Аңдатпа
Мақалада «коммуникация», «құзыреттілік» ұғымдарына жан - жақты анықтама берілді. Осы тұрғыда шетел, орыс және өзіміздің отандас педагог - ғалымдарымыздың еңбектері қарастырылып, іс - тәжірибелерінен ой-тұжырымдары алынды. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда оқу тапсырмаларын қолдану тиімді нәтижеге жеткізетіні баяндалған.
Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайларға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайды тұғырлық құзыретпен дамыту қажеттілігі орын алып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген [1].
«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген [2]. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [3]. Латын тілінен аударғанда (Competentia - әділ, дұрыс қорытынды; Competere - дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық - өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады [4].
Құзырлықты ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л.А.Петровскаядан, ал жалпы білім беру саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И.А. Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі [5,6].
Білімдік парадигманы өзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін В.С. Леднев пен М.С. Каган ұсынады. Олардың пікірінше білім мазмұнының негізі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық және көркемдік- эстетикалық құзырлықтарды жатқызуға болады.
Құзырлық тұрғыда қарастыру дегенде, бірінші орынға оқушылардың алған ғылыми хабардарлығы емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен технологияларды меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, өзінің іс-әрекетін бағалауда; төртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, көрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік рөлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, өзінің кәсіптік оқу орнына түсуге дайындығын анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, өзінің өмірдегі орнын, өмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты көптеген тікелей өзіне байланысты мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын көреміз.
Осыған орай, қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа коммуникативтік құзырлық парадигмасы негізінде қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан оқушы жастардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып отыр.
«Коммуникация» ұғымы: ақпаратты беру үдерісі, кез келген түрдегі ақпаратпен алмасу, адамдар арасындағы қарым-қатынастың актісі деп түсініледі [7]. Коммун и кати вті к құзыреттілік - бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуникатордың жинақталған білім, білігі, дағдылармен қарулануы арқылы адамның алдында тұрған міндеттерді нәтижелі шешуге көмектеседі.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты - оларды бүгінгі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен тиімді қарым-қатынас жасай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Оқушы оқу субъектісі болғандықтан, педагог тек ойлау үдерісін басқаруды емес, сонымен бірге оқушының қарым-қатынас үдерісіндегі коммун и кати вті к құзыреттілігін дамытудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Аталмыш мәселелерді шешудің тиімді жолдары мен бағыттарын көптеген ресейлік педагог-ғалымдар (В.К. Загвоздкин, И.Л. Зимняя, А.Г. Каспржак, Д.А. Иванов, К.М.Митрофанов, О.В. Соколова, А.В. Хуторский және т.б.) мен отандық педагог-ғалымдар (Б.А. Әлмұқамбетов, А.Ә. Жайтапова, Б.А. Тұрғанбаева және т.б.) еңбектерінен, іс- тәжірибелерінен көруге болады.
А.В. Хуторский коммуникативтік құзыреттіліктің мынадай компоненттерін атап көрсетеді:
- коммун и кати вті к тәртіп аймағындағы білімі (қажетті білімдерді білуі, педагогика және психология, конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі);
- коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты және жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық эсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);
- эмпатиға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, психотерапияны сөзбен орындай алу);
- өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің және өзінің мінез-құлқын реттеп алу іскерлігі, әңгімелесушіні модельдей алу, дау-жанжал жағдаяттарында өнімді жауап беру тәсілдерін табу, жағымды психологиялық ахуалды тудыру, субъектаралық қарым-қатынасты болжай алу);
- вербальды және вербальды емес қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және шарттасуды жүргізу, кәсіби педагогикалық әдеп ережелерін сақтау ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану) [8].
Осыдан, жоғарыда берілген түсініктерді басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысының мақсатына қарай өз анықтамамызды береміз: бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзырлығы - қоғамда қарым-қатынас арқылы өзін- өзі жүзеге асыруға ұмтылатын, коммун и кати вті к құзырлықтың өзіндік, тұлғалық әлеуетін түсінетін, өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты оқушының жинақтаған білім, білік, дағдылармен қарулануы, тілдік қатысымды терең меңгеруі.
