Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экран мәдениетіұғымы: концептуальдық негіздері

Аңдатпа

Бул мақалада техника мен технологияның дамуына байланысты экран немесе аудиовизуалды мәдениет адамдар арасындағы байланыстың дәстүрлі формалары тікелей байланыс мәдениеті, жазбаша және қағаз бетінен оқып алатын «кітаби мәдентеттің» орнын бірте-бірте ақпаратты тарату және қорыту жылдамдығы әлдеқайда тез «экрандық мәдениет» толықтырып келе жатқандығы қарастырылады.

КІРІСПЕ

Қазіргі адамзаттық өркениеттің өзіндік болмысын сипаттайтын терминдер өте көп. Соның ішінде үлкен мәдениеттанымдық жүк арқалап тұрған ұғым «Экрандық мәдениет». Бұл қазір өнер, мәдениет, философия саласында кең тараған сөздің бірі. Ол осы тұрғыдан «жаһандану», техногендік өркениет, телекоммуникация, ғаламтор, виртуалдық сияқты сөздермен тығыз байланысты болып келеді. Бұл терминнің мән- мағынасына қатысты анықтамалар да көп. Бірақ соған қарамастан бұл термин қазіргі гуманитарлық ғылым мен қоғамда оның орны мен рөлі кейбір анықтама бойынша күмән тудырмайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Экрандық мәдениет - бұқаралық мэдениетпен байланыстырылып, оған экранда көрсетілген дүниенің бәрі кіреді. Оған кинофильм, телесериалдар, компьютерлік ойындар және т.б.

Техника мен технологияның дамуына байланысты адамдардың ақпарат тұтынуы мен дереккөзі жылдам өзгеріске түсуде. Ақпаратты аудио, видео, фото сияқты мәтіннен басқа форматтарда тарату қарқынды дамып жатқан бүгінгі күнде қағаз бетінен оқып алатын «кітаби мәдениеттің» орнын бірте-бірте ақпаратты тарату және қорыту жылдамдығы әлдеқайда тез «экрандық мәдениет» басып келеді.

Қазір, қоғамдық құрылысты өзгерткен көптеген онжылдықтар өте келе және өзге де экран өнерлерінің пайда болуына байланысты, қоғамның индустриалдық түрінің арқасында экран мәдениеті пайда болды деп айтуға болар еді. Өнердің нағыз даму логикасының маңыздылығына қарамастан, жаңа мәдениет пайда болатын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар аса принципті болып табылады екен. Кинематографты қоғамның жоғары технологиялық жетістіктерінің бірі, нақты тарихи әлеуметтік-экономикалық жәйттің өнімі деп есептеуге болады.

«Экран мәдениетіне» «ең бір жақты көзқарастың» өкілі деп Б.Балашты айтуға болады. Шығу тегі венгр Б.Балаш өзінің қызметін өткен ғасырдың 40-шы жылдары Кеңес Одағында бастады, ол қазіргі күнге дейін отандық өнертану үшін еліктеуге үлгі болатын «Кино өнері» іргелі еңбегін жазды. Философия ғылымдарының докторы Б. Балаштың пікіріне сәйкес, экран мәдениетіне тек кино жатады, ал «кең көзқарас» өкіліне қазіргі заманғы ғалым К. Э. Разлоговты жатқызуға болады.

Б.Балаш кино әлеміне «фильм - біздің ғасырымыздың көпшілік мәдениеті» деген жаңа ұғымды ұсынған бірінші ғалым болды: «Өкінішке орай, көпшіліктің рухынан пайда болды деген мағынада емес, ал көпшіліктің рухы оны жетекшілікке алады деген сөз. Алайда, бірі екіншісіне себепкер болады, себебі көпшіліктің айқын немесе құпия қалауларына жауап бермейтін нәрсе өріс алуы мүмкін емес».

Б.Балаш кино мен мифтің бірсыпыра ұқсастықтарын қарастыра және ескере отырып, кино мәдениетін дәл осы мәнмәтінде зерттеуді ұсынды: «Фильм, қала халқының сезім және елестету аймағында, кезінде мифтің ойнаған рөлін қабылдады... Erep ертегі немесе миф мәдениет тарихының мәселелеріне жататын болса, ендігі жерде үлкен бөлігі фильмге арналмайтын, мәдениет тарихы бойынша бірде-бір кітап жазбауға болмайтынын мойындауымызға тура келеді. Және бұл жерден қауіпті сезінген адам қатаң теориялық бақылауға еш аянбай көмекке асығуы тиіс. Өйткені, бұл жерде әңгіме әдеби салондардың кішкентай оқиғалары туралы емес, көпшіліктің денсаулығы жөнінде»[1; 168 6].

