Аңдатпа
Бүгінгі таңда мәдени-тарихи туризм - туризмнің ең танымал және жаппай түрлерінің бірі болып есептеледі. Бүкіл әлемде сияқты, біздің елде де мәдени туризм жеке бағыгқа бөлініп. жыл сайын одан әрі дамып келе жатыр. Қазақстан - көптеген тарихи және мәдени, географиялық есксрткіштері бар, тарихи және мәдени мүраға бай мемлекет, ал бүл мәдени туризмнің сәтті дамуының кепілі. Осыған орай, мәдени-тарихи мүраны мәдени туризмді дамыту үшін белсенді қолдану. тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфрақүрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру қажет. Мәдени әлеуетінің негізгі тетіктерінің бірі, кез-келген халықтың қалыптасу тарихын, этно-мәдени ерекшеліктерін үрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап, насихаттап отыратын мекеме - музей. Сондықтан. мақала Солтүстік Казахстан облысында мәдени-тарихи туризмнің дамуындағы музейлердің орны мен ролін анықтауға арналған. Музей ел тарихын ғана көрсетіп қоймайды, мәдени даму деңгейі туристік нарықта накты өңірдің қолайлы имиджін жасау үпгін де пайдаланылуы мүмкін. Музей - еліміздің мәдени-тарихи квинтэссенциясы экспозициясының орны. Сондықтан, республикамыздың Солтүстік өңіріндегі музейлердің маңыздылығын анықтай отырып, олардың мәдени-тарихи туризмнің дамуында қандай орын алатындығы көрсетіледі.
Kipicne
Мэдени-тарихи туризм - ел тарихы мен мәдениетін таңып білудегі туризмнің ең танымал түрлерінің бірі. Мәдени негізге назар аудармай қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін емес. Алға ұмтылу үшін бізге сансыз рухани байлыққа ие болған отандық мәдениетіміздің қайнар көзіне тереңірек үңіліп, өткен тарихымызға, мәдениетімізге үлкен құрметпен қарауымыз қажет. Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры - адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қарекеті дүниеге әкелен ғажайып рухани және материалдық құндылықтары.
Мәдениет пен тарих халықтың тәуелсіздігін, егемендігі мен өзіндік ерекшелігін сақтаудың, нығайту процесінің іргелі негізі болып табылады. Мәдениет пен туризмнің тарихи эволюциясы жолдарының бірегейлігі оларды одан әрі дамытуға көзқарастың жаңа әдістерінің ортақтығын анықтады. Әлемнің көптеген елдерінде қоғам өмірінің ажырамас бөлігін құрайтын мәдениет пен туризмді демократияландыру процесі жүріп жатыр. Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны тану, тұлғаны дамыту және қойылған мақсаттарға қол жеткізу тарих, мәдениет салаларынан білім шыңын меңгермей қол жеткізуге болмайды.
Кез келген халықтың мәдени мүрасы тек суретшілердің, сәулетшілердің, музыканттардың, жазушылардың шығармалары ғана емес, ол ғалымдардың еңбектері, фольклор, халықтық кәсіпшіліктер, фестивальдер, діни рәсімдер қамтылған материалдық емес игіліктер құрайды. Яғни, мәдени-тарихи туризмнің негізі - әлеуметтік-мәдени ортаны кіріктіретін елдің тарихи-мәдени әлеуеті болып табылады. Ал осындай іргелі орталықтардың бірі ол музей болып табылады.
Музей - ел тарихы, ұлттың коне менталитет!, дүниежүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер. Өйткені, музей қойылымдарында орналасқан әрбір мүраның, жәдігерлің астарында сол жеке мүра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез-келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр. Кез-келген сипаттағы мұражай ғылыми - зерттеу, мәдениет - білім мекемесі, ұлттың үлттылығын айғақтайтын ерекше мәнді мемлекеттік атрибуттардың бірі.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Н. Назарбаев «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі...», - деп жазған еді өзінің бағдараламалық мақаласында. Оның пікірінше, өзінің кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілік, туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу - шынайы патриотизмге ұласады деген [1].
