I. Есенберлиннің «көшпенділер» романындағы әйелдер тағдыры

Аңдатпа

Мақалада қазақ тарихи романдарындағы әйелдер бейнесінің сомдалуы қарастырылады. Әйел бейнесінің сомдалуына байланысты Fабит Мүсірепов пен Задан Жұмағалидың пікірлері негізге алынып. әйелдер бейнесіне тән қасиеттерді көрсетуде алуан түрлі көркемдік тәсілдерді қолдану қажеттілігі айтылады.

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы Жаған бике. Аққозы, Күнімжан, Рабиу - Султан Бегім, Гүлбаһрам патшайым бейнелерінің сомдалуындағы автордың суреткерлік шеберлігі талданады. Бұл бейнелердің көркем бейне және зерделенген тарихи кейіпкерлер екеніне назар аударылады. Әйелдер бейнесі арқылы заманның ең бір жауапты, шешуші сәттеріндегі олардың болмыс - бітімі, іс - әрекеті тана емес, сол дәуірдегі қоғамдық, әлеуметгік, тарихи, саяси оқиғалар шынайы түрде бейнеленуі көрсетіледі.

Жазушы «Көшпенділер» романында қаһарманның мінез қырларын. ерекшелігін байқата отырып, олардың түпкі мақсатын, көздеген мұраттарын андатуда монологпен қатар жүретін диалог тәсілін шебер қолданғаны айқындалады.

Kipicne

XX ғасырдың 60 - 80 жылдарындағы әдебиетте өз ізін қалдырып, біздің сөз өнеріміздің өрісін кеңейткен толқын, атап айтсақ, I. Есенберлин, Ә. Әлімжанов, Ә. Кекілбаев, Қ. Жұмаділов, С. Жүнісов, 3. Ақышев сынды қазақ жазушылары «Алыптар тобының» ізденіс сипаттарын, көркемдік - эстетикалық дәстүрін одан әрі дамытып, өзіндік шеберлік амал - тәсілдерімен ұлттық прозаға мол үлес қосты. Әйел - ана, ару образдары қазақ тарихи романдарында көркем сомдалды. Tap ихи романдарында сүлулықтың, тазалықтың, адалдықтың символы - Ақтоты, ¥рқия, Қадиша, Назгүл, Самал, Майсара, Бибілермен қатар үлгілі ана образдары да бар. I. Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы Күнімжан, Ә. Кекілбаевтың «Елең - Алаң» романындағы ханның ақылшы серігі - Бопай ханым, Қ. Жүмаділовтың «Тағдырындағы» «бір ауылдың анасындай болған Ажар», адуынды кісі - Айтолқын, «Дарабоздағы» «ұлын үяға, қызын қияға қондырған» - Ханбибі, Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуындағы» әл - Фарабидің сүйіктісі - Бану, «Махамбеттің жебесіндегі» Фатима тоташ, «Ақан серідегі» - Дәмелі, Ырысты, біреуге зекіп сөйлемейтін, байсалды ана - Жаңыл, «Соңғы көштегі» сабырлы да ибалы ана - Балжан, еркек бітімдес, зор денелі - Қатша ұтымды шыққан бейнелер.

Қандай шығарма болса да, оның құндылық сапа - қасиеттері көркемдік - эстетикалық өре - деңгейімен өлшенетіндігін ескерсек, біз қарастырып отырған тарихи туындылардағы қаламгерлердің көркемдік ізденістері әдеби - эстетикалық категория - стильге тәуелді екені және мәлім. Яғни, стиль ұғымын айналып өту мүмкін емес. Ғалым Қ. Жүмалиев: «Стиль ұғымына жазушының тілі, сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының композициясы, оқиға дамыту әдістері, тақырып таңдаулары, жанрлық ерекшеліктері, тағы басқа да компоненттері кіреді. Ең алдымен, орталық мәселе - идеялық мазмүн» [1, 13], - деген тұжырым жасаса, академик Р. Нұрғали: «... әдеби ұғымдағы стиль, ең алдымен, эстетикалық категория. Стиль жазушының авторлық мүратымен, эстетикалық идеалымен жанды түрде байланысып жатыр. Өйткені, көркемдік процесте механикалық сипат жоқ» [2, 19], - деген жүйелі ой жасайды. I. Есенберлин стиліне баяндау, хроникалық сипат, панорамалық қасиет тән екені мәлім.

