Андатпа
Мақала Алаш қозғалысының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың т.б азаттық, теңдік, бостандық, тәуелсіз ұлттық мемлекетті құру жолындағы күрестеріне негіз болған Алаш идеясына арналған. Үш ғасырға жуық уақытқа созылған Ресей империясының отарлық саясаты қазақ халқын саяси- экономикалық, әлеуметтік рухани салаларда езгіге ұшыратқандығы, одан құтылу жолындағы күрес барысында Алаш идеясының пайда болғандығы көрсетіліп, сол идеяның мәніне талдау жасалған.
КІРІСПЕ
Кез-келген халықта алдарына қойған мақсатын іске асыру үшін белгілі бір идеялар пайда болады. Ол идеялар әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани салаларда болуы мүмкін. Бұндай идеялар қоғам мен адам өмірінде прогрессивтік немесе регрессивтік, жағымды неме жағымсыз болуы мүмкін. Қазақ халқының тәуелсіз жолындағы күресінде үлкен жағымды рөл атқарған идея болды. Ол - Алаш идеясы. Бұл идеяның қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресінде атқарған рөліне талдау жасаудың теориялық және практикалық мәні бар. Мақала осы мәселені талдауға арналған.
НЕПЗП БӨЛІМ
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кездерде өз саясатында ұлттық мемлекетті құру мен нығайту басты басымдылықтардың бірі болып отыр. Қазіргі тарихи кезеңде, бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарихи тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қалпына келтіру мәселесі үлкен орын алып отыр. Ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды. Тәуелсіз елде Алаш даналарын тарихи санаға қайтарып, ұмытылмас тарихи тұлғалар тағылымына мән берудің орны ерекше. Бұл туралы Елбасы: "XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде "Алаш" партиясының жетекшілері ұсынған қағидаларды күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр" - деп, әділ бағасын берді[1].
Үш ғасырға жуық уақытқа созылған Ресей империясының отарлау саясатының нәтежесінде қазақ халқы саяси-рухани, әлеуметтік-экономикалық езгіге
ұшырады. Жаппай теңсіздік, әділетсіздік, таптық және ұлттық езгі кең орын алды. Қазақ ата қонысынан, шұрайлы жерлерінен айырылды. Тілінен, дінінен, мәдениетінен айырыла жаздады. Осындай қиын-қыстау кезде, қазақтың ұлт ретінде сақталу немесе сақталмау мәселесі талқыға тускен уақытта XX ғасырдың алғашқы ширегінде Алаш идеясы дүниеге келді. XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың ұлттық Алаш идеясын жасау міндетін өз мойындарына алды. Елбасының пікірінше: "Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге, оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған".
Алаш идеясын ұсынушылар ұлт зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков т.б қоғамның түрлі әлеуметтік топтарынан шыққан адамдар еді. Қазақ халқының көшбасшылары болған зиялылар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, жаңа жағдайдағы саяси күрес жолына шықты.
Аңыздар бойынша "Алаш", "Қазақ" сөздері синонимдік ұғымдарды білдіреді, яғни алаш қазақтың арғы тегі. Бірақ қазақ зиялылары "Алаш" сөзіне жаңа мағына берді. Ол саяси қозғалыстың да, саяси партияның да атауы болды және бүкіл қазақ елін біріктіруші идеяға айналды. XX ғасырда Алаш сөзі қазақ тарихына, жалпы түркі және элем тарихына осы қозғалыс пен партияның атауыретінде таралды.
Мысалы, ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым, Алаш партиясының құрылуы, Алаш автономиясының құру туралы ұсыныстың жария етілуі, Алаш-Орда үкіметінің құрылуы т.б шаралар осы Алаш идеясының көріністері еді. Алаш идеясының негізі- ұлттық езгіден құтылу, тәуелсіздікке жету, ұлттық сананы ояту, ұлттық бірлікке жету т.б. Алаш идеясының пайда болуына басты екі жағдай эсер етті. Бұның біріншісі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, екіншісі - 1917 жылғы ақпан революциясы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі себебі патшалық Ресейдің ұлттық және әлеуметтік езгісінің шектен шығуы еді. Осы кездегі қазақтың ер-азаматтарын майданға тыл жұмыстарына алу туралы патша жарлығы, онсыз да ызалы халықты ұлт-азаттық көтеріліске итермеледі.
