Андатпа
Бул мақалада қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында ерекше орны бар әдістемеші ғалым Шамғали Сарыбаевтың әдістемелік ұстанымдарын қазіргі кезде бастауыш мектепте пайдаланудың қажеттілігі туралы дәлелдемелер келтіріледі.
Қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында жалпы білім беретін мектептің, әсіресе, бастауыш білім берудің оқыту әдістерін жетілдіруде ұлттық мұра болып табылатын қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихындағы педагогикалық - әдістемелік еңбектердің мазмұнына терең үңіліп, талдау жасай білуге, зерттеу нысаны тұрғысынан назар аударуды қажет ететіндігін байқадық.
Алғашқы әдістемеші ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері әдістеме ілімінің ірге тасы болып қаланып, осы ілімнің дамуына жол ашты.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының тарихы - Қазақстан Республикасы білім беру саласының даму тарихының құрамдас бір бөлігі, білім берудің басты бағыт - бағдары, оның әдістемесін саналы дамыту, т.б мәселесі
Қазақстан Республикасы "Білім туралы "заңында, Елбасы Н. Ә.
Назарбаевтың "Қазақстан - 2050" стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту
бағдарламасында және " Жалпыға міндетті білім берудің жаңа стандартында " негізделген. [1]
Елбасының Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауларында да маңызды орын алады.
Бағдарламаларға сәйкес, қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті - халықтың барлық мектептері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру процесін оқу - әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру т.б.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихындағы тілші - ғалымдардың ғылыми - әдістемелік еңбектеріндегі дидакткалық ұстанымдары мен еліміздегі қоршаған тілді оқытып- жетілдірудің қазіргі жағдайы арасындағы кейбір үйлесімді сабақтастықтың болуында. [2]
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихындағы әдістемелік мұраларды бүгінгі күні бастауыш мектеп үшін қажетті әдістемені іріктеп, қайта қарастыру қажеттілігінің тұжырымдамамда дәлел бола алады. Бұл мұраларды қазіргі кездегі жаңа технологияларға сәйкестендірілген жаңа үлгісін ұсынуды талап етеді.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Ғылымның дамуы мен қалыптасуын жекелеген, жалғыз - жарым адаммен байланысты ғана қарастыруға болмайтыны түсінікті. Ахмет Байтұрсыновтан кейін бұл салада Батыс өңірінің тұлғалары Ш. Х.Сарыбаев, С. Жиенбаев, F. Бегалиев сияқты әдіскер ғалымдар біршама еңбек етті. Олар А. Байтұрсыновтан кейінгі әдіскер ғалымдардың алғашқы тобына жатады.
Ұлағатты ғалым Шамғали Сарыбаев ең алдымен өз халқына тілді оқыту әдістемесі ілімінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі ретінде танылған ғалым.
Сондықтан да Ш. Сарыбаевты ғалым ретінде тұлғалап, танытып тұрған нәрсе оның әдістемелік ғылыми еңбектері. Оның әдістеме жөніндегі еңбектері 2 саладан тұрады:
1. Қазақ кластарында ана тілі оқыту әдістемесі;
2. Орыс кластарында қазақ тілін оқыту әдістемесі;
Осыған орай ғалымның әдістеме саласындағы ғылыми еңбектерін зерттеуді жөн көрдік. [3]
Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың әдістеме жөніндегі алғашқы мақаласы
1926 жылы «Жаңа мектеп» журналының 7-8 нөмірінде жарияланған. Мақала « Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер» деп аталған. « Тіл құралдың» авторы А.Байтұрсынов екендігін еске алсақ, Ш.Х. Сарыбаев осы оқулықпен тілдік оқыту тәжірибесі туралы жазып, оқулық авторының ойын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын көрсеткен. Міне, бұл іс- ой жалғастығының көрінісі.
Осыдан бастап « Сауатсыздықпен күресу» (1926), « Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту жайы» (1932), тағысын тағылар болып, ғалымның өмірінің ең соңғы кезіне дейін зерттеулері барған сайын күрделеніп, іріленіп, ғылыми жағынан тереңдеп, сомданып отырады. Ғалым еңбектері, қызметінің осы көрінісі ғылымның бір саласының ірге тасын қалауға Ш. Сарыбаевтың үзбей қатысып отырғандығын көрсетеді.
Ш. Сарыбавтың ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Ол осы саланың жүйелі ғылым ретінде қалыптасуына еңбек сіңірген.
Ш. Сарыбаев - қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты. Бұған дейін қазақ тілін оқыту әдістемесінен ғылыми диссертация қорғалған емес. Сондықтан ол тұңғыш ғылыми дәрежелі әдіскер ғалым болып саналады.
