Аңдатпа
Бұл мақалада информатика пәнін оқытудағы жобалау технолотиясының қолданудың алғышарттары, мақсаты мен міндеттері, одан туындайтын өзекті мәселелері қарастырылған. Жобалау технологиясының бағыттары мен жолдары туралы айтылған.
Білім берудің мақсаттарын, өзінің заңды қоры негізінде педагогикалық білім беру саясатының жалпы принциптерін мемлекет анықтап белгілейді. Бұл бағытта алдымен білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары тұруы, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы, азаматтық тәрбие және отанға деген сүйіспеншілік бірінші орында тұрады.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарының басты міндеттері мынандай негізде құрылады:
- оқушылардың қоғамдық және өндірістік қажеттіліктерін анықтайтын білім жүйесін меңгеруін қамтамасыз ету;
- ғылыми дүниетанымдық, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті, гуманистік құндылықтарды және өз бетімен білімді саналы толықтыруды, шығармашылық ойлауды қамтамасыз ету;
- халықтың ұлттық-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, физиологиялық және моральдық дені сау ұрпақ тәрбиелеу;
- жастардың саналы азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, адамгершілікті сезіне білуге дағдыландыру, демократиялық өзін-өзі басқаруға қатысуға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға ұмтылдыру;
Жоғарыда келтірілген жобалық нәтижелер, мектептің оқу-тәрбиелік іс- әрекетінің нәтижесін жалпы орта білім беру жүйесінің алдына қойылатын талаптарды, мектептегі білім беру жүйесінің алдында қойылатын белгілі негізгі үш топқа, яғни білім беру және дамыту мақсатына; практикалық мақсатқа; тәрбиелік мақсатқа белуге мүмкіндігін береді.
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық [1].
Информатиканы оқытудың білім беру және дамыту мақсаты бұл әрбір оқушыларға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы орнықты білім беру, сонымен бірге түрлендіру үдерістері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану және осы негізде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу. Мектеп курсында информативны оқып-үйрену, онда оқылатын басқа ғылымдардың негізін баянды және саналы меңгеруге, сондай-ақ, осы ғылым саласынан оқушыларды негізгі біліктілік пен дағдылармен қаруландыруға арналған. Информатика саласынан білімді меңгеру, сәйкесінше біліктілік пен дағдыларды алуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті болатын оқушылардың саналы дамуына, шығармашылық қабілеттіліктері мен ойлауының дамуына эсер етеді [2].
Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы информатика курсының практикалық мақсаты бұл оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектеп бітіргеннен кейін еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру. Бұл мектептегі информатиканың курсы баланың ішкі жан дүниесін байытатын және ақылын дамытатын информатиканың негізгі ұғымдарымен таныстырып қана қоймай, оқушыны компьютерде жұмыс істеуге және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін үйретуге, яғни практикалық бағытталғандығын көрсетеді.
Информатика курсының кәсіби мақсаттарындаоқушыларға ЭЕМ-мен тікелей байланысты мамандықтар туралы және мектепте ЭЕМ-ді пайдалануға сүйенетін әртүрлі ғылымдар туралы мәлімет берілуі тиіс. Информативны оқытудың практикалық мақсаты істің өндірістік бағытымен қатар, жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға және басқа да ақпараттық, коммуникациялық технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға дайындауды да қарастырады.
