Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет тілі мұғалімінің коммуникативтік құзыреттіліп оқыту сапасын арттыру факторы petiндe

Аңдатпа

Бұл мақаладаэмоционалдық байланыстардың, тұлғааралық құндылықтардың, топтық нормалары мен топтық құндылықтардың пайда болуына ықпал ететін шет тілі мұғалімдерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылады.

КІРІСПЕ

Қазаңстан Республмкасының Президент! Н.Ә.Назарбаев: «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп атап көрсеткендей, қазіргі қоғамның даму бағыттарының бірі - өмір бойы білм алуға көшу. Дамып келе жатқан қоғамға білікті, жан-жақты білімді, өз бетінше жауапты шешім қабылдап, жағдайды таңдауға, олардың салдарын анықтай білуге, ынтымақтастыққа қабілетті, икемділігімен ерекшеленетін, қозғалыс пен талпыныста жүретін, конструктивті, жауапкершілігі жоғары адамдар қажет.

Педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру - білім беру жүйесін модернизациялаудың қажетті шарты. Қазіргі жағдайда педагогтар кәсіби міндеттерін оңай және тез игеруге, жаңа сұранысқа ие тәсілдермен қызметті табысты орындауға міндетті. Қазақстанда жаңартылған білім беру бағдарламасы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігіне баса назар аударып отыр.

Кәсіби құзыреттілік - белгілі бір таным, тұлғаның кәсіби қызмет шеңберіндегі тәжірибесі. Кәсіби құзыреттілік көп аспектілі ұғым.

НЕПЗП БӨЛІМ

Қазіргі кезеңде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін қалыптастыру болып табылады. Әлбетте, бұл талапты тиімді қалыптастыру үшін шет тілі мұғалімі өзінің құзыреттілігін қажетті және жеткілікті деңгейде қалыптастыруы қажет.Мұғалім бойында коммуникативтік құзыретті қалыптастыруы мәдениетаралық түсіністікті, адамдар арасындағы толерантты қарым-қатынастарға қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл құзыреттілік сол тілде сөйлейтіндердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және сөйлеу мінез-құлықтары (олардың салт-дәстүрлерін, әдеп, әлеуметтік стереотиптерді, тарих және мәдениет) мен тәсілдерін, оларды қарым-қатынаста қолдана білуді көздейді. Айта кету керек, әлеуметтік мәдени біліктіліктерін қалыптастыруды шетел тілін оқыту барысында пәнаралық байланыстар деңгейінде жүзеге асыру тиімді. Сонымен қатар, жалпы 126

гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, пәндік және арнайы пәндік өзара байланыстар қазіргі заманғы мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін байыта туседі.Мұғалімдердің коммуникативтік құзыреттіліктер құрамындағы кәсіби- педагогикалық іскерліктерін төмендегідей (кесте 1) бағытта көрсетуге болады:

Кесте №1

Санаты

Кұзыреттілігі

Мұғалім және IIсанатты мұғалім

Елінің, мәдениеті мен тілін үйреніп жатқан елді жеткілікті деңгейде біледі, олар туралы айтып бере алады/ оларды шет тілінде салыстыра алады/. Формалды және формалды емес қарым-қатынаста ауызша және жазбаша сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін біледі және сақтайды. Әлеуметтік- лингвистикалық сипаттағы кейбір қателіктерді жіберуі мүмкін (лексикалық, грамматикалық және фонетикалық)

I санатты мұғалім

Туған елінің, мәдениетін және тілін үйреніп жатқан елдің ғана емес, әлемдік мәдениетті жақсы біледі. Жалпы және түрлі тарихи қалыптасқан мәдени үлгілерді оңай табады. Ауызша және жазбаша қарым-қатынаста түрлі салалардағы және әр түрлі дәрежеде формальды қабылданған нормаларды ескере отырып, қолданады және сақтайды. Ic жүзінде әлеуметтік- лингвистикалық сипаттағы қателерді жібермейді.

