Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«қазақстан республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасы туралы» қазақстан республикасы президентінің жарлығын жүзеге асырудағы студенттік жастардың рөлі

Аңдатпа

Сыбайлас жемқорлық туралы студент жастардың көзқарасы, онымен курес жүргізудегі сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы қоғамымыздың аса бір көкейкесті мәселелер екендігіне көз жеткізуі. Бұл кеселмен куресу ушін әрбір қазақстандық барынша атсалысу керек екендігі айтылды. Сыбайлас жемқорлықпен куресудің маңыздылығы болып кешенді шаралардың ұтымды турде жузеге асырылуы табылады. Тек қана мемлекеттің ғана ісі емес, бұл елдің барлық тупкірінен азаматтық қоғамның тарапынан кешенді турде жургізілуі керек.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев ««Қазақстан -2050» Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында: Сыбайлас жемқорлық - тек заң бұзушылық ғана емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сейілтеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп болып табылады» деп атап өтті. Жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам болып күресу керек. Сол кезде ғана қоғамда төзбеушілік атмосферасы орнап, жемқорлықпен күресудің нәтижелері оң шешімін табады [1].

Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көп жұмыстар атқарылуда. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы Заң қабылдады, кешенді мемлекеттік бағдарламалар жасалды, өмірдің талабына сай оларға күрделі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды. 2011 жылдың 31 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған Үкіметтің салалық Бағдарламасы» қабылданды.

Бұл бағдарламаның жалғасы ретінде келесі кезең - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр Отан партиясымен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасымен әзірленіп, қабылданды.

Маңыздылығы - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы қоғамымыздың аса бір көкейкесті мәселелерінің бірі. Бұл кеселмен күресу үшін әрбір қазақстандық барынша атсалысу керек. Ол үшін барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ой ұстанымы қажет. Осы жемқорлықпен күресу жолдарын түсіндіруде, оның еліміздің экономикасы мен әл-ауқатына тигізер залалы жайлы жастар арасында құқық қорғау органдарының өкілдерімен жиі кездесулер өткізіліп, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты түрлі іс-шаралар атқарылып келеді.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері эсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухында тәрбиелеу қажет [2].

Біздің ел - ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген. Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.

Ел егемендігін алған алғашқы жылдары «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі арнайы орган құрды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл жоспарына да қол қойылған болатын [3].

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар онымен күресу тәсілдерін күшейтуге, одан әрі жүйелендіруге және жетілдіруге негізделетін болады. Бұл ретте, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кеңінен тарту міндеті айрықша басымдыққа ие болады. Ұлттық ерекшеліктерді ескере және халықаралық озық тәжірибені назарға ала отырып, «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» жолындағы біздің кезекті қадамымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғаммен әріптестік орнату болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мен анықтау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті ұсыныстар енгізіледі. Бұл актілер мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда ұсынылады. Басқаша айтқанда, нақты қандай да бір құқықбұзушылықтар орын алғанға дейін, осындай шаралардың болуы мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бақылау сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді [2].

Республиканың әр аймағында «Студент жастар арасында жемқорлықтың алдын алу: мәселелер және олардың шешу жолдары» атты тақырыпта конференциялар өтуде.

Жоғары білім беру жүйесінде жемқорлықты түп-тамырымен жою - жоғары білікті мамандарды дайындауда бәсекелестікке қабілетті білімді қалыптастырудың ең негізгі міндетінің бірі.

Сыбайлас жемқорлықты жою - біздің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құндылығы болып табылатын - Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы. Сондықтан да қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру қажет және де сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюда, шешуші және соңғы сөз ЖАСТАР тарапынан болуы керек! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін партияның саяси Доктринасында бекітілген Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Отбасы және дәстүр сынды әмбебап құндылықтар - құрауы тиіс деп есептейміз.

Алдағы уақытта да жастар тарапынан осы мәселеге қатысты құнды ұсыныстар қабылданып, соның аясында түрлі іс шаралар ұйымдастыру мәселесі басты назарда тұр. Бастысы жастардың бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселенің шешімін табуына атсалысып, белсенділік танытуы құптарлық-ақ.

Атырау қаласының жастарының «Жемқорлықты тоқтатайық» деп аталатын жастар арасында жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы дөңгелек үстелде Үндеуі тыңдалды.