Ғалым 3. Жұмағали: «Рухани ұстазы Әуезов те ақ жаулықты аналар тағдырына үлкен жанашырлықпен, қамқорлықпен қараған. ...қоғам іргесінің берік, қабырғасының биік, білім, мәдениетінің жоғары сатыға бет түзеуі апа - қарындастардың белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтып та, жазып та жүрген. Ол Кебек, Сырым, Абай, Дәрмендердің образын бүкіл болмысымен бауырына басып, емірене қалай сомдаса, Еңлік, Тоғжан, Әйгерім, Мағрипалардың образын да сондай қалтқысыз, ыстық сезіммен мейірлене сомдап, мәңгілік тұғырға көтереді [3, 65], - деген ойын салмақтай келе, «Абай жолында» ¥лжан бойындағы қонақжай, кеңпейіл қасиеттері ел мен елді достастырып, ағайын арасын біріктіре отырып, дәулет пен билік, әмір иесі - Құнанбай беделін өсіріп отырған. Тарихи шығармаларда қолы ашық, дастарқаны мол аналар Кенесары, Керімбай, Демежан, Қанағат сынды ел ағаларының қатал мінезінен ығысқан жұртты маңайына қайта жинап отыратын. Ерінің артық кем кеткен жерін білдірмей, ағайын арасын біріктіріп, ерінің беделін қашанда арттырып отыратын қазақ әйелінің болмыс бітімі, рухани әлемі шығармаларға арқау болуымен бірге оған соны идеялық желі дарытты.

Эпопеяда қос ана қамын ойлағандықтан, өздерін айыпты сезініп, ағайын арасын біріктіру үшін бүкіл Ырғызбай атынан Бөжей асында тік түрып, қызмет жасағанын білеміз. Мейірімді әже қашанда Абайға жақын ағайын Бөжейді сыйлап тұруын, үлкендер арасында болатын кикілжіңді жүрекке сақтамауын үйретіп, санасына жасынан құйып отырған ана тәрбиесі бір шаңырақтың қамын күйттегендіктен емес, бүтін бір рудың сыйластығын, ауыз бірлігін ойлаған ананың терең психологиясын автор шебер жеткізген.

Тарихи романдарда ананың қамқорлығы шаңыраққа тіреу, отбасына береке екені суреттеле келе, ана мен бала арасындағы сыйластық Жаған Бике - Қасым, Аққозы - Мұхамед - Шаибани, Махмуд - Сұлтан желілері арқылы көркем де кестелі бейнеленген. Ана баласы үшін отқа да, суға да түседі. Ана - баласы үшін айлар бойы ілмеуге, нәр татпауға бар ұлы сезімнің, ұлы жүректің иесі.

Белгілі жазушы F. Мүсірепов: «Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасап, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда ¥лпан қырық жыл бірге жасап жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым - ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.т.» [4, 469]. Осы пікірге сүйенсек, аталмыш қазақ романдарындағы әйелдер образы - шығарма арқауындағы бас қаһармандар образын толықтырушы, әр түрлі қырынан көрсетуші ғана емес, сонымен қатар авторлық ұстанымға орай әр түрлі ракурста кескінделген. Шынайы махаббатына адалдығымен ғана емес, биік адамгершілік - адами қасиетімен, рухани жан әлемінің тазалығымен, шынайылығымен, өткірлік пен өрлікті, турашылдық пен ерлікті, адалдық пен сүңғылалықты мойнына тұмар етіп таққан биіктігімен дараланатын Ақтоты, ¥рқия, Сапар, Бәну, Сәния, Бопай, Самал Бибі, Аққозы, Жаған бике т.б. әр автордың алуан түрлі көркемдік тәсілдерге баруына жетекші рөл атқарғанын баса айту қажет. Ал бұның өзі ұлттық әдебиетіміздегі М. Әуезов сомдаған Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбала, ¥лжан, Зере, F. Мүсірепов сомдаған ¥лпан, Ақлима т.б. образдар қатарына және Л. Толстой сомдаған бір ғана Анна Каренина, Наташа Ростова, тургенов сомдаган Лиза, Елена, Наталья т.б. образдар галереясына тың көркем бейнелердің қосылғанын айғақтаса керек. Эрине, бұл айтылғандар әдеби үрдісті ұлттық шеңберден кең ауқымда қарастырғанда көкейге келген ойлар. Ал шын мәнінде қандай сәтті шыққан образ болса да, ол ұлттық руханият әлемін өзіндік кескін - келбеті, болмыс - бітімі, даралық сипатымен байтатыны мәлім.

Тарихтың аласапыран жылдарынан хабар беретін тарихи романда қаламгер I. Есенберлин көркемдік - ізденіс сипатына негіз болған әйел - ана образдарының нелер лирикалық саф тұлғасын жасады, суреткерлік шеберлікпен сомдады. Олардың шығармаларындағы лирикалық әйел бейнелеріне тән қасиеттер: адалдық, ерлік, шыншылдық, мәрттік. «Көшпенділер» трилогиясындағы Жаған бике, Аққозы, Күнімжан, Рабиу - Султан Бегім, Гүлбаһрам патшайым бейнелері - көркем бейнеленіп, зерделенген тарихи кейіпкерлер.

I. Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясына кіретін «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарында аса ауқымды тарихи оқиғаларды қамтыды. Соның барысында түтас бір ұлттың, халықтың тағдыры шешілер түстағы тарихи күрделі оқиғаларды арқау етіп, кешегі, өткен күн тағылымының көркем шежіресін бейнеледі.

Адам тағдыры арқылы ұлт, ұлт тағдыры арқылы адамзат тағдырын жан - жақты ашып берді.

Қаламгер сомдаған тарихи тулғалар - Әбілқайыр, Жәнібек, Қасым, Мухамед - Шайбани, Махмуд - Султан, Жаған бике, Күнімжан образдары арқылы заманның ең бір жауапты, шешуші сәттеріндегі олардың болмыс - бітімі, іс - әрекеті ғана емес, сол дәуірдегі қоғамдық - әлеуметтік, тарихи, саяси оқиғалар шынайы түрде бейнеленген.

Туындыда көркем бейнеленген әйел - ана образдарының бірі - Жаған бике образы. «Жаған адамзаттың баласы емес, көктен түскен қор қызы боп көрінді. Қос бурымы жерге тиіп шұбалып, қуралайдың көзіндей танадай қара көздері Жәнібекке жайбарақат, мөлдірей қарады» [5, 193]. Бұл - Жаған бикенің портреті. «Жаған өз келбетімен, жасынан ат қулағында ойнап өскен көшпелі елдің қызы екенін көрсетіп тұрған ерекше отырысымен, қамшыны сипай тартқан болмысымен көздің жауын алды. Қолына устаған найзасы, басына киген меруерттен торлаған қызыл барқыт сәукелесі, астындағы ақ боз аттың кекіліне таққан үкісі, буның жауынгер елден шыққан әйел екенін көрсетеді» [5, 15]. Автор суреттеу предметінің бірі - сыртқы түр сипат, киімді суреттеу арқылы жаугершілік кезеңдегі әйелдің киім кию үлгісін, өзіндік ерекшелігін шынайы суреттеген. Романда Жаған бике улттық болмыс - бітімімен, Жәнібектің әйелдерінің ішіндегі сулулығымен, ақылдылығымен, адамгершілік ізгі қасиеттерімен ерекше дараланатын кейіпкер.

Шығармада Жаған мен туған апасы Аққозы араларындағы балдай тәтті татулық нанымды бейнеленген. «Олардың балалары шешелерінің айтқандарын екі етпейтін мінез көрсеткен. Бұл, әрине, балаларын жастайынан өздерін сыйлайтын етіп өсірген аналарының қасиеттерінен туған ерекшелік» [5, 190]. Қос ана аласапыран заманда балаларының бойына татулық пен адамгершілік қасиеттерін тәрбие арқылы дарытып, олардың бір - біріне жанашыр дос, адал бауыр болуын тіледі.

  • Асыл болат наркескен, қос бауырым Мухамед - Шайбани, мен Махмуд - Султанға сені бірінші бои қынабымнан суырмасқа ант етем, - деді ол. Erep антымды бузып қос бауырыма бірінші боп қастық етсем, мына тұрған асыл анам Жаған бикенің ақ сүті ұрсын! [5, 201]. Бұл -Қасым султанның анты.
  • Асыл болат ақ семсер, егер қансырар болсаң, жалғыз ұлым Қасымға емес, ең алдымен менің жүрегіме қадал. Ана тілегін қабыл алмағаны үшін, оның қурбаны болсам арманым жоқ деп күні бурын ат етем! [5, 201]. Бұл - Жаған бикенің анты.

Үлкен жүректі әйел - Жаған бике белгісіз біреудің Жәнібекке жасаған қастандығының қурбаны болды.

  • Адам баласын аяуды білмеген ұлы бабаларың Тыңболаттың сендер де тұқымысыңдар, түбі нәсілдеріңе тартып кетулеріңе күмәнім жоқ, бірақ мені зиратында тыныш жатсын десеңдер, Қасымға қол көтермейсіңдер! Қуран ұстап осыған ант беріңдер [5, 201]. Бул - Аққозының балаларынан тілеген соңғы тілегі.

Қаламгер қан төгіп, жауласудан гөрі татулық пен достықты мақсат тұтқан әйел - ана болмысын шынайы сомдаған. Жалпы адамзат баласы соғыстан гөрі бейбіт өмірге, жауласудан гөрі достыққа, өмірдегі ізгілік пен адамгершілік сынды асыл қасиеттерге іңкәр көрінеді. Бұл ойымызға жоғарыда аталған аналармен қатар Әбілқайырды ажалдан аман алып қалатын ер жігіт Саян бейнесі дәлел. Саян батырдың аңда жүрген Әбілқайыр ханмен кездесу сәті де қызғылықты, әсем суреттелген. Автор Саян мен Гүлбаһрам патшайымның ішкі жан сарайын да аша түседі.

