Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абай шығармашылығындағы фразеологиялық қолданыстардың зерттелуі

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тіл біліміндегі фразеология саласы және Абай шығармашылығындағы фразеологизмдерді зерттеушілердің тұжырымдары қаралады. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге, көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол тіркестердің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ тіркестер семантикалық бірлікте болып, тұгас бір ұғымды білдіретіні туралы айтылады.

КІРІСПЕ

Тіл дегеніміз - ғасырлар бойы қалыптасқан әрбір халықтың қарым-қатынас, дүние тану, рухани даму құралы екені белгілі. Тіл құбылысын зерттейтін тілтану ғылымының көптеген саласы бар екені белгілі. Сол бағыттардың ішіндегі маңызды саланың бірі - фразеологизм. Ол қазақ тіл білімінде тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын күрделі түрін зерттейді. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге, көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол тіркестердің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ тіркестер семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар, қу бастан қуырдақты ет алған т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып келеді. Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін, түп тамырын ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетін терең білуге болады.

НЕПЗП БӨЛІМ

Бұл фразеология термині (грек, phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім деген мағына береді) қазіргі тіл білімінде екі бағытта зерттеу жүргізеді. Ол біріншіден, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін бағыты, ал екіншіден, белгілі бір тілдің құрамындағы фразеологизмдердің қорын зерттейді. Тұрақты тіркестер - екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері - фразеологизмдер. Фразеологизм саласы тілдегі фразеологиялық жүйені, оның тарихын зерттейтін тіл білімінің маңызды саласы. Отандық тіл білімінде фразеологияның өзіндік зерттелуі, зерттеуші ғалымдары бар.

Жалпы ұлттың фразеологиясы деген аса құнды лингвистикалық қор болып табылады. Онда сол ұлттың дүниетаным жүйесі, этномәдениеті, салт-дәстүрі, ғұрыптары сақталған. Мысалы, қазақ халқының бар даналығы, дүниеге көзқарасы тілінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Фразеология саласының теориялық негіздері XIX ғасыр мен XX ғасыр басында орыс ғалымдары А.А.Потебня, И.И.Серезневский, А.А.Шахматов, Ф.Ф.Фортунатов еңбектерінде қалыптасқан.

Елімізде фразеологияның іргетасын қалаған, оның қазақ тіл біліміндегі бағытын айқындаған академик І.Кеңесбаев болды. Сонау 1977 жылы оның көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі ретінде «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі жарық көрді, онда он мыңнан астам фразеологизм берілген. Одан кейін ғалымдар А.Ысқақов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ғ.Мұсабаев қазақ фразеологиясының арнайы бағыт болып қалыптасуы жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан анықтауға үлес қосты.

Фразеологизмдер мәселесі ғалымдар Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Р.Сәрсенбаев, Ә.Болғанбаев, Ө.Айтбаев, Н.Уалиев, С.Сатенова, Г.Смағұлова ғылыми еңбектерінде жан-жақты сөз болды. Мысалы, І.Кенесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә.Қайдардың «Қазақ тілінің өзекті мәселелері», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» сияқты еңбектері бар.

Соңғы жылдардағы үлкен еңбек ғалым Р.Авакованың «фразеология теориясы» деп аталатын еңбегі. Содан басқа А.Байталиев, Р.Сарсенбаев, С.Төлекова, Р.Жайсақова, Х.Қожахметова, М.Жақыпбеков, зерттеулерінің өзіндік орны бар.

Ғалымдар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаевтың «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» еңбегінде қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы, оның басты белгілері, түрлері, фразеологиялық тұтастықтар, бірліктер, тіркестер, сөйлемшелер, мағыналас фразеологизмдер, антонимдер, фразеологизмдердің грамматикалық сипаты мен қызметі және т.б. кеңінен талқыланған.