Н. Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» халыққа жолдауында «Туған жер» бағдарламасы ұсынылған. Елбасы өзінің бағдаламалық мақаласында патриотизмге, өзінің туған өлкесін танып білуге ерекше көңіл бөледі. Аталған жоба өңірлік тарихты зерделеу, жергілікті ауқымдағы мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдени объектілерді қалпына келтіру, білім беру, экология жэне абаттандыру саласында елеулі өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолымен Қазақстанның рухани жэне мэдени мүрасын сақтауға бағытталған. Жобаның мақсаты- қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді тэрбиелеу,ол өз ауылына, қаласына, өлкесіне, тарихына, мэдениетіне, дэстүрі мен тұрмысына деген сүйіспеншілігін, мақтанышын көрсетеді. Сондықтан «Туған жер» бағдарламасы біздің жалпыұлттық патриотизмді өркендетуге және дамытуға ықпал етуі тиіс [2].
Бүгінгі таңда элем мемлекеттері арасында музейі жоқ елдерді табу мүмкін емес. Бұл кез-келген халықтың, өңірдің өзінің тарихы мен мэдениетіне немқұрайлықпен қарамай болашақты өткен ғасырлардың рухани жетістіктерімен ұштастыра отырып құруға деген ұмтылыс жігерінің белгісі. Дегенмен, қай жерде қандай музей болмасын өзінің алдына қойылған басты міндетін, қорындағы жинастырылған жэдігерлер негізінде халыққа сол өлкенің тарихи дамуындағы эрбір кезеңнің элеуметтік - экономикалық, саяи - идеологиялық, мэдени - ағартушылық өмірін сипаттайтын элеуметтік институттқа айналды. Бүгінгі күні музейге деген қоғамдық сұраныс уақыт талабынан туындап отырған құбылыс.
Сондықтан да осы мақаланы жазу барысында басты мақсатымыз Қазақстанның Солтүстік аймағындағы музей ісі жүйесінің өңірдің мэдени-тарихи туризмнің даму желісіндегі орны мен ролін анықтау, маңыздылығын жан-жақты ашып корсету болып табылады.
Зерттеу әдістері
Зерттеу жүмысы барысында құрылымдық-функционалдық талдаудың жүйелілік принцип! жэне теориялық-эдіснамалық процедуралары тарихи-мэдени туризмнің мэндік сипаттамаларын, тарихи мэдени туризм жүйесіндегі музейдің құрылымын жэне функционалдық ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеуде талдау, аналогия сияқты жалпы ғылыми, тарихи-типологиялық жэне ранжирлеу эдістері арқылы жүзеге асырылды.
Орыс ғалымы В.А. Квартальновтың пікірінше, мэдени-тарихи туризмнің басты міндеті - мэдениет, ғылым жэне техника жетістіктерімен танысу (мұражайлар, галереялар, ғибадат ғимараттары, сэулет ансамбльдері жэне т.б.), тарихи орындар мен тарихи маңыздылығы бар құрылыстар тарихымен таңысу [3].
Рекреациялық ресурстар кешенінде өткен қоғамдық даму дэуірлерінің мүрасы болып табылатын мэдени-тарихи ресурстар ерекше орын алады. Олар мэдени-тарихи, танымдық туризмді ұйымдастыру үшін алғышарт болып табылады. Мэдени-тарихи
объектілер түзетін кеңістіктің рекреациялық ағындар мен туристік ұйымдардың жүмысы үшін бағыттарды белгілі шамада оқшаулауды анықтайды.
Мәдени-тарихи объектілер материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық өндіріс қүралдарының және қоғамның басқа да материалдық құндылықтарының оның дамуының әрбір тарихи сатысында өтелуін, ал рухани - қоғамның білім берудегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі, мемлекеттік және қоғамдық өмірді ұйымдастыруда, еңбек пен тұрмыстағы жетістіктерінің жиынтығын қамтиды.
Мәдени-тарихи объектілердің ішінде жетекші рөл тарих және мәдениет ескерткіштеріне тиесілі, олар барынша тартымдылығымен ерекшеленеді және осы негізде танымдық-мәдени рекреация қажеттіліктерін қанағаттандырудың басты құралы болып табылады. Олардың негізгі белгілеріне байланысты Тарих және мәдениет ескерткіштері 5 негізгі түрге бөлінеді: тарих, археология, қала қүрылысы және сәулет, өнер, құжаттық ескерткіштер.