Ғалым Қ. Алпысбаевтың: «Драмалық тартыс шарықтау шегіне жеткен кезде бүкіл оқиғалар бір нүктеге шоғырланады, мундайда түрлі тағдырлар, характерлер ғана тоғысып қоймайды, сонымен қоса уақытты өлшемдер де араласып, көркем уақыттың драмалық трагедиялық синтезі пайда болады. Оның құрылымы күрделеніп, көркем уақыттың көп қатысты фунциясы ашылады. Қаһарманның іс - әрекеті шапшаңдап, драмалық сипатқа енеді, оның әрбір іс - әрекеті уақыттық мәнге ие болып, ол әрекет ететін кеңістік пен уақып шегі өрісін барынша кеңітеді [6, 193 - 194], - деген пікіріне сүйенсек, - өз әкесін өзі өлтірген әйелмен, қанша жақсы көрсем де, бір төсекте жата алмас едім.

  • Онда өзің өлтіруің керек еді.
  • Әкесін өлтірген адамды қандай әйел шын көңілімен ерім дейді?
  • Әрине ғой, - қызы күрсінді, - садағымды тартуға менің де дәтім бармас еді... Тек ыза... - сөздің ар жағы естілмеді [5, 119].

Саян - Әбілқайырдың бәйбішесі Рабиу - Сүлтан - Бегімнің бір әкеден туған інісі.

Рабиу - Сүлтан - Бегім өзінің ақылдылығымен, табандылығымен Саян басына ажал қылышы төнген сәтте оның құтылып кетуіне жәрдем берген жан. Әрқайсысы бір - бір рудың бүкіл жылқысына татитын үш сәйгүлік жүйрігін мініп кеткен Саян әрекетіне ызаланған Әбілқайыр бәйбішесін Ақсақ Темірдің «қылмыстылар деген қатал заң - ережесінде» жазылған ананың жазасын баласы айтатын қатал үкімімен де жазаламақ болған ойын Рабиу - Сүлтан - Бегім ақыл - парасатымен жеңе білді. «Сүлу әйел егер ақылды болса, еркекке тек өзінің сұлулығымен ғана емес, терең ойлылығымен де, табандылығымен де қымбатты боп көріне алады екен» [5, 201]. Бұл - Әбілқайырдың ішкі монологы. Саянды ажалдан арашалап қалған әйелінің ақылы мен айласынан кейінгі Әбілқайырдың ішкі толғанысы. «Тағдыр деген қызық, біреудің жолына өзінің жасыл жібек кілемін төсейді, ал енді басқа біреудің барар жері, басар тауын қалақай мен тікенек етеді» [5, 279]. «Көшпенділер» романындағы психологизм табиғаты ішкі монологта айқын да анық көрінеді. Кейіпкер характеріндегі қандай да болсын психологиялық күй ең алдымен оның өзімен - өзінің іштей сырласуында толық та қалтарыссыз ашылатыны белгілі. Сол арқылы қаһарманның характер қалтарысына да терең бойлайды.

Адам болмысы бір біріне ізгілік, жанашырлық жасаумен қатар, зұлымдық, зорлық жасауға да бейім түрады. Қаламгер суреттеген кезең - адамдар арасындағы тақ үшін, атақ - абыройы үшін таласып өткен тек күштілер ғана өмір сүре алатын аласапыран заман. Трилогияның алғашқы кітабында Әбілқайыр тұсындағы тартыс, билік, атақ - даңқ үшін талас Әбілқайыр - Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым - Мұхамед - Шаибани, Махмүд - Сүлтан арасында көрініс береді. Күштілер арасындағы тартыста бір - бірінен кек алу мақсатымен бірі екіншісінің қарындасын, сүйікті жарын, анасын да жазалаған. Атап айтсақ, Бұрындықтың Қарашық батырдан, Мұхамед - Шаибани мен Махмуд - Сүлтаннан кек алу мақсатымен Тоқтар - Бегімді ері мен екі жасар баласынан айырып, тоқалдыққа алуы немесе Әбілқайырдың қызы Гүлбаһрам - Патшайымды ағалары үшін жазалап, баласы Аянды дарға аспақ болған әрекеті арқылы автор адамның бір - біріне дос қана емес, жау екенін, жақсылық пен қатар зұлымдықты да жасайтынын көрсетпек болған.

«Аттың артына теріс қарап отырғызылған Гүлбаһрам патшайым сұлу... Екі қолын алдына байлаған. Даусын жұрт естімесін деп аузын ақ жібек орамалмен тұмшалаған. Аттан секіріп түсем деп әрекет істемес үшін көмірдей қара, жүп - жуан ұзын қос бұрымын ат үстіндегі жігіттің тақымының астынан өткізіп, аттың омыраулығынан мықтап ілмешектеп қойған. Бұл - жауласқан елінің қыз - келіншегіне істейтін қалмақтан қалған үлгі... Аяушылықты білмейтін заманның айуандық дәстүрі» [5, 205]. Автор Бұрындықтың зорлығын баяндай келіп, Гүлбаһрам - Патшайым мен оның баласы Аянды ажалдан арашалап қалатын бір кезде анасына берген серті бар Қасым султан ның құтқаруын сөз етеді.