Ғалым Р.Авакова фразеологизмдердің тіл қабаттарындағы орнын, ондағы ұлт мәдениетінің көрінісін, этнофразеологизмдердің танымдық нышандарын, танымдық семантикасын, көнерген сөздер семантикасын, таңбалық-символдық семантикасын, көне тілдік элементтерін айырады [1]. Фразеологизмдер мәселесі ғалымдар тарапынан әртүрлі жағынан қаралады, себебі, олар тілдің барлық саласында қолданысқа ие. Мысалы, Р.Авакова фразеологизмдерді зерттеудің мына бағыттарын көретіп береді: стильдік қызметі (М.Серғалиев, Г.Қосымова, Г.Боранбаева), көркем шығармаларда қолданылуы (Ө.Айтбайұлы, Б.Шалабай, Х.Қожахметова, М.Жәнібеков), мағыналық, тақырыптық тұрғыдан топтастырылуы (А.Елешова, Р.Жайсақова), диалектілік ерекшеліктер (Ш.Сарыбаев, Қ.Қалыбаева, С.Мұстафаұлы) және тағы басқалар. Осы бағыттардың ішінде біз үшін қызықтысы көркем әдебиеттегі фразеологизмдерді қолдану, оның ерекшеліктері, түрлері. Әрине, фразеологизмдерді зерттеудегі мысалдардың бәрі көркем әдебиеттен алынады. І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» кітабынан осының мысалын көреміз. Бұл туралы М.Серғалиев былай дейді: «бір жағынан, қазіргі қолданысымызда жоқ немесе өте аз ұшырасатын сөздерді айналымға түсіріп, тілдің байлығын артырудың тағы бір жолын көретіп отырса, екінші жағынан, көркем бейнелер жасауда мүмкіндіктің молая түскенін дәлелдейді» [2, 372]. Ал Р.Авакованың ойынша, «Сондықтан да авторлардың тілін зерттеу, олардың қолданысындағы тілдік бірліктерге ғылыми баға беру теориялық дәйектемелер жасауға мүмкіндік беретіні сөзсіз» [1, 19]. Ө.Айтбайұлы «Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары» кітабында аудармаға байланысты әдебиеттегі фразеологизмдер мәселеін зерттейді. Фразеологизмдердің халық тілінен шыққанын, оны жазушының көркемдеп, жүйелеп жеткізгенін айтады. Оларды қолданудың өзі үш түрге бөлінеді. Автордың талғамына, шығарманың мазмұн-мақсатына, жанрға байланысты [3, 127]. «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті... Яғни, фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады», - деді Ө.Айтбайұлы.

Сондықтан, осындай фразеологизмдердің жарқын үлгісін біз көркем әдебиеттен табамыз. Бұл оның үстіне ұлттық мәдениет пен тілдің, даналықтың үлгілерін береді, қазақ сөз өнерінің озық табиғатын паш етеді. Міне, осындай сөз мәйегінің ерекше мазмұнын біз ұлы Абай еңбектерінен табатынымыз сөзсіз. Әрине, Абай сөзі мен даналық ойлары талай ғалымдар талдап, зерттеп келе жатқан, бітпейтін қазына, терең теңіздей ой. Абайдың шығармашылығын фразеологизмдерінің ерекшелігі, құрылымы тұрғысынан талдау нәтижелі әдістемелік қадам болатыны сөзсіз.