Білім берудің және тәрбиенің тиімділігін арттыру жағдайында бастауыш сынып оқушылырының коммун и кати вті к құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқу үдерісінде коммун и кати вті к құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жүйесін қолдану соңғы уақытта ерекше көрініс табуда.
Тапсырмалар мұғалім мен оқушының өзара бірлескен, оқушы мен оқушының біріккен іс-әрекетін дәнекерлеуші құрал ретінде және мұғалімнің білім мен іс- әрекетті меңгерту үдерісін басқаруда, сол білім мен білікті оқушының меңгеруінде, яғни оқу-таным іс-әрекетін жүзеге асыруда көрініс табады. Құзыреттіліктерді қалыптастыру сапасы мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп ұйымдастырылған іс- әрекетіне және тапсырмалар жүйесін дұрыс құрастырып, құзыреттіліктерді дамыту іс-әрекетіне сәтті енгізумен байланысты.
Тапсырмалар құзыреттіліктерді қалыптастыруда белгіленген мақсаты мен міндеттеріне жетудің негізгі құралы ретінде көп қызмет атқарады. Тапсырмалардың қызметі құзыреттіліктерді дамытудың мақсатына қарай пайдалану сатысына тәуелді болады. Эрине, пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен ажыратылады. Шын мәнінде оқу үдерісі тек білімді меңгерумен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауымен де ерекшеленеді. Сонымен, егер де тапсырмалар болмаса, онда оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттері де жүзеге аспайды, яғни оқу үдерісі болмайды деген сөз.
Қазақстанда педагог-ғалымдар оқу тапсыпмаларын әртүрлі астарларда зерттеді. Ж.Ұ.Қобдықова оқыту технологиялары негізінде жүргізген өз зерттеулерінде дифференцациялық тапсырмаларды құрастыру мәселесін қарастырды [9]. Автордың пікірінше, құрастырылатын тапсырмалар оқушының негізгі құзыреттіліктерін, танымдық және қызығушылық мотивацияларын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, әртүрлі мазмұндағы тапсырмалар тәжірибемен (практикамен) байланысты жағдайларды шешуге бағытталуы қажет. Ж.Ұ.Қобдықованың зерттеулеріндегі шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларға оқушыда қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауға бағалауға негізделген тапсырмалардың мазмұны да сипатталады.
Педагог-ғалым Ж.Караевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады [10].
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғарыдалапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатты қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Ресейдің белгілі педагог-ғалымы И.Я.Лернер оқушылардың жаңа оқу материалын оқуда білім беру мазмұнын меңгерудің үш деңгейінен өтеді деп есептейді: 1) қабылдау және еске сақтау; 2) репродуктивті; 3) шығармашылық. Бұл деңгейлердің әрқайсысын меңгеру үшін тапсырмалардың арнайы түрлері қажет. И.Я.Лернер тапсырмалар түрін анықтауда оларды орындауға қажетті «іс-әрекет түрі» белгісін пайдаланған. Тапсырмалар орындалатын іс-әрекеттер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) білімді меңгеруге бағытталған рецептивті сипаттағы тапсырмалар; 2) білімді үлгі бойынша немесе таныс жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар; 3) білімді таныс емес жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар [11].
Айта кету керек, жеке пән деңгейіндегі білім беру мазмұнына байланысты жоғарыда аталған тапсырмалардың ара-қатынасы әртүрлі болатындығын. Мысалы, егер де негізгі компонент ретінде білім алынса (әдебиет, тарих), онда рецептивті тапсырмалар басым болады. Ал, іс-әрекет амалдары басым болып табылатын пәндерде (дене тәрбиесі, технология) және іс-әрекеттердің аралас түрлерін пайдаланатын пәндерде (қазақ тілі, математика және т.б.) репродуктивті мазмұндағы тапсырмалар көбірек қолданылады.
