Аңдатпа
Мақалада оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда дидактикалық материалдарды қолдануды зерттеу нәтижелері келтірілген және дидактикалық материалдардың жаратылыстану сабағыңда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуге мүмкіндік беретіні айтылған. Сонымен бірге, сабакты өткізу кезеңінде дидактикалық материалдардың ғылыми -педагокикалық негізін қолдану қарастырылған. Олар оқушылардың өз бетімен ізденуге және есте сақтауға ыңғайлы. Дидактикалық көрнекті материалдарға: суреттер, кестелер, әркелкі схемалар, диаграммалар, муляж, модел, макеттер жатады. Қазіргі кезде дидактикалық материалдарға техникалық құралдар қолданылады - микроскоп, интерактивті тақта, проектор және слайд- презентация, диапозитивтер. дискілер. Тәжірибеге қатысқан 84 оқушының 44,0 % сабаққа қызығушылығын сактады. ал олардың 16.7 % ешқандай қызығушылығы болмады. Сонымен бірге, 39,3 % оқушылар осы сауалнама бойынша бейтарап екенін мәлімдеді. Оқупіылар арасында жаратылыстану пәндерін жоғары деңгейде меңгеруге ынталылар үлесі 39.3 % қүрады. Аталған оқушылардың жаратылыстану пәндеріне ынтасының артудың басты себебі олар пәнді меңгеру арқылы өздерінің жалпы білім деңгейін көтергісі келетіні анықталды. Сонымен бірге. оқушылардың 17,8 % жаратылыстану пәндерін меңгергісі келетіні. бірақ оған жалпы білімім жеткіліксіз екенін мойындады.
Kipicne
Тақырыптың өзектілігі: Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеуге болады. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, өмір тәжірибесінен өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілген көпшілік жұмыстардың бірі - биологиялық дидактикалық ойындар. Дидактика - бүл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, diddaskalos - мүғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы [1].
Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештер, дидактикалық ойындар, әр түрлі әдіс - тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. ¥стаз қандай әдіс - тәсіл қолданса да мақсат біреу, ол оқушыға тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының тиянақты да сапалы білім беру және оны әр түрлі қосымша материалдар мен оқушының есінде қалатындай етіп ұйымдастырып бекіту. Ұстаз оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатында өз тарапынан шығармашылық ізденістер жасап, әр түрлі дидактикалық кештер ұйымдастыруы керек [2, 3].
Биология пәнінің дидактикалық ойын кештерінің мазмүны тіршіліктің құндылығын, биологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру заңдылықтарын терең сезініп, оны дұрыс қабылдауына мүмкіндік береді.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады [2, 3].
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік тұрғыдан маңызды жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң эсер ететінін анықтаған.
Дидактикалық ойындар жэне қызықты жаттығулар арқылы теориялық білімді нақтылап, білім - білік дағдыларды қайталап жэне бекітуге арналған. Қазіргі кезде ойын мэселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мэні анықталды. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы элемдік ізгілік пен эдептілік негіздерімен тэрбиелеу қолға алынды. Бұл үшін элемдік тэрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барсында тиімді қодану қажет [2, 3].
Осы бағытта:
І.Идеялық - саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2.Дүниеге дүрыс көзқарас қалыптастыру;
З.Отанымыздың мейлінше бай, көркемдікті бағалай ілуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
4.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;
5.Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек.
Зерттеу мақсаты. Жалпы орта білім беру оқу орнында жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қасиеттерінің қалыптастыруда дидактикалық материалдардың орнын ғылыми тұрғыда айқындау және оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
Қойылған міндеттер: жалпы орта білім беру мекемесінде жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың ойлау жүйесін қалыптастыруда дидактикалық факторлардың ықпалын айқындау; жалпы орта білім беру мекемесінде жаратылыстану пәнін оқытуда оқушылардың ойлау жүйесін қалыптастырудың дидактикалық шарттарының тиімділігін эксперимент жұмысы арқылы тексеру.
Зерттеу әдістері
Зерттеу нысаны Шымкент қаласының № 28 жалпы орта білім беру мекемесінде оқушыларға жаратылыстану пәнін оқытудың педагогикалық үдерісі. Зерттеу жүмысының әдісіне: мұғалімдер мен оқушыларға тақырып бойынша сауалнама жүргізу, нормативтік құжаттарды сараптау, қолданыстағы оқу құралдары мен көрнекіліктерді талдау, статистикалық тәсіл қолдану арқылы тәжірибе материалдарын өңдеу, жалпы педагогикалық әдістер қолданылады.
Зерттеу нәтижелері
Тәжірибе жұмыстары Шымкент қаласы № 28 орта мектеп 5 - сыныптарда оқитын оқушылар алынды. Тәжірибеге 84 оқушы қатыстырылды. Тәжірибе жүмыстары жалпы орта білім беру мекемесінде жаратылстану пәндерін оқытуда оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық шарттарының тиімділігін тексеру мақсатында жүргізілді.
