Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнайшы мамандар тарихын зерттеудің теориялық мәселелері

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің негізінде жаңа теориялық- әдіснамалық тарихы, қалыптастыру мен дамытудың кадрлық мамандар тұжырымдамасы берілген.

Қазақстандық тарихнаманың кеңестік кезеңінде жұмысшы кадрлары және жалпы кадр мәселесін зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері жан-жақты қарастырылғанын айтқан жөн. Олардың қатарында: А.Н. Нүсіпбековтің кадр тақырыбын зерттеудің теориялық мәселелері, кадрлардың сандық және сапалық құрамы, жас және жыныс ерекшелігі мәселелерін зерттеуге жол ашуы [1] , еңбек жарыстары туралы теориялық пікірлер білдірген М. Уалиев еңбектерін [2], кадр мәселесіндегі ғылыми техникалық революция әсері туралы Б.Абишева зерттеулерін [3], темір жол кадрларының тұтас жүйесін жасаған М. Асылбеков еңбектерін [4] айтқан орынды.

1920-1980 жылдары толық үстемдік құрған маркстік-лениндік теориялық- методологиялық ұстанымдарды басшылыққа алған зерттеу еңбектері 1970 жылдары ортасында қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарды ғылыми шешу жолын көрсетуге дәрменсіз болды.

1970 жылдардың ортасы және 1980 жылдары елдегі әлеуметтік-экономикалық шиеленіс кадр мәселесінде төмендегідей бағытта көрінді:

Елде белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамудың бесжылдық жоспарлары орындалмады,жұмысшы кадрларын даярлайтын кәсіптік білім тұралады, инженер- техникалық қызметкерлер әлеуметтік-тұрмыс жағдайларының дұрыс шешілмеуіне байланысты өндірістен жаппай кете бастады. Міне бұл жағдайлар, тәуелсіздіктіің алғашқы жылдары Отандық тарихшылардан жаңаша теориялық бағыттағы еңбектерді талап етті. Кадр мәселесін жаңаша көзқараста зерттеу, ең алдымен әлеуметтік-демографиялық бағыттағы өзгерістерге байланысты болды.

1989 жылғы Жаңа Өзен қаласындағы ұлтаралық шиеленіс бұл мәселеде толық көрініс тапты. Өндірістік аудандардағы экология мәселесі, еңбек ақы, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру проблемаларына өндірістік аудандардағы шағын қалалар проблемасы мен көптеген жұмыс орындарының қысқару, жабылу салдарынан пайда болған жұмыс күші миграциясы мәселесі қосылды. Оның бер жағында ірі өнеркәсіп аудандарына шеттегі қандастарымыз көптеп қоныс аударып, проблемалар өсе түсті.Міне, осы проблемаларды саралап, тарихи тәжірибені теориялық бағытта қолдана білген жаңа зерттеулер жазылды.

Зерттеліп отырған тақырыпқа тікелей қатысы болмаса да, Қазақстандық өндіріс салаларының кадр мәселесіне арналған С. К. Игибаевтың «Қазақстанның революцияға дейінгі өнеркәсіп жұмысшылары»[5]. А. Ш.Алтаевтің «Қазақстан өнеркәсіп жұмысшыларының әлеуметтік дамуы (1970-1990 жж) [6], Н.А. Абдуллаевтің «1950-1975 жылдардағы Қазақстан өнеркәсіп жұмысшыларының қалыптасуы»[7], М.Ж. Ташеновтың «Қазақстан жұмысшы табы 1960-1985 жылдарда (өнеркәсіп бойынша)» [8]. монографиялық, диссертациялық зерттеулері жарияланды

Бұл зерттеулерде көрсетілген Отандық тарихтың теориялық-методологиялық мәселелері кейін, кеңірек түрде З.Алдамжардың «Тарих: пайым мен тағылым» атты 2003 жылы жарық көрген методологиялық бағыттағы мақалалар жинағында көрініс тапты.