Ия, адамзат баласының бірі - адамды өлімге қиып, зүлымдық істесе, екіншісі ажал оғынан арашалап, ізгілік көрсетті.

«Жанталас» романында тұтқынға түскен әйел - анаға, оның баласына жасаған қалмақ ноянының жантүршігерлік әрекетін, адам баласының қолымен жасалған опасыздығын автор нанымды бейнелейді.

«Шұбырғын топ өте бергенде, бір жастау әйел жол шетіне шығып, емшектегі баласын құндақтай бастады. Бұны көрген еңгезердей қара ноян қонғалы келе жатқан қара құстай эйелге тақай берді. Кенет көк найзасын жарқ еткізіп, жерде жатқан нәрестені найзасының ұшымен іліп алып, жолдың шетіне қарай лақтырды. Әйелдің жан дауысы шығып, шар ете қалды. Нәресте лақтырған тымақтай, аспанға далбаңдай көтеріліп, қалың бүтаның арасына барып түсті [5, 341]. Романшы нәрестені найзаның ұшымен іліп алып, лақтырған ноянның әрекетін қара құсқа теңейді. Адам жаны неге соншалық аяушылықты білмейтін болды екен? Жаугершілік жылдары адам баласы ауыр күндерді бастан кешті. Соғыс болған жерде өлім бар. Ана баласынан, бала анасынан, қыз - келіншек жарынан, ерінен айырылған қасіретті күндер. Күңіренген дала, баласын жоқтаған ана зары. - Жалғызымнан айырылдым, қарашығымнан айырылдым, - деді бір қарлыққан сүмдық бір қайғылы айқаймен. Алтын күнім батты, қара жыланың шықты! Жалғызымды ажалға айдаған сенсің, Әбілқайыр хан! Құдай сені де жылатсын! Бала - шағаңның қызығын көрме! Көріңде өкір, көріңде өкіргір, тас бауыр хан! [5, 363]. Авторлық ұстаным елдің тыныштығын, баласының амандығын тілеген ана болмысын суреттеу арқылы көрініс береді.

Жазушы кейіпкерлердің іс - әрекеті, мінез - құлқы, таным - түйсігі, дүниетанымын ашу барысында ол адамның кім екенін боямасыз танытуға баса назар аударған. Мысалы, Нүрбике бейнесі оның іс - әрекеті арқылы жан - жақты ашыла түседі. Өзін ұнатып қалған Бөгенбай батыр мен Тайман батырларды сынаған бай қызының - Екеуіңді де бірдей ұнатам, тек кімнің өнері асса - сол менің қалауым... [5, 351] - деп қос батырды жамбы ату, күрес, жерден теңге алу сияқты сайысқа түсіріп, бір - бірінен оза алмаған батырларды ажуалап күліп, - Біріңе - бірің қимаған өз обалдарың өздеріңе! Енді кеш қалдыңдар, - деді күлкісін тыйып. Сосын өзіне кеше ғана Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың құда түсіп кеткенін ескерткен [5, 352] еркелік әрекетінен біраз уақыт қос батырдың қырғи қабақ болып жүруін автор нанымды кестелейді.

Қаламгер ерлі - зайыптылар арасындағы махаббат оты, қызғаныш сезімі, ар тазалығы сияқты қасиеттерді шебер бейнелеген. Ол ойымызға сүйікті әйелі Нұрбикенің өзіне адалдығын сынамақ болған Әбілқайырдың әрекеті дәлел. «Әбілқайыр жас тоқалын ертіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітіне барған. Зәулім, әшекейлі мешіттің салтанатты сарайларын аралап жүріп, бір жабық есіктің тұсына келгенде, олар ар жағынан бір сүйкімсіз қарқылдаған үн естіді. Қожа Ахмет Яссауи мешітінде бүрын да талай рет болған Әбілқайырға бүл есік бүзыла бастаған зәулім сарайдың есігі екені, ар жағындағы жексүрын дауыстар сарай қабырғасының құлаған кірпіштерінің орнына ұя салған қара қарғаның қарқылы екені мәлім болатын.

  • Бүл ненің даусы? - деп сүраған Нұрбикеге Әбілқайыр:
  • Бұл дозақ құстарының шуы, - деді ол шімірікпестен. - Erep мынау сарайға келген әйел өмірінде ерінің көзіне неше рет шөп салса, сонша құс ұшып келіп, басы - көзін шұқи бастайды. Хан әйеліне сынай қараған. - Кіресің бе?
  • Менің күнәсіз екенімді білмейтін бе едің, хан нем? Онда ашыңыз есікті. Бәрін көзіңізбен көріп, көңіліңіз орнықсын... [5, 357].