Көптеген қазіргі заманғы кино жөніндегі теориялық зерттеулер, кино теориясының негізін қалаушы - Б.Балаштың ескертуін ұмыта отырып, оны өнер бағдарынан қарастырады. Ең басынан ірі өнеркәсіптің саласы бола келіп, кино өндірістік және финанстық шарттардан тәуелсіз бола алмайды, себебі жеке іскерлік және машиналық техника шешуші рөл ойнайды. Жалпы, Б.Балаштың пікірінше, экран мәдениетіне тек қана кино жатады.

Б.Балаштың теорияның әсте дұрыс болу тиіс емес және барлық ұлы адамзат туындылары жалған гипотезадан шықгы деген сөздерін есімізге ала отырып, бүгінгі күнге бұрылып қараймыз. Қазіргі заманғы киноны зерттеуші, мәдениеттанушы Г.К. Пондопулоның пікірінше, өнерді бағалау мәдениет ақиқаты ретінде өнерді ерекше құбылыс ретінде қарастыруды жорамалдайды.

Соңғысы өнерді нақты имманенттік талдау жолымен де, оның әлеуметтік функцияларын талдау жолымен де алынуы мүмкін емес: «Тек эстетикалық пайымдау өнерді зерттеудің осы екі түрлі деңгейін «байланыстырады» және осының арқасында 59

адамның рухани-практикалық әрекетінің ерекше формасы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Эстетикалық деңгейде көркем мәдениет көрінісін талдау біртұтас және аяқталған сипатқа иеленеді»[2; 90 6].

Қазіргі заманғы кино теориясындағы ұғымдардың кейбір олқылығын атап көрсетуді қажетті деп есептейміз. Мысалы: Б.Балаштан соң, мәдениет ретінде киноға көзқарас, оны зерттеудің басқада түрлерімен ауыстырылды: өнертанудан - философиялыққа дейін. «Экран мәдениеті» деген ұғым ешбір киносөздіктерде кездеспейді. Алайда, «Мәдениеттану. XX ғасыр» атты сөздігінде мәдениеттану бағдарынан «кино өнері» деген ұғым қарастырылады; «Кино өнері - әлем мәдениетінің үлгісін және элитарлық тәжірибелік сипаттағы үздік туындыларды туындатқан, 20 ғасырдағы өнердің әмбебап әлемі. Атап айтқанда, кино тілін дамыту тарихында және оның бастапқы нәтижелерінде дәуір мәдениетінің даму парадигмасы айқын көрінеді» [3; 640 6].

Кинодағы екі - цивилизациялық және космостық мәдениет парадигмаларына ерекше көңіл аудара отырып, кино жөніндегі мақала авторлары олардың осы немесе басқа араласу үрдісіне ерекше көңіл аударады. Кинематограф арқасында XX ғасырдың мәдени тебіренісі ретінде жаңа түрдегі бағдарлама болды: «Жабайы табиғаттың аласапыранынан бастамаға қайтып келу, ережесіз зорлық қаһармандықтан, шексіз эротикалық оттан тұратын, адамзат пайда болуына дейінгі батырлық арқылы адамгершілік пен мәдениет нормаларын сақтауға болады және солай болу да міндетті» [4; 447 6].

Алайда, «экран мәдениеті» ұғымы ешбір - не мәдени, не философиялық, не өнертану сөздіктерінде қарастырылмайды, бұл осы терминнің жаңалығы және «толық жетілмегендігі» жөнінде қорытынды жасауға негіз болады.