Танымал туристік бағыт болғысы келетін аймақ бірегей тарихи және мәдени кешендерге ие болуы және оларды туристік нарыққа ұсынуы тиіс.
Туристік мақсаттар үшін тарихи-мәдени кешендерді бағалау екі негізгі әдіспен жүргізілуі мүмкін:
1. Олардың әлемдік және отандық мәдениеттегі орнын ранжирлеу;
2. Бұл туризм үшін тарихи-мәдени әлеуеттің болашағы бойынша әр түрлі аумақтарды салыстыруға мүмкіндік береді.
Тарихи-мәдени кешеннің маңызды сипаттамасы оның халықта қалыптасқан құндылық өлшемдеріне сәйкес келуінің түрақтылығы болып табылады. Сондықтан туризмді ұйымдастырушылардың негізгі міндеттерінің бірі туризм үшін тарихи-мәдени кешен құру ғана емес, сонымен қатар оны ұзақ мерзімге сақтау болып табылады.
Өңірде туризмнің табысты дамуында музейлердің ерекше алатын орны сөзсіз. Өйткені, келуші туристер осы өлкенің тарихымен таңысу мақсатында ең алдымен тарихи-мәдени орындарға, яғни музейлерге көңіл бөлінеді. Төменде Солтүстік Қазақстандағы тарихи маңыздылығы бар музейлердің картасы келтірілген.
Осындай көрікті әрі танымдық орындардың бірі ол - Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Республикада музейлер жүйесін қалыптастыру мақсатында халық Ағарту Комиссариатының Коллегиясы 1922 жылы 24 қаңтарда Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің Орталық Өлкетану музейі және губерниялық музейлер туралы Ережесін бекітті. Онда мүражайлардың құрылымдық негізі өлкетанушылық бағытқа қарай өзгертіліп, келесі бөлімдер мен лабораториялар тұруға тиісті еді:
- жаратылыстану - табиғи;
- тарихи - этнографиялық;
- тарихи - географиялық;
- әкімшілік - шаруашылық бөлімі;
- кітапхана;
- есеп - қисап бөлімі;
- өлкетану үйірмесі;
- шеберхана және лаборотория [4].
1923 жылы қаңтар айында Петропавл қаласында К.А. Александров, И.Г. Чернядьев, И.Г. Лобов басқа ғалымдардың бастауымен Ақмола губерниясын зерттеу қоғамы құрылып, оның жанынан музей ұйымдастыру ұйғарылды. Сөйтіп, 1924 жылы Петропавлда мелекеттік нысандағы облыстық - тарихи өлкетану мүражайы ашылды. Жаңа ашылған мүражайға мүшелікке енген бірнеше мекемелер мен ұйымдар өлкені зерттеу жүмыстарына қаржылай көмектессе, кейбіреуі ашылғалы отырған мүражайға мамонт, мүйізтұмсық, бүғы сүйектері мен құстардың тұлыптарын жинап тапсырып, заттай жергілікті оқу орындарының көрнекі құрал - жабдықтары, ауқатты адамдардан қалған ескі қару - жарақтар, тұрмыстық заттар, түрлі киім - кешектер, және өлкенің табиғатын бейнелейтін өсімдіктер мен жәндіктер сол мүражай қорын құраған еді. Тіпті, өзінің құрылған күнінен небары 130 жәдігермен халыққа қызмет көрсете бастаған еді яғни, мемлекет тарапынан арнайы қаражат бөлінбегендіктен мұражай жәдігерлерінің қоры жекелеген адамдар мен мекемелердің сыйлықтары негізінде қалыптасты [5].
Кеңес үкіметі дәуірінде қалыптасқан Солтүстік - Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мүражайының құрылымында келесі зал түрлерін қамтиды: Табиғат; Археология; Этнография; Тарихи - экспозициялық; Әдеби; Қорды есепке алу және сақтау.
Көрермен қауым кез-келген бөлмеге барған уақытта көрмеде қойылған археологиялық заттар, экспонаттар сол бөлменің аталымына сай Солтүстік Қазақстанның белгілікті - бір дәуірінің тарихы жөнінде, бірнеше мың жылдыққа созылған бірін-бірі алмастырып отырған кезеңдер және мәдениеттер жөнінде ақпарат береді. Жалпы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жуық шамамен алғанда 343 141экспонаттық бірлік бар [6].