Бастауыш мектеп оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру, олардың қызығушылықтары мен белсенділігін арттыру үшін келесі тапсырмалар түрлерін қолдануға болады: білімді меңгеруге бағыталған тапсырмалар; логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын түріндегі тапсырмалар; білімді қолдануға бағытталған тапсырмалар.
Оған мынадай тапсырмаларды жатқызуға болады: бастауыш мектеп оқушысының жаңа ортаға сәтті енуіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды; өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар; білімді нақтылауға және құзыреттілікті арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды; алынған білімді мағыналауға қолданылатын есептерді; берілген тапсырмаларды түрлендіруге бағытталған тапсырмалар; бастауыш мектеп оқушысының жалпымәдени ақпарат ағымында бағдарлауына мүмкіндік беретін тапсырмаларды; оқушылардың бойында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға негіз болатын іс-әрекеттерді біріктіретін тапсырмаларды; бақылау мен эксперимент жүргізу және ғылыми-көпшілік мәтіндермен жұмыс жасау алгоритмін жетілдіруге мүмкіндік беретін тапсырмаларды; бақылау және түзету үшін қолданылатын әртүрлі тестерді және т.б.
Төменде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың түрлері беріліп отыр.
- тапсырма. Сыныптың жетекшісі болу үшін қажетті негізгі үш қасиетті анықтап, кестеге түсіріңіз. Here бұлай ойлайсыңдар? Түсіндіріп жазыңыз.
Ол болуы тиіс: |
Неге? |
|
Мықты |
||
Батыл |
||
Спортпен шыныққан |
||
Жақсы оқушы |
||
Шыншыл |
||
Әділ |
||
Көңілді |
||
Сыпайы |
||
Ойын ті ке айтатын |
||
Сенімді |
Оған сенуге болады, өйткені ол алдап кетпейді. |
- тапсырма. Елестетіп көріңдер, егерде:
- тапсырма. Өнімді топтық қатынас.
Тапсырманың мәтінін мұғалімнің өзі оқиды.
Erep партаға жоғарыдан қараса, онда төртбұрышты көруге болады. Erep сынып тақтасына жоғарыдан қараса, онда сызықты көресің. Допқа жоғарыдан қарасаң, нені көресіңдер? Заттарға жоғарыдан қарағандағы көріністі план деп атайды. Erep біз сыныптағы барлық заттарға жоғарыдан қарап, суретін салсақ, сынып бөлмесінің планын аламыз.
Сұрақ. Бәрің бірігіп сынып бөлмесінің планын жасаңдар. Одан өз парталарың мен орындарыңды тауып, тұсына өз аттарыңызды жазыңдар.
Сонымен, жеке тұлғаны дамыту үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушыда қалыптасқан құзыреттіліктерді ескеру керек, яғни оқу іс-әрекеті мен оқушы мотивациясы бір-біріне сәйкес келуі тиіс. Сондықтан да, біздің міндетіміз - бастауыш мектеп оқушыларының нақты мүмкіншілігі мен шығармашылығын танып білу және оның коммуникативтік құзыреттілігін оқу тапсырмалары арқылы қалыптастыру болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
- 1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 14 желтоқсан 2010.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктері. - Алматы: Мектеп, 2002. - 256 б.
- Қазақстан Ұлттық энциклопедия / Бас. Ред. Ә. Нысанбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. - 6 т. - 720 б.
- Философский энциклопедический словарь. - M.: Советская Энциклопедия, 1983. - 840 с.
- Петровская Л.А. Компетентность в общении. - M., 1989. - 120 с.
- Зимняя И.А. Типы теорий и моделей социальной работы. В кн.: теория социальной работы: учебник / Под ред. Проф. Е.И. Холостовой. - M.: Юрист, 1998. - 334 с.
- Еникеев М.И. Психологический энциклопедический словарь. M.,2006.
- Хуторский А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно -ориентированной парадигмы образования // Народное образование. 2003 №3.
- Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология уровневой дифференциации обучения. Алматы, 2002.
- Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. А.,1995.
- Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. M.,1980.