Аңдатпа
Өнеркәсіп өндірісі өнімдері қоғамның тұтыну өнімдері және өндірістің өнімдерді өндіретін фирмалар, зауыттар мен кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар, сонымен қатар, өнеркәсіп халық шаруашылығының салаларының бірі болып табылады
Нақты мақалада аймақта өнеркәсіпті дамытудың экономикалық мәні мен факторлары зертгелген. Өнеркәсіптердің орналасуына эсер ететін көптеген факторлар да ел экономикасының дамуына сэйкес эрдайым өзгерісте болатындығы жайлы айтылған. Эсер етуші техникалық, технологиялық, элеуметтік, құқықтық, экономикалық, инвестициялық, инновациялық. қаржылық факторларға көңіл бөлінген.
Өнеркэсіп өндірістерінің саясатының мақсаты жаңа техникалар мен технологиялардың жэне материалдардың базалық өндірістерін сақтау мен дамыту. жандандыру болуы тиіс. Осы өндірістер Қазақстанның элеуметгік - экономикалық дамуының жэне мемлекет экономикасының дамуының негізін қүраушысы болып табылады.
Аймак өнеркэсібін дамудың құрылымына үлгі ұсынылған. Аймақ өнеркэсібін дамыту жэне оған эсер ететін факторлар анықталған. Аймақ өнеркэсібін дамытуды жүзеге асыру ерекшелігі қарастырылған. Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркэсібінің Республикалық деңгейдегі өнеркэсіп саласының жағдайы мен орны жэне маңыздылығы Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркэсіптерінің жағдайы жэне өнеркэсібінің дамуына жан жақты талдау жасалынған.
Қорытынды жасау үдерісінде теориялық талдаудың арнайы эдістері (жүйелік - құрылымдық, салыстырмалы - құқықтық), қисынды танымның негізгі эдістері (анализ, синтез, жалпылау), тарихи, элеуметтік, теориялық, эксперименталдық эдістер қолданылды.