Мектеп информатика курсының тәрбиелік мақсаты ең алдымен оқушыға есептеуіш техника мен ақпараттық технология құралдарының қоғам мен өркениеттің тұтастай дамуындағы рөлі мен мүмкіндіктеріне түсінік беретін қуатты дүниетанымдық ықпалмен қамтамасыз етіледі. Мектеп информатика курсының оқушылардың ғылыми танымына қосатын үлесі ақпарат туралы түсінікті ғылымның негізі үш ұғымы, яғни қазіргі дүниенің ғылыми көрінісін құрудың негізінде жататын зат, энергия және ақпарат ұғымдары арқылы қалыптастырумен анықталады. Сонымен қатар информативны жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мәдениеті және өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау, іс-әрекетінің алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты жалпы тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Информативны оқып-үйрену, сондай-ақ оқушылардан олардың ақыл-ой еңбегі мен жігерін, ықыласын, саналы әрекетін қажет ететін алгоритмдер мен программаларды құра білуі және олардың ЭЕМ-де жүзеге асырылуын табандылықпен, мақсаттылықпен, шығармашылық белсенділікпен орындауы және жеке жауапкершілік пен еңбексүйгіштік, тәртіптілік, ойлау шыншылдығы, өзінің көзқарасы мен пікірін дәлелдеу сияқты жеке тұлғалық қасиеттердің дамуына мүмкіншілік туғызу болады. Мектеп информатика пәнінде нақтылыққа, іс-әрекет пен ойлаудың дәлдігіне ерекше мән беріледі, себебі ойлаудың, баяндауды және сипаттаудың дәл болуы - компьютермен жұмыс істеудегі негізгі маңызды компонент болып табылады. Оқушыны кейде есепті қалай шығару керектігі туралы тапқырлыққа алып келудің қиын екендігі белгілі. Информатика курсында мәселе тек тапқырлықта ғана емес, оның орындаушы ЭЕМ үшін алгоритмін дәл, әрі нақты жүзеге асыруда, осы алгоритмдерді қағаз бетінде өте дұрыс, дәл жазуда немесе қатесіз пернетақтадан енгізуде болып отыр. Жаңа курсты оқып- үйренуде оқушыларда, әрбір дәлсіздік, олқылық, босаңсу, шұбалаңқылық және т.б. ерсі көзқарастар бірте-бірте қалыптасуы мүмкін. Бұл жеке тұлғалық маңызды қасиеттер информатиканы оқып-үйренуде өздігінен қалыптаспайды. Бұл жерде мұғалімнің тынымсыз еңбегі қажет болады [3].
Мектепте информатика саласынан білім берудің жалпы мақсаттары өзінің жалпы дидактикалық мәнісінде көмескі болып қалатын үш негізгі мақсаттар сияқты оқу үдерісіне қойылғанда оқытудың нақты мақсаттарына айналады. Осы жерде информатика пәнін оқытудың нақты мақсаттарын тұжырымдаудың оңай мәселе еместігіне көз жеткіземіз.
Мұндай жағдай тек мектеп информатикасына қатысты емес, сондықтан оған дәлелді түсіндіру бар. Мақсат түсінігінің жалпы философиялық түсіндірмесіне көңіл аударайық: «Мақсат - іс-әрекет нәтижесінің ойша, саналы болжамы. Мақсат тікелей себепші ретінде адамның іс-әрекетінің бағытын реттеп отырады. Мақсаттың мазмұны іс-әрекеттің объективті заңдарынан, субъектінің және қолданылатын құралдардың нақты мүмкіндіктерінен тәуелді болады» [4].
Сонымен информатика саласынан мектепте білім берудің мақсаттары неден басталады және олардың қалыптасуына не эсер етеді?
Мектептегі информатика пәнінің нақты мақсаттары ең алдымен информатика ғылымы қоғамның осы даму кезеңіндегі іргелі негізін талдауға, оның басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөліне сүйенуі қажет болады. Бұл жерде ең алдымен информатика ғылымының іргелі негіздері қалыптасу және даму күйінде қалып отыр, бұл осы күнге дейін жалғасып отырған пікірталастар негізінде оларды бірмәнді емес бағалауғаалып келіп отыр. Мектеп пәндерін оқытудың нақты мақсаттарының қалыптасуы, сонымен бірге білім беру парадигмасының дамуына эсер етеді, атап айтқанда жалпы орта білім беру стандартына ыңғайларды қалыптастыру және нақтылау, бұдан өз кезегінде әртүрлі ашық субъективті көзқарастар мен пікірлердің қарама-қайшылығы туындайды [3].