Қазақстан тарих ғылымында әлі де болса тиісті көңіл бөлініп, ұқыпты түрде қолға алынбай келе жатқан мәселелердің бірі - осы методолгиялық жүйені қайтадан жаңа ғылыми негізде зерттеу.

Эрине, бұл іске кіріскенде осы уақытқа дейін қалыптасып, ғылыми айналысқа енген методологиялық тұжырымдар мен қағидаларды түгелдей теріс деп тауып, ысырып тастасақ, онда асығыстық, бірыңғай пайымсыздық көрсетер едік.Өйткені өткен дәуірде орын алған қате-кемшіліктерді,и кесаппаттық тылсым салдарын сынап, бой арылту барысында біз іске асар мұраның бір мысқалы болса да бекер шашпай жинақтағанымыз жөн. Ізденіс пен жинақтылық - ағайынды тіршілік. Сондықтан методологиялық жүйе туралы мәселе қозғағанда, біз марксистік-лениндік таптық методологияның принциптерінен, оның идеологиялық шырмауынан бас тартып, сынағанда, сонымен бірге, жалпы ғылыми методологиялық жүйе, таптық шеңберден тыс жатқан ғылыми ортақ негіздегі ақиқаттық принциптер мен объективтік ой-пікір барлығын ескергеніміз абзал [9,108].

Отан тарихындағы теориялық-методологиялық ұстанымдар туралы, соңғы зерттеулер ішінде Х.Әбжановтың «Ұлт тарихы: оны зерттеудің ұстанымдары қандай болуы керек?» атты мақаласын көрсетуге болады.Мақалада З.Алдамжар теориялық ойлары ғылыми дамытылып, Қазақстан тарихын зерттеудің қалыптасқан негізгі тұжырымдары ретінде: тарихты жасайтын адам, тарихты жазуда адамзат тәжірибесі мен тағылымын ескеру, тарихтағы сабақтастық әсіресе ұрпақтар сабақтастығы, ұлт тарихының гуманизмі, ұлт тарихының оптимизмі туралы методологиялық тұжырымдармен байытты [10,118-128].

Кадр мәселесін зерттеудің негізі ретінде диалектикалық және тарихи материализм принциптері, әлеуметтану категориялары ең бастысы философияның дамытушылық қағидалары басшылыққа алынуы тиіс.

Жаңа парадигма немесе тарихи құбылыстар мен оқиғаларды, процестерді зерттеудегі жаңа үлгі - модель, Марксистік философия мен методологиядан түгелдей бас тарту емес. Мәселе оның тарихи құбылыстар мен процестерді қарама- қарсы таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіретін сипатынан бас тарту.

Ұлт тарихын жазудағы маркстік-лениндік таптық теориялық-методологиялық ізденістерді тарихи шындықтан толықтай ысырып тастамай, бүгінгі күнмен үндес теориялық ойлары сарапталынуы қажет.Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын жазудағы бір партиялық тұрғыда баяндау, көп жағдайда тарихшының кәсіби деңгейі мен тарихи шындықты теориялық-методологиялық пайымдауларына байланысты еді.Неге тарихта ақтандақ беттер көп, тарихи бағыт беретін методология неліктен күнделікті өмір шындығынан ауытқыды?

