Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Райымтөбе обаларындағы археологиялық зерттеулер

Мақалада Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық мекенінен солтүстік- шығысқа қарай орналасқан Райымтөбе обаларындағы археологиялық зерттеулер баяндалады. Бұл оба Жайық өзенінен 10 км., қашықта орналасқан. Жайық өзені өңірінде қазіргі кезеңде жүздеген обалар белгілі. Олар сонау қола дәуірінен бастап, ортағасыр кезеңін дейінгі уақыты қамтыған. Сонымен бірге ерте темір кезеңінің обалары да жеткілікті. Қазіргі кезеңде ондаған обалар қазылды. Бірақ олардың көбісі ерте кезден ақ тоналған. Соның бірі баяндалып отырған қабір. Ол, «кенотаф» болған болған[1].

Райымтөбе обасы - кординаты: N47°59.233; Е051°47.008. Атырау облысы, Махамбетауданы, Ақжайық мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 20 км., қашықта орналасқан.

2016 жылғы 1 маусым - 30 шілде аралығында қазба жұмыстары жүргізді. Қазбажұмысына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, тарих мамандығының 1- 3 курс студенттері практика кезеңінде археологиялық қазбаға қатысты. 1 сурет.

Райымтөбе 1 обасының: диаметрі -75 метр,биіктігі - 1,40 метр.Сыртындағы орының ені - 7 метр, тереңдігі -0,5 м. Беткі қабатын өсімдік жамылғысы басқан. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт құмдақты, сұр құмайты топырақтан тұрады[2].

Беткі қабаты бульдозер көмегімен алынды. Қорған ортасына C-O қарай ені 1 метрлік кесінді қабат қалдырылды. Кесінді қабаттан біркелкі топырақ қабаты ғана байқалады. Кесінді қазбадан ешқандай қабат немесе ерекше топырақ жамылғысы байқалмайды. 2-8 сурет.

Оңтүстік батыс тұсынан жер деңгейінен қойдың сүйектері шықты. Бұл құрбандықа шалынған мал сүйегі болған. Оба ортасынан 1 метр тереңдіктен құс, ірі қара малдың омыртқа сүйектері шықты. Жылқының жақсы сақталған бас сүйегі табылды. Топырақ арасынан шіріген ағаш қалдықтары, қыш ыдыс сынықтары, темір мен қола қалдықтары мен майда сүйек қалдықтары ұшырасады.

Обаның жоғарғы қабаты, жер деңгейіне дейін алынған соң, қорған үсті тазартылды. Жер деңгейіне бетінен, диаметрі 6 метр шұңқыр шеңбері анықталды.

2,5 метр тереңдіке дейін тазартылған апан шұңқыр ортасынан, ені 2,5 хЗ метр болатын қабір ауызы ашылды. Оны бетін қалыңдығы 90 см., құм қабаты басып жатыр. Одан соң оны1,6 метр тереңдікте дейін топырақты тазартқан соң қабір шұңқырының түбі ашылды[3].

Оның көлемі: 1,60 х 1 метр. Қабір іші бос. Сонымен 4 метрлік тереңдіке жерленген қабір толықтай ашылды. Ешқандай заттар мен сүйек жоқ.

Обаның беткі топырақ арасынан жұқа сүйек қалақша табылды. Бетіне өрнек салынған.

Сүйек қалақша. Бетінде сызып салған ою - өрнегі бар сүйек қалақша. Бет жақсы тегістеліп өңделген. Көлемі: 7 х 3,5 см., қалыңдығы - 2 мм.9 - сурет. Райымтөбе 1 обасында жүргізілген археологиялық қазбадан табылған деректер, бұл обаның біздің эрамызға дейін II ғасырларда болғанын айғақтайды.

Райымтөбе 2 обасы. Райым 1 обасының батыс жағында 2,5 км., қашықта, канал жағасынан 200 м., жерде, диаметрі 25 метр, биіктігі 0,5 метр болатын оба қазылды. 1,10 м., тереңдіктен басы шығысқа, беті оңтүстіке қараған адам қаңқасы табылды. Бойы 1,60 м. Қолдары шынтағынан бүктелген, аяқтары тізесінен бүктеліп бауырына алынған. Сол жағымен жатыр. Жанында заттары жоқ. Қола дәуріне жатады. 10-12 сурет.

