Халқымыздың өзіндік болмысын тануда тіліміздегі мақал - мәтелдердің атқаратын рөлі ерекше. Өйткені мақал - мәтелдердің көпшілігі ғасырлар бойына ұрпақтан ұрпаққа ауысқан, екшелген, сұрыпталған халық даналығының баға жетпес асыл қоры, қазынасы. Ана тіліміздегі мақал - мәтелдердің мән - мағынасына зерделі көзбен қарап, ой елегінен өткізген адал халқымыздың өткен өмірін, тұрмыс- тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет - ғұрпын, салт - санасын көзбен көріп, қолмен ұстағандай күй кешеді, бабалар рухына бас иеді.
Тіліміздегі мақал-мәтелдерді тек зерделеп ғана қоймай, оны жан - жақты зерттеген көрнекті ғалым, академик Ә.Қайдар: «Мақал - мәтелдер халықтың атам заманғы өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын «алтын арқау»; «олар - рухани, мәдени салт - дәстүрді жалғастырудың адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден - бір кепілі. Бұл қазына байлықтан айырылған этникалық қауым - өзінің өткен өмірінен айырылды деген сөз, ондай қауымның болашағы да жоқ » [50, 94 - бет]
Осы тұжырымды негізге ала отырып, тіліміздегі кейбір мақал - мәтелдерге лексика - семантикалық тұрғыдан сипаттама бергіміз келеді. Мақал - мәтелдердегі архаизм сөздерді лексика - семантикалық жағынан мынадай түрлері бар: мата - кездеме, тамақ, киім - кешек, ыдыс - аяқ, лауазымына, кәсібіне, ай аттары, діни ұғымға, мінезіне т.б.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын неше алуан өзгерістер сөздік құрамның дамуына да түрлі-түрлі эсер етіп отырады. Көп жағдайда тілдің лексикасы жаңа сөздердің есебінен кемелденіп үнемі толығып отырса, енді бір ретте кейбір сөздердің тозығы жетіп көнеруіне әкеп соғады. Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес, әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан, жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмытыла бастайды. Бара - бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкін. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаизмдер және историзмдер болып екі салаға бөлінеді. Архаизмдерге әр халықтың күн көріс тіршілігіне, салт- сана тұрмысына, әдет - ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер тарихи сөздер яғни историзмдер деп аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен байланысты болады.
Мата - кездеме атауларына байланысты архаизмдер
1. Тоқсан қабат торқадан,
Тотышағым терісі артық. Торқа - қымбат бағалы селдір, жібек мата. [4, 812- бет]
Торңа кенеп; бұл сөз бұрын жібек мағынасында қолданылатын. «Диван Луғат - и тюрікте» де торқа - жібек. Осы сөз шаруашылық турлерінің дамуына байланысты кейбір аудандарда (Жалағаш т.б.) кенеп мағынасында да қолданылады. [5,113-бет]
2. Аркауын көріп безін ал, анасын көріп қызын ал.
Арқау - тоқыманың көлденең жібі, арқаулық. [1, 33 - бет]
Бөз - қолдан мақтадан тоқылатын мата. [4,141 - бет]
Тамақ атауларына байланысты архаизмдер
1. Қырсыққанда кымыраніриді. Қымыран - түйе сүтінен жасалған тағам, әрі шипалық қасиеті күшті сусын, шұбат. [ 4, 559 - бет ] Қымыран - ашыған айранға піскен сүт қосып сұйытылған сусын. Кей жерлерде шұбатты қымыран дейді. [1, 275 - бет]
2. Сүтке сүт қосылса сумесін болады,
Сөзге сөз қосылса демесін болады.
Сүмесін бұл күнде біршама түсінікті сияқты, сөздіктерде ол «сүт, ақ» дегенді білдіреді. Мұнда сөз түбірі суме - 1) сауын малының желіні, 2) сүт өнімі деп көрсетілген. Демек, бұл түбірге - сін деген түркілік жұрнақ жалғанып, «сүт өнімінен жасалған сұйық тағам» дегенді білдіретін болған болар. Қостанай, Маңғыстау, Атырау тұрғындары сүмесін деп «шалапты» атайды деп тіркелген. Қазақ, қырғыз тілдерінде сүмесін - деп жалпы тағамды атайтын да болса керек. Қырғыздар сүмесін мен сүмөлөк дейді, ол 1) ұн араластырып жасаған быламық және 2) нан тағам деп көрсетіледі. Бұл мақалда «ас болады» дегенді айтқан болар. [18, ZJ - бет ]
Адамның лауазымына, кәсібіне байланысты архаизмдер
1. Иттің жауы дуана,
Келіннің жауы кейуана,
Кейуана - Ақыл тоқтатқан, жасы ұлғайған ақ ниетті әйел. (2) Кемпір, енеке, кемпес. (3) Ауысп. Мейірлі, шапағатты, керқана. [1, 194 - бет]
2. Жарлы - жомарт,
Бай - нэмэрт,
Нәмәрт - тексіз, жетесіз, айтқан сөзінде тұрмайтын опасыз, сараң. [1, 310- бет]
Киім - кешек атауларына қатысты архаизмдер
1. Ерді кебенек ішінде таны.
