Аңдатпа
Сын турғысынан ойлау технологиясын оқу мен оқытуда пайдалану оқытушы ретінде бізге де берер пайдасы көп. Себебі, CTO әдістерін пайдалану арқылы сабақ жүргізу үшін алдын-ала көп дайындалу қажет. Теориялық жағынан да, әдістемелік жағынан да шыңдалуға мүмкіндік береді. Сабақтың мақсатына жету үшін әр кезеңінде қолданатын әдістерді таңдау, оны дұрыс қолдану, тиісті ақпараттар жинау, алдын-ала сұрақтарды дайындау, болжамдар жасау әрекеті жүзеге асады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұратындығын ескерсек, алғашқы кезең тікелей тек қана оқытушыға байланысты болса, қалған екі кезең оқытушының басшылығымен, қадағалауымен студенттердің еңбегінен тұрады. қарап, баға беруге, ой алмасуға талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау оқытушылар мен студенттердің материалды саналы және оймен қабылдауды көздейді. Оқыту үрдісі бір жақты бола алмайды. Сын тұрғысынан ойлау, өтілетін тақырып бойынша ғылыми-теориялық мәліметтерді бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. Ғылыми ұғым қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау тақырыпқа байланысты бір нәрсені елестетуге, балама шешімдер қабылдауға, ойлау мен іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін енгізуді көздейді. Жоғары оқу орындарында студенттерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету теориялық білмдерді терең мегеріп қана қоймай, өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандырады. Дәріс бойынша (жаңа сабақ) дәлелдер жинақтап, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдылары қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлауда ой-пікір алмасу студенттің оқытушымен, студенттің студентпен жұптық, топтық жұмыстары жүзеге асып отырады. Сонмен қатар, осының барлығына сүйене отырып, мен тізбектелген сабақтар топтамасына оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер: топтағы «диалогтік оқыту», «зерттеушілік әңгіме», «дәйектеу» тәсілдері туралы айтқым келеді. Біздің ойымызша, биология пәнінде басқа пәндерге қарағанда көбірек сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деген модуль қолданылады. Ал бұл модуль мен диалогтік оқытудың арасындағы байланыс туралы оқытушыға арналған нұсқаулықта төмендегідей айтылған. Топтағы қарым- қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің оқытушылар мен студенттерді мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетеді. Александердің (2001, 2008) Диалогтік оқытуына сәйкес, топтың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан студенттердің ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын топтағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау білімгерлерге дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальды түрде оқуды азайтады.
Студенттерді сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша білімгерлерді XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - оқытүшылар үшін ынталандырушы күш болып табылады. Студенттер күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008) [1]. Сонымен қатар, диалогтік оқыту қалған алты модульмен де тығыз байланыста.
Л.С.Выготский когнитивті дамудың, студенттер өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА студент дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде студенттің білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.
Диалог барысында студентте, оқытушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу студенттермен «зерттеушілік әңгіме» құру арқылы іске асады, дегенмен оны студенттер берілген тақырып бойыша бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады Модульдерді өзара байланыстыру үшін әр түрлі стратегиялар мен әдіс- тәсілдерді қолданамыз. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде мен өз сабақтарымыз «Миға шабуыл», «Джигсо», «SWOT» талдау, жұптық жұмыс, топтық жұмыс «Шеңбер» зерттеушілік әңгіме сияқты әдістер арқылы ұйымдастырамыз.
