Андатпа
Зертгеу жұмысы Солтүстік Қазақстан облысының шалғынды-батпақгы өсімдіктер қауымдастығының алуантүрлілігін зерттеуге арналған. Бұл жүмыста өңірдегі шалғынды-батпақты өсімдіктердің туыстық және түрлік құрылымы зерттелді. Біздің зерттеу жүмысымыздың негізінде, Солтүстік Қазақстан облысының шалғынды-батпақты өсімдіктерін зерттеу барысында 163 түрден тұратын 89 туыс, 38 тұқымдас белгілі болды (35,6 %). Шалғынды-батпақты өсімдіктердің жетекші тұқымдастарына кіреді: Cyperaceae - 28 түр (барлық флораның 17,5%), Fabaceae - 21 түр (13,13%), Polygonaceae. - 14 түр (8,8%), Asteraceae - 10 түр (6,25%), Juncaceae және Salicaceae - 8 түрден (5%), Poacea және Apiaceae - 6 түрден (3,8%), Lamiaceae - 5 түр (3,09%). Осы ірі түкымдастарға 107 түр кіреді, бүл түрлер берілген шалғынды-батпақты өсімдіктердің барлық флораның 66,9%-ын құрайды.
Шалғындық-батпақты өсімдіктердің 163 түрдің 145 түрі шөптесін өсімдіктер болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында кездесетін шалғынды-батпақты өсімдіктердің хорологиялық талдау бойынша барлық түрлері 9 географиялық топқа бөлінді.
Kipicne
Қазіргі уақытта еліміздің ішкі су қорларын тиімді пайдалану және игеру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Cy және жағалау-су өсімдіктері су экожүйелерінің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Фитопланктонмен бірге олар тамақ тізбегінің әртүрлі буындарын қамтамасыз ете отырып, трофикалық циклге қатысады. Кейбір түрлер әртүрлі бағыттағы эксперименттік зерттеулерді орындауға арналған тест-объектілер немесе орта жағдайының кешенді индикаторлары болып табылады.
Шалғынды-батпақты өсімдіктерді зерттеу өзекті болып табылады. Өйткені бүл өсімдіктердің типі Солтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Облыс территориясында Есіл өзені және көптеген көлдер таралған (1 Сурет).
Зерттеу әдістері
Зерттеудің негізгі әдістері салыстырмалы-морфологиялық, экологиялық- географиялық және филогенетикалық болды.
Зерттеу материалдары 2019 жылы мамыр және қыркүйек айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар және Мамлют аудандарынан жиналды және маршруттық-рекогносцирлеу әдісі қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде біз шалғынды-батпақты өсімдіктердің аудандарға орайластырды. Қызыл Жар, Мамлют аудандарда кездесетін шалғынды-батпақты өсімдіктерді зерттелді. Олардың түрлік және туыстық құрамын [1, 2], және қазақ атаулары анықталды [3].
Зерттеу нәтижелері
Қазақстан Республикасында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 4750 түрлері кездеседі. Оның көпшілігі гүлді өсімдіктер болып табылады. Республикасының жерлерінде 68 түрлер ағаштар, 2566 түрі бүталар, 433 түрі жартылай бүталармен бұтақшылар, оның арасында 2598 көпжылдық, 849 бір жылдық өсімдктер таралған [4].
Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы бойынша біздің аймақтың флорасы 700 астам түрлерден тұрады [5].
Соңғы зерттеулері бойынша СҚО флорасында 758 түрлер, 388 туыс және 95 тұқымдастар кездеседі. Флораның негізін гүлді өсімдіктер құрайды, олардың саны 744 түрлер (98,1 %); арасында қосжарнақты өсімдіктер басым болады - 587 түрлер (77,4%) [6].