Сонымен қатар, тек қана саналы, ғылыми негізделген мақсатты таңдау, информатиканы оқытудың алдында тұрған міндеттердің орындалуын жүзеге асыру және оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалану негізінде оқу материалын (оқыту мазмұнын) құрастыру мүмкіндігін береді. Информатика саласынан жалпы мектептік білім беру мақсатының эволюциясы мен біртіндеп жетілуін мектеп пәнінің алғашқы нұсқасы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН-нен) пәнінен баста п ретпен қарастыру мақсатқа сай келеді.
Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарла мала рында жарияланғанындай «... жастардың есептеуіш техниканы жан- жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған [5]. Бұл адам іс-әрекетінің әр түрлі саласында компьютермен тікелей, үздіксіз жұмыс істейтіндердің санының күрт өсуіне алып келетін дербес компьютерлердің кеңінен таралуымен түсіндіріледі.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:
- есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;
- оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен және есептеуіш техниканың даму болашағымен таныстыру.
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу — білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып - тәрбиелейтін мұғалім - шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса,онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы [6].
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:
- Баланы оқи білуге үйрету;
- Баланы ойлауға үйрету;
- Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті - оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау,жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту технологиясы тәжірибеге енгізілді.
Мақсаты: информатика пәнін оқытуда жобалық оқыту технологиясының әдіс- тәсілдерін үйрету, сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.
Міндеттері:
- оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;
- жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу- тәрбие үрдісінде қолдану;
- оқушы тұлғасының өзіндік дамуын жүзеге асыру;
- оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
- оқушыларға болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға жәрдемдесу;
- оқушының шығармашылығын дамыту;
- оқушы дамуына мониторинг жүргізу.
Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға, тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптерінен егізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.
XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамудағы негізгі басымдықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өзбетінше білім алып, оны ісжүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені - бүгінгі күн талабы. Сондықтанда жобалау технологиясының информативны оқытудағы тиімділігі күннен күнге артүда.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өзбетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сынитұрғыда ойлау қабілетін арттыру арқылы әртурлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Erep оқушы жоба тақырыбын ұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртурлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, эр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде [7].
Жобалау технологиясының негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін,оны жоспарлай білу қажет:
Информатика пәнін оқытуда жобалау технологиясын қолдану үшін:
Оқушының коммуникативтік дағдылары қалыптасуы қажет
- сауалдар қою (басқа оқушының пікірін білу, ақпарат жетіспегенде мұғалімнен сұрау);
- дауысымен басқару;
- өз көзқарасын білдіру (барлығына түсінікті түрде өз ойын ашу,дәлелдеу)
- келісімге келу;
Оқушының ой — өрісінің дамуы, «ақыл - ой толықтығы»
- талдау, біріктіру әрекеттерінің дамуы;
- салыстырмалы талдау жасау;
- негізгіні бөліп көрсету;
- жалпы әрекет әдісін табу, оны қолдану мүмкіндігі;
Өзіндік бағалау әрекеті
- өзінің және басқаның жұмысын шынайы бағалау;
- нәтижені және оқу міндеттерінің шешілу барысын бағалау дағдысы;
- кемшіліктерді көру;
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген информативны оқытудың негізгі мақсаттарының бірде-біреуі жеке түрде орындалмайды, олар бір-бірімен мықты байланыста жүзеге асырылады. Оқушыларға осы саладан жалпы білім алуын қамтамасыз етпей, сол сияқты оқу мазмұнының қолданбалы, практикалық қырларын елемей информатика пәнінің біліктілік және тәрбиелік нәтижесін алуға болмайды.
Әдебиеттер тізімі
- Искакова Л., Беркутов Ә. Информативны оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.
- Шәріпов А. Информатика. Алматы, «Қазақ университет!», 1992 жыл.
- Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Астана, 2004 жыл.
- Ш.К. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. «Педагогика». Фолиант баспасы. Астана 2007. 653 бет.
- «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал
- Беркутов Ә. Компьютер - оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
- Камардинов О. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.