Сонымен қатар, Солтүстік өңір тарихының мәдени өмірі туралы баян ететін мемлекеттік нысандағы музейдің келесі түрі ол бейнелеу өнері музейі.
Облыстық бейнелеу өнері мұражайы Петропавл қаласында 1989 жылы ашылды. Мұражай 1982 жылы Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие болған ғимаратта орналасқан. Мұражай жергілікті тарихи-өлкетану мүражайының бейнелеу өнері бөлімі негізінде ашылған болатын.
Бүгінгі күні 394 шаршы метр аумақта, оның ішінде 117 шаршы метр экспозициялық көлемде 6 мыңнан астам экспонат қойылған. Мұражай коллекциясының негізгі бөлігін В. Фаворский, Г. Поплавски, Р. Хачатрян, Кукрыникстер жэне т.б. сияқты белгілі суретшілердің шығармашылығымен ұсынылған графика бөлімі алады. Кескіндеме білімін қазақстандық суретшілер - Н. Хлудов, Ә. Қастеев, Ж. Шәрденов, А. Исмаилов, И. Стадничук, В. Крылов, Л. Леонтьев, С. Балдано, Н. Никогосян, О. Комов, М. Рапопорт және басқа да туындылары ұсынылған.
Жалпы алғанда, бейнелеу өнері мұражайының құрылымына келесі залдар енеді: Графика; Кескіндеме; мүсін; Әдебиет; Декоративті - қолданбалы өнер.
Сонымен қатар, Петропавл қаласының Облыстық бейнелеу өнері мұражайында балалар шығармашылығы жүмыстарының тамаша топтамасы бар. 1992 жылы Петропавл мүражайында эдеби бөлім ашылды, онда 2600 экспонат бар [6].
Облыстағы мұражай ісінің даму тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі ол - Абылай хан мұражай кешенінің пайда болуы мен қалыптасуы.
«Абылай хан үйі» сэулет ескерткіші 1824-1829 жылдары ағаштан салынған Абылай хан елшілік үйінің бүрынғы жерінде орналасқан. 1765 жылы Петр бекінісінің жанында ставканың болуы туралы Ресей Федерациясы мен Омбы қаласының ШІМ мүрағаттарының құжаттары куэландырады.
Ғимараттың тарихи-мэдени құндылығы - бүл қаланың таулы бөлігіндегі (жоғарғы форштадтадағы) алғашқы тас қүрылыстардың бірі болғандығында. Осы ғимараттың құрылыс тарихы қазақ жерлерін біріктірудің алғашқы бастамасы болған Абылай ханның Қазақстан тарихындағы өмірі мен қызметі туралы аңыз-эңгімелермен тығыз байланысты.
2003 жылы Мэскеу, Омбы, Алматы мүрағаттарында XVIII-XIX ғғ. ширегіндегі - орыс-қазақ қарым-қатынастарының тарихы бойынша қүжаттарға зерттеу жүргізілу нэтижесінде, бұл Абылайдың Хан тағының резиденциясы Петропавл қаласында орналасқанын растады.
XVIII-XIX ғғ. ширегіндегі бүл ғимараттың тарихы өте қызықты. Мысалы, Жүз жылдан астам уақыт эскери лазарет, ал өткен ғасырдың 20-шы жылдары бұл ғимаратта түрлі эскери бөлімдер орналасқан. Оның құрамында белгілі қазақ жазушысы Сэбит Мұқанов жүмыс істеген [7].
Республикалық маңызы бар тар их ескерткіші 1982 жылы мемлекеттік қорғауға қабылданды. Ғимараттың тарихи-мэдени құндылығы - бүл ескерткіш қазақ халқының материалдық естелігін білдіретін алғашқы тас құрылыстардың бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы экімдігінің бастамасымен 2004-2006 жылдарға арналған «Мэдени мүра» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жүзеге асырылған «Абылай хан резиденциясын» қайта қүру жэне қалпына келтіру жөніндегі жоба эзірленді. Жөндеу-қалпына келтіру жүмыстары 2005 жылдың сэуірінде басталды, қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылды. «Мэдени мүра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мэдениет жэне ақпарат Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы экімдігінің «Абылай хан резиденциясы» КМҚК 2007 жылғы 13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департамент!нде тіркелді.