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Eciл өзені ағып жатыр, өзен жайылмасында түрлі сулы және шалғынды-батпақты өсімдіктер кең таралған және СҚО өсімдік жамылғысын байытуда маңызды рөл атқарады. Есіл өзенінің жайылма- шалғынды өсімдіктері жыл сайын шөп шабуға үшырайды. Бұл флористикалық құрамының өзгеруіне және оның жұқаруына, шабуға және т. б. төзімді түрлердің пайда болуына әкеледі. Солтүстік Қазақстан облысының ірі туыстарының ондығына тал туысы (Salix) өсімдіктердің 8 түрі кіреді. Талдар туысы өңірде, Есіл өзенінің жайылмасында, жер бедерінің төмендеулерінде, су айдындарының жағалауларында кең таралған [7].
Қарағайлар бөліміне 3 түр ғана жатады 0,39%, бүл Pinus silvestris L. (Pinaceae Lindl./ және кипаристар (Cupressaceae Neger.) тұқымдасынан аршаның 2 түрі (Juniperus sabina L., Juniperus communis Lf. СҚО-ның аймағында 14 жоғары сатыдағы споралы түрлері (1,85%) өседі, бұл Lycopodiaceae Rich, тұқымдасына жататын - Lycopodium anceps Wallr. және папоротниктердің (Polypodiaceae R Bry 6 түрі мен қырықбуындардың (Equisetaceae RichJ 7 түрлері. Барлық 95 тұқымдастардың арасында жетекші 11 түқымдас бар, олардың құрамына біздің аймақтың флорасының 63,2 % кіреді.
Шалғынды-батпақты өсімдіктердің туыстық және түрлік құрамы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының флорасындағы кен таралған өсімдіктердің бірі болып табылады. Біздің зерттеу жүмысымыздың негізінде, СҚО-ның шалғынды-батпақты өсімдіктердін тізімі 163 түрден 89 туыстан және 38 тұқымдастан тұрады (35,6 %) [8].
Шалғынды-батпақты өсімдіктердің жетекші тұқымдастарына кіреді: қияқөлең (Cyperaceae Juss.) - 28 түр (барлық флораның 17,5%), бұршақ (Fabaceae) - 21 түр (13,13%), қарақүмық (Polygonaceae Lindl.) - 14 түр (8,8%), күрделігүлділер (Asteraceae) - 10 түр (6,25%), елекшөптер (Juncaceae JussJ және талдар (Salicaceae Mirb.) - 8 түрден (5%), астық (Poacea BarnchartJ және шатыршагүлділер (Apiaceae) - 6 түрден (3,8%), ерінгүлділер (Lamiaceae LindlJ - 5 түр (3,09%). Кең таралған түқымдастарға 107 түр кіреді, бүл түрлер берілген шалғынды-батпақты өсімдіктер зонасына жататын барлық флораның 66,9%-ын құрайды (1 Кесте).
Cyperaceae тұқымдастығы Солтүстік Қазақстан облысының флорасындағы жетекші тұқымдастардың ондығына кіреді және СҚО түрлерінің жалпы санынан 28 түрден (3,7 %) тұрады. Cyperaceae тұқымдасының құрамында 7 туыс: Schoenoplectus Palla туысында 3 түр болса, Scirpus L. туысы - 1 түр, Bolboschoenus Palla туысы - 2 түр, Eriophorum L. туысы - 3 түр, Carex L. туысы - 17 түр, Rhynchospora және Cyperus туысы - 1 түрден түрады.
Carex L. туысы ең ірі туыстардың бірі болып келеді, ол 17 түрден тұрады: жағалаулық қияқөлең (Carex riparia Curtis.), үрме қияқөлең (Carex inflata Huds.), батпақты қияқөлең (Carex Iimosa L.), түкдәнді қияқөлең (Carex Iasiocarpa Ehrh.), қарабидай қияқөлең (Carex secalina Willd), қоңыр қынапты қияқөлең (Carex fusco- vaginata Kuk.), үрметұмсық қияқөлең (Carex rhynchophysa ('.AMey.), жалған қоғашық қияқөлең (Carex pseudocyperus L.), Омбы қияқөлеңі (Carex omskiana Meinsh.), түпті қияқөлең (Carex cespitosa L) [7].