Жоғары санатты мұғалім

Әлем мәдениетін терең біледі, әр түрлі елдердің мәдени даму тәжірибесі мен өзара іс-қимыл түрлі мәдениеттеріне талдау жасай алады, сондай-ақ, оның тілдегі көрінісін байқап, дәл жеткізеді. Ic жүзінде әлеуметтік-лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы кез келген қарым-қатынастар қиындық келтірмейді, ресми және бейресми қарым-қатынаста ауызша және жазбаша сөйлеу нормаларын ескереді.

Коммун и кати вті к құзыретіліктің құндылығы неде? Ол оқытушының жеке өсуіне, бәсекеге қабілетті жеке басын куәландыратын жеткілікті кең ой-өрісінің қалыптасуына жол ашады. Сондай-ақ, оқытудың дәстүрлі әдістерінің дайын әрекетін қолданбай, оқушыларды проблемалық және дамыта оқу түріне көшуге бағыттап, эсер етеді.

Коммун и кати вті к құзыреттілік жеке тұлғалық қасиеттері ретінде мұғалімнің өзара іс-қимылда басқа адамдармен сөйлесе білуін, ашықтықты қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар практикалық біліктерін, қабілетін, өзінің оқу іс- әрекетін басқаруын дамытады. Мұғалім коммун и кати вті к міндеттерді шешуде оқушылардың дербестігімен шығармашылығына жағдай жасауы міндетті, осылайша, оқушылардың өсуіне, өз жетістіктерін көруге қол жеткізуде мұғалімнің шеберлігі маңызды рөл атқарады.

Шет тілі мұғалімдерінің еңбек қызметінде рефлексиялық компонент міндетті түрде болуы шарт. Бұл құзыреттіліктің көрсеткіштері: оқушының нақты оқу қабілетіне мінездеме, сабақ түріне қойылған міндеттер мен оқу материалы мазмұнының сәйкестігін анықтау, оқытудың оптималды таңдалған әдістері мен тәсілдерінің іріктелуін негіздеу, яғни теория мен тәжірибені байланыстыра отырып жеке тұлға қалыптастыру.

Шет тілі мұғалімінің өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі құралдарының бірі - өз сабағының нәтижесін өзі талдауы. Ол қалыптасу мен шығармашылық дамуға мүмкіндік береді, мұғалім өз қызметін және іс-әрекетін тұжырымдап, алдына мақсаттар қояды. Мұғалімнің коммун и кати вті к құзыреттілігін айта отырып, ең бастысы оның төзімділік қабілетіне, өзгелердің пікірін құрметтей білуіне, оның күнделікті тұрмыстық лексиканы меңгеруіне және қажетті лингвистикалық білім құрылымы - ана тілі мен шет тілдері мәдени мұрасын, риторика негіздерін, жалпы сөйлеу мәдениеті және ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі кәсіби терминдерді қаншалықты толық және тиімді меңгергеніне басым көңіл бөлінетінін атап көрсеткен жөн.

Оқушының жетістігі - бұл мұғалім жетістігі. Сондықтан мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде ең жаңа, қызықты және тиімді технологияларды қолдануға ұмтылуы қажет. Үнемі өсіп келе жатқан қоғам мен уақыт талаптары мұғалімнің өздігінен шет тілін меңгеру деңгейін үнемі дамытуды қажет етеді. Өйткені, білім берудің негізгі мақсаты - қоғам және мемлекеттің өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкес жан-жақты дамыған жеке тұлға дайындау, еңбек етудің бас кезінде әлеуметтік қоғамға бейімдеу, өз білімін жетілдіру және тыңдаушының өзін - өзі жетілдіре білуіне үйрету.

Қашанда, еркін ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін және білім беру үрдісін болжай алатын педагог - білім жүйесіне қойылған басым мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады. Сондықтан, қазіргі уақытта білікті, шығармашылықпен ойлайтын, бүгінгі өзгеретін әлемде тұлғаны тәрбиелеуде бәсекеге қабілетті мұғалімге сұраныс арттып отыр.

Теоретик, «Дидактикалық эвристиканың» авторы А.В.Хуторский құзыреттілікке мынандай анықтама берген, «...құзыреттілік, бұл - білімін, іскерлігін және сыртқы ресурстарды нақты өмірлік жағдайлардағы қызметі үшін тиімді жұмылдыруға адамның дайындығы. Құзыреттілік - бұл жеке қасиеттердің жиынтығы (құндылық бағдарлары, білімі, іскерлігі, дағдысы, қабілеті)» [6].