Солтүстік Қазақстан облысы Республика көлемінде баламасы жоқ жаңа үлгідегі мүражайға ие болды.
Экспозицияның негізі - XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекет жэне қоғам қайраткері - Абылай ханның өмірі мен іс-эрекеттері жөнінде. Комплекстің экспозициясы өз көрермендерін Абылай ханның өміріндегі негізгі жағдайлармен таныстырады және әр көрерменді Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Мұражай экспозициясы 4 залдардан тұрады: Бірінші залда Абылай ханның (азан шақырып қойған аты - Әбілмансүр) балалық және жасөспірім шағы баяндалады. Екінші залда Абылай ханның дәстүрлі қазақ үрдісіндегі жатын бөлме заттары көрсетілген. Үшінші залдың нақ ортасында Абылай ханның бейнесі, жалпы ұлттық ер адам мен әйел адамның киімдері, қару-жарақтар, тұрмыс заттары қойылған. Төртінші залдағы экспозиция жәдігерлері Абылай ханды ұлы мемлекет қайраткер, данышпан саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы, даңқты ел билеуші ретінде тани алатын материалдармен жабдықталған.
Сөйтіп, 2008 жылдың 21 тамызында біздің қаламыз үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де маңызды оқиға - «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің ашылуы болды. Кешенді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент! Н.Ә. Назарбаев салтанатты түрде ашқан еді.
Өңірімізде музей желісінің қалыптасу тарихында тек қана мемлекеттік үлгідегі мүражайлар ғана емес, сонымен қатар, өңір тарихының әр түкпірі туралы баяндайтын облыс аумағындағы аудандық, ведомствалық, шіркеулік, қоғамдық мұражайлары туралы да айтуға болады.
Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану музейі 1986 жылы 25 ақпанда құрылған. Музейдің негізін қалаушы Ұлы Отан соғысының ардагері, педагогикалық еңбек ардагері, өлкетанушы Василий Дмитриевич Кузнецов.
Музей профилі тарихи-өлкетану. 2007 жылғы 19 желтоқсанда Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мүра» бағдарламасы аясында музей 239 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратқа көшті. Музей жалпы саны 3975 құрайтын экспонаттан тұрады. Музей келесі заллдардан тұрады: Kipicne зал.; Табиғат залы; Этнография залы; XX ғасырдағы Азаматтық сотые залы; Үлы Отан Соғысы Залы; Аудан тарихы залы 1945-1991 жж.; Қазақстанның Тәуелсіздік Залы; Шал ақын ауданының тарих залы.
Аталған музейде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан көне Ботай, Байқара қоныстары, Алыпкаша және Ақсайман экспозициялары музейдің төрінен көрініс тапқан. Музей қызметінің негізгі мақсаттары: отандық тарихы халық арасында насихаттау; Мектеп оқушыларына әдістемелік көмек корсету; музей экспозицияларын ұйымдастыру, экспонаттар жинау; Тарихи-мәдени мүраны сақтау; Туған өлкенің тарихы туралы материалдарын жинау [8].
Аймағымыздың мәдени-тарихи туризмнің жарқын нысандарының бірі ол - Жамбыл ауданы Пресновка деп аталатын шағын және әдемі ауылда бүкіл Қазақстан мен жақын шетел елдерінен келетін әдебиет әуесқойлары жиі баратын мұражай бар. Атақты жазушы, аудармашы және журналист Иван Петрович Шуховтың мемориалдық мүражайы бүкіл Солтүстік Қазақстан өңірінің мәдени және әдеби көрікті жері болып табылады. Экспозиция мемориалдық мүражайдың типі бойынша салынған, ол жазушының шығармашылық мүрасы, қолжазбалары, кітаптары және жеке заттары орналасқан жазушының кабинетін, жатын бөлмені, залды қамтиды. Осыдан басқа мүражайда өлкенің этнографиясы мен тарихына арналған экспозиция бар. Бүгінгі күнде экспонаттардың жалпы саны 364 сақтау бірлігін құрайды, олардың барлығы мұражай залдарында қойылған және келушілер үшін қолжетімді.
Туристердің назарына қазақ тарихы туралы баян ететін келесі тарихи-мәдени нысандардың бірі ол - Мағжан Жүмабаев музейі. Мағжан Жүмабаев атындағы мүражай 1993 жылы, ақынның туғанына жүз жыл толуына орай елі М. Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында ашылды. Музейде ақынның өмірі туралы, оның шығармашылығы мен туындылары туралы, қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі туралы тың деректер жинақталған.