Қияқөлең (Carex) туысының көптеген түрлері нағыз батпақты жерлерде өседі, мысалы Carex cespitosa L. орманды-дала аймағында шалғынды жерлерде, эутрофты батпақтарда, өзен жағалаунда, кейде батпақты орманда кездеседі. Осы топқа Carex omskiana Meinsh., Carex rostrata Stokes., Carex acuta L., Carex elata All., Carex riparia Curtis, түрлерді жаткызүға болады.
Кесте 1 СҚО шалғынды-батпақты өсімдіктердің тұқымдастар құрамы
№ |
Тұқымдас |
Туыс саны |
Түрлердің саны |
1 |
Аройниктер (Araceae Heck.) |
1 |
1 |
2 |
Айлаулықтар (Boraginaceae Juss.) |
3 |
3 |
3 |
Ақдодалдар (Primulaceae Vent.) |
3 |
3 |
4 |
Алаботалар (Chenopodiaceae Vent.) |
2 |
2 |
5 |
Алисмалар (Alismataceae Vent.) |
2 |
3 |
6 |
Астықтар (Роасеа, Graminea Juss.) |
5 |
6 |
7 |
Бақажапырақтылар (Plantaginaceae Lindl.) |
2 |
3 |
8 |
Бұршақтар (Fabaceae, Leguminosae JussJ |
6 |
21 |
9 |
Бүршікбастар (Thelypteridaceae Pic. Serm.) |
1 |
1 |
10 |
Деннштедтиелер (Dennstaedtiaceae LotsyJ |
1 |
1 |
11 |
Елекшөптер (Juncaceae JussJ |
2 |
8 |
12 |
Елекшөптестер (Juncaginaceae Rich.) |
1 |
2 |
13 |
Ерінгүлділер (Lamiaceae Lindl.) |
3 |
5 |
14 |
Зәйтүндер (Oleaceae Lindl.) |
1 |
1 |
15 |
Көкбұталар (Ericaceae DCJ |
4 |
4 |
16 |
Күрделігүлділер (Compositae (VailL) Adans.) |
9 |
10 |
17 |
Күреңоттер (Onagraceae Juss.) |
2 |
3 |
18 |
Қазтамақтар (Geraniaceae Juss.) |
1 |
1 |
19 |
Қайыңдар (Betulaceae SGray) |
1 |
1 |
20 |
Қалақайлар (Urticaceae EndlJ |
1 |
2 |
21 |
Қалампырлар (Caryophyllaceae Juss.) |
2 |
3 |
22 |
Қарақүмықтар (Polygonaceae Lindl.) |
4 |
14 |
23 |
Қасқыржем (Asparagaceae Juss.) |
1 |
1 |
24 |
Қияқөлеңдер (Cyperaceae Juss.) |
7 |
28 |
25 |
Қоғалар (Typhaceae J.St-HillJ |
1 |
3 |
26 |
Қырықбуындар (Equisetaceae Rich.) |
1 |
2 |
27 |
Орамжапырақтар (Brassicaceae, Cruciferae Juss. J |
1 |
1 |
28 |
Раушангүлділер (Rosaeeae JussJ |
4 |
4 |
29 |
Рияндар (Rubiaceae Juss.) |
1 |
2 |
30 |
Сабынкөктер (Scrophulariaceae Juss.) |
2 |
2 |
31 |
Сапиндалар (Sapindaeeae JussJ |
1 |
1 |
32 |
Сарғалдақтар (Ranuneulaceae Juss.) |
2 |
2 |
33 |
Түйешырмауқтар (Aselepiadacae LindlJ |
2 |
2 |
34 |
Сүйсіндер (Orchidaeeae Juss.) |
1 |
1 |
35 |
Талдар (Salicaceae Mirb.) |
1 |
8 |
36 |
Шатыргүлділер (Apiaeeae, Umbelliferae MorisJ |
5 |
6 |
37 |
Асқабақтар (Cucurbitaceae HallJ |
1 |
1 |
38 |
Шырмауықтар (Convolvulaceae JussJ |
1 |
1 |
Барлығы |
89 |
163 |
Ал кейбір тұрлері, мысалы Carexpraecox Schreb. шалғынды жерлерде және ашық шөпті қайынді ормандарда кездеседі, бұл өсімдік қара топырақтарды жаратады. Carex Stenophylla Wahlenb. дала аймағында, құргақ құмды шалғынды жерлерде, дала- орманның жағасында өсетін түрі. Carex туысының сиректеу кездесетің тірлеріне жатады.
