Аңдатпа
Қазіргі уақытта денсаулығымыздың және шынайы зұлымдықтың жауы - гиподинамия, бұл дене функцияларын бұзуға әкеледі. Қазіргі студент он жыл бұрын. әсіресе. жаңа оқу бағдарламаларына көшуіне байланысты бірнеше рет психикалық және психологиялық стрессті бастан кешуде. Балаларды тірі, көңілді және ақырында денсау лығын қалай сактау керек? Бұған көмектесу және дене шынықтыру сабақтары деп аталады. Біздің жұмысымызда дене шынықтыру сабақтарында студенттердің белсенділігін арттыру жолдары мен қүралдары қарастырылады. Эмоциялық белсенділікті арттыратын және студенттерге қуаныш әкелетін факторларды талдаймыз. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық әдебиеттерді талдау оқытушының міндеттерін белгілеу кезінде мұғалімнің ең қателеспес қателерін анықтауға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе. жұмыс оқуға деген жеке көзқарастың маңыздылығын көрсетеді, тек студентті. дене шынықтыру мұғалімін білу арқылы олардың барлық құзыреттерін табысты іске асыра алады.
Kipicne
Дене тәрбиесімен айналысу студенттердің дене шынықтыру - спорттық іс- әрекетінің өзіндік негізі болып саналады. Erep дене тәрбиесі сабағы студенттерге қажет шеберлікпен дағдыны беретін болса, студенттерде қызығушылықпен қанағаттандырарлық тудырса, ол онда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тұрақты әдетті қалыптастырады. Студенттердің дене тәрбиесімен айналысуына ұдайы назар аудару алдымен студенттердің болашағына қамқорлықпен қарауына байланысты. Қазіргі таңда ағза функцияларының бұзылуына әкеп соқтыратын денсаулықтың қас жауы және шынайы жамандық «гиподинамия» болып табылады. Осы таңдағы студенттің ақыл-ойына және психологиясына он жыл бұрын болғанға қарағанда, жүктеме бірнеше есе көбірек эсер етеді. Ол көбінесе жаңа оқу бағдарламаларына ауысуына байланысты. Студенттердің жүмыс күні толығымен тығыздалған, белсенді демалысқа студентте күннен күнге аз уақыт қалып жатыр. Соңғы уақытта мынадай сүрақ туындайтыны кездейсоқтық емес: Балаларда - өміршеңдікті, сергектікті, сондай- ақ соңында денсаулықты қалай сақтау керек? Бұған дене шынықтырумен жан- тэнімен айналысу көмектеседі [1].
Дене тэрбиесі сабақтарында студенттердің белсенділігін арттыруға көптеген жолдар мен эдіс-тэсілдер қолданылады: алдына дүрыс міндеттреді қою, оң элеуметтік- психологиялық климатты қүру, қажетсіз үзілістерді жою, сонымен қатар оң эмоционалды демалу жағдайын жасау жэне студенттердің дене тэрбиесі сабақтарына қызығушылықты тудыру жағдайын жасау [2].
Дене тэрбиесі оқытушысы сабақ кезінде эрдайым студенттердің сергектік көңіл- күйін қолдап, өмірлерін қуанышты толқулармен толтырып, жағдай жасауға талпынады.
Студенттердің қуанышын тудыратын жэне сабақтағы көңіл-күйді арттыратын басқада көптеген факторлар бар. Сол факторларды қарастырамыз:
L Сабақтағы көңіл-күй жэне оқытушының өзін-өзі үстауы сабақтың эмоционалдығына маңызды эсер етеді.
2. Сабақ кезінде ойын жэне жарысу эдістерін пайдалану студенттерге эрқашан жағымды эсер етеді.
3. Сондай-ақ сабақта қолданылатын құралдар мен эдістердің эр түрлілігі сабақтағы көңіл-күйді арттырады.
Сабақтағы көңіл-күйді арттыруда дыбыстық жазбаларды (музыкалық сүйемелдеу) пайдалану жақсы нэтижелер береді.
Студенттерде дене шынықтыруға қызығушылық - күрделі құбылыс болып табылады. Онда құрылымдық элементтерді атап өтуге болады: дене шынықтыру мен спорттың тартымды тұстары, жеке тұлғалардың белсенділігі, спортшының «пірі», сүйікті спорт түрі.
Студенттерде дене шынықтыруға қызығушылықты тэрбиелеу үшін қажет:
- Оларға дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсіндіру;
- Студенттерге олардың дене шынықтырудағы кемшіліктерін түсіндіру;
- Сабақтарда ойын және жарысу жағдайларын жиі пайдалану;
- Студенттердің сабақ барысында белсенділігін ескере отырып жүйелі түрде бағалау;
- Дене жаттығуларын жасау кезінде оларды өзін- өзі бақылауға үйрету;
- Сабақ барысында оқытушы нашар, сауатсыз және қызықсыз сабақты өткізгеніне байланысты жиі студенттердің қызығушылығы төмендейді, сондықтан қатысушылардың белсенділігіде азайады. Осының барлығы оқытушы тапсырманы берген кезінде жіберілген қателіктерден туындады. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау арқылы солардың ішінен көбіне кездесетіндерді атап өтеміз:
- Шешілетін міндетті қоюдың орнына, оқытушы студенттерге сабақта орындайтын жаттығуларды тізеді.
- Оқытушы студенттерге қойған тапсырманы өзіне маңыздырақ деп санайды. Мысалы: оқытушы студенттерге айтады: «Бүгін бізде допты жүргізуді жетілдіру» немесе «Бүгін бізде сынақ жаттығуларына дайындық»
- Оқытушы нақты міндетті қоя алмайды: лақтыруды үйрету. Осындай тапсырманы студенттер түсінбегендіктен жаттығу жайлы нақты емес көрініс қалыптасады. Сондықтан студенттер нақты қандай іс-әрекет жасау, нені дамыту қажеттігін, қандай мақсатқа жету керектігін жиі білмей жатады.