«Педагогикалық шығармашылық» оқулығының авторлары В.А.Кан-Калик және Н.Д.Никандров кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас туралы: "... педагог пен тәрбиеленушілердің өзара іс-қимыл жүйесінің мазмұны ақпарат алмасу, тұлға ретінде тану, көрсету, тәрбиелік ықпал ету болып табылады. Педагог активатор ретінде осы процесті ұйымдастырады және оны басқарады " [2].

В.А.Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог төмендегідей коммуникатив тік дағдыларды меңгеруі қажет:

1. Қарым-қатынас жасай білу.

2.Дұрыс құрылған қарым-қатынас негізінде оқушылармен бірлескен шығармашылық қызметті ұйымдастыру.

3. Қарым-қатынасты мақсатты түрде ұйымдастыру және басқара білу. [3]

Психология ғылымдарының докторы А.К.Маркова педагогикалық шеберліктің психология - педагогикалық қарым-қатынасқа қатысты екі тобын бөліп көрсетеді:

1. Қарым-қатынаста психологиялық қауіпсіздік шарттарын құру және қарым- қатынас кезінде білім алушының не серіктестің ішкі резервтерін ашып, іске асыру тәсілдерін меңгертуі;

2. Қол жеткізуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі қарым-қатынас тәсілдері.

Мұндай әдістерге мыналар жатады: қарым-қатынас кезінде алдыңдағы адамның ұстанымын білу, түсіну; оның қызығушылығын тани білу; оның жеке басын бағдарлау, дамыту; интерпретациялау және оның ішкі жай-күйін мінез- құлығын, вербальды емес қатынасты(мимика, ым) игере білуі; оқушы көзқарасын білуі; сенім мен төзімділікті сақтауы, эсер ететін құралдарды (риторикалық тәсілдер) меңгеруі, бағалаудан гөрі ұйымдастыру әсерлерін басым пайдалануы, басқаруда демократиялық стилдің басым болуы; педагоги кал ық жағдайда жекелеген аспектілерге әзілмен қарай білуі. [4].

Ал, педагогика саласында ресейлік ғалым А.В.Мудрик қарым-қатынасқа тиісті ерекшеліктің келесі параметрлерін бөліп көрсеткен: ойлау, сөйлей білу, байланыс жасауға бейімділік, зейінділік, белгілі бір бірлескен мәселені көрсете білу (мысалы, қарым-қатынастың нәтижесіне ғана емес, қарым-қатынас кезіндегі қызығушылығы), коммуникативтік іскерліктері - яғни, уақытты, серіктестермен қарым-қатынастарды, жағдаяттарды бағдарлауы. [5].

Осындай, психологиялық - педагоги калық әдебиеттерде көрсетілген мұғалімнің коммуникативтік іскерліктерін талдай отырып, екі бағыты бойынша қорытынды жасауға болады:

  • жалпы коммуникативтік іскерліктер (қалыптасып келе жатқан не өзін-өзі дамыту немесе тренингтіктерде қалыптасқан);
  • арнайы педагогикалық коммуникативті іскерліктер (арнайы ұйымдастырылған тәжірибелік сабақтар барысында қалыптасқан).

Осылайша, шет тілі мұғалімінің құзыреттілігін, кәсіби және жеке қасиеттерін (құзыреттілік) оның педагогикалық қызметінің тиімділігін айқындайтын жиынтығы ретінде қарауға болады. Әсіресе болашақ шет тілі мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін үлкен құрылымға біріктірілген тиімді жаттығулар жинағы талап етіледі.