Қаламгер I. Есенберлин Кіші жүзге аты шыққан әйгілі сүлу Нүрбике арқылы қазақ әйелінің қайсарлығын, ерінің алдындағы еркіндігін көркем бейнелеген. «Қуанып кеткен Әбілқайыр есікті аштырмаған. «Күнәлі болса, кіруге қорқар еді, адал екен» [5, 357], - деп авторлық баяндаумен ханның ішкі ойын салмақтаған.

Адамның іс - әрекеті арқылы оның мінез - пиғылы, характер! ашыла түседі. Әйелінің адалдығын сынап, күнәсіздігіне көзі жеткен хан Барақ пен Нұрбике арасындағы «қылмысты» сезіп қалып, оны мәңгі талақ етеді. Нұрбике Барақ сүлтанға құшағын ғана ашып қоймай, жүбайының құпиясын да ашып, опасыздық жасады.

Әбілқайыр хан сүйікті әйелі Нүрбикені бар жасауымен әкесі Қойсан байдың ауылына апарып салуды бұйырған. «Сәскеден ауа Нұрбикенің көші ұзап, жаңа көтерілген сағыммен араласа, көкжиектің бұлдыр тартып бара жатқан көштің сыртынан үзақ қарап тұрды. Әлден уақытта барып, жүрегінің бір нәзік қылы үзіліп түскендей, қинала күрсінді [5, 357]. Автор әйелін опасыздығы үшін мәңгі талақ етіп, еліне апарып салуға бүйрық берсе де, өмірдің қызығы мен қуанышын бірге бөліскен жан жарына деген қимастық сезімін, психологиясын көркем зерделеген. Бұл жерде адам жанының сезім қайшылығы дәл суреттелген деуге болады.

«Қыз дауды бөгейді, құм суды бөгейді» дегендей, халқымыз бойжеткен қыздарын татулыққа, достыққа себепкер болсын деген ниетпен ата салтына орай, қүда - қүдандалы болған. Бұл ойымызға «Қазақ дәстүрі бойынша сөз бірлігін сүйек бірлігімен нығайталық деген» [5, 271] ноғайлы қауымының Хақназар ханға қыз беруі дәлел болмақ.

Қоқан билерімен тіл табысып, Абылайдың қоластынан шықпақ болған Қоңыратқа жататын Божбан руын Абылай шауып, басты адамдарын тұтқынға алған кезде, ауыл ақсақалдары Абылайдың көңілін жібітпек болып, бар мал - мүлкін алдына әкеп тартып, қойнына сүлу қызы Құндызды салған әрекетін сипаттайды. Ел тыныштығын ойлап, жігіттерінің амандығын тілеген ауыл ақсақалдарының әрекетіне қаламгер сол кезең тұрғысынан үңілген. «Көшпенділер» романында монологпен қатар жүретін тәсіл - диалог. Қаламгер романда диалогтық форманың тамаша шебері екенін көрсетеді. Жазушы екі қаһарманның мінез қырларының біраз ерекшелігін байқата отырып, диалог арқылы олардың түпкі мақсатын, көздеген мұраттарын да аңдатады.

  • Қандай тілегің бар? - деді Абылай.
  • Тілегім біреу - ақ...
  • Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан нем... Мұны мен де ұғамын. Бір қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жүрттың бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жүртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз!

Қыз сөзі абылайға үнады:

  • Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз?
  • Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң...
  • Біз олардың «үйірін» тапқанын қайдан білеміз?
  • Босатып көріңіз. Erep сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны.
  • Ал ермесе ше? - деді Абылай.

Қыз қуанып кетті.

  • Онда мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес [5, 464 - 465].

Ханға өзінің тілегін білдіріп, бүкіл бір елді ажалдан арашалап қалған Құндызды

  • Абыройын сатқан масқара қарындасыма да, ханға да бір өлім! [5, 467], - деген ағасы Қаныбек асқан қаталдықпен қарындасын өлтірді. Қарындасының абыройын төгіп, өздерін тұтқыннан босатқанына намыстанған Қаныбек жебесін ханға кеземек болған еді, бірақ өзі Қапан батырдың жебесінен мерт боды.

