Аңдатпа
Бул мақалада шетел тілін оқытудың маңызды элементі болып табылатын тыңдалым арқылы оқушылардың дыбыстық бейнелерді, тілдік құбылыстарды тануы және оларды түсінуі, шет тілінде тыңдаған ақпараттарын қажетті жерінде пайдаланып, қатынас жасай білу қабілет-дағдыларын арттырудың маңызы туралы айтылады.
Қазақстан Республикасының білім мазмұнында соңғы жылдары шет тілі пәнінің білім беру және тұлғаны тәрбиелеудегі орны мен рөліне, дамыту әлеуетіне елеулі мән беріліп отыр. Қазіргі уақытта ол тек сұранысқа ие пән ретінде ғана емес, білім беру мазмұнын жаңғыртудың негізгі бағыттары мен құрылымын анықтайтын бағдарламалық құжаттарда өзіндік рөлімен маңызды. Басымдық бағыттағы өзгерістер: даму және нығайту, мемлекет- аралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстар, қоғамның әлемдік қауымдастыққа енуі шетел тілдерін оқытуда мемлекетіміздің білім беру саясатына тың өзгерістер алып келді.
Шетел тілінде түсініп сөйлеуді арнайы үйрету керек. Мектеп жағдайында тыңдалым - мұғалімнің немесе диктордың, кластастарының немесе ықтимал қонақтардың сөздерін тыңдау және түсінуді білдіреді. Тыңдау дағдылары сөйлеушіні есту арқылы ғана қалыптасады. Бұл ретте, сөйлеушінің әр түрлі қарқынмен, түрлі интонациямен, әр түрлі деңгейдегі сөздерін дұрыс түсіну қажет етіледі. Тыңдау - ақпаратты естіп, қабылдау арқылы сөйлеудің түсіндіру функциясын орындайды.
Шет тіліндегі тыңдалым тақырыбы отандық және шетелдік ғалым-әдіскерлер Е. И. Пассова, И. Л. Бим, Р. П. Мильруд және т. б. ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан. Ауызша сөйлеуді тыңдап, түсіне білуді оқыту сөйлеу қызметінің күрделі түрі және маңызды мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. Дұрыс әдістемелік тұрғыда ұйымдастырылған тыңдалым (отандық және шетелдік әдіскерлердің айтуынша) шетел тілін оқыту процесінің табысты болуын анықтайды. Мәтінді тыңдай отырып оқушылар негізгі мәнін есте сақтауға тырысады. Мәтінді түсінуге оның мағыналық ұйымдастырылуы эсер етеді. Негізгі ой байқалып, қалған бөлшектері оған жанасып тұратындай әңгіме тыңдалымнан соң құрылуы тиіс. Әрине, шет тілінде сөйлеушіге оқушылар қызыға қарайды, оларды тыңдай отырып, тусінуге тырысады, ал жекелеген оқушылар қарым-қатынасқа да түсуге талпынады. Осылайша, тыңдалым - шетел тілін оқытудың маңызды элементі. Erep оқушының фонемалық есту қабілеті жақсы дамыған болса, онда тыңдалым шет тілінде түсініп, қатынас жасай білуіне ықпал етеді.
Шет тілін оқыту әдістемесінде тыңдалым оқылып жатқан тілдің елі туралы мәліметтерді, оның өмірі мен әдет-ғұрпы, халқының мерекелері мен салт-дәстүрі, яғни елтану аспектісін қолдану арқылы жүргізілсе тиімді және оқушының ой-өрісінің кеңейе түсуіне ықпал ететіні көрсетілген. Оқу үдерісінде тыңдалым әрі мақсат әрі құрал ретінде танылады. Мысалы, құралы ретінде төмендегідей пайдаланылуы мүмкін:
- оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілі ретінде;
- тілдік материалды ауызша нысанда енгізу тәсілі ретінде;
- басқа сөйлеу қызметінің түрлеріне оқыту құралы ретінде;
- білім, білік, дағдыларды бекіту және бақылау құралы ретінде. [1]
Тыңдалым - бұл ауызша сөйлеуде оқушының назарын, түсінігін және ақпаратты белсенді өңдеуін қамтитын күрделі қызмет. Ауызша сөйлеуді түсінудің психологиялық негізі - түйсік, дыбыстық бейнелерді, тілдік құбылыстарды тануы және олардың маңызын түсінуі болып табылады. [6]
Тыңдалым - бұл оқыту процесінде адамның сыртқа шығаратын "күрделі" ішкі арнайы сөйлеу қызметі. [3]
Тыңдалым - бұл үлкен зияткерлік күш салуды талап ететін белсенді процесс. [9].