Carex secalina Willd. тұзды өзендердің жағалаунда өседі, Carex туысының сиректеу кездесетің тірлеріне жатады.
Түйнекөлен (Bolboschoenus) туысы 2 түрден тұрады (Bolboschoenus maritimus (L.) Palla., Bolboschoenus maritimus (L.) Palla. var.compactus Egorova). Схеноплектус (Schoenoplectus) туысы 3 түрден тұрады, оның ішінде кен таралғаны Sch. Iacustris (L.) Palla., Sch. tabernaemontani (С.С.GmelJ Palla. Бұл түрлері кен таралған, барлық батпақты жерлерде, өзен жағалауында өседі.
Берілген шалғынды-батпақты өсімдіктердің жетекші туыстарына жататын тұқымдастарын 2 Суретте көрсетілген.
Астралар түқымдасы (Asteraceae) 9 туыспен сипатталған: андыз (Inula), түймешетен (Tanacetum), тікенқурай (Cirsium), итошаған (Bidens), сарысояу (Xantrium), жусан (Artemisia), далазығыр (Galatella), майдажелек (Erigerion), мыңжыпырақ (Achillea). Бұршақ түқымдасының (Fabaceae) құрамына 6 туыс кіреді: жоңышқа (Medicago), бұршақ (Vicia), беде (Trifolium), таспашөп (Astragalus), мия (Glycyrrhiza), әйкен (Lathyrus). Шатыршагүлділер түқымдасы (Apiaceae) 5 туыспен сипатталған: сасыршөп (Peucedanum), балдырған (Heracleum), шытырман (Oenanthe), сужелкек (Sium), көкбас (Eryngium). Астықтар тұқымдасы (Poacea Barnchart.) 5 туыспен сипатталған: бидайық (Elytrigia), қосбас (Phalaroides), қоңырот (Poa), ажырық (Aeluropus), қамыс (Phragmites).
Сонымен, зерттеліп жатқан флораның өзіндік сипатына азғантай туыстардың түрлік байлық жағынан жетекші рөлі жатады. Сондай-ақ, аз түрлер есептелетін туыстар да сандық жағынан үстем болып табылады бір түрлі туыстардың 14 есептелінді (35,9%). Бір түрлі туыстардан тұратын тұқымдастарға жатады: бүршікбас (Thelypteridaceae), сүйсіндер (Orchidaceae Juss.), қайыңдар (Betulaceae S.Gray), қасқыржем (Asparagaceae), аир (Acoraceae).
Біздің зерттеулерге сәйкес шалғындық-батпақты өсімдіктердің өмірлік формалары қарастырылды. Шалғындық-батпақты өсімдіктердің 163 түрдің 145 түрі шөптесін өсімдіктер болып табылады, оның ішінде олардың басым көпшілігі көпжылдық - 121 түрі: (батпақты бүршікбас (Thelypteris palustris L), кәдімгі қыранот (Pteridium aquilinum L.), батпақ қырықбуыны (Equisetum palustre L), лаксман қоғасы (Typha Iaxmanni Lepech.), айылжапырақты қоға (Typha angustifolia L.), теңіз жағалық үштіс (Triglochin maritima L.), жерар елекшөп (Juncus gerardii Lois.), дөңгелек жемісті елекшөп (Juncus Sphaerocarpus Nees.), альпілік елекшөп (Juncus alpino-articulatus Chaix.), кәдімгі жебежапырақ (Sagittaria Sagittifolia L.), бақажапырақ алисма (Alisma plantago-aquatica L.) және т.б. (2 Кесте).