Республиканың барлық аймақтарында «Сенің жемқорлыққа жол жоқ дегенің құнды!» атты республикалық акциясы өткізілуде, ақпараттық-ағарту іс-шаралары аясында «Сіз жемқорлық фактілері жөнінде қалай баяндай аласыз?» атты үгіттеу кітапшалары таратылды.

«Әділетті, адал болайық!», «Ар-ожданыңды сақта!», «Ар және абырой өз қолыңда!» тақырыптары бойынша диспуттар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Параны беруші, пара алушы және заң» тақырыбында дөңгелек үстел және онлайн режимінде «Жемқорлық залалы», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптары бойынша интерактивтік ашық сабақтар өткізілуде.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бағыттарын тусіндіру мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы М.М.Ахметжановтың, «Түрлі әлеуметтік топтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» оқыту курсы бағдарламасының орындалысын жүзеге асыру үшін облыс көлеміндегі ЖОО студенттеріне түсіндіру шаралары туралы, сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдын алу бағытындағы жұмыстары туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Алмаз Кәрімжанұлы Кәрімжановпен студенттердің кездесуі өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Департамент жанындағы Қоғамдық кеңес, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қатысқан болатын.

Университетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, білім ордасында оны мүлде болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Сен өз құқығыңды білесін бе?», «Оқытушылар студенттер көзімен» тақырыбында сауалнама жүргізіледі, «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Таза сессия» атты акциялар өткізіледі, және оны өткізу үшін арнайы штаб құрылды. Емтиханды ұйымдастыру, қабылдау ережелерін түсіндіру мақсатында және ПОҚ мен қызметкерлер тарапынан этикалық нормаларды бұзу бойынша арыздарды қабылдау үшін қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Сонымен қатар, университетте сенім телефондары университет басшылықтарының блоктары. сенім жәшіктері жұмыс жасайды».

«Университет» газетінде студенттердің құқықтық сауатсыздығын көтеру үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру мақсатында тұрақты турде мақалалар, ақпараттар жарияланады.

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты әзірленіп, университет Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының 36 индикаторларының бірі - «Құқық негіздері» пәніне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбын мазмұнның 15 пайызынан кем емес мөлшерінде енгізу қарастырылып, техникалық және кәсіби, жоғары білім деңгейлерінің типтік оқу бағдарламаларына қосылды.

Бұған қоса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модульді оқу бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пәндерді оқыту кезінде қазақстандық ЖОО оқу-әдістемелік қамсыздандыру мақсатында әзірленуде.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дүниежүзі бойынша эр ел өзінің қарқынды дамуын жарқын жағынан көрсеткісі келсе, дамыған отыз ел қатарына қосылу үшін жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Сәби дүниеге келген сәттен ата-анасының тарапынан және баланың алдағы өмірінің болашағына кедергі келтіретін жемқорлыққа жол беретіндей әрекеттерге бармауы керек.

Сыбайлас жемқорлықты жою - біздің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құндылығы болып табылатын - Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы.

Сондықтан да қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру қажет және де сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюда, шешуші және соңғы сөз ЖАСТАР тарапынан болуы керек!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін партияның саяси Доктринасында бекітілген Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Отбасы және дәстүр сынды әмбебап құндылықтар - құрауы тиіс деп есептеймін.

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында еліміздің барлық аймақтарында «Жас Отан» жастар қанаты игі шара ұйымдастыруда. Шараға ат салысқан әр аймақтың студент жастары қоғамда белең алған жемқорлық жайында сөз қозғап, өз ойларымен бөлісіп жатыр. Мұндай шаралар көптеп өткізілсе, тек жастар емес, сонымен қатар қоғамдағы барлық адамдардың көзқарастары кеңейіп, жемқорлыққа басқаша қарар еді.

Erep эр ЖОО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-бағдарламасы мен университет бекіткен саясатының барлық талаптарын орындайтын болсақ, жемқорлықсыз болашаққа қадам басуға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. 1 Н.Ә. Назарбаев ««Қазақстан -2050» Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауы
  2. 2 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
  3. 3 Сыбайлас жемқорлықпен күресу. [Электрондық ресурс]. - 2015. www.shetaudsot. (7.12.2015).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.