Бұл сұраққа жауап іздеуге талпыныс тарихшылар тұлғасының қоғамдағы атқарар рөліне ой жүгіртумен қатар, зиялылар, олардың қоғамдағы орны деген мәселені айналып өтуі мүмкін емес. Зиялылар қауымы, соның ішінде тарихшылар кез-келген қоғамның бет бейнесін анықтайтындықтан олардың қоғамдағы рөлі мен прогреске қосқан үлесін зерделеу әрбір өркениетке бет алған ел үшін маңызды болып табылады. Осы ретте қазақ зиялыларын жалпы екі топқа: ресми өкіметтің бағдарларымен келіспей, белгілі дәрежеде қарсы тұрған қазақ зиялыларының екінші буыны және дүние танымы мен көзқарастары Кеңес өкімет тұсында қалыптасып, ел игілігі үшін еңбек еткен зиялылардың келесі буындары деп белуге болады деген ой айтылуда. Бірінші топ өкілдерінің қазақ тарихындағы рөліне баға беруде соңғы кезде тарих ғылымында үлкен жұмыс атқарылып, табан тірерлік негіз жасалған болса, екінші топ өкілдері туралы не айтуға болады, олардың соңынан қалдырған мұрасын қалай бағалауға болады деген мәселе бой көтереді. Мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар социализм идеяларына шын сеніп, дарыны мен еңбегін соған бағыштап, көптеген жылдар бойы тер төгіп, еңбек етті. Бұл мәселе көп зерттеу жүргізіліп, жаңа көзқараспен байыпты ой-тұжырымдар айтуды қажет ететін мәселе.

Тарихшы-ғалымның қоғамдық, ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету мақсаты маңыздылығымен құнды. Себебі бұл тақырып қазіргі кезеңде күрделі болып отырған мәселенің бірі. Біріншіден, жеке адамның (бұл жағдайда тарихшының) өмірі мен қызметін бағалау, зерттеушінің алдына көптеген тарихи, философиялық, этикалық, моральдық тұрғыдағы шешуін іздейтін қиындықтарды көлденең тартатын іс. Әсіресе, бұл жерде үлкен өзгерістерге ұшырап, бағдарлары жаңартылып жатқан тарих ғылымының еңбеккерлері, тұлғалары туралы зерттеу жасап, еңбек жазудың жүгі басқа салаларға қарағанда ауырырақ екені сөзсіз. Екіншіден, Қазақстан тарих ғылымының ірге тасын қалаған тарихшылардың біразының аты-жөні жұртшылыққа белгісіз, көптеген тарихшылар мен олардың еңбектеріне "маркстік-лениндік" тұрғыдан жазылған деген үкімді оңай шығара салуға дайын, енжарлық пен дилетанттылықтың, салғырттықтың шекараларына жақын көңіл-күйдің бұл мәселеге мойын бұруға кедергі жасап отырғаны тағы бар. Қазақстан тарихшылары, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде баршылық.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Нүсіпбеков А.Н. Состояние изучение истории советского рабочего класса Казахстана.// Вестник АН Каз.ССР.Серия общественных наук.-1961,№7.- C 11-17.
  2. Уалиев М.Вопросы социалистического соревнование рабочего класса Каз.ССР. в Казахстанской историографии.//В книге: Деятельность компартии Казахстана по руководству социально-экономической развитием республики.- Алма-Ата,1978, - C 25-29.
  3. Абишева Б.Н. Изучение истории рабочего класса Казахстана.// В книге: Актуальные проблемы истории советского Казахстана. -Алма-Ата,1980, - С.15-24.
  4. Асылбеков М.Х. Итоги и задачи изучение истории рабочего класса Казахстана (1917-1976 гг).-В кн: Рабочий класс Страны Советов.- Минск,1980,-С. 350-357.
  5. Игибаев С.К. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана: численность, состав, положение (1861-1917 гг.): дисс.... док. ист. наук. - Усть- Каменогорск, 1990. - 431 с.
  6. Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана (1970- 1990 гг.): дисс.... док. ист. наук. - Алматы, 1996. - 322 с.
  7. Абдуллаев Н.А. Формирование рабочих кадров промышленности Казахстана в 1950-1975 годы: дисс.... док. ист. наук. - М, 1998. -411 с.
  8. Ташенов М.Ж. Рабочий класс Казахстана 1960-1985 гг. (на примере промышленности): дисс.... док. ист. наук. - Екатеринбург, 1997. - 471 с.
  9. Алдамжар З.А. Тарих: Пайым мен тағылым.-Алматы, 2002.- 288 б.
  10. Әбжанов X. Ұлт тарихы: оны зерттеудің өзекті ұстанымдары қандай болуы керек?.// Кітапта: Таным таразысында.-Атырау, 2006.-313 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.