Тыңдауға үйретудің ең басынан бастап мұғалімнің шет тілінде сөйлеу қарқыны қалыпты болуы тиіс. Дайындығы темен сыныптарда оқушылардың мәтін мазмұнын ұғынулары үшін, сөйлемдер мен абзацтар арасындағы үзіліс ұзақтығын арттыра отырып, ақпаратты аз мөлшерде беруге болады. Алайда, психологтардың деректері бойынша, мәтінді тыңдау ұзақтығы 1,5-3 минуттан аспауы тиіс. [4]
Көптеген мұғалімдер тыңдалым бұл тек магнитофондық жазбалар деп ойлайды, бірақ, бұл қате пікір, өйткені тыңдалым шет тілін тасушымен тікелей қарым-қатынас жасай білуінде, оның айтқанын түсінуінде. Бұл әрине, оңай шаруа емес. Қазіргі кезеңде мұғалімге шетел тілі сабағының ажырамас бөлігі тыңдалым болып табылатынын түсіну маңызды.
11-12 жаста жеткіншектерде формалды ойлау қалыптасады. Жасөспірім логикалық пайымдау арқылы әрекет етуі мүмкін. айқын немесе қол жетпейтін оқиғаларды қабылдауда өзінің жаңа бағдары арқылы елестету мүмкіндігін пайдалана алады.[10]. Міне, осы жаста балалардың даму ерекшеліктерінің қызметіне (жады, зейін, қабылдау, ойлау, болжау, түсіну) зор мән беру маңызды. Оқыту процесінде тыңдаудың 3 негізгі принциптерін атауға болады. Олар:
- Тыңдауды коммуникативтік білік ретінде оқыту. Бұл принципте мұғалім оқушылардың шет тілінде тыңдаған ақпараттарын қажетті жерінде пайдалана білу қабілет-дағдысын дамытады;
- Дәлме-дәл мәтіндерді қолдана отырып, тыңдауға оқыту. Бұл принципте оқушыға тілді тасымалдаушының ағылшын тілінің барлық ерекшеліктерін сақтай отырып, табиғи қарым-қатынас жасауды мақсат еткен мәтінді тыңдатуы;
- Тыңдауды кешенді түрде қабылдай білуге оқыту. Тыңдалым тек мәтінді тыңдау мақсатында өте сирек пайдаланылады. Әдетте, оқушылар тыңдайды және сөйлейді, тыңдайды және жазады, тыңдайды және оқиды. Тыңдалым басқа да коммуникативті дағдылармен тығыз байланысты. Олар: оқу, жазу және сөйлеу [7] Бұлардан басқа тыңдаудың белсенді, экстенсивті және қарқынды бағыттары бар.
- Белсенді тыңдалым - түсінікті және дәйекті ақпарат алуды мақсат ететін нақты қадам. Нәтижесінде оқушы тыңдағандарын түсініп, алынған ақпараттарын жинақтап, есте сақтайды. Негізінен, белсенді тыңдау - мұқият тыңдау.
- Экстенсивті тыңдалым - шетел тіліндегі тыңдалған мәтіннің жалпы мағынасын біртұтас түсіну. Экстенсивті тыңдалым барысында ақпарат ықшамдалған түрде беріледі. Негізінен экстенсивті тыңдалым - берілген мәтіннің басты мағынасын тыңдап, түсіну.
- Қарқынды тыңдалым - бұл естіген мәтін туралы тыңдалым мен өз жорамалын айту арасындағы жарыспалы жүретін жұмыс. Қарқынды тыңдалым - күрделі және басқарылатын процесс, себебі оқушылар белгілі бір танымдық мәселелерді шешуді мақсат етеді. Қарқынды тыңдалымды жақсы қабылдайтын оқушыларда ақыл және сын тұрғысынан қарай алатын қасиеті (естігені туралы еш күмінсіз өз ойлары бар) болуы тиіс. Қарқынды тыңдалым - ойша пайымдап, тұжырым жасау тыңдалымы. [2]
Тыңдауға оқыту кезінде мұғалім түрлі қиындықтарға кездеседі, бұл қиындықтарды да мұғалім жақсы білуі тиіс. Олар, негізінен:
- оқушының берік меңгеруі қажет материалдың көлемінің үлкен болуы;
- тілдік ортаның, тірек элементтерінің болмауы;
- тілдік қатынас қарқыны, баяндау тәсілінің түсінікті тұрғыда болмауы;
- мұғалімнің шет тілінде ұсынылатын мәтінді оқу кезіндегі өз сөздеріне талап қоймауы (мәнерлеп оқи алмауы, дикцияның нақты қойылмауы);
- сөздегі дыбыстар мен сөздер арасындағы айырмашылықтың айқын көрінбеуі;
- тым жеңіл аудиомәтін беру де дұрыс емес. т.б
Сондай-ақ, егер мұғалім тыңдауға оқыту қызметін бірден бастамай, ең алдымен оқушыларды тілдің кейбір бағыттарымен дағлыландырып алайын, содан соң тыңдалымға түсейін десе, қателеседі және қиындықтарға кездеседі.