Келесі музей - ол ақын, қоғам қайраткері, академик, қазақ әдебиеті классигінің Сәбит Мұқанов музей-үйі. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Сәбит ауылында орналасқан. Музей С. Мұқановтың немере ағасының Ш. Мүстафиннің үйінде орналасқан. Айта кету керек, бүл ағаш үй С. Мұқановтың өзімен Благовещенка ауылында сатып алынды да 1958 жылы Сәбит ауылына тасымалданды. 1959 жылы үй С. Мүқанов пен оның немере ағасы Ш. Мұстафинмен құрастырылды. Музейде жалпы саны 592 экспонат бар. Музей- үй келесі бөлімдерден түрады: кіреберіс, қонақ бөлмесі, жатын бөлме, зал, ас үй. Мекен аумағында аумағы 247 шаршы метр саябақ тұрғызылып, жазғы күркелер мен шошала орналасқан. Музейде С. Мұқановтың шығармашылық мұралары, қолжазбалар, кітаптар және жазушының жеке заттары орналасқан. Мүражай жүмысының түрлері - экскурсия, дәрістер, семинарлар, әдеби оқулар негізінде ұйымдастырылып өткізіледі [4].
Келесі музей - ол Ш.Ш. Уалиханов атындагы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі.
XIX ғасырдың басында өлкенің шаруашылық отарлауымен қазақтарда стационарлық түрғын үйлер жиі пайда болады. Эрине, олар сол дәуірдің бай адамдарымен салынған. Солтүстік Қазақстан облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің бірі Сырымбет музей үйі. Сырымбет (Уәлиханов үйі) - Орта жүз ханы Абылай ханның тікелей ұрпақтары Уәлихановтар әулеті. Қазакстанның Солтүстік- Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай жерде орналасқан.
Үй-жай 1824 жылғы 30 сәуірдегі Александр I императорының Жарлығы бойынша және Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Петр Капцевичтің бұйрығы бойынша Уәлихановтың жесірі Айғаным (Шоқан Уәлихановтың әжесі) үшін салынған. Үй-жай қазақ даласында ағартушылық идеялар мен мәдениетті таратуда маңызды рөл атқарды. Бұл үй-жайға демалысқа Омбы кадет корпусынан Шоқан Уәлиханов келді. Мұнда Шоқан Уәлихановтың, Григорий Потанин көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен ақын Сергей Дуров келді. Бұл жерде әншілер мен музыканттардың айтыстары өтіп, Біржан сал Қожағұлов пен Ақан сері Қорамсин, қобызшы Құрымбай Қанғожин, әнші көке Әлджанов, ақын Ажар өнер көрсетті].
Қазіргі уақытта түпнұсқа үй-жай сақталмады, революциядан кейін ол тозығы жеткен және бөлшектелген. 1977 жылы Қазқайтажаңғырумен жер учаскесіне топографиялық түсірілім жүргізілді, құрылыстардың іргетастары анықталды да Сырымбет қонысы туралы мәліметтер жиналды. Сонымен қатар, Шоқан Уәлихановтың үй-жай бейнеленген қарындаштық суреті сақталған. Онда: 1814 жылы салынған үш флигелі бар тұрғын үй және мешіт, медресе, диірмен және 1835 жылға дейін салынған басқа да шаруашылық құрылыстар бейнеленген. Сырымбет үй-жайы құрылыстарының құрамы бойынша 19 ғасырдың орыс дворян үй-жайы болып табылады.
1982 жылы Сырымбет үй-жайларының қалдықтары Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді және мемлекеттің қорғауында.
Ш. Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Сырымбет» Уәлихановтар үйі 1991 жылы ғана қалпына келтірілді. Қонақ бөлмесі бар үйінен, мектептерден, мешіттерден, диірмендерден, қызмет көрсетуге арналған тұрғын үйден, моншадан және шаруашылық құрылыстардан тұрады
Уалихановтардың үй-жайы XIX ғасырдың ағаш архитектурасының ескерткіші болып табылады, онда музей орналасқан. Экспонаттардың жалпы саны - 7683, оның 2500-і экспозициялық залдарда орналасқан. Музей келесі залдардан тұрады: Шоқан балалық шағы; Кадет корпусындағы оқу жылдары; Шоқан Уәлихановтың Қашқар қаласына сапары (1858-1859 ж. ж.); ¥лы Отан соғысына қатысушылар; Сурет галереясы; «Қазақ киіз үйінің ішкі жасақталуының сипаттамасы». Қазір Сырымбет үй- жайы Солтүстік Қазақстан облысының киелі картасына енді [9].
