С. Мүқанов шығармаларындағы окказионализмдер

Аңдатпа

Көркем әдебиетте сөздср нақтылы тура мағынада емес. ауыс мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көрксм әдсбиет тілі бейнелі. мәнерлі болып келеді. Мақалада С. Мүқановтың авторлық қолданыстары. яғни окказионализмдер зерттелген. Жазушы тілдік-стильдік құралдарды таңдап, екшеп, түрлендіріп колдануда шеберлік танытқаны зерделенеді. Бұл тіркестердің мағынасы фразеологиялық сөздікте көрсетілмсген. Бұл тіркестер контекст қалауына қарай стилистикалық нормаға сай келетіндігі сараланған. Сонымсн қатар. әдеби тіл нормалары сақталғаны айқындалған.

Мақалада автордың өзіндік қолтаңбасы айқын танылатыны айшықталған. Стилистикалық түрғыдан қарағанда авторлық қолданыстағы фразеологизмдердің қандай мақсатта қолданылып тұрғаны көрсетілген. Шығармаларда окказионализмдер ойды жан-жақты мәнерлі. көркем түрде жеткізу үшін қолданылатыны зерделенген. Олар автордың жеке дара стилін. ерекшелігін танытуда маңызды рөл атқаратыны қарастырылтан. Автор тұрақты тіркестер жазушының көзқарасын. идеясын. суреттеп отыртан кейіпкерінің ішкі жан дүниесін. болмысын таныту мақсатында да қолданылады деген тұжырымды ұстанады.

Kipicne

Тілдің өмір сүру, даму тарихында сөздік құрамда бар кей сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, не мағыналарының көбеюі мен тарылуы, бірқатарының қолданыстан шығып қалуы немесе жақын мағыналарының бір-бірінен алшақтауы, біралуан сөздің жаңа мағынаға не болуы, жасалуы, өзге тілдерден енуі сияқты сан алуан өзгерістердің болып отыратыны - ақиқат шындық.

Көркем әдебиетте сөздер нақтылы тура мағынада емес, ауыс мағынада, астарлы түрде қолданылады. Сондықтан көркем әдебиет тілі - бейнелі, мәнерлі болып келеді. Ақын-жазушылардың шығармаларындағы сөз қолдану шеберлігін сараптау - қазіргі тіл білімінің басты мәселелерінің бірі. «Көркем эдебиет стилистикасы - негізінен сөз қолданыс шеберлігін, сөз эстетикасын, сөздердің контекстегі «қылығын» зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан функционалдық стильдер мәселелерін сөз ететін ғылым саласы - стилистика ұлттық тіл мәдениеті негізін қалайды» - деген тұжырым негізінде тіл білімінің маңызды саласын сөз еткен Р.Сыздық зерттеулеріне зер салсақ, тіл мен мәдениет ұғымдарының бірлігі арқылы сұрыпталатын тілдік проблема көлемінде тілшінің «адамдардың тілді дүрыс қолдануын» қадағалайтын нормалар мен қағидаларға тоқталуы заңды деп есептейміз [1, 175]. Ойын нақтылау мақсатында тілші «...бүған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға эсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады» деген пікір айтады. Кейінірек ғалым тіл мәдениетінің жаңа белесін өзектейді, ол «...тіл құралдарын эстетикалық қызметте жұмсау принциптерін айқындау» қажеттілігіне саяды. Сөйтіп, көркем шығармалар тілін зертгеудің тың принциптерін ұсына келе, Р. Сыздықова стилистика мен сөз мэдениетін эр кезде байланыстырып отыру қажеттігін ескертеді. «...өйткені тіл элементтерінің көркем сөзде дүрыс не бүрыс қолдануын анықтау үшін, эуелі сол элементтің қай орында, қандай мақсатта жұмсалып тұрғанын, яғни стильдік жүгінің бар-жоғын білу керек. Сөйтіп, стилистиканың мақсаты тіл мәдениеті міндеттерімен ұштасады» - деп қорытындылайды ойын зерттеуші [2, 178]. Осыған сәйкес тілші жазушы қауымның ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына тигізер әсерін нақтылай отырып, олардың «сөз мәдениетінің» дамуына қосар өзіндік үлесін талдап көрсетеді. Сөздің қолданылу аясын, атқарар қызметін, барша мүмкіндігін дәйектеу мақсатында ғалым перифраз, поэтизм, окказионализм, символ, парцелляция сынды ұғымдардың ерекшеліктеріне зер салады.

Шығарма авторы белгілі бір ұлт өкілі ретінде халықтың ғасырлар бойы ұлттың санасына жинақталған, сақталған тұрақты тіркестерді еркін игереді. Сол еркін игерілген дүниеден жазушының жеке тұлғасының дүниетанымына, психологиялық санасына сай, тілдегі сөздерді ойната отыру мәнеріне сай, өзіндік қалыптастырған стиліне сай авторлық фразеологизмдер туады.

Негізгі бөлім

Стилистикалық тұрғыдан қарағанда авторлық фразеологизмдердің қандай мақсатта қолданылып тұрғанын да айқындап алу қажет. Себебі, тұрақты тіркестер тек көріктеу қүралы ғана емес, жазушының көзқарасын, идеясын, суреттеп отырған кейіпкерінің ішкі жан дүниесін, болмысын таныту мақсатында да қолданылады. Сол себепті де Р. Сыздықова: «Көркем туындының тілін лингвистикалық стилистика тұрғысынан талдау дегеніміз тілдің жеке бөліктерін (единицаларын) түгендеу емес, сол бөліктердің, айталық, сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің қолданысын, қолданыстағы көрінісін зерттеу болмақ. Нақтылай айтсақ, сол емес, сол сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп тұр, солар арқылы жазушы нені, қалай суреттеп түр - осыларды тану керек», - дейді [3, 5].

Тіл білімінде жеке авторлық қолданыстағы сөздерді окказионализмдер деп атайды. Осы жайында X. Нұрмұханов былай дейді: «Окказионалды сөздер деп не жасалу жолдары дағдылы көрінбей (жылмық - жылмая, өрлеу - өргү), не мағыналары айқын болмай (тәуелеу, жеңкею, жұбап), не тіл практикасына келісімді келмей (шаруакеш), қысқасы аса табиғилық таныта қоймай тұратын авторлық қолданымдарды айту және бүларды потенциалды сөздермен шатастырмау дүрыс сияқты.

Ал стильдік жағынан алғанда, әрине, окказионалды сөздердің де, потенциалды сияқты, өзіндік жаңалығы, тұрған контексіне жарасымы арқылы экспрессивті қызмет атқаратын қолданымдар екені сөзсіз. Алайда сөзді түрлендіріп қолдануда оның табиғи тұлғасына кейде азды-көпті қиянат та жасайтын сияқты» [4, 71]. Ал окказионализм сөздерге Л. Еспекова мынадай сипаттама береді: «Окказионализмдер дегеніміз - белгілі бір қаламгерге тән, тосыннан пайда болатын, тілдің сөз тудыру тәсілдеріне сәйкес те сәйкессіз де жасалатын, контекст қалауына қарай қызмет атқаратын, әдеби тілімізге, сөздіктерге кіру қабілеті шектеулі, үнемі жаңашылдығымен, эксперссивтілігімен ерекшеленетін бір қолданар сөздер», - дейді [5, 10]. Окказионализмдер - әдеби тілде өзіндік мәні бар, нормаланбаған сөздер. Бірақ стилистикалық бояуы бар болғандықтан, стилистикалық нормаға сай қолданылатындығы зерттеулерден айқын көрінеді [6, 9].

Зерттеуші Г. Мұратова окказионал сөз статусы төмендегідей мәселелерді анықтағанда толыққанды, өз мән-мазмұнында ашылады деген пікірде:

  • окказионал сөз табиғатын қалыптағы (узуаль) сөздермен салыстыра отырып, анықтау барысында;
  • окказионал сөз категориясына тән өзіндік айрым-белгілерді ажыратуда;
  • жеке авторлық стильдегі жаңа қолданым ретінде пайда болу себебін көрсетуде;
  • окказионал сөздің әдеби тіл нормасына қатысын анықтауда;
  • окказионал сөз жасалуының қазақ тіліндегі мағыналық-құрылымдық сипатын айқындауда [7, 12].

Сонымен қатар, зерттеуші окказионал сөздердің ерекшелігін атап көрсетеді:

  1. Бұл категорияның басты белгісі бірқолданымдығы мен біртуымдылығы. Бірқолданар сөздер сөйлеу үстінде пайда болып, бір мезеттік ғұмыр кешеді, қайта жаңғыртыла қолданылмайды;
  2. Ерекше бір белгісі контекспен тығыз бірлікте болуы;
  3. Окказионал сөздің негізгі қызмет орны әдеби нормаланбаған тіл емес, жеке авторлық қолданыс;
  4. Окказионал сөздер әдеби тіл шеңберінен тыс жатса да, әдеби тіл жүйесінің сөзжасам процесін басшылыққа алады, узуаль сөздер үлгісімен жасалады;
  5. Шартты түрде олар сөйлем құрамын толықтыруға септігін тигізеді [7, 99].

С. Мұқанов шығармаларында тек қаламгерге тән, фразеологиялық сөздікке енбеген, автордың жеке тұрақты тіркестері, окказионал сөздер кездеседі. Бұл тіркестер контекст қалауына қарай қызмет атқарып, стилистикалық нормаға сай келеді. Сонымен қатар, әдеби тіл нормалары сақталған.

/. Автор шалпыхалыктык формадагы түраірпы тіркестерді өңдеп, өзгертіп колданады, косымша магына үстейді. Мысалы, Erep ол жалғыз көлігін арықтатып, жүргізбей тастаса, оның арты күн көріске кеп соқпақ, күрмеуге келмейтін қысқа жібін артық қысқартпақ [8, 12].

Әкесі мен шешесі Нұрмағанбеттің бұл тілін алды да, қолоарыпап келген шйраттарын үй тұрмысын түзеуге жүмсады; сырттан табыс кіру, үй ішінен бүтінші табылу, Баймырзаның бүрынғы іші де, сырты да сиықсыз үйіне ажар беріп, жыл өткен сайын жақсы үйлердің қатарына жақындай түсті [9, 106]. Мұнымыз той тарқардағы аударыспақ сияқты ойынымыз емес пе? - деді Шолақ, - айтыңдаршы, қайсыңның түщы етіне ащы таяқ тигіздім? [9, 146]. «Бұл бір жүтпас - деп қорқады Біржан Балуаннан, - егер жүтса, түйені түгімен, биені жүгімен дегендей мол қылғыр!... Бұның аузына ілеккенді суъгръгп алу да қиын болар\» [9, 171].

He ғажабы барын білмейді, қанша сұқтанғанмен, батып сөз айта алмады, бойынан сығымдап, әкелген намыс пен ашу не тіліне не білегіне орала алмады [9, 180].

Бүл қаланың ұлықтарының беті оған жаман [9, 228].

Ойы құрғыр: Сүлуға, Ермекке де, Жүрекке кен қаоалган қара сүлік [9, 61].

2. Авторльщ, өзіндік тіркестер жасайды. Бұрын өлім көрмегенмен Ботагөзге Айбала күн сайын көр аузына бір адым жақыноаган сияқтанады. Күн сайын еті қашып, күн сайын жөтелі күшейіп барады. Қазір міндеті кісіде [8, 232].

Жүйрік көңілді - жаман am түсады! Атсыз кісі - қанатсыз қүс екен. Реніші бүгін түнде Балуанның құшағында өткізбек еді, күйеуі ол үмітін кесті; қуанышы бүгінгі күнге дейін адал келген неке суына бүгін арам тамшы косу, су орнына у ішердей жүрегін лоблыта бастаған ол қиналудан күйеуі құтқарғандай болды [8, 170].

Адал некемізге арам жүқтырмауга мен уәде берейін [8, 170].

«Ақша аласыз ба?» деген сөзді айта алмай, Асқар киініп есікке бара берді де, үятын қайратына жецдіріп алса, алмаса да бетін ашып кетейін деп ойлап, солғын қоштасып отырып қалған Құзғынбаевқа тағы келді [8, 172].

Қылғынып өкпесі аузына тығылған Қожантайдың көзінен жас ыршып кетті; жалбарынайын деп еді, арам сөзге адалуыс жол берген жоқ [8, 320].

Бұл арада бала мені аяудың орнына, үзыппап өші, қысқаоан кегі бардай: «оқасы жоқ, тірі болсаң, етік табылмас деймісін», - деп мазақтап, қарқылдайды да күледі [10, 183].

Ағайынды Кургановтар да сөйтті: Антон әкесі ауруға шалдығып, табыстан қалған соң-ақ, өз селосының байларына жалшылырқа пцроы, Андрей ол қамытты әкесі өлгеннен кейін киді [9, 109].

Солардың ішінен Кузнецов Асқармен тез танысады. Бірақ Путилов заводында да: «оқушымыз қаражат жоқ болған соң жұмысқа түстік» дейтіндердің арасынан провокатор шығып, одан Кузнецовтың аузы күйгендіктен, ол Асқарға тым құшақ ашпады, оны алыстан торлап, сырын иіыжымдап тартты [8, 25].

«Жүрт қан жылағанда біз қуанғанмен не болады?» деп ренжіген бірен-саран ел қамын қайғыратындар болмаса, көпшіліктің ширатылган жібі босады, шідер үзгендей асаусыган мінезін баяулатты [8, 263].

Елге істеген қиянаттарын айтып талай арыздар жауғанмен, іс зорайып басталғанмен, губернаторға барғансын аягы жіңішкеріп, сүйылып кете береді [8, 39].

Өмірінде көрмеген босагасына биыл торсық кірді, қалай ішсе де жетіп жатыр [10,84].

Өзің не айтқалы отырсың?-деді Қалампыр кейіп,- соныңды айтсайшы, былай да асқынған кедейліктің жарасъгна шыбынды үймелете түспей [9, 100 б.].

Авторлық тұрақты тіркестер ішінде бір-біріне қатысы жоқ сөздерді автор қиюластырып, өзіндік қолтаңбасын ұсынады. Деректі ұғыммен дерексіз ұғымды қатар қолданып, өзіндік тіркес жасайды.

Ілік септігі мен тәуелдік жалгауы арқылы жасалган окказионалдар'. Балуанға скрипка мен сырнайдың емес, жүрегінің қылы күйге толғандай боп, тұла бойы шымыр- шымыр етті [9, 243].

Осы өсектің қайсысына нанарын білмеген Ғалия не істеудің қыбын таба алмай, шһгыныц қара тецізіне бата берді [9, 222].

Бүркітбайдың жүрегін басқан өтіріктің шаңы, Асқардың бетіне қонғандай, ол оны аяп, шынын айтуға бір ойлап тұрды да, артын ойлап Итбайдан бата алмады [8, 224].

Ботагөз түрегелгенде, Көпен оның қабағын көтертпейтін қайгыныц зілді қара тасы домалап жерге түскендей, қалпына келгендей болды [8, 348].

Туралған етті кеңеспен жеп отырған Амантайдың көзінің ңүйрыгы Ботагөзге түсіп еді [8, 128].

Жарылғалы тұрған жарадай жүрттың шіігысыныц аузын Нұрмағамбеттің жылауы тырнап ашқапоаіі болды [9, 86].

Бұл ойдан кейін оның басындагы өрті лаулап, есінен тіпті тандырып жіберді [9, 100].

Өзің не айтқалы отырсың? Деді Қалампыр кейіп, соныңды айтсайшы, былай да асқынгаи кедейліктіц жарасына шыбынды үймелете түспей [9, 100].

Осы ойдың түгырына тпалпынган көңілдің құсын бстлст қоноырып, іштен сабырсызданған Ғалия «келе жатыр ма» деп, үйінен әлсін-әлсін шығып қарай беретін болды [9, 165].

Ішкі ойы алыс жатқанмен, Ғалия Қордабайдың жігітшілік әзіл-оспағына қызығып, қалжыцныц үзын арқан, кең түсауынан босатпайтын [9, 179].

Қызды шекпеніне белей құшағына ап, төсекке өзі киімшең қисайған Балуанның жан-жағынан пәпсінің аңдары арсылдай ұмтылғанмен, берік және батыр жүрек сертінен жаңылмады [9, 214].

Тагдырдыц поктасыпа басын ұсынған Балуан Шолақ аз жасында көрген өзге зорлық-зомбылығын ұмытуға тырысты және ұмытты да, бірақ өзгені ұмытқанмен, оның жүрегінен жабысып айрылмайтын бір гана дерт бар. Балуанның бұл шарттарға көнбей, бүлтақтағысы келмегенмен, Ғалияның жан сырынан көзіне көрсете тоқыгап дәлел торы бүлк еткізбеді, Балуан жүрегі сыздай отыра көнді [9, 277].

Уголовная розыскадан жоғалған заттар туралы хабар келген соң, Итбайға «барайын ба, бармайын ба?» деген оймен Асқар аз отырды да, табылған затқа қуана қоймағанмен, Итбаймен араздъщ тоңын жүқартпац боп, дыбыссыз Итбайға барды [8, 194].

Біраздан кейін Итбайдың ашу бүлты тарап, ақылы сабасына қуііыла бастады [8, 120].

Оның үнемі түюлі жүретін қалын қабағы зілдің бүлтындай бір ашылмайды [10,45].

Бір тілегімді бер, осыдан кейін дүниенің бар азабы үстіме цүлап, көтеру тетігі сенде болса да, «апалап» аузымды ашпауға ант берейін [10, 237].

Ақан өлендерімен казак әдебиетіне ауа райын жасаган кісі е.мес, ал ән жағын алғанда, ол - революциядан бұрынғы қазақ музыкасының ірі классиктерінің бірі [10, 205].

Жоғарыдағы мысалдарда контекстер окказионал үшін мынадай қызмет атқарып түр:

  1. Мағынаны нақтылап тұр;
  2. Ең негізгі басты ойды бөліп көрсетіп тұр;
  3. Эмоционалды әсері танылып тұр;
  4. Контекстік жаңа мағынаны жарыққа шығарып тұр.

Семантикалық тәсілмен жасалған окказионализмдердегі жаңалық - сөздің сыртқы формасында емес, ішкі мазмүнында. Семантикалық окказионализм - байырғы сөздердің өзінің нақты сыртқы формасын сақтай отырып, ішкі мазмұнын өзгертеді немесе семантикалық реңк беру қызметін атқаратыны белгілі.

Қорытынды

С. Мұқанов тілдік-стильдік құралдарды таңдап, екшеп, түрлендіріп қолдануда шеберлік танытады. Бұл тіркестердің мағынасы фразеологиялық сөздікте көрсетілмеген. Яғни, байқайтынымыз - автордың өзіндік ерекшелігі - бұл авторлық қолданыстағы фразеологизм. Авторлық фразеологизмдердің тууын және уақыт өте келе афоризмдерге айналуын проза тілінен айқын байқаймыз. Стилистикалық тұрғыдан Караганда авторлық қолданыстағы фразеологизмдердің қандай мақсатта қолданылып тұрғанын да айқындап алу қажет. Себебі: тұрақты тіркестер тек көріктеу құралы ғана емес, жазушының көзқарасын, идеясын, суреттеп отырған кейіпкерінің ішкі жан дүниесін, болмысын таныту мақсатында да колданылады.

Сонымен, шығармаларда окказионализмдер ойды жан-жақты мәнерлі, көркем түрде жеткізу үшін қолданылады. Олар автордың жеке дара стилін, ерекшелігін танытуда маңызды рөл атқарады. Қаламгер халық тіліндегі тұрақты тіркес қорынан ең қажеттісін таңдай отырып, оларды түрлендіреді, оларға қосымша мағына үстейді, өзінің мазмұндап отырған оқиғасына байланысты тұрақты тіркестердің ой арнасына сай болуын ажарлайды да, атқаратын қызметін түрлендіре түседі, бірақ тіл заңдылықтарын бұзбайды.

 

Әдебиет:

  1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 320 б.
  2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. - Астана: Елорда, 2001. - 178 б.
  3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. - Алматы: 1997. - 241 б.
  4. Нүрмұханов X. Сөз және шсберлік. - Алматы: Ғылым, 1987. - 288 б.
  5. Еспекова Л. Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер. Филол. ғыл. канд авторефераты. - Алматы: 1998. -25 6.
  6. Бейсенбай А.Б. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы окказионалдық қолданыстар. Филол. ғыл. канд авторефераты. - Астана: 2008. - 28 б.
  7. Муратова Г. Көркем әдебист тіліндегі кездейсоқтық пен қажеттілік. - Алматы: 2002. - 138 б.
  8. Мұқанов С. Ботагоз. - Алматы: 1967. - 516 б.
  9. Мұқанов С. Сүлушаш. - Алматы: 2002. - 288 б.
  10. Мұқанов С. Өмір мектебі. - Алматы: 2002. - 464 б.
Жыл: 2019
Категория: Экономика