындағы әуелгі темір дәуірінің бізге белгілі ескерткіштерінің бәрі екі тарихи кезеңге - б.з.б. VII-V және б.э.д. IV-II ғасырларға жатады.

Біріншілері шартты түрде савромат мәдениетінің ескерткіштері деген атпен біріктірілген, екіншілері соңғы кездегі грек деректемелеріндегі сарматтарға жатқызылады. Археологияда б.з.б. IV-II ғасырлардың ескерткіштерін алғашқы қазба жұмыстары жүргізілген жердің атымен Прохоров ескерткіштері деп те атайды.

Қарабау 3 обасындағы Іқабір б. э. д., II ғ. сармат обасы болған.Ал, 2 және 3 қабірлер кейінен, сарматобасына жерленген X - XI ғасырдағы молаларға жатады.

Қорыта келгенде Қарабау жеріндегі 100 жуық обалар бар. Олар қола, темір және ортағасыр дәуірлері уақытына жатады. Келешектегі археологиялық зерттеулер өңірдегі ескерткіштер туралы толығырақ мәліметтер бермек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндедегі археологиялық зерттеу жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының 2006 жылғы есебі. Атырау - 2007 ж. (Касенов М.С.).
  2. Қарабау обасындағы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысының 2007 жылғы есебі. (Касенов М.С.).
  3. Атырау облысы Қызылқоға ауданы жеріндегі Қарабау аулындағыҚарабау Зобасында жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. Атырау, 2018 ж.
  4. Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылқоға, және Индер аудандары. Атырау- Алматы, 2012. № 60. 63 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.