Көркем әдебиетте характердің сомдалып, образдың даралануы үшін қажеттісі - тартыс, жазушы сол тартыста әр қаһарманның ойы, сөзі, іс - әрекеті арқылы, оның кім екенін көрсетеді. Шығармадағы көркем бейне Гауһардың жау қолына түсуі, сатқын жігітті жалғыз оқпен жер жастандырған қайсарлығы, «Ел намысы үшін қандай қиындыққа болса да шыдайтын қайсар сүлу елінің намысының қалай төгілгенін өз көзімен көрсін деп, әдейі тірі сақтағым келді» [5, 192], - деген Сыбан Раптанның қызы Хочаның әрекеті, Хочаны айттырған Шәңгерек ноянның Гауһарды өлімге қимай араша түсуі, қызғаныштан Шәңгеректі өлімге қиған Хочаның әрекеті арқылы романшы әр қаһарманға, оның рухани әлеміне үңіледі.

I. Есенберлин Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы, Бөгенбай батырдың жорықта жүріп табысқан асыл жары, ақылына көркі сай, қайсар қыз Гауһардың портретін «сүңғақ бойлы, бота көз аққүба бойжеткен» деп әдемі бейнелейді. «Нәзік сезімді, ер жүрек Гауһарды қалмақ жауынгерлері көргенде мөлдір су түбінде жатқан жарқыраған гауһарды көргендей естері шықты» [5, 292]. Автор сүрықсыздыққа емес, сүлулыққа құштар адам болмасын жауынгерлердің әрекеті арқылы көркем бейнелеген. Қалмақ нояны Шәңгеректің жауының қызы болса да Гауһарға араша түсіп, оның жау қолынан босанып кетуіне әрекет етуі де қыз бойындағы сүлулық пен нәзіктікке іңкәрліктен туған.

  • Батырдың жолы болар ма екен, өзім аттандырайыншы - деді маржандай аппақ тісін күлімсіреп, сөйтті де тізгіңді қолына алып, үзеңгісіне аяғын салған қос батырдың қолтығынан үстап, жоғары көтере бастады.

Қабанбайдың: - ... айдын көлдің аққуы аттандырды гой, жолым болады екен?

  • Айтқаныңыз келсін! [5, 261]. Бұл - жорыққа аттанған Қабанбай батыр мен Гауһар қыздың диалогы. I. Есенберлин сомдаған көркем бейне Гауһарды Қ. Жүмаділов Майсара бейнесінде «Дарабоз» романында көркем сомдады. «Дарабозда» Майсара - Қабанбай батырды тосыннан келген ажалдан құтқарып қалған ақ тілеулі періште ретінде бейнеленіп, сәтті шыққан образ.

Қаламгерлер сомдаған Гауһар, Майсара, Сәния, Жанат, Мақпал - ел басына қиын - қыстау күн туғанда ерлермен бірдей жаумен айқасып, елін, жерін қорғаған қазақтың батыр қыздары.

I. Есенберлин Әбілқайырдың қызы Жанаттың портретін «... әкесіне тартқан сүңғақ бойлы, сүрша қыз. Түр - келбетінде сүлулықтан гөрі тәкаппарлық, қайсарлық басым» [5, 371], - деп суреттей келе, «Киген киімі де ауылдың қос етекті, камшат бөрікті, алтын сырға, күміс шолпылы бойжеткендерге үқсамайды. Киімдері жауынгер көшпелі елдің ат үстінде өскен қыздарына лайық, ықшам. Белінде күміс сайты қанжар таққан жалпақ белбеу, үстінде белін қынаған қысқа жеңді мауыты пешпент, балағын оюлаған кестелі шалбар. Аяғында биік өкшелі шоңқайма етік. Басында құндызбен әдіптеген шошақ бөрік. Үзын шашын бөгет болмауы үшін шашбауымен қосып, белбеуіне қыстырып қойған» [5, 371], - жауынгер қазақ қызының киім ерекшелігін, сәні мен салтанатын шынайы бейнелеген. Әбілқайыр өзге балаларына қатал болғанымен, Жанатқа келгенде жаны бөлек, оның айтқандарын екі етпейтін. Хан көңілінің бір күмәнін ашқысы келсе, оны тек Жанатқа айтатын. Өйткені әке балаға сыншы, Жанат заты әйел болғанымен, өзіне тартқан қатыгез, сырға берік тұңғиық екенін білетін. Әбілқайыр Неплюевке сәлемін де жанына он бес жігіт нөкер ертіп осы Жанат арқылы жіберді. Әкесінің қызын жауапты іске жіберіп, тек Жанатқа ғана сыр ашуы қыз бойындағы ерекше қасиетті танытса керек.

Біз тарихтан білетініміздей қазақ жерінде ру тартысы, жер дауы, мал мен жесір дауы, барымта - қарымта, қатар қоңған екі ауылдың кикілжіңі, қоңсы жатқан екі елдің қырқысы сияқты қырық пышақ пәле - жала, даулары болып жататын. Осындай жанжалда бейбіт жолмен шешуде ақылдылығымен, ерлігімен көзге түскен қазақ қыздары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Көшпенділердегі» әкесінің жаулары барымталап кеткен жылқысын қайтарып әкелетін Нигер - Султан - Бегімді атауға болады.