Енді Абай фразеологизмдерінің зерттелуі мәселесіне біраз шолу жасап өтсек. Ұлы ақын, ойшылға арналған арнайы «Абай» энциклопедиялық сөздігінде ғалым Р.Сыздықова: «Абай тіліндегі фразеологизмді жалпы халықтық тілден, сонымен бірге өзіне дейінгі ауызша әдеби тілден алып қолданған және ақынның өзі жасаған тіркестері деп бөліп қараған абзал», - дейді [4, 587]. Бұл Абайдағы фразеологизмдерді зерттеуде басшылыққа алатын маңызды әдістемелік ұстаным екені сөзсіз. Осы белгілі ғалымның «Абайдың сөз өнері» кітабында «Абай фразеологизмі» деген арнаулы бөлім бар. Р.Сыздықовадан басқа осы мәселе бойынша алғаш қалам тартқан Қ.Жұмалиев «Қазақтың өлең құрылысы, тіл жөніндегі Абайдың жаңалықтары» мақаласын, З.Машабаева деген зерттеуші «Абай шығармаларындағы фразеологиялық ерекшеліктері» сияқты мақалалар жазған екен. Ғалым Р.Сыздықова Абайдағы образды тіркестердің көптігін айта келе, олардың өлең жолдарында көп қолданылуымен түсіндіреді және ақын пайдаланған фразеологиялық тіркестердің экспрессивтік бояуына көңіл аударады. Осы жерде ғалым Абай фразеологизмдерін зерттеуге қатысты мынадай әдістемелік екі ұстанымды ұсынады: «Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуде оларды екі қырынан талдау қажет. Бірінде,.. фразеологиялық тіркестерді жалпы түстеп- тугендеу, мұнда негізгі назар Абайдың өзі ұсынған авторлық фразеологизмдерге аударылады, олардың жасалу механизм! сөз болады, екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсағанын айқындау, мұнда негізгі фразеологизмдердің құрылымы мен мағынасына енгізілген өзгерістерге аударылады» [5, 98]. Ғалым өз кітабында ақын қолданған фразеологизмдердің лексика-семантикалық және құрылымдық сипаттамасын зерттейді. Осыған байланысты ақын шығармашылығының негізгі тақырыбы-адам, қоғам, сол қоғамның заманы екеніне назар аударады. Әрі қарай ғалым Абай қолданған фразеологизмдердің мына бағыттарын атап өтеді: «... адамды сипаттайтын, адамның ішкі жан-дүниесін танытиатын, адамның іс-әрекет, қимылын суреттейтін, сол қимыл, іс-әрекеттің орындалу амалын бейнелейтін, өмірді, өлімді, жастықты, кәрілікті, астарлап атайтын, табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер деп қарауға болады. Бұл семантикалық топтағы фразеологизмдер байырғы және жаңа болып және бөлінеді» [5, 104]. Сонымен қатар Абайдың жаңа фразеологизмдер туғызудағы жаңалығы ретінде ақынның бір сөзді бірнеше фразеологизмнің компонент! етіп пайдалану тәсілін көрсетеді және «сату» етістігін тіркем жасам құралы ете отырып бірнеше жаңа тіркестер жасағанын мысал етеді. Абай сөз өнерінің жаңалығы ретінде зерттеуші синкреттік амалмен жасалған фразеологизмдердің тобын айтады: «синкреттік тәсіл - Абайда жүйеге айналып, көріктеудің, актив құралдардың бірінен саналады» [5, 114]. Ғалым Р.Сыздықова Абайдың фразеология саласында көзге түсетін еңбегінің зоры - оның жаңа тіркестер ұсынуы - деген қорытынды жасайды. Абай қолданған фразеологизмдер жайлы зерттеуін ғалым былайша тұжырымдап, ақын ензіген негізгі ерекшеліктерді айырып көрсетеді:

  1. Байырғы жалпытілдік образды фразеологизмдерді молынан пайдалану;
  2. кәнігі фразеологизмдердің тұлғалық құрылымын өзгертіп жұмсау, контаминация мен мағыналық моделді пайдалануы;
  3. образды жаңа фразеологизмдерді жасауы және ол үшін перифразды тіркестерді қолдануы;
  4. жаңа фразеологизмдерді жасау үшін семантикалық өрісі әр түрлі сөздерді тіркестіруі;
  5. белгілі бір есім сөздерді немесе етістіктерді ала отырып, жаңаларын жасауы;
  6. Абай қолданған жаңа фразеологизмдердің шағын тобының аударма өлеңдеріндегі орыс тілінен тікелей калька жолымен жасалғандары болуы;
  7. Абайдағы фразеология саласындағы өзгеріс, жаңалықтың бәрі стильдік мақсатты өтейтін құрал болуы.

Академик Р.Сыздықова Абайдағы фразеологизмдердің ерекшелігіне байланысты осындай терең ғылыми тұжырымдар жасайды, сыншының бұл түжырымдары ұлы ақынның шығармашылығындағы фразеологизмдерді зерттеу үшін аса маңызды екені сөзсіз. «Абай шығармаларының фразеологиясында қазақтың жалпы халықтық тілінің сипаттары мен нормалары қалыптасты», - дейді А.Алдашева [6,178].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, Абай шығармаларындағы фразеологизмдерді зерттеу, жаңа әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа ала отырып талдау қазақ тіл ғылымы үшін әлі өз көкейтестілігін жоймаған мәселе болып табылады. Себебі, ұлы ақын қолданған сөз тіркестерін, фраземаларды терең зерттеу арқылы қазіргі қазақ тілінің әдеби негіздерін, ұлы ақын қалаған қайнар көздерін игереміз. Абай тілінің байлығы ұрпаққа мұра тілдік асыл қазына болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. - Алматы: Қазақ университет!, 2009. - 292 б.
  2. Серғалиев М. Стильдену. // Қазақ тілі. Энциклопедия. - Алматы,1998. - 372 б.
  3. Айтбайұлы Ө. Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары. - Алматы, 2013. - 400 б.
  4. Абай. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995. - 720 б.
  5. Сыздықова Р. Абайдың сөз өнері. - Алматы. «Арыс» баспасы, 2004. - 208 б.
  6. Алдашева Г. Абай тілі - көркемдік үлгісі.// «Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең». Респ.ғыл.-прак. конф. материалдары. Ақтөбе, 2005. -297 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.