Кебенектің екі түрі болуына байланысты бұл мақалдың да екі түрлі мағынасы бар деп жобаланады. Біреуі - отарда мал бағушы малшылардың жауын - шашында киетін жұқа қара, не ақ киізден арнайы тігілген, бүкіл денесін түгелдей жауып тұратын сырт киім. Кедей-кепшік болса да, малшының нағыз жігіт екенін бүкіл денесін жауып тұратын осы киім (бурка) ішінен де тануға болатыны айтылса, екіншісінде- темір сауытқа қолы жете бермейтін сарбаздар кез - келген сәтте сапқа тұруға дайын азаматтарды киізге құм, қылшық қосып басқан тас кебенек киіп, жауға қарсы күш-қайратын, өжеттігін, ерлігін көрсеткен сәтінде де тануға болатыны айтылып тұр. Қысқасы, бұл ердің ерлігін киген киімінен сауыт-сайманынан емес, өз басының батырлығы мен батырлығынан тануға болады деген сөз. [34, 267 - бет ]
2. Қолында өнері бардың белінде кемерібао.
Кемер - (парсы сөзі) әшекейлі жалпақ белбеу. [1,195 - бет]
Ыдыс - аяң атауларына байланысты архаизмдер
І.Асы жоқ алтын аяқтан,
Ай раны бар тоста к а рты к.
Талдырмаш таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Тостақ - тостаған. [1, 385 - бет] Тостаған - ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс. Көне дәуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез-келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары тапшы болғаны тарихтан белгілі.
2. Мәжіліске қарай ғауғамыз.
Құдығымызға қарай кауғамыз, Кауға - құдықта су тартып алуға арналған көнтеріден жасалған шелек. [ 4,496 - бет ]
Ай аттары, діни ұғымға қатысты архаизмдер
- .Өгіз қарын майыңды,
Өлгенде бастаймысың?
Көкек айы туған соң,
Итке тастаймысың? Көкек - ескіше жылдың төртінші айының аты. [4, 408 - бет]
- . Май - эулие. майсыз жарылқайтын
Қай эулие,
Әулие - құдай жолын қуып, дін уағыздаушы адам.Айтқаны келетін сәуегей адам.[4, 94 - бет ]
Әскери атақ пен қару - жараққа ңатысты тарихи сөздер
- Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағыменжаоасты.
Жарақ - әскери қару, соғыс жабдықтары, қару - жарақ. [4, 270 - бет]
Шын мәнісінде «жарақ» жалпы атау емес, белгілі бір құралға меншіктелген сөз екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне назар аударғанда білеміз, йараң немесе йарық - батырлар киетін сауыт. Кейбір деректеріне қарағанда «қару» сөзінің де жаугершілік кезінде қолданылатын белгілі бір құралға тән екендігін байқау қиын емес. Ертедегі жазба ескерткіште ңарвы йа - иіліп жасалған садақ, жақ. Осы тұлғалас сөздің ауыс мағынасын монгол тілінен табамыз: харвуул - садақ оғы. [56, 107 - бет ]
- Бесатаобелдескенде де керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.
Бесатар - ұңғысы иір ойықты бес оқты мылтық. [4,128 - бет ]
Әкімшілік басңарумен байланысты туған тарихи сөздер
і.Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан,
Жаушы - соғыс хабаршысы. [1, 154 - бет] Жаушы деп ертеректе құда түсетін адамды атаған. [11, 60 - бет] Бұл мақалда екі елдің арасындағы дау-дамай, жоқ іздеу, құда түсу т.б. қатынастың дұрыс шешілуі де, дұрыс шешілмей екі ел арасының өзара жауығуы да жаушының шеберлігіне, тапқырлығына байланысты; сондай-ақ екі елдің арасын бітістіру, жақындастыру сол елдер арасында жүрген елшінің ақыл-парасатына байланысты. [34, 334 - бет]
- Эр ханнынтұсында,
Бір суркылтай, Суркылтэй - ханның жағымпаз қол шоқпары, пәлелі жағымпаз. [1, 354-бет]
Осы мәтелдегі сурңылтай сөзінің мән - мағынасын екінің бірі біле бермейді. Сұрқылтай сөзінің мағынасы «ханның кеңесшісі, ақылшысы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны» дегенді білдірген. Сұрқылтай сөзінің шығу төркінін белгілі ғалым Р.Сыздықова былайша өрбітеді: «Бұл сөздің түбірі монғолдың 1) «оқыту», 2) «бір нәрсеге үйрету», 3)«тәрбиелеу» мағыналарындағы сурга (х) сөзі болу керек. Сургаал сөзі «ілім» мағынасын, сургууль сөзі 1) «мектеп, училище», 2) «оқу, үйрету, оқыту» дегенді білдіреді, ал - тай монгол тілінде сын есім тудыратын жұрнақ. Сонда сургаалтай (сургултай) қазақша сұрқылтай «үйретуші (ақыл - кеңес беруші)» деген сөз болып шығады ». [10,143 - бет]
- Аузында әзілі жоқтың, қолында келтегі бар.