Бұталар 10 түрді құрады оларға жатады: төрткүлтелі мүкжидек (Oxycoccus palustris Pers./ аққайрақ (Andromeda polifolia L.), кәдімгі батпақты мирт (Chamaedaphne Calyculata (L.) Moench.), құбашілік тал (Salix cinerea L.), сабау тал (Salix Viminalis L), қызылтал (Salix acutifolia WilldJ, үшаталық тал (Salix triandra LJ, итмүрын (Rosa canina LJ, шілік тал (Salix rosmarinifolia L.) көкшілсұр бүлдірген (Fragaria viridis DuchJ.
Кесте 2 Шалғынды-батпақты өсімдіктердің тіршілік формалары
Тіршілік формалары |
Tүр саны |
Ағаштар |
7 |
Бұталар |
10 |
Жартылай-бұта |
1 |
Біржылдық шөптесін өсімдіктер |
21 |
Екіжылдық шөптесін өсімдіктер |
3 |
Көпжылдық шөптесін өсімдіктер |
121 |
Барлыгы |
163 |
Кейбір өсімдіктер әрі екіжылдық әрі біржылдық болып келеді. Ондай өсімдікке қылды майдажелекті (Erigerion Strigosus H.L.Muhl. ex. Willd) жатқызуға болады. Екіжылдық әрі көпжылдық өсімдікке сібір балдырғанын (Heracleum Sibiricum LJ жатқызуға болады.
Ағаштарға 8 түрі жатады: кәдімгі шаған (Fraxinus excelsior}, ақ тал (Salix alba LJ, ешкі тал (Salix caprea LJ, үшкір жапырақты тал (қызыл тал) (Salix acutifolia WilldJ, қаракөк тал (Salixpentandra LJ, американдық үйеңкі (Acer negundo L.).
Солтүстік Қазақстан облысында кездесетін шалғынды-батпақты өсімдіктердің хорологиялық талдау жүргізілді. Қазіргі заманғы таралуына сәйкес біз зерттеген өсімдіктердің барлық түрлері 9 географиялық топқа бөлінді: Еуразиялық, Азия- американдық, бореалдық, Еуропалық, Евросібірлік, Орталық-Азиялық, Голарктикалық, космополиттік, Солтүстікамерика-азиатты топтары [8].
Хорологиялық талдау нәтижелері бойынша диаграмма жасалды (3 Сурет). Хорологиялық талдау бойынша ең көп таралған топтар: Евразиялық - 48 түр (29,4%), Космополиттік - 31 түр (19,1%), евросібірлік топ - 30 түр (18,4%), екенін көруге болады. Бұл факт облыстың, әсіресе оның солтүстік бөлігінің флорасын қосуда гумидті орталықтардың рөлі зор екенін көрсетеді. Өсімдік жамылғысындағы флораның гумидті элементтері әдетте ерекше, қосымша ылғалданған мекендейтін жерлерге байланысты экологиялық позицияларды алып келеді және қарағай және ұсақ жапырақты ормандардың, шалғындардың қоғамдастығын, жағалау-су өсімдіктерінің кешендерін және батпақты ценокомплекстерді құрайды (4 Сурет).
Азия - американдық топ - Сібір, Қиыр Шығыс, Моңғолия, Орта және Орталық Азия, Солтүстік Америка аумағында таралған. Осы топтан СҚО аумағында 11 түр таралған (6,74 %): май қоға (Typha Iatifolia LJ, теңіз жағалық үштіс (Triglochin maritima LJ, батпақты үштіс (Triglochin palustre LJ, қарабидай қияқөлең (Carex secalina WilldJ, сүңғақ үлпабас (Eriophorum gracilis KochJ және тағы басқада түрлер жатады.