Бұл саладағы барлық әдебиеттерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: байланыстың принципиалды жаңа парадигмасы - экран мәдениеті, көптеген авторлардың XIX ғасырдың соңында дами бастады деген тұжырымдамасына қарамастан, нақты және айқын анықтаманы талап етеді. Экран мәдениетінің жаңа аудиовизуалды технологиялар мәнмәтінінде ірі зерттеулерінің бірі 2005 жылы жарық көрді. Осы уақытқа дейін экран мәдениетінің мәселесіне арналған жеке-дара зерттеуледі шартты түрде екіге белуге болады: 1980ж. дейінгі мерзімге жататын, осы мәселенің гуманитарлық кескіндері; Экран мәдениетін электрондық-есептеу және байланыс-техникалық құралдарының даму ракурсында қарастыру. Бірінші кезең әлеуметтік-мәдени мәнмәтінде қазіргі заманғы экран мәдениетімен байланысты бірсыпыра мәселелерді біраз ескірген түрде көруге мүмкіндік береді, себебі негізгі зерттеулер 1980ж. дейінгі кезеңмен даталанған. Екінші кезең өнертану докторы К.Э.Разлоговтың редакциясымен «Жаңа аудиовизуалды технологиялар» еңбегінде тұтастай жалпыланған және толық сипатталған. Оның пайымдауынша «Аудиовизуалды мәдениеттің аталық қасиеті, оның техникалық өнертабыстарға, оларды жетілдіруге және сәйкес индустрияға тәуелділігі болып табылады».

Экран мәдениетінің жетілген формасының жаңа түрінің тірегі ретінде, кітап мәдениетінің мүмкіндіктерін дамытушы, компьютерлік парақты бағалай отырып, зерттеушілер экранның қазіргі заманғы мүмкіндіктерінің әлеуметтік-мәдени диапазонын қолдану туралы ойлануда: «... мәдениеттің екі дәстүрлі түрі - жеке контакт (тікелей байланысу мәдениеті - адамзат цивилизациясының негізгі қабаты) және кітап мәдениетімен қатар, көзіміздің алдында мәдениеттің үшінші түрі - экран мәдениеті қалыптасуда. Жиынтығында ақпараттық космосты құрайтын, компьютердің бейнетехникамен, байланыс құралдары және ақпарат беру каналдарымен синтезі негізінде құралады [5; 363 6].

Өз алдына, қазіргі уақытта тез дамушы, ақпараттық космос адамды бейімдеудің өзіне сәйкес жаңа масштабтарын талап етеді.

Соңғы аспект өмірге экран мәдениетін зерттеудің әлеуметтік-мәдени мәнмәтінінің шарасыз жаңа айналымын шақырады. Сөзсіз, экран мәдениеті қазіргі заманғы техникалық прогресстен бөлек қарастырылуы мүмкін емес, алайда, біздің ойымызша, бұл ұғымды нақтылау қажет. Біз оны кең және бір жақты мағынада қарастыруға болады деп есептейміз.

Бірінші көзқарастың өкілдері деп К.Э. Разлогов редакциясымен негізгі еңбектің авторлық ұжымы: О.В. Грановскаяны, Е.В. Дуковты, Я.Б. Искевичты, Н.П. Петрованы, А.В. Прохоровты, П.Г. Сибиряков™, В.В. Тарасенконы, Н.Ф. Хильконы атауға болады. Олардың пікірінше, «экран немесе аудиовизуалды мәдениет - адамдар арасындағы байланыстың дәстүрлі формалары - тікелей байланыс мәдениеті және жазбаша (кітап) мәдениетін толықтырушы, жаңа байланыс парадигмасы»[6, 235 6].

Сөзсіз, аудиовизуалды технологияларды зерттеу авторымен келісе отырып, бұл жағдайда, дәл осы аспектіге екінші орын берілгенін айта кеткен жөн. Оның үстіне, алдымен «экран» сөзінің астарынан кинотеатр немесе теледидар экранын түсінеміз, «компьютер парағының мәдениеті» қазіргі уақыттағы әлеуметтік-мәдени процесстерге ықпалын және кино мен теледидарды «компьютерлік парақпен» шартсыз өзара байланыс мәнмәтінінде қарастыруды есепке алуымызға тура келеді. Кинематографияның техникалық негізінде пайда болған мәдениет ретінде және өз құрамына қазіргі заманғы кеңістік пен мезгілдік байланыс парадигмаларының мүмкіндіктерін біріктіретін, экран мәдениеті ұғымын бір жақты мағынада қарастырамыз деп айтуға болады.