- Оқытушы студенттерге қызықсыз тапсырмаларды қояды. Нақты қойылған тапсырмаларда студенттерді қызықтырмаса, оның кейбір қажеттіліктерімен байланысты болмаса қалаған нәтижеге жеткізбеуі мүмкін. Сондықтан тапсырма студенттің іс-әрекетінде маңызды болу керек және студенттің мақсатына жетуіне әкелуі қажет.
- Оқытушы студенттерге бір-екі сабақ аралығында орындламайтын тапсырманы қояды. Осы жағдайда студенттердің жүмсаған күштері босқа кеткендей эсер туындайды.
Сондай-ақ студенттердің дене тэрбиесі сабағында белсенділігін арттырудың маңызды эдістерінің бірі оның тиімді жүктемесі болып саналады.
Дене тэрбиесі сабағының оқытушысы іс- әрекетке қатысатын студенттерді ғана емес, сонымен қатар осы сабақта дене жаттығуларын жасаудан дэрігермен босатылған студенттердіде енгізу қажет [3].
ЖОО дене тэрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруда оқытушы дидактикалық принциптерді үстанады. Осы принциптерді ұстану арқылы оқытушы студенттерге эр түрлі дене жаттығуларын жақсырақ, дүрысырақ жэне нақтырақ түсіндіруге алады.
Зерттеу әдістері
Студенттерге өте күрделі жэне түсініксіз материал оларды түсінбеушілікке экеліп соқтырады жэне олардың дене тэрбиесі сабағында белсенділігін төмендететінін атап өту қажет. Осы жағдайда оқытушы дене тэрбиесі сабағында оқу тапсырмасының қиындығын анықтайтын сэттерін ескеру қажет. Бұл сэттер қалай объективті болса, солай субъективті сипатқа ие. Солардың арасынан ұсынамыз:
- Жаттығулардың үйлестіру күрделілігі: егер жаттығуда туа біткен үйлестірулер пайдаланылса, онда ол жеңілірек сияқты болады, бірақ биомеханикалық құрылымы бойынша оны күрделі үйлестірілген актілерге жатқызуға болады. Сонымен қатар қарапайым қозғалыстар комбинациясын қалыптасқан үйлестірулермен бірге орындау бастапқыда қиын (Мысалы: оң иықты бір жаққа айналдыру, ал сол аяқты - басқа жаққа айналдыру).
- Физикалық күштің жұмсалу шамасы: сақиналарда тартылу - үйлестіру жағынан жаттығу қиын емес, бірақ физикалық тұрғыдан қиын, ол нақты бұлшықет күшін талап етеді.
- Жаттығуларды жасаудағы қорқыныш: бір жаттығуларды еденде және биік ағашта орындау студенттермен әр түрлі бағаланады, биік тіреуіште жаттығуды жасау қиындығын қорқыныш арттырады.
- Тапсырманың мәнділігі: егер тапсырма студенттерге толығымен түсінікті болмаса, әрине субъективті түрде ол қиын немесе өте жеңіл болып табылады.
Студенттердің іс-әрекетіне жеке тәсілмен баға беру кезінде орындалған нәтижелердің бағасын ғана емес, сонымен қатар студенттердің еңбекқорлығын, оның мүмкіндіктерін, жағдайдың психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет: сезімтал студенттердің оқу белсенділігін арттыру үшін олардың кішігірім жетістіктерін байқап, көтермелеу керек.
Зерттеу нәтижелері
Жеке тәсілді қолдану студенттердің психологиялық қажеттіліктерін, олардың физикалық мүмкіндіктерін алдын ала зертеуді талап етеді, дене тәрбиесі сабағының оқытушысы студентті танып білгеннен кейін ғана, осы дидактикалық принципті тәжірибе жүзінде тиімді жүзеге асыра алады.
Мақсаттылық және мәнді түрлендіру - бұл студенттермен өзара кеңістіктегі ара қатынасының бастысы болып табылады.
Қорытынды
Сонымен қатар дене тәрбиесімен айналысу тиімділігін арттыру - бүл біріншіден, студенттерде қызығушылықтың қалыптасуы. Ал қызығушылық - студент түлғасының өмірлік қажеттілігімен және эмоционалдық жағымдылығымен байланысты белсенді іс- әрекеті. Дене тәрбиесі сабағында оң эмоционалды демалу жағдайын құрудың арқасында студенттердің сабақтарға қызығушылығы артады [4]. Сондықтан дене тәрбиесі сабақтарында студенттер үлкен ынтамен және қызығушылықпен айналысатын болса, ал оқытушы өз кезегінде міндеттерді және дидактикалық принциптерді дұрыс қойатын болса, әрине дене шынықтырумен айналысу жоғары деңгейде өтіп, студенттердің жүктемесі тиімді болады. Сонымен дене шынықтырумен айналысу тиімділігі сөзсіз өз мақсатына жеткені жайлы толық сеніммен айтуға болады.
Әдебиет:
- Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания: учеб, для пед. инет. - M.: Просвещение. 1990. - С. 95.
- Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры - M.: ФиС, 1991. - С. 40-47.
- Теория и методика физической культуры: Учеб./Под ред. проф. Курагина Ю.Ф. - 2-е изд. испр. - M.: Советский спорт. 2004. - С. 464.
- Холодов Ж.К.. Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта: Учеб, пособ. для студ. высших учеб. зав. - 2-е изд. испр. и доп. - M.: Издательский центр Академия, 2003.-С. 480.