Бореалдық топ - Eypona аумағында Жерорта теңізін қоспағанда, Азия мен Солтүстік Американың тропиктік аймақтарынан басқа жерлерде кездеседі. Осы топқа 3 түр (1,8%) жатқызылды. Оларға жатады: батпақ атбұршағы (Lathyrus palustris LJ, жалған қоғашық (Carex pseudocyperus LJ, бозғылт жылтыршөп (Luzula pallescens (Wahl.) BessJ.
44
Сурет 3 СҚО шалғынды-батпақты өсімдіктердің таралуының талдауы
Еуразиялық топ - Еуразия аумағында кеңінен кездесетін түрлер. Бұл топқа 48 түр енгізілді (29,4%). Осы топтың өкілдері: лаксман қоғасы (Typha Iaxmanni LepechJ, кәдімгі жебежапырақ (Sagittaria Sagittifolia Lf жағалық қияқөлең (Carex riparia CurtisJ, биік қияқөлең (Carex data AllJ, екіүйлі қияқөлең (Carex dioica LJ, доңызөлең (Carex praecox Schreb.), талжапырақ аңдыз (Pentanema salicinum L.) түрлер жатады.
Еуразиялық топтың өкілі плиоцентгік реликті, Қызыл кітапқа енгізілген және қорғауға қажетті болатын өсімдіктердің бірі - бүйра лилия (Lilium martagon L.). Бүйра лалагүл (лилия мартагон, Lilium martagon L.) популяциясы Ташкетка аулының Eciл жағалаундағы қайынді орманда табылған. Lilium martagon L. популяциясы шамамен 20 дананы қүрайды, олардың арасында жас вегетативті, сонымен қатар жеміс беретіндері де бар. Қызыл кітапқа енетін өсімдіктер популяциясының жай-күйіне одан әрі мониторинг жүргізген жөн (4 Сурет).
Голарктикалық топ - Еуразия және Солтүстік Америка аумағында Солтүстік жарты шарда таралу аймағы бар түрлер. Оған 17 түрі (10,5%) енгізілген, мысалы: батпақты бүршікбас (Thelypteris palustris (L.) SchottJ, өзен қырықбуыны (Equisetum fluviatile Lf түпті қияқөлең (Carex cespitosa Lf жіңішке жапырақты ұлпабас (Eriophorum angustifolium Honck.), шалшық қоңырот (Poa palustris LJ және тағы басқада түрлер жатады.
СҚО-ның аймағында Thelypteris palustris (L.) Schott, сирек кездесетін түрлерге жатады, тек қана шымтезек батпақтарда (Мамлют ауданы), бұтақты батпақтарда, ылғалды шалғынды өзен жағалаунда өсетін өсімдік. Бұл түрі көптеген аймактарда (Армения, Молдова, Украина, Тәжікстан Республикаларында, көрші Ресей Федерацияның Краснояр, Алтай өлкесі, Томен, Томск, Қорған, Омба облыстарында) Қызыл кітаптарына енгізілген. Қорғау кажетті түрлерге жатады.
Космополиттік топ - таралуы бойынша жер шарының ауқымды аймағын, яғни көп бөлігін қамтитын ареал түрлері. Бұл топқа 31 түр жатқызылды, бұл түрлердің жалпы санының 19,01% құрайды. Космополиттік түрлерге жатады: батпақ қырықбуыны (Equisetum palustre LJ, айылжапырақты қоға (Typha angustifolia LJ, омбы қияқөлеңі (Carex omskiana Meinsh.), қынапты ұлпабас (Eriophorum vaginatum LJ, кәдімгі жебежапырақ (Sagittaria Sagittifolia LJ және тағы басқада түрлер жатады.
Солтүстікамерика-Азиаттық топ - Сібір, Қиыр Шығыс, Моңғолия, орта және Орталық Азия, Солтүстік Америка аумағында таралған. Осы топтан СҚО аумағында 2 түр таралған (1,2%): биік андыз (Inula helenium L.), түкті дәнді қияқөлең (Carex Iasiocarpa Ehrh.).