Экран мәдениетінің кең ұғымына қарағанда, бұл ұғым теледидарлық және киноөнімдерді компьютерлік экранының ақпараттық космосынан сапалы түрде ерекшелендіретін кейбір өзгешелікке көңіл аудартады. Бұл белгілі бір мағынада, экран мәдениетімен туындаушы және одан туындаған тікелей техникалық процесстерді артында қалдыра отырып, басқа жағынан, экран мәдениетінің жаңа мифологиясының пайда болуы және тіршілік етуінің әртүрлі қырларын қарастырудың жан-жақты «ірі ракурсы», қазіргі заманғы техникалық прогресс мәнмәтінінде лезде байқалмайтын, көптеген нәрселерді көруге мүмкіндік береді.

Соның ішінде экран мәдениетінің қызықты зерттеулерінің бірі Н.Кириллованың қаламұшына жатады: «кинематографты ойлап шығаруы, оның тез жайылуы, сонан соң теледидар, бейне, дербес компьютерлердің, Ғаламтордың шығуы, түрлі-түсті музыканың көркем мүмкіндіктерін, ең жаңа техникалық құралдармен жанамаландырылған әртүрлі дыбыс тыңдау көріністерін дайындап шығару тәжірибесі, мәдениет және тұрмыстың барлық салаларына жаңа технологияларды кеңінен енгізу, бос уақыт аясын қамтитын, виртуалдық ақиқат - осының барлығы бір тұтастық - экран мәдениетінің түрі»[7,248 6].

Осылайша, экран мәдениеті ұғымы кинематографты ң техникалық құралдарының дамуымен тікелей шартталған, экран тасымалдаушысымен тығыз байланысты, барлық аудиовизуалды байланысты білдіретін мәдениеттанымдық ұғым болып табылады. «Экран» сөзінің мағынасымен шартталатын, бірнеше «аралық» ұғымдар бар:

Кино және теледидар.

Кино, теледидар және бейне.

Кино, теледидар, бейне және жеке компьютердің дисплейі.

Кино, әсіресе теледидар ықпалымен экрандық мәдениет аталатын құбылыс пайда болды және тез қарқынмен әлемге тарады. Ал XX ғасырдың аяғында компьютер,техниканың, интернеттің пайда болуы экрандық мәдениетті одан сайын кеңейтті. Экрандық мәдениет бұқаралық мәдениеттің негізін құрайтын, нормаларды, жаңа дәстүрлер мен құндылықтарды қалыптастырудың заманауи тетігіне айналды.

Осылайша экрандық мәдениет техногендік өркениет пен жаһандану дәуірінің бет-бейнесіне айналды. Қазіргі заманғы кинематограф компьютерлік технологиялардың жаппай келуіне байланысты соңғы уақытта көріністің сапалы өзге туріне айналды. Erep кезінде дыбыссыз кезеңнің киносы туралы айтса, содан соң жаңа дыбысты кино жөнінде айтты, ал жақын уақытта сапалы түрде басқа көрініс болатын, виртуалды кеңістіктің кинематографы жөнінде айтулары мүмкін. Бұрынғы кинематографиялық үлгілер, қалай болғанда да шынайылықгы бұрмалады. Режиссер «шынайылықтың не ол, не бұл таңбасын» алып, өзінің тұжырымдамасына сәйкес монтаждады. Көрермен оның фотографиялық табиғатына бола бұл жайтқа сенді.Қазіргі, экрандық мәдениет қоғам мен адам өміріне барған сайын тереңдеп енуде. Осыған байланысты экран мәдениеті техногендік қоғамның басгы мәдени сипатына айнала түсуде.

 

ГІайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Балаш Б. Культура кино. - M., 1924.
  2. Пондопуло Г. К. Кино и фотография в системе современной художественной культуры. - M., 1979, - 90 с.
  3. Культурология. XX век: Энциклопедия. - СПб.,1997, - 640 с.
  4. Культурология. XX век. Энциклопедия в 2 тт. - СПб.,1998, - 447 с.
  5. Разлогов К. Э. Крушение иллюзий. Политизация западного экрана. — M., 1992, - 363 с.
  6. Петрова Н.П. Виртуальная реальность. - M., 1997, - 235с.
  7. Кириллова Н. Б. Медиа-культура. От модерна к постмодерну. - Екатеринбург, 2005, - 248 с.
  8. Кириллова Н. Б. Медиасреда российской модернизации. - Екатеринбург, 2003, - 248 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.