Ш. Сарыбаев қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш рет жазып, оның жүйелі - ғылыми негізін қалаған. Оған оның «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты екі бөлімнен тұратын еңбегі дәлел. Оның алғашқы кітабы
1956 жылы, екінші кітабы 1959 жылы, яғни ғалым қайтыс болғаннан кейін жарық көреді. Рас, бұған дейін Мағжан Жұмабаевтың «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы » атты еңбегі (1925) бізге белгілі. Мағжан Жұмабаев оқулығын үкімет оқуға тыйым салғандықтан, ол осы ілімнің дамуына эсер етіп үлгере алмаған, кейін мүлдем ұмытылғын. Ш. Сарыбаев, С. Жиенбаев, F. Бегалиев сияқты әдіскер ғалымдарымыздың қазақ тілі оқыту әдістемесі ілімін тыңнан бастауына тура келді. Сонымен байланысты қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің кейінгі дамуына ықпал еткен аталған ғалымдардың әдістемелік еңбегі болып саналады. [3]
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының көш басында ғұлама ғалым
Ахмет Байтұрсынов еңбектері болатын болса, іле - шала бір топ ғалымдарымыз осы ғылым саласын жаңа бір белеске шығарды. Бұл орайда біздің өлкенің тұлғалары Ш.Х.Сарыбаев, С. Жиенбаев, F. Бегалиев тәрізді тілші - ғалымдарымыздың ғылыми мұраларының маңызы ерекше болды деп ашып айта аламыз.
Аталған ғалымдар әдістеме ғылымын жаңа сатыға көтеріп қана қойған жоқ, оның нағыз ғылым ретінде танылу мәселесін де ақырына дейін шешіп берді. Міне, осы қиын да қасиетті істі ақырына дейін абыроймен атқарып шыққан ғалымдар легінің маңдай алдында Шамғали Сарыбаев болды.
- Шамғали Сарыбаев - қазақ тілін оқыту білімінің негізін қалау ісіне ғылыми еңбектері арқылы өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым ретінде, оның қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің тарихында алатын орны ерекше.
- Ш.Х.Сарыбаев қазақ тілді оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаушы ғалымдар тобына жатады. Бұл салада ғалым тілді оқытудың мақсатын, мазмұнын анықтап, әдіс - тәсілдерін белгілеп, оқу материалын, сабақты ұйымдастырудың негізгі жолдарын анықтады. Қазақ тілінің эр саласын, оның тақырыптарын оқытудың нақтылы әдістемесін жасады.
- Ш.Х.Сарыбаев қазақ тілін орыс мектебінде оқытудың тұңғыш рет ғылыми әдістемесін жасады. Онда бұл әдістеменің өзіндік ерекшелігін көрсетті, тілді оқытудың мақсаты - сөйлеуге үйрету екенін, мазмұнын, құрамын анықтап, әдіс - тәсілдерін көрсетті, мұнда жаңа сан әдісті ұсынды, оқушының ана тілін ескеретін салыстырмалы әдісті атады. Сабақтың құрылысын анықтап, жалғастық принципін, уақытты дұрыс бөлуді, оқушыны жалықтырмау, қызықтыру, сабақты түрлендіру жолдарын көрсетті.
Оқушының тілін дамыту, сөздік қорын байыту жолдарын белгіледі.
- Ғалымның әдістемелік және жарияланбаған қолжазба еңбектерінің жариялануының қазіргі мұғалімдер, оқушылар үшін де, ғылымның дамуы үшін де маңызы зор.
Ш. X. Сарыбаев оқулық, оқу құралдары, тілді оқытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар, ғылыми зерттеуге байланысты күрделі, маңызды еңбектер ғана жазып қоймай, осы ілімнің барлық мәселелеріне байланысты үнемі ғылыми мақалалар жазып отырған. Ол мақалалардың саны 40- ға жуық. Шамғали Сарыбаевтың әдістемелік ғылыми мақалаларының өзін жүйеге келтірсе, әдістеме ілімінің негізін құрайды деуге болатын үлкен еңбек. [4]
Осы жағдайлардың бәрін есепке ала отырып, Ш. X. Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің дамуы мен қалыптасуында өзіндік қызметі мен орны барына, ғылымның бір саласының ірге тасын қалауда зор еңбегі барына сүйеніп, біз бұл ғалымның әдістемелік еңбегін зерттеуді мақсат еттік. Ш. X. Сарыбаев тек әдістеме ілімін зерттеумен шектеліп қоймаған, ол қазақ тілінің де түрлі мәселелерін зерттеген.
Зерттеуіміздің мақсаты - Ш. X. Сарыбаевтың әдістемелік еңбектерін бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
- Ш. Сарыбаевтың тілді оқытудағы әдістемелік еңбектерін жинақтау, оларды саралап топтастыру;
- ғылыми - әдістемелік мұрасына теориялық тұрғыда талдау жасау;
- Ш. X. Сарыбаевтың әдістемелік еңбектерінің өміршеңдігін және оны мектепте қазақ тілін оқытуда пайдаланудың мүмкіндіктерін тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу.
Әдебиеттер тізімі:
- Сарыбаев Ш. X қазақ тілінің методикасының кейбір мәселелері Алматы, 1956 - 1 бөлім, 1959 - II бөлім.
- Сарыбаев Ш. X. III сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқаулар - Алматы, 1955.
- Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Құрастырған: Ұлықбаев. И - Алматы , 1961.
- Уайсова Г. И. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы - Алматы, 2012.