Ресей империясының бұндай озбырлық саясатын қазақ халқының көзі ашық зиялы қауымының санасын оятып, бүкіл Алашты (қазақты) біріге отырып Ресейдің озбырлық саясатына қарсы күреске, ұлт тәуелсіздігіне шақырды. Бұның өзі Қазақстанда Алаш идеясының пайда болуына зор әсерін тигізді. Көптеген әдебиеттерде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Алаш зиялыларының көзқарастары туралы теріс пікірлер айтылды. Мысалы, ұлт-азаттық қозғалысқа олар қарсы болды, оны қолдаған жоқ, патша саясатын қолдады т.б. Бұл дұрыс көзқарас емес. Алаш зиялылары патша жарлығын орындауға шақырса, оны қолдағандығынан емес, босқа қантөгіс болатындығын түсінгендігінен, оны болдырмау пиғылынан туған қолдау еді. Алаш басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. осы кездегі «Қазақ» газетінің маусым, тамыз айларындағы нөмерлерінде бірнеше мақала жариялап,халықты жарлықты орындауға, қарсы шықпауға,өйтпеген жағдайда қантөгіс болатындығына үгіттеді. Олар «Қазақ» газетінде «Алаштың азаматы» деген мақала-хаттарында: « қазақ
қарсылық қылса елге отряд шығады,отряд шықса, елдің берекесі кетеді,бас пен малға әлегі бірдей тиеді,елдің іргесі бұзылады» - деп жазды [3].
Енді 1917ж. Ақпан революциясының қазақ зиялыларына қаншалықты эсер еткендігіне тоқталайық. Қазақ зиялылары Ақпан революциясынан үлкен үміт күтті. Олар революция халыққа теңдік пен бостандық береді деп ұғынды.Патша үкіметінің құлауы езілген халықтарға дербес мемлекет құрып, тәуелсіздік алуға мүмкіндік берді деп түсінді. Олар: «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше ғана құл 4
едік, енді бүгін теңелдік...Россия қол астындағы халықтардың бәріне дін, тіл айырмасына қарамай азаттық әперді. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жеттіп жатыр»-деп Ақпан революциясының жеңісіне шаттанды [4].
Бұл айтылғандардан Алаш зиялыларының Ақпан төңкерісінен қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған азаттығына қол жетті деп, сол тәуелсіздікті баянды ету үшін аянбай еңбек етті, «Алаш» партиясы мен Алаш-Орда өкіметін құрды, түрлі газет- журналдар шығарып, оларды қазақ халқын азаттыққа, теңдікке, бірлікке шақырған мақалалар жариялап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осындай ұйымдар мени баспа беттеріндегі Алащ зиялыларының үні бір мақсатқа бағытталғын-ол Алаш идеясын іске асыру. Олардың пікірлерінше, қазақ халқына төнген қиын-қыстау заманда біз секілді аз халықтар ұйымдасып бірлік-береке қылып, жұрт қатарына қосылып қалудың мүмкіншілігін қарау. Жұрт болудағы мақсат осы күнгі тірі жүрген ұрпақ үмітін ғана емес, болашақ ұрпақтаң да жақсы өмір сүру үшін қажет. Сол тәуелсіз болашақ орнату жолында олар жандарын аямады, ол үшін күресті, жауапкершілікті өз мойындарына алды. Олардың ойынша: «Кейінгі буынның ата-бабасы осы күнгі тірі жүрген біздерміз. Біз келешекті ойламасақ, кейінгі нәсіліміз қарғамай ма, Алла құзырында, тарих алдында біз жауапкер емеспіз бе?...Кейінгі жас буынның көрген күні не болады? Біздің жұрт осыны ойлау керек»[5].
Алаш идеясын тартуда сол кездердегі шығып тұрған «Дала уалаяты», «Қазақ», «Алаш», «Серке», «Айқап», «Сарыарқа», «Жас азамат» т.б. газет- журналдардың атқарған рөлі зор. Олардың беттерінде Алаш көсемдерінен басқа Д.Әділев, С.Садуақасов, Қ.Кеменгеров, С.Қожанов т.б мақалалары үнемі жариаланып, Алаш идеясының жаршылары. Сол газет беттерінде белгілі ақындар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыровтың алауыздықты жойып бірлікке шақырған өлеңдері жарияланып тұрды. М.Жұмабаев надандықтың салдары бодан болуға әкелгендігін ашына былайша жариялайды:
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себептен қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрипатты керек қылмай,
Надандық шарбәтіне қалыппыз ғой,- деп толғанады.[6]
Алаш көсемдерінің еңбектерін өте құрметтеп бағалаушы және жақтаушы ақындардың бірі-С.Торайғыров. Ол ұлт көсемдерінің соңынан еріп, қазақ халқына атар таң, келер жарық, нұр сәулені солардың есімдерімен байланыстырды. Ол өзінің «Таныстыру» деген поэмасында М.Дулатов, А.Байтұрсыно, Ә.Бөкейхановты бірі-Күн, бірі-Шолпан, бірі-Айым деп бағалауының сыры осында жатыр. С.Торайғыров Алаш Орда үкіметі құрылған күндері «Алаш ұранын» жазып, патшаның құлауына, елдің автономия алуына қуана үн қосты.