Райымтөбеқорғанына жүргізілген археологиялық қазбадан табылған деректер, бұл обаның біздің эрамызға дейін II ғасырларда болғанын айғақтайды.Каспий ойпаты мен Атырау жерінде сармат кезеңінің ескерткішітері көптеп кездеседі. Сармат тұрақтары, обалары Батыс Қазақстан жерінде жүздеп саналады. Сарматтар өз заманында сән-салтанатты, қайталанбас мәдениетті болған, саяси-қоғамдық орны бар мемлекет болған. Өз отанында олардың төл мәдениеті дамып, өнер мен мәдениеттің жоғарғы сатысына жетті. Олардың мәдениеті көшіп- қону, сауда-саттық, соғыс-жорықтары арқылы Евразия, Қаратеңіз маңындағы елдерге та рады [4].

Сарматтар б.з.б. VII ғасырдан б.з. IV ғасырына дейін ұланғайыр территорияны мекендеп, кейін Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтар құрамына енген.

Сармат қоғамында әйелдер өте құрметті орын алған. Ақсүйек әйелдер көсем абыздың міндетін де атқарып отырған. Құрбандық шалатын тас ыдыстар көбінесе әйелдер қабірінде ғана кездеседі. Сарматтық тас құрбандық бұйымдар екі, үш, төрт аяқты болып өте тамаша өңделіп жасалған. Олар діни салт кезіндегі қозғалмалы альтар есебінде пайдаланылған. Сарматтарда матриархат жақсы қалыптасып, әйелдер үй-ішін сақтаушы ретінде артықшылық жағдайда болды [5].

Тайпалар орналасуы әлі толық зерттелмеген. Қазақстанның Батыс аудандарының ескерткіштері, орталығы Солтүстік Каспий маңында болған, аттары б.з.б. II ғасырда Грек-рим тарихшыларына жақсы мәлім аорстар мен роксоландардың арғы аталарына тән болуы керек деген болжам бар.

Сарматтар әлемі тарихта әлі жүйелі зерттелмеген бір сала. Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарының территориясындағы әуелгі темір дәуірінің бізге белгілі ескерткіштерінің бәрі екі тарихи кезеңге - б.з.б. VII-V және IV-II ғасырларға жатады.

Біріншілері шартты түрде савромат мәдениетінің ескерткіштері деген атпен біріктірілген, екіншілері соңғы кездегі грек деректемелеріндегі сарматтарға жатқызылады. Археологияда б.з.б. IV-II ғасырлардың ескерткіштерін алғашқы қазба жұмыстары жүргізілген жердің атымен Прохоров ескерткіштері деп те атайды.

Сонау б.з.б. VIII ғасырдан б.з. IV ғасырына дейін Батые Қазақстан, Каспий ойпатында өзінің төл мәдениетін қалыптастырған савромат-сармат тайпаларының тарихы келешекте зерттеле бермек. Кезінде құнарлы, нулы, сулы алқапта савромат- сарматтар мекендеп, өздерінің жүздеген ескерткіштерін қалдырған[б].

Райымтөбе 1 обасы б. э. д., II ғ. сармат обасы болған. Ал, Райымтөбе II обасы б.э.д., X - IX ғ. қола дәуіріне жатады. Қорыта елгенде Райымтөбе жеріндегі обалар қоладан темір дәуірінен дейінгі кезеңді қамтыған. Келешектегі археологиялық зерттеулер өңірдегі ескерткіштер туралы толығырақ мәліметтер бермек.

2 сурет. Раиымтөбе 1 обасы. Үстіңп қабатын тазалау

3 сурет. Райымтөбе 1 обасы. Кесіндісі

4 сурет. Райымтөбе 1 обасы. Студенттер қазбада

5 сурет. Райымтөбе 1 обасы. Студенттер қазбада

6 сурет. Райымтөбе 1 обасы. Қабірді тазалау кезі

7 сурет. Райымтөбе 1 обасы. Қабір

8 сурет. Сүйек қалақша

9 сурет. Райымтөбе 2 обасы

10 сурет. Райымтөбе 2 обасы

11 сурет. Райымтебе 2 обасы

Әдебиеттер тізімі:

  1. АЦИА. Атырау облысы аумағында жаңадан сәулет және археология ескерткіштерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының ғылыми есебі. Атырау, 2009.
  2. Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV том. Атырау, 2013.
  3. Райымтөбе обаларында жүргізілген археологиялық қазба есебі. 2016 ж.
  4. К истории северо-восточного Прикаспия. Реестр археологических памятников области. Атырау, 1996. (Составитель В.К.Афанасьев.
  5. Граков Б.Н. Пережитки матриархата у сарматов.- ВДИ, №3,1947.
  6. Атырау облысы тарихи және мәдениет ескеркіштерінің жиынтығы. Атырау қаласы жэне Махамбет ауданы. IV том. Атырау, 2013.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.