Қазақ жері туралы тарихи-мәдени үлгідегі хабар беретін тағы да киелі жерлердің бірі ол - Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық музей кешені. Бұл ескерткіш Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында орналасқан. Батырлардың қырлары жерленген биік төбеден (1999 жылы кесенесі бар мемориалдық кешен тұрғызылды) бүгінгі күні де адамдарға күш, махаббат, үміт беретін көк таулармен, ертегі көлдерімен көмкерілген Айыртау даласының алғашқы сүлулығы ашылады [10].
Аңыз бойынша, XVII ғасырда шапырашты руынан Қарасай және Арғын руынан Ағынтай батырлары бүл жерді басқа жер басқыншыларынан қорғады. Қарасай Есім ханның әскері басқарған кезде тек 18 жыл болды. 48 жыл бойы батырлар басқыншылармен шайқастарға қатысып, ұрыс алаңына 200-ден астам рет шықты. Екеуін де Құлшынбай-төбеде жерленген.
Дәл осы жерде 1999 жылдың 15 қазанында мемориалды кешен тұрғызылды. Биік төбедегі қүрылыстар екі жауынгерлік дулыға түрінде орындалған, олардың арасында мешіт орналасқан. Олардың араларында ежелгі жауынгерлердің айқасқан найзалары бейнеленеді. Кесенелердің биіктігі 16 метрге, мешіт - 12 метрге жетеді. Кешеннің жанында көптеген жауынгерлер жерленген. Қазба жұмыстары кезінде мүнда бойы екі метрге жуық батырдың сүйектері табылды. Оның жанында ауыр қылыш пен сауыт болды.
«Кешен өзінің басты осімен Меккеге бағытталған. Кірпіштен қоршалған шеңберге кіру екі мүнарамен бөлінген және кесененің алдындағы алаңға апарады. Ол дүға және қүрбандық шалуға арналған. Алаңның бүрыштарында әскери ерлік белгілері ретінде қола жапсырмасы бар металл профильден жасалған қиылған найзалар орнатылған. Шеңбердің ортасында Солтүстік Қазақстанға тән эллипс тәрізді бейнелердің екі кесенесі орналасқан. Олардың алдына шағын конус тәрізді еске алу мешіті, символдық және сәулеттік біріктіруші кесенелер қойылған» [10].
Қарасай мен Ағынтай батырларының мүсіндік ескерткіші Петропавл қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Ол Погодин атындағы орыс драма театрының алдындағы Театр алаңында, Қазақстан Конституциясы мен Пушкин көшелерінің қиылысында орнатылған.
Зерттеу нәтижесі
Солтүстік Қазақстан облысының осындай бірегей мәдени-тарихи объектілерінің болуы өңірдегі туризмнің табысты дамуын алдын ала анықтай алады.
Музей - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мүраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме болғандықтан, жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, туристердің назарына, әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктері туралы мол ақпарат берері сөзсіз. Яғни, өлке тарихын таңып-білуде өңірдегі музей ісінің қалыптасып даму тарихынан бастау алу керек.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда білім беру саласында, экологиялық салада, елді мекендерді абаттандыруда, сондай-ақ мәдени объектілер мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруде, туризмді дамытуда ауқымды жұмыстарды көздейді. Өлкетанушылық, тарихи-мәдени туризм - Солтүстік Қазақстан облысының аумағында киелі жерлер нысандарын дамытудың негізі болып табылатын басты аспектілер. Киелі жерлерді дамытудың басты бағыттары Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер объектілерінің картасын қалыптастыру. Біздің облыстың киелі жерлер нысандарының тізіміне бірқатар бірегей нысандар мен орындар енгізілген. Мысалы, біздің облыстың киелі жерлерінің картасына бүгінгі күні 14 нысан салынған. Олардың 10 Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында орналасқан. Бұл Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Айыртау ауданындағы Ботай қонысы мен Сырымбет үй-жайы. Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы Қожаберген жырау жерленген, Есіл ауданындағы Қүлсары батырдың жерленген жері, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің мүражайлары, Иван Шуховтың музейі және тізімге енгізілген археологиялық қазба - Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласының аудан орталығынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Байқара ескерткіші. Бүгінгі таңда Петропавлда 4 қасиетті нысан бар - олар Қарасай мен Ағынтай батыр ескерткіші, Абылай хан резиденциясы, «Қызылжар» мешіті және Петр мен Павел апостолдары соборы [11].