Стратегияларға жеке-жеке тоқталып, оның сын тұрғысынан ойлау модулін қалай ықпалдастыратынын талқылаймыз. Ол үшін студенттерге бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасап отырамыз. Миға шабуылды біз әр сабақта қолданамыз. Сабақтарда осы стратегия арқылы жаңа тақырыптың мақсатын ашу үшін, өтетін сабақтың тақырыбын анықтау, проблемалық жағдаяттарды қарастыру және қайта бағыттау сұрақтардың көмегімен түсініп, соның тұжырымдамасын айтуға тырыстым. Содан кейін тақырыпты ашуға мүмкіндік беретін сөздерді тақтаға іліп қойып, студенттерге талдау жұмысын тапсырып тұжырымдаттық. Студенттердің зейінін тақырыпқа бағыттап алғаннан кейін, топтарға бөліп, «Ұрыққа дейінгі даму кезеңі -Гаметогенез» атты тақырыпта мәтін таратылады. Барлық топтағы студенттер «Джигсо» әдісі арқылы мәтінді талдауға кірісіп кетеді. Ақпараттармен толық танысқан соң, бастапқы топтарына қайта жиналып, дәріс жоспарындағы төрт сұрақты «қабылдатуға» көшеді.Сол мәнін өзгертпей қайта жаңғырта отырып, содан кейін ғана өз ақпараттарын түсіндіреді, осылайша проблеманы шешудің шығармашылық варианттарының эстафетасы пайда болды. Дәл осылай топтық жұмыс жалғаса отырып, бағалау жұмысы жүзеге
асырылады. Сын тұрғысынан ойлауда мәтінді есепке алатын болсақ, бақылау мен тыңдау арқылы студенттер дәлелдер жинастырып, топтастырады [2].
Барлық пікірлері талданып, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері қалыптасады. Ары қарай тақырыпты қаншалықты түсінгендерін білу үшін кері байланыс ретінде «Түймедақ», «SWOT» талдау, «Ақ парақтың қос беті», «Ыстық орындық» әдістерін қолданамыз. Жұмыстың келесі кезеңінде («Галереяны аралау») ұсынылатын дайын ресурс бойынша зерттеушілік және кумулятивті әңгімелесу жүзеге асырылып, яғни материалды талдады, интерпретация жасады, нақты тұжырымдап түсіндіреді. Әрбір топ өзге топтардың тұжырымдарын тыңдайды және өз көзқарастарын қосып толықтырады, түзетулер енгізеді.
Сын тұрғысынан ойлауда студенттер рефлексиялық оқуға машықтанды. Оларда сын тұрғысынан ойлау дағдылары, жазып алу, бағалау әрекеттері қалыптасады. Бұл қабілеттері берілген мәтін бойынша дәлелдерді талқылап, қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс табады. Тақырып бойынша ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылды, «Сіз қалай ойлайсыз?», «Менің ойымша...», «Мына нұсқаға сүйенсек...» деген сияқты сұрақ қою арқылы дәлелдерді талап етіп, зерттеушілік әңгіме құрады. Берілген дәлелдер есепке алынып, барлық көзқарастарға көңіл бөлінеді. Сын тұрғысынан ойлайтын студенттер белсенді болып, олар еркін сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды. Берілген мәтіннің мағынасын анықтау үшін стратегияларды саналы түрде қолдана біледі. Сонымен, дәріс, семинар сабақтарымызды сын тұрғысынан ойлау арқылы ұйымдастыруда проблемалық міндеттер қойылып, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог, оқытушы мен студентерді ғылыми-теориялық ұғым мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартумен қатар, жоғары деңгеде ойлау қабілеттерінің дамығандығын, интеллекуалдық деңгейлерінің дамуына ықпал еткендігін байқадық. Ton мүшелері өзара талдау барысында көшбасшы, сарапшы, фронтальды жұмыс барысында қолдарында бар ресурстарды (оқулық, лекция материалдары, АКТ, т.б.) пайдаланып, зерттеушілік әңгімелесу түрін жүзеге асырады. Ортақ тұжырымдарды өзгелердің назарларына ұсынады, тыңдата біледі. Осылайша, студенттерді қажетті сын тұрғыдан ойлау дағдылары мен қасиеттерге қаруландыру - оқытушылар үшін ынталандырушы күш болып табылады [3].
Әдебиеттер тізімі
- Жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы. Үлестірме материалдар. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңі. - Астана, 2015. 45 6.
- Студентке арналған нұсқаулық. - Астана, 2015.
- Жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы.-25 б.