Евросібір тобы - Еуразия мен Сібірдің аумағында өсетін түрлер. Біз 30 түрді (18,4%) жатқызды. Оларға жатады: жерар елекшөп (Juncus gerardii Lois.), бақа елекшөп (Juncus bufonius LJ, батпақ жылантамыр (Epipactis palustris (L.) CrantzJ, түкті күреңот (Epilobium hirsutum LJ, тарауыз таспашөп (Astragalus Stenoceras C. A.MeyJ, тегіс көкбас (Eryngium planum LJ, үзынжапырақты бөденешөп (yeronica Iongifolia LJ, сортаң бақажапырақ (Plantago salsa PallJ және тағы басқада түрлер жатады.
Қорытынды
Осылайша, зерттеудің барлық кезеңінде шалғынды - батпақты өсімдіктер жалпы тізімі 38 түқымдас, 89 туыс, 163 түр. Жетекші тұқымдастарына кіреді: қияқөлең (Cyperaceae .Jiiss.) - 28 түр (барлық флораның 17,5%), бүршақ (Fabaceae) - 21 түр (13,13%), қарақұмық (Polygonaceae Lindl.) - 14 түр (8,8%), күрделігүлділер (Asteraceae) - 10 түр (6,25%), елекшөптер (Juncaceae JussJ және талдар (Salicaceae Mirb.) - 8 түрден (5%), астық (Poacea BamchartJ және шатыршагүлділер (Apiaceae) - 6 түрден (3,8%), ерінгүлділер (Lamiaceae LindlJ - 5 түр (3,09%).
Зерттеулерге сәйкес шалғындық-батпақты өсімдіктердің 145 түрі шөптесін өсімдіктер болып табылады, оның ішінде олардың басым көпшілігі көпжылдық - 130 түрі, біржылдық шөптесін өсімдіктер - 21 түр, екіжылдық шөптесін өсімдіктер - 3 түр: сібір балдырғаны (Heracleum Sibiricum LJ, су шытырман (Oenanthe aquatica LJ, қылды майдажелек (Erigerion strigosus H.L.Muhl.), ағаштар 7 түр, бүталар 10 түрді құрады.
Хорологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей ең көп таралған топтар: Евразиялық - 48 түр (29,4%), Космополиттік - 31 түр (19,1%), Евросібірлік топ - 30 түр (18,4%), Голарктикалық топ - 17 түр (10,5%), Европалық топ - 14 түр (7,4%), Азия - американдық - 11 түр (6,74%) екенін көруге болады.
Қызыл кітапқа енгізілген бүйра лалагүл (Lilium martagon L.) және біздің облысымызда сирек кездесетін өсімдік кәдімгі қырлышөп (Polygonatum odoratum (Mill.) Druce.) даналары табылды.
Әдебиет:
- Қазақстан өсімдіктерінің иллюстрацияланған анықтағышы. 1 т,- Алматы: Ғылым, 1969. - 644 б.
- Қазақстан өсімдіктерінің иллюстрацияланған анықтағышы. 2 т. - Алматы: Ғылым, 1972. - 571 б.
- Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері.- Алматы: Ғылым, 1977. - 288 б.
- Қазақстанның өсімдік жамылғысы. 1 т. - Алматы: Ғылым, 1966. - 592 б.
- Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы. - Алматы: Арыс, 2004. - 672 б.
- Тілеубергенова Г.С., Кузнецова М.А. Солтүстік Қазақстан облысының флорасы мен өсімдіктану: монография. - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2017. - 150 б.
- Мақүм Н.Н.. Тілеубергенова Г.С. СҚО-ның шалғынды-батпақты өсімдіктері // «Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты академик Қ. Тәшеновтың 90 жылдығына арналған VII халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның материалдары. - Петропавл, 2019. - 265-267 б.
- Мақүм Н.Н. СҚО Қызылжар және Мамлют аудандарындағы Есіл өзені мен көлдерінің шалғынды-батпақты қауымдастығының алуантүрлілігінің сипаттамасы. Магистрлік диссертацияның авторефераты. - Петропавл, 2020. - 7 б.