Аңдатпа
Жобалық іс-әрекет мектепке дейінгі баланың дамуына оң эсер ететін бірқатар сипатгамаларға ие. Алдымен, жобалау іс-эрекетін жүзеге асыру барысында балалардың қоршаған орта туралы білімдері, түсініктері кеңейеді. Әрине, бұл зерттеушілік жэне шытармашылық жүмыстарды орындаумен байланысты болып келеді. Сонымен қатар балалардың танымдық. тілдік қарым-қатынасы, шығармашылық қабілеттері дамиды. Жобалау іс-эрекет барысында балалардың бір-біріне деген сенімі де артып, өз эрекеттерін, қызьнушылықтарын басшылыққа алып, өздігінен. бірлесе эрекетгер жасауға бейімделеді.
Мақалада мектепке дейінгі ұйымда жобалау іс-эрекетін жүзеге асырудың ерекпіелігі баяндалады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамытуда жобалау іс-эрекетінің мэні жэне тэжірибеде жүзеге асыру тиімділігі қарастырылады.
Жобалау процесі кезеңдерінің мазмүны белгіленіп, жобалау іс-эрекетімен жүмыс жасауға шешім қабылдаған педагогқа арналған ережелер ұсынылады.
Kipicne
Еліміздің қазіргі даму кезеңінде қоғамның түрлі салаларының қайта құрылуы мен жеке тұлғаның өмір сүру субъектісі ретіндегі белсенділігінің артуы арасындағы байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық қызметін белсендіру, оның қалыптасуы мен дамуын тиімді басқару, әдістемелік, ұйымдастырушылық және психологиялық тұрғыда қолдау тек күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, сонымен бірге маңызды әлеуметтік міндет деуге болады.
Қоршаған әлемді биологиялық және әлеуметтік бағытта білу ғана емес, сонымен бірге оның әр алуандығын, маңызды аспектілер мен себеп-салдар байланысын, заңдылықтардың мәнін түсінудегі тұлғаның танымдық белсенділігі адамның бойындағы ең маңызды қасиетінің бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі кезең қарқынды дамумен сипатталады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде бала ересек адамның педагогикалық әсеріне өте сезімтал болады, ол өзара әрекеттесу процесінде бірқатар әдіс-тәсілдердің көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады. Олар: балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейін, сөйлеу, өздігінен әрекет жасау және бастамашылдық сынды психикалық процестерін дамытады, белсенді танымдық әрекеттер пен шығармашылыққа деген ынтасын оятады.
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігі баланың қоршаған ортадағы құбылыстарды игерудегі жанама қатынасын ортаға салатын тұлға сапасы ретінде қарастырылады [1].
Негізгі бөлім
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірі - жобалық іс-әрекет әдісі. Жоба әдісі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға, өз білімдерін өздігінен құруға, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білуге және сыни ойлауды дамытуға негізделген. Аяқталған жобалардың нәтижелері айқын болуы керек, яғни егер ол теориялық мәселе болса, онда оны нақты шешімі, егер практикалық болса - жүзеге асыруға дайын болатындай нақты нәтиже болу керек.
Жобалау іс-әрекеті оқу процесін белсенді негізде, әр баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған зерттеу әрекеті негізінде құрылумен анықталады.
Жобалау іс-әрекеті балалардың белгілі бір уақыт аралығында жеке, жүппен және топпен орындайтын танымдық белсенділігіне бағытталады. Сонымен қатар бүл әдіс оқытудың ұжымдық тәсілімен де үйлеседі. Жобалық әдіс бір жағынан оқытудың әртүрлі қүралдарын, әдістерін қолдануды, екінші жағынан ғылымның, технологиялардың және шығармашылықтың түрлі салаларының білім және дағдыларын кіріктіруді қарастыратын мәселені шешуді болжайды [2].
Педагогикалық процесті ұйымдастыру қағидасының өзгеруі ақпаратты белсенді қабылдаушы баланың рөлін, қоршаған ортаны танып білудегі белсенді тұлғаға ауысуына ықпал етті деуге болады. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеуге негізделген жобалау іс-әрекеті білімнің әртүрлі салаларында танымдық қызығушылықты дамытады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекеттерін қалай дамыта алатындығын анықтау үшін кез келген жобаны жүзеге асыру процесін талдауға кеңес беріледі. Мектепке дейінгі ұйымда жобалық әдісті енгізу мектеп жасына дейінгі баланың мәдени өзін-өзі дамытудың өзекті мәселесіне, жобалаудың кезеңдерімен танысудан басталатыны пайымдалады [3].
Жобалау процесі үш кезеңнен тұрады: жобаларды әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелерді талдау. Әр кезеңнің дамуының шарты тәрбиешілер мен балалардың ұжымдық ақыл-ой әрекеті болып табылады, ал, ол келесілерге мүмкіндік береді:
- балабақшаның білім беру кеңістігінде баланың шығармашылық дамуына бағытталу;
- жоба құру алгоритмін құруда балалардың қажеттіліктерін ескеру;
- педагогикалық процестің барлық қатысушылары, соның ішінде ата-аналардың күш-жігерін біріктіру [2].
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - баланың қоршаған ортадағы қайшылықтарды өздігінен таба алмауы. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінде жобалау іс-әрекеті ынтымақтастық сипатында болады. Бұл бағытта мектепке дейінгі ұйымдағы балалар мен педагогтар, сонымен қатар ата-аналар да қатыса алады. Жобаларды құруда және іске асыруда ата- аналардың қатысуы өзін және балаларды білуге деген қызығушылығын оятады, мектепке дейінгі білім саласындағы мәдени құзыреттілігін арттырады. Жобалау іс- әрекетін жүзеге асыру барысында ересектер тарапынан үнемі назарда болып, көмек корсету мен қолдауды қажет етеді.
Тәрбиеші мен мектеп жасына дейінгі баланың өзара әрекеттесу артықшылығы:
Жоба бойынша жүмыстың басында педагогтың рөлі басым болады - ол мәселенің тұжырымын жасайды, балаға тақырып таңдауда көмектеседі. Келесі кезеңдерде жоба жетілдірілген сайын мектепке дейінгі баланың рөлі айтарлықтай өзгеріп, белсенді әрекеттер жасайды. Педагог баланың іс-әрекетін басқарып, баланың әрекеттерін үйлестіреді.
Жобалау іс-әрекетімен жүмыс жасауға шешім қабылдаған педагогқа арналған ережелерді келесідей белгілеуге болады:
- педагог жобаға қатысатын балаларға, олардың жетістіктері үшін толық жауап береді;
- педагог балаларға сеніммен қарап, оларды жалпы шығармашылық жүмысқа тең қатысушы санайды;
- педагог балаларға өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
- педагог оқытушы мен жетекші лауазымынан, тәлімгер лауазымына ауыса отырып, жаңа ұстанымды дамытады;
- педагог балалардың өздігінен жүмысына қажет болған жағдайда немесе бала көмектесуін өтінгенде араласады.
Жобалау әдісін қолдану топтың заттық-танымдық кеңістігін дүрыс ұйымдастыруды талап етеді. Ton бөлмесінің кеңістігінде тәрбиешілер құжаттарды әртүрлі ақпарат құралдарына бағыттайды: оқуға арналған кітаптар, бейнелер балаларға әлемді түсінудің әртүрлі тәсілдерін белсенді үйренуге мүмкіндік береді.
Erep мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық орта жеткіліксіз болса, ұйымнан тыс жерлерге баруға болады: қаладағы балалар кітапханасында, мұражайларда және басқа мәдени орталықтарда, ересектер мен балалардың бірлескен ізденіс әрекеттері.
Жобалау іс-әрекетінің негізі балалардың белсенді әрекеті, ересектермен бірге қызықты бірлескен әрекет болуы керек. Бес жасқа дейін бала имитациялық- орындаушылық деңгейде дамиды. Қажетті өмірлік тәжірибенің болмауы оған мәселені және оны шешудің жолын таңдауда тәуелсіздігін толық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан белсенді рөл ересектерге тиесілі [2].
Біздің ойымызша, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі балалармен жүмыс жасауда ең тиімді болып табылады. Өмірдің бесінші жылының соңында балалар жобалай алу деңгейінің дамушы деңгейіне өтуге мүмкіндік беретін белгілі бір әлеуметтік тәжірибе жинақтайды. Олар мәселені қабылдайды, мақсатты анықтайды, қажетті нәтижеге жету үшін қажетті құралдарды таңдай алады. Бұл жастағы балалар қызығушылық танытумен, «Неліктен?», «Неге?» сияқты көптеген сүрақтардың болуымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі құбылыстардың себептеріне қызығушылық таныта бастайды.
Erep жобаға балалардың бейімділігін жүзеге асыруға ықпал ететін, олардың әлеуеттік мүмкіндіктерін анықтайтын және жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі іс-шаралар қосылса, балалардың танымдық процестері күшейе түседі. Жоба мазмұнына енгізілген іс-шаралар мазмұнын жетілдіріп, толықтыра түседі: көркемдік Ic- әрекет - әлемнің дамуына эсер етеді; еңбек іс-лрекеті - іс жүзінде құнды дағдыларды үсынады; ойын іс-әрекеті - материалды жақсы қабылдауға ықпал етеді.
Қорытынды
Жобалау іс-эрекеті бойынша жүмыс баланың танымдық қызығушылығын дамыту үшін үлкен маңызға не. Осы кезеңде кіріктірілген білім беру жэне шығармашылық мэселелерді шешудің жалпы эдістері, ойлау, сөйлеу, өнер жэне басқа да қызмет түрлерінің арасында жүреді. Білімнің эртүрлі салаларын біріктіру арқылы қоршаған ортаның бейнесі туралы тұтас көзқарас қалыптасады. Ki ші топтардағы балалардың ұжымдық жұмысы оларға эртүрлі рөлдік ойын түрлерінде өзін дэлелдеуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
- Бедерханова В.П. Совместная проектировочная деятельность как средство развития детей и взрослых // Развитие личности. - 2000. - № 1.
- Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов пед. спциальностей / под общ.ред. В.С. Кукушина. - Серия «Пед. образование». - Москва: ИКЦ «МарТ», 2004.
- Пахомова Н.Ю. Метод учебного проекта в образовательном учреждении: Пособие для учителей и студентов педагогических вузов. - M.: АРКТИ, 2003. - 450 с.