Алаш идеясының үлкен қолдаушысы және сенімді жаршысы-Ж.Аймауытов. Ол өзінің «Ұран», «Әскер марсельесасы» деген өлеңдерінде қазақ халқының азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресін көрсетіп, бұл өлеңдер сол күрестің ұранына айналды.Алаш идеясының негізі-тәуелсіз ұлттық мемлекетті құру. Ә.Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық-жетім халық. Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Олай болса, Алаш зиялыларының тәуелсіз ұлттық мемлекет құру жолындағы күресі тегін емес. Ресей империясының езгісінде отырып, бірден онан бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет құрудың мүмкін еместігіне түсінген олар, ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Сөйтіп, Алаш Орда үкіметінің құрылуы1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпы қазақтық съездтің шешімімен жүзеге асты. Съезді ұйымдастырушылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов болды.
Бұл съезд Алаш - Орда үкіметінің мүшелерін сайлап, төраға етіп Ә.Бөкейхановты бекітті. Съезд сол кездегі қазақ ұлты үшін маңызы бар он мәселені талқыға салды. Оның ішіндегі ең бастылары - қазақ (қырғыз) автономиясын жариялау, милиция - һәм ұлт кеңесін (үкіметті) құру мәселелері еді.
Қазан төңкерісінен кейінгі орнаған Кеңес үкіметі Алаш идеяларының орындалуына балта шапты. Ол Ресей империясындағы сияқты шет аймақтардағы ұлттардың тәуелсіздік алуына жол бермеді, олардың тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт - дәстүрі кемітілді. Кеңес үкіметінің бұл саясатын түсінген Алаш зиялылары олармен тіл табыса алмады, қарсы күресті. Олардың түсінігінде: «Дін үшін, туған жер үшін, патша ұшін» деп Николай үкіметі халықтың қанын қандай сорса, социализм үшін, жұмыскер христиан үшін, «Совет үшін» деп болшевик үкіметі де халықтың қанын сондай сорды. ...Ел таланды, ашықты, ер азамат қанға батты. ... Ұры - қары, ит мінезді азғындар халықтың қасиетті тағдырына ие болды. Халық қазынасы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті...»[7]
Алаш зиялылары туралы сөз болғанда, ең алдымен, олардың қазақ елінің бүгінгі басты қазынасына айналған жер мәселесіне қатысты ерлік істерін еске аламыз. Біз, тұтас қазақ халқы, дүниежүзіне жеріміздің аумағымен, байлығымен мақтансақ, ұрпағына осындай қазына қалдырған Алаш азаматтарын ұмытпағанымыз жөн. Жерге жетер байлық жоқ. Екіншіден, барша қазақ жұртына үлгі - өнеге болар нәрсе - білімді озық ойлы Алаш азаматтарының сол кездегі философиялық, саяси - әлеуметтік танымы, алға қойған мақсаттарына жету жолындағы қажымас ерік - жігері, қайсар мінезі. Өздеріне төнген қауіпті біле тұра, олар қазақ тағдыры жолындағы игі істеріне ержүректілікпен, қазаққа тән қайрат - намысымен белсене күрескен еді. Алаш зиялыларының бізге қалдырған мұрасы кең байтақ жер, терең ой, биік рух, қайсар мінез. Бұл мұраны біз ешқашан ұмытпауымыз керек
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, кезінде қазақтың ұлт зиялыларының өмірі мен ісі өз халқына қалтқысыз қызмет ету болды. Алдарына қойған мақсаттарын орындау үшін олар Алаш идеясын ұсынды. Бұл идеяның негізі - ұлттық езгіден құтылып, өз халқына еркіндік, теңдік, бостандық әперіп, тәуелсіз мемлекет құру. Олардың жете алмай кеткен бұл арманы, қазіргі тәуелсіз Қазақстанда орындалды. Қазақстан әлем таныған елге айналды. Қазақстан дүние жүзінің алпауыт елдері таныған, өз территориясын бекіткен, көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болған, әлеуметтік - экономикалық дамуға қолын жеткізген елге айналды.
Бүгінгі және келесі ұрпақтың алдында тұрған басты міндет - осы табыстарды баяндау ету.
Әдебиеттер тізімі:
- Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында, Алматы 1999, 172-173 бет
- Назарбаев Н.Ә. 173 бет
- «Қазақ», 1916ж, 11 тамыз
- Қазақ. Алматы, 1996, 372 б.
- Жасасын Алаш автономиясы көркейсін
- Алаш қайтсек жұрт боламыз. Ақиқат, 2013, № 1, Збет
- Жұмабаев М. Шығармалары, Алматы, 1989, 47 б
- Тайшыбай 3., Мәлікова С. Алаш ұранын аспандатқан басылым еді. Ақиқат, 2013, № 8, 86-87 бб.