Оқушылар мектеп, сынып, отбасы, достық, өмір туралы, басқа елдер, табиғат туралы аудиомәтіндерді үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Тыңдауға үйрету алғашқы сабақтан бастап, пәннің бүкіл курсының соңына дейін жүруі өте маңызды, яғни мұғалім оқушылармен шет тілінде амандасуының алғашқы минутынан бастап, сабақта қарым-қатынас орнатудың түрлі формулаларын енгізуге ынталы болуы қажет.[5]
Тыңдауға берілген мәтінді табысты меңгеруде оқушы нақтылау немесе түсіну мақсатында қайталап сұрау формуласын қолдана білуі керек. 5-6-сыныптарда негізгі назарды оқушыға таныс мазмұнды мәтінді толық түсінуін дамытуға бөлген дұрыс. Өйткені осы кезеңде оқушыда есту арқылы мағыналық қабылдаудың психологиялық механизмі және вербальды құралдар арқылы түсіну іскерлігі қалыптасады. 7-8-ші сыныптарда, тыңдалымның екі түрін атап көрсетуге болады. Олар: толық түсініп тыңдау және негізгі мазмұнын тыңдау. Ал, 8-9-шы сыныптарда қолданыстағы бағдарламаға сәйкес белгілі тілдік бірліктер арқылы қалыптасқан білікті жетілдіру, қажет болған жағдайда оларды түзету басты міндет болып табылады. Мәтіннің
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы - Вестник Атырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова № 1(48), 2018 негізгі мазмұнының құрамында белгілі бір пайызы тіпті таныс емес сөздер мен өрнектер болса да, түсініп тыңдау кезінде оқушы оны тұтастай түсінуге ұмтылуы тиіс.[8].
Оқушылармен жүргізілетін тыңдап-түсіну дайындық жаттығулары жас ерекшелік -терін ескере отырып қолданысқа кезең-кезеңмен енгізілуі қажет. Мысалы:
Тілдік есту ушін окыту жаттығулар:
- жұп сөздерді тыңда және қайтала;
- ұйқас сөздерді анықта және белгіле;
- жұп сөздерге графикалық жолмен белгілерін қой.
- фонетикалық белгі қойылған мәтінді дауыстап оқы.
Ыктималды болжауға окыту ушін пайдалануға болатын жаттығулао:
- Сын есімдерді (етістіктер) тыңдап, олармен жиі қолданылатын зат есімдерді ата;
- Оқшауланған сөздерді тыңда, есте сақта және тақырыпқа сәйкес қайта айтып бер;
- Екі-үш қысқа сөздер тізбесін тыңда, оларды бір сөйлемге біріктір.
- Түйін сөздерді қарап, аудиомәтін тақырыбын ата. Содан кейін аудиомәтінді тыңдап, өз жауабыңның дұрыстығын тексер.т.б.
Мұндай жаттығулар оқушыларға лыбыс пен әріптің арасындағы байланысты көруге, мазмұнын жеңіл қабылдауға және мәтінді жақсы еске сақтап, меңгеруге мүмкіндік береді.
Тыңдалған мәтіндегі жаттығуларды жасап болған соң, оқушылармен төмендегідей жұмыс жасалғаны тиімді:
- мәтіннің мазмұнын тізбекпен айту (тыңдалғаннан соң);
- мәтінді жалғастыру (ауызша немесе жазбаша);
- қызықты, жаңашыл, маңызды жерлерін түсіндіру;
- негізгі сөздерді немесе сөйлемдерді тірек ретінде қолданып, оқиғаны, кейпкерлердің қылықтарын бағалау;
- сұрақтарға жауап бергенде мәтінді тыңдау кезінде толтырылған схема, таблицаны тірек ретінде қолдану;
- мәтіннің мазмұнына қарай тақырып беру.
Грамматикалық құрылымды меңгертуде тілді ширату жаттығуларын қолдану қажет. Оқушылар тақырыпты өздері таңдап, бір-бірін тыңдай отырып, әңгіме құрастырады. Мұғалім оқушылардың бір-біріне кесел кетірмей, кезекпен сөйлеуін қадағалайды және сабақтың өн бойында қызығушылықтарын сақтап тұруға атсалысады.
Тыңдауға оқытудың нәтижесі мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, сөйлеуіне, техникалық оқыту құралдарын тиімді қолдануына, оқу кешені авторларының барлық нұсқауларын орындауына, жұмыстағы шығармашылық әдіс- тәсілдерді пайдалануда креативті жолдарды көре білуіне байланысты. Сонда ғана, жүйелі жүргізілген жұмыс оқушылардың шеттілін меңгерулеріне жағдай жасайды.
Шетел тілін оқытуда оқушылармен бірден сол тілде сөйлесіп, тілді тыңдап, түсінуге бағыттау маңызды. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне, дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз. Оқушының түсінуі сөйлеушінің сөзін тыңдау арқылы жүзеге асады. Ол қарым-қатынастың негізін құрайды және айтылып жатқан сөзді тыңдап, түсіну оған логикалық жауап беруді қамтиды. Тыңдап түсінуде тыңдаушы ойды анализдеу операциясын, синтез, дедукция, индукция, салыстыру, абстрактциялаулар, нақтылау, т.б. қызметтерін атқарады.
Жаңа материалды түсіндіру, тыңдату және пысықтау оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай жоспарлы, жүйелі таңдалуы тиіс. Шет тілін тыңдап, түсіну дағдыларын меңгертуде оқушының дыбыстар ағымын тани білуіне; тыңдалып отырған тілдік единицалардың мағынасын қабылдауына; тыңдалып отырған мәтіндегі ең маңызды ақпаратты іріктей білуіне назар қою керек. Тыңдау және оны түсіну қарым - қатынастың негізін құрайды, тілдік - ауызша коммуникацияны меңгеру - тыңдап, түсінуден бастау алады, өйткені мұнда бірнеше ой опера циялары орындалады. Олар: тыңдалған дыбыстарды дифференциялау, ойлау әрекетінде қорыту, тыңдау кезінде оларды есте сақтап ұстау, жобалап болжау қабілетін іске асыру және қарым - қатынас ситуацияларын ескере отырып, тыңдалған аудио материалды түсіне білу.
Тыңдау процесінде әуелі тілдік форма беріледі, соны қабылдау арқылы оқушы мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Тыңдау, түсіну, оқу өзара тығыз байланысты. Тыңдап-түсіну дағдыларынсыз шет тілін өз дәрежесінде, жетік меңгеру мүмкін емес.
Әдебиеттер тізім:
- Бабинская П.К. «Практический курс методики преподавания иностранных языков», Тетра Системе, 2005. — 210 с.
- Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика: учеб.пособие для студ.лингв.ун-тов и фак. ин. яз. высш, пед.учеб.заведений/4-е изд.,M.: Издательский центр «Академия», 2007. - С. 161 - 189.
- Гез Н.И. Типология упражнений и организация обучения аудированию в школе с преподаванием ряда предметов на иностранном языке// Иностранные языки в школе. - 1985. - № б, стр. 7-10.
- Елухина Н.В. Основные трудности аудирования и пути их преодоления // «Иностранные языки в школе». 1977. - № 1, стр. 38.
- Зайцева Л. А. Требования к аудитивному материалу, содержащему неизученную лексику // Иностранные языки в школе. -1996. - № 3, стр.15.
- Зимняя «Психология обучения иностранному языку в школе». - Издательство: Просвещение, 1991.- С. 65-67.
- Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранному языку: учебное пособие / Я.М. Колкер, Е.С. Устинова, Т.М. Енамива. - M.: Издательский центр «Академия», 2004. - С. 120 - 136.
- Крицкая И.П. Некоторые синтаксические особенности материала для аудирования / иностранные языки в школе №4. 2005. стр. 12-14.
- Мильруд Р.П. «Методика преподавания английского языка». - M., Дрофа 2005. - С.112 - 117.
- Рогова Г. В., Рабинович Ф. И., Сахарова Т.Е. «Методика обучения иностранному языку в средней школе» M., Просвещение 1991. - С. 134 - 141.