2017 жылы облыстық мемлекеттік мүрағаттың оқу залында «Солтүстік Қазақстан облысының киелі орындары» интерактивті картасы таныстырылды. Солтүстік Қазақстанның киелі жерлерін зерделеп, картаға түсіруді мемлекеттік облыстық мүрағат қызметкерлері, сондай-ақ облыстық мәдениет, мүрағаттар және қүжаттама басқармасының мамандары жүзеге асырды. Солтүстік Қазақстан облысының осындай бірегей тарихи-мәдени объектілерінің болуы өңірдегі мәдени құндылықтарының табысты дамуын алдын ала анықтай алады.
Қорытынды
Егемен еліміздің мәдени-тарихи өмірінде, туризмнің қай саласын алып қарасан да музейлердің орны мен рөлі өте мағызды. Өйткені, музей - туған жердің асыл қазынасы. Ол жас ұрпақты, жалпы жүртшылықты туған елдің шежіресімен таныстыра отырып, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Мүрағаттарды қорғау мен жинақтаудың астарында ізгіліктің жатқанын байқауға болады. Сондықтан, Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, біздің музей өлкетану, туризм ісін өрге жүргізуде қызметін жаңа талаптар тұрғысынан атқаратын болады.
Еліміздің Солтүстік өңіріндегі музейлер мәдени-тарихи туризмді дамыту түрғысынан елеулі қызығушылық танытады. Аймақ пен облыс табиғатының бірегейлігі және мәдени-тарихи мұра шетел туристерін тарту үшін үлкен мүмкіндіктерді және қазақстандықтардың туған өлкесін зерттеуге қызығушылығын көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында саяхатшылардың табиғатпен қатар тарихи-мәдени және жыл сайын өсіп келе жатқан көрікті жерлеріне келуі үшін қажеттінің бәрі бар. Бұл пайдалы географиялық жағдай, бай тарихи мұра.
Кез келген ақпаратты мерзімді баспа басылымдарынан, көркем әдебиеттен және басқа да көздерден алуға болатынына қарамастан, ескі ақиқат ескірмейді: «жүз рет естігеннен бір рет көрген жөн».
Әдебиет:
- Назарбаев Н. «¥лы даланың жеті қыры» мақаласы. «Егемен Казахстан» рсспубликалык газеті, 2018 ж, 21 қараша.
- Назарбаев Н. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Егемен Казахстан» республикалық газеті, 2017 ж, 12 сәуір.
- Ван Циншен. Историко-культурный туризм и развитие туристических городов // Культура народов Причерноморья, 2002, №35.
- Ыбыраева A.F. «Казахстан музейлері тарих толқынында» // Монография, Петропавл, 2015 ж.
- Записки Петропавловского окружного музея. - Петропавловск, 1930 г.
- Гривенная Л.А., Кузьменко Ю.В.. Виноградов Д.И. «Музеи Ceверо-Казахстанской области: информационный справочник» - Петропавловск, СКГУ им. М.Козыбаева, 2016 г.
- Какенова Г.М. Культурная жизнь Северного Казахстана в 20-годы XX века: Автореферат диссертации к. и. и. - Алматы, 1994 г.
- Солтүстік Қазақстан облысына 70 жыл. Қүжаттар жэне материалдар жинагы. Петропавл: Солтүстік Казахстан, 2006.
- Трусов В. Коллективизация и оседание. Замыслы и действительность. Ceверо-Казахстанская область: страницы летописи родного края. - Алматы. 1993.
- Бенюх М. Память города. (Архитектура Петропавловска.) // Северный Казахстан. - 1995.
- Громов Д. Сакральная география. Энциклопедия мест силы - M.: Ультра. Культура. 2005.