Келтек - шоқпардың қысқа, шағын түрі.2. Жуан таяқ. [4, 380 - бет]
Бұл сөздің «қару» мағынасы мән мәтіннен де, сөз семантикасынан да аңғарылады: қолға ұстайтындай шағын (келте) етіп кесіп алған ағаш бұтағы. Келте (қысқа) сын есіміне зат есім тудыратын - к жұрнағы жалғанып келтек болып қолданылуы дұрысы болса керек. Өлең шартына қарай келте варианты да қолданыла берген. [18, 61 - бет ]
- Канжаошыкты - қан шықты.
Қанжар - екі жүзді, ұшы үшкір, пышақ сияқты қысқа сапты қару. Көбінесе болаттан соғылады. [7, 265 - бет ]
- Аузында әзілі жоқтың,
Қолында кол шокпаоы бар. Қол шоңпар - қару ретінде пайдаланылатын басы жұдырықтай таяқ. Ауысп. біреудің сойылын соғатын адам.
Ұлттық мәдениет, болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын а на тілі байлығынан мақал-мәтел адамзатқа ой-өрісін, пікір-көзқарасын, әлемді түсініп- түйсінуін мейлінше толық, барынша ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді. Сондықтан да лайықты пайдаланылған мақал-мәтел арқылы берілген информациясының адресатқа, оқырманға жетуі, сайып келгенде, оны ойландырып, оның көңілінде түрлі ассоциациялар туғызуы, оның рухани деңгейін көтеріп, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, жан-жақты жарасымды дамуына қызмет етеді, сол арқылы қоғамды жақсартуға, жетілдіре беруге үлес қосады.
Халқымыздың ғасырлар бойы ширатып, шыңдап келе жатқан санасының шарықтау шегі, көркем сөздің сақадай сараланып, сай тұрған салмақтысы, ойымызға ұйытқы болған мәйегі мақал-мәтелдер десек, сол мақал-мәтелдердің біздің өмірімізде атқаратын игілікті істері де сан алуан. Мақал-мәтел о бастан елмен бірге жасап, жадында сақталып келе жатқан даналықтың қайнар бұлағы, сол даналықты атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа арқалап, шашып-төкпей, сыр шығармай, ширата- шынықтыра жеткізіп отырған халқымыздың асыл мұрасы, ата-бабаларымыздың бүгінгі болашақтағы мұрагерлеріне қалдырған, оның жазылмай келе жатқан тарихынан мол сыр шертер жәдігері, рухани-мәдени ғұмырымыз бен ұлттық салт- дәстүріміздің ел жадындағы шежіресі.
Қорыта айтқанда, жоғарыда сөз еткен мақал-мәтелдер құрамындағы мән- мағыналары көмескі тартып, ұмыт бола бастаған көне сөздердің өн бойынан ата- бабаларымыздың өткен өмірін, тұрмыс-тіршілігін біліп қана қоймаймыз, халықтық болмысын, ұлттық танымын танимыз.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай тарихи сөздер және архаизмдер деп іштей екіге жіктелетіні белгілі. Қазақ тілінде көнерген сөздер мәселесі ертеректе А.Махмудов тарапынан арнайы зерттелді. Одан бері де жарты ғасырға жуық уақыт өтті. Бұл мәселені әлі де жан-жақты, әр түрлі аспектіде қарастырудың маңызы бар деп білеміз. Қазақ тіл білімінде көнерген сөздердің көмескіленген мағыналарын ашуға, көне атаулардың этимологиясын, этнолингвистикалық табиғатын тануға арналған жекелеген зерттеу еңбектері, ғылыми мақалалар бар. 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін», академик Ә.Қайдардың «Структура односложных корней и основ в казахском языке» (А., 1986), Р.Сыздықтың 1980, 1994, 2004 жылдары уш марте басылған «Сөздер сөйлейді», филология ғылымдарының докторы Ә.Нұрмағамбетовтің «Бес жуз бес сез» (А., 1994) еңбектері мен езге де осы мәселеге тікелей және жанама қатысы бар ғылыми мақалаларды солардың қатарына қосуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
- Қайыржан Кәкеш «Сөз - сандық », Алматы: «Өнер» баспасы, 2013ж, 480 - б.
- Жанұзақов Т. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Алматы: Дайк-Пресс, 2008ж, 968 - б.
- Досқараев Ж. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері», Алматы: «Қазақ CCP Ғылым академиясының» баспасы, 1955ж, 155 -б.
- Қайдар Ә. «Халық даналығы » (қазақ мақал - мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу ), Алматы, 2004, 7,177, 91-94 бб.
- Қайдар Ә. «Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік II том, Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2013ж, 728 - бет.