I. Есенберлин психологизмінің мән - мағынасына барынша үңілу үшін шығармалардағы діни - нанымдар, түс көру, этнографиялық салт - дәстүрдің көрініс беруін талдап өтуіміз жөн. Жауырынмен бал ашу, түс жору, бақсы ойыны, көш... - бәрі де тарихи - этнографиялық деректерге негізделеді, белгілі бір кезеңнің шындығын, сол кезеңде өмір сүрген адамдардың наным - сенімдері мен ұғым - түсініктерін, ойлау, сезіну ерекшеліктерін дұрыс түсінуге толық тануға септігін тигізді.

I. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында көрініс тауып отырған этнографиялық материалдар, оның ішінде түс пен елее те халықтың ертедегі нанымдары мен таным сипатын, рухани тіршілігінің маңызды деген қырларын ашумен бірге шығарманың басты кейіпкерінің ойға алып, басын тіккен ірі ісімен сабақтасып жатады, әрі сол ірі істің кейінгі даму ерекшелігіне, соңғы нәтижесіне меңзейтін астарлы мағына береді. Ал қайсыбір этнографиялық материал адамдар арасындағы көзге көрінбейтін, бүркемеленуі, бірақ терең, бітіспес тартыстың сырын ашуға қызмет етеді.

Қаламгер философиялық түйін, қоғамдық - әлеуметтік тартысты бейнелеудегі көркемдік шешім, өз дәуірінің шындығын дәл бере білу үлгісін көрсеткен. Адамның ішкі жан әлемі, рухани дүниесі, көзқарасы, ойымен автор ойының үндесуі шеберлікпен суреттелген. Тарихи романда өмір турасындағы толғаныс, урпақ жалғастығы сынды көкейкесті мәселелер шебер философиялық толғаммен, қаламгердің талғамымен шебер үндесіп кетеді. Әр түрлі мінездегі кейіпкер бейнесін қарама - қайшы шендестіре отырып тұлғалайды. Олардың ойы, сезімі, адамгершілік қасиеттері әр басқа. Содан келіп туындайтын әрекеттері де қайшылықты. Бұл мінез өзгешелігінен туындайтын қарама - қарсылықты көрсетуді тарихи романшылар басты назарда устанған. Шығармада қаламгер сүйсіну мен жиіркенішті сезімді қатарластыра психологиялық параллелизм түрінде қарастырған.

Автордың ананың баласына деген абзал қасиеті сынды тым нәзік, қүпиясы көп, сыры мол қүбылысқа өз көзқарасы, ой қорытындысы, ұлттық жаратылысымызға сәйкес психологиялық суреттеудің айқын деректі сипаттамасын зерделейді.

Ұрпақ алдында ұлы жауапкершілікті сезінуден, ұрпақ мүддесі үшін жан - тәнімен қызмет еуден, қажет жағдайда өзіңді де қүрбандыққа шалудан артық абырой жоқ дегенді білдіре отырып, романшылар өзіме болмаған ұрпағыма болса екен, өзім шықпаған биікке ұрпағым шықса екен деген ата - ананың арманды тілегін көрсеткен.

Қаламгер бейнелі сөздердегі түрақты тіркестерді утымды қолданған. Тұрақты тіркестер автордың ойын білдіріп, мазмүнды тереңдетіп, оны ашық, айқын танытуға эсер еткен. Ойды аз сөзбен жеткізуде мақал - мэтелдерді шебер пайдаланған. Қыз сулулығын, сипатын табиғаттың эсем дүниелеріне теңеу, балау, әсірелеу арқылы, көркемдік - эстетикалық тэсілдерін жетілдіріп, дамыта пайдаланған.

I. Есенберлиннің эйелдер бейнесін сомдауы оның суреткерлік идеалын жэне эстетикалық талғамын, көзқарасын, сондай - ақ қазақ эйелінің ішкі жан дүниесін зерттеуге ұмтылысын аңғартады.

 

Әдебиет:

  1. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. - Алматы: 1966. - 384 б.
  2. Нұрғали Р. Телағыс. Әдеби дэстүр мен әдеби даму. - Алматы: Жазушы, 1986. - 384 б.
  3. Жұмағали 3. Уақыт жэне әдебиет. - Қарағанды: Қарағанды университет!, 1999. - 336 б.
  4. Мүсірепов F. Тутқын қыз. Повестер мен ой - толғамдар. - Алматы: Балауса, 1993. - 512 б.
  5. Есенберлин I. Он томдық шытармалар жинағы. Көшпенділер: Тарихи трилогия. Т.7. - Алматы: Жазушы, 1986. - 328 б.
  6. Алпысбаев Қ. Тарихи шыгарма: таным мен көркемдік. - Алматы: 1999. - 271 б.
Жыл: 2018
Категория: Филология