Шеттілі мұғалімдерінің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүйесі белгілі бір көрсеткіштермен сипатталады. Жаттығулар педагогикалық қызметте кәсіби-бағдарланған материалдарды меңгеруге, дағдыны қалыптастыру үшін пайдалануға бағытталған. Әрбір жаттығуда кәсіби-бағытталған шет тілін оқытудың нақты мақсат-міндеттері тіркелген. Жаттығулар шет тілі мұғалімдерінің коммуникативтік құзыреттілігіне тиімді қол жеткізу қажеттілігін, қалыптастыруға қойылған міндеттердің шешімін айқындайды. Жаттығу тілдік материал және онымен іс-қимыл нысанының бірлігі болып табылады. Жаттығуларда әрдайым сөйлеу өнімі нақтыланады. Сөйлеу өнімі алдын-ала бірқатар дайындық жаттығуларды орындаудың нәтижелері болып табылады. Жаттығулар мәтін тыңдалғаннан немесе оқылғаннан кейін жасалған ой, пікірдің сөйлеу өніміне бағытталады. Жаттығулар шет тілі мұғалімдерінің коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымдық мазмұнын ескереді. Жаттығулардың тақырыбы шет тілін оқытуда кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын түрлі өмірлік жағдайларға сай оқу мақсаты мен оған жетудің құралы ретінде олардың бірлігін қамтамасыз етуі тиіс. Міне, шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігі сөйлеу, дискурсивтік, тілдік, әлеуметтік- мәдениқұзыреттілікті қамтитын күрделі құрылым. Шет тілі мұғалімінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған жаттығу жүйесі мыналарды қамтиды:

  1. тілдік кәсіби-бағытталған жаттығулар;
  2. шартты-тілдік кәсіби-бағытталған жаттығулар;
  3. сөйлеу, кәсіби-бағытталған жаттығулар.

Бұл жаттығуларда дәстүрлі құрылым бар, алайда, олар кәсіби-бағдарланған бағыттарымен ерекшеленеді. Оқытудың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту дидактикалық принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.

Шет тілі сабақтары тәжірибелік сипатқа ие және бұл әдістеме мынадай практикалық принциптерде негізделген:

  • оқыту және практиканың байланысы принципі;
  • шығармашылық белсенділігін арттыру принципі;
  • көрнекілік принципі;
  • ғылымилық принципі;
  • оқытудың қол жетімділік қағидаты;
  • білімді игерудің беріктік принципі;
  • коммун и кати вті - бағдарлы принципі.

Сабақтың құрылымы аса өзгермегенмен, ол міндетті түрде коммуникативтік тапсырмалар топтамасымен аяқталуы міндетті.

Коммуникативтік тапсырмалардың түрлері:

Функциялар бойынша қарым-қатынас: • ақпараттық; • реттеуші; • бағалау. Сөйлеу формалары: • си патта масы; • баяндау; • талдау.

Психологиялық қондырғылар: • моральдық; • ақпарат алмасу.

Коммуникативті тапсырмалардың негізгі талаптарының бірі - қарым-қатынас әрекеті ғана емес, сонымен қатар өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

ҚОРЫТЫНДЫ

Шет тілі оқытушысының коммуникативтік құзыреттілігі - әдістемелік, арнайы, тілдік, жалпы педагогикалық, психологиялық, кәсіби-этикалық, дидактикалық және әдістемелік дайындығының, қазіргі заманға сай ғылыми - педагогикалық ойлау қабілетінің жинақылығының, кәсіби білім жетілдіруге дайындығының өзара байланыста болуында. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру бірнеше қызмет турлері барысында жүзеге асырылады. Олар: лекциялық, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, сабақтан тыс жұмыстар. Мұғалім уақыт талаптарына сай өзінің шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, таным әлеміне оқушыларды да тарта білуі шарт. Педагогтың құзыреттілігі оқушылардың құзыреттілігімен өзара байланысты жүреді. Өзара сыйластық, әріптестік негізде жұмыс жасағанда ғана, мұғалім құзыреттілігінің шынайы мәні ашылады: мұғалімнің құзыреттілігі оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін игеріледі. Мұғалім мен оқушының құзыреттіліктері коммуникативтік құзырет арқылы түйіседі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Болотов В.А., Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе // Педагогика. - № 10. - 2003. - 45с.
  2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. - M.: Педагогика, 1990. - 83 с.
  3. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. - M.: Просвещение, 1987. - 190 с.
  4. Маркова А.К. Психология труда учителя: Книга для учителя. - M.: Просвещение, 1993. - 190 с.
  5. Мудрик А.В. Общение как фактор воспитания школьников. - M.: Педагогика, 1984. - 112 с.
  6. Хуторской А.В. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного обучения. - M.: Изд-во МГУ, 2003. - 416 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.