Аңдатпа
Мақалада білім беру жүйесіндегі технологиялардың шеберлігіне қойылатын талаптар және пайдалану қағидалары туралы айтылған.Технология кезеңдері, инновациялық жүйе, бастауыш білім беру саласы жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді зерттеу және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болатындығы.
«Инновация» термині ғылымға XIX ғасырда енді. XX ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.
Жаңашылдық - нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады. [3]
Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Оқушы іс-әрекетін белсендіруге негізделген педагогикалық технология |
Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқаруға негізделген педагогикалық технология |
Оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіруге негізделген педагогикалық технология |
-Тірек белгілері мен тірек конспектілері негізінде |
-Бағдарламалап оқыту; -Саралап оқыту |
-Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.Э.Эрдниев); |
Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу.Оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуы. Оқытуда туындаған экологиялық, экономикалық, әлеуметтік проблемаларды т.б анықтап, оны түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу. [4]
оқыту технологиясы
Жаңа ақпарат- коммуникативтік технологиясы;
технологиясы
технологиясы
Л.В.Зенков, Д.Давыдов). |
технологиясы (В.В.Фирсов, Н.П.Гузик); -Жекеше оқыту технологиясы (А.С.Границкая,В.Д.Шадри ков) -Оза отырып оқыту технологиясы(С. H .Лысенко ва); -Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы (И.Д.Первин, В.К.Дьяченко); -Компыотерлік оқыту технологиясы; -Модульдік оқыту технологиясы; -Мультимедиялық технология; -Жобалау технологиясы. |
-«Мэдени диалог» технологиясы; -Ойлау іс-әрекетін кезеңімен қалыптастыру теориясын жүзеге асыратын технологиясы (М.Б. Волович); -Сатылай кешенді талдау технологиясы (Н.А.Оразахынова); -Бейнетехнология. |
---|
Жаңа педагогикалық технологияны қолдана отырып, оқытуда төмендегідей басты ұстанымдарды ескеру қажет.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жағаша мұғалім болып шығады.
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нурсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі таңда алдымызға қойып отырған басты мақсат - оқушыларға тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, талантты жастарды тәрбиелей отыра, еліміздің мүддесіне қызмет етуге бағыт-бағдар беру. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. [1]
Маңыздылығы:
- Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойына жалпы азаматтық құндылықтарды үйлестіре дарыту заңдылығының қазіргі жаңа-өркениетті қоғамға өту кезеңінде айрықша мәнге ие болып отырғандығы;
- өскелең ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына ұлттық адамгершілік құндылықтарды дарыту құралы - бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде жаңа педагоги калық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға үнемі жағдай тудырып отырудың тиімділігі;
- Н.Нұрахметов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады» дейді де, автор өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі:
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей-ақ, инновациялық үрдіс ғылыми жаңалықтарды, идеяларды әлеуметтік, соның ішінде білім берудегі жаңашылдыққа алып келетін барлық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан да, ғылыми идеяларды жаңалыққа айналдыратын және осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекетті инновациялық іс-әрекет деп атаймыз.
Білім берудің негізгі бөлігі - оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Бірақ мұның өзі оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас болмақ. [2]
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану-бүгінгі күн талабы. Оқытудың жаңа технологиялары шәкірттердің білімді саналы түрде ұғынуына, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытуға оң ықпал етеді. Ал мұның өзі шәкірттердің білімді саналы түрде меңгеруіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ақыл- ойын дамытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлерін іздестіруді қажет етеді.
88
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Математика, дүниетану пәндері |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба, таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Жалау-флаг |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
— Балалар, біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз ерекше өтеді. 4 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа жұлдызша беріліп отырады.. |
||
Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет. Ережелер: І.Тыныштың саңтаймыз.
|
||
1.«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы допты лақтыру әдісі арқылы өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап алайық. Мен сендерге допты лақтырып сұрақ қоямын сендер сұраққа жауап беріп отырасыңдар. Олай болса |
89
90
91
92
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2004. -134.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзі / Егемен Қазақстан, 13 қазан 2004.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 1 наурыз 2006.
- Корнетов Г.Б. Педагогические парадигмы базовых моделей образования: Учебное пособие для студентов педагогичсеких специальностей и слушателей системы повышения квалификации работников образования. - M., 2004.
- Нұрахметов Н. Жаңаша оқыту талаптары // Қазақстан мектебі. -1997. - №1. -13-18 беттер.
- Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. -Алматы: РБК, 1999. -149 б.
- Педагогика: оқулық /Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұдымы. - Алматы: Print - S, 2003. - 304 б.
- Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогикалық негіздері. - Алматы: Білім, 2009. - 424 б.
- Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. -M.: Педагогика, 1989. -192 с.
- Шаталов В.Ф. Педагогическая проза. -M.: Педагогика.-198с.-540 б.