Тәжірибе жұмыстары төмендегідей ретпен орындалды:
- Тәжірибеге қатысатын оқушылардың дәрежесін және санын анықтау,
- 5,6 - сынып оқушыларының жаратылыстану пәндерін меңгеруге ынтасын тексеру:
- 5,6 - сынып оқушыларының жаратылыстану пәндерді меңгеруге қызуғышылығын анықтау мақсатында зерттелу тақырыбы бойынша оқушылардан сауалнама алу;
- Педагогикалық эксперименте жаратылыстану пәндерін оқыту әдістерін таңдау және оның үдерісін анықтау;
- Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың пәнді меңгеруде ынтасын қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдаланудың тиімділігін жаттығулар мен тапсырмалар арқылы анықтау.
Тәжірибе жүмысының міндеттерін орындау үшін алдымен эксперименте қатысушы оқушылар саны анықталды. Эксперименте қатысушы оқушыларды іріктеу кедейсоқ принцип! бойынша жүргізілді.
Кесте 1 Оқушылардың пэнге ынтасын сауалнама бойынша айқындау
Сауалнама сүрақтары |
Жауап берген оқушылар үлесі |
|
саны |
% |
|
1. Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне ынтасы? |
||
1.1. Ынталы |
37 |
44,0±5,2 |
1.2. Ынтасы жоқ |
14 |
16,7±3,8 |
1.3. Бейтарап |
33 |
39,3±5,3 |
2. Сіз үшін жаратылыстану пәндерін оқудың қажеттілігі неде? |
||
2.1.Пәнді жоғары деңгейде меңгергім келеді |
37 |
44,0±5,2 |
2.2. Жаратылыстану пәндерін арқылы білімімді толықтырғым келеді |
30 |
35,7±5,0 |
2..3. Жаратылыстану пәндерін меңгергім келеді, бірақ білімім жеткіліксіз |
15 |
17,8±3,9 |
2.4. Жаратылыстану пәндерін маған қажет емес |
14 |
16,7±3,8 |
Тәжірибе қатысқан 84 оқушылардан сауалнама арқылы олардың сабаққа ынтасы анықталды. Жалпы оқушылардың 44,0% сабаққа ынтасы қалыпты деңгейде екені анықталды, ал олардың 16,7% сабаққа ынтасы тіптен жоқ екені байқалды. Сонымен бірге, оқушылардың 39,3% осы белгісі бойынша бейтарап екені нақтыланды (1 Кесте).
Сауалнаманың екінші кезеңінде оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын анықтау бағытында жүргізілді. Оқушылар арасында жаратылыстану пәндерін жоғары деңгейде меңгеруге ынталылар үлесі 39,3% құрады. Аталған оқушылардың жаратылыстану пәндеріне ынтасының артудың басты себебі олар пәнді меңгеру арқылы өздерінің жалпы білім деңгейін көтергісі келетіні анықталды.
Сонымен бірге, оқушылардың 17,8% жаратылыстану пәндерін меңгергісі келетіні, бірақ оған жалпы білімім жеткіліксіз екенін мойындады. Ал оқушылардың 16,7% жаратылыстану пәндері н қажет емес екендігін білдірді.
Оқушылардың пәнге қызығушылықты арттыру бойынша не істеу керек деген сауалнама жүргізілді (2 кесте).
Оқушылардың сабақты түсіндіру қолданыстағы әдіс бойынша жүргізілуді қолдайтар үлесі 29,8% құрады.
Кесте 2 Оқушылардың пәнге қызығушылықты арттыру бойынша
сауалнама нәтижесі
Сауалнама сүрақтары |
Жауап берген оқушылар үлесі |
|
саны |
% |
|
Пәнге қызығушылықты арттыру үшін не қажет? |
||
3.1 Сабақты түсіндіру қолданыстағы әдіс бойынша жүргізілуді қолдаймын |
25 |
29,8±4,7 |
3.2 Сабақ инновациялық әдістер қолдану негізінде жүргізгенді қолдаймын |
59 |
70,2±5,3 |
3.3. Соның ішінде дидактикалық материалдарды пайдалануды қолдаймын |
44 |
74,5±6,5 |
3.4. Оқушының өздігінен ізденуі |
20 |
23,8±4,3 |
Сауалнаманың үшінші кезеңінде оқушылардың пәнге қызығушылықтырын арттыру үшін не істеу керектігі анықталды. Олардың 70,2% оқушылардың пәнге қызығушылықтырын арттыру үшін инновациялық әдәстерді қолдануды жақтады. Соның ішінде 74,5% оқушылар дидактикалық материалдарды пайдалану олардың ынтасын арттыруға ықпал ететінін атады. Жалпы оқушылардың 23,8% өзбетімен ізденіс жасайтыны анықталды.
Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қасиеттерінің қалыптастыруда дидактикалық материалдардың орнын ғылыми тұрғыдан айқындау және оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу, оқушылардың қабілеттін арттырып оқу нәтижелерін жақсартады.
Қортынды
Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қасиеттерінің қалыптастыруда дидактикалық материалдардың орнын ғылыми тұрғыдан айқындау және оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелденді. Оқыту процессі кезінде сабақ тақырыбына байланысты дидактикалық материалдарды жаңа форматта пайдаланудың методологиялық тұрғыдан нақтыланды.
Әдебиет:
- Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы дамуының ғылыми-педагогика негіздері: пед.ғыл. до кт.... автореф. - Алматы. 2003. -51 6.
- Калинова Г.C., Мягкова A. H., Резникова В. 3. Контроль знаний и умений учащихся. Зачеты // Биология в школе. 2000. - № 8. - С. 27..А.
- Оконь В. Введение в общую дидактику. -M.: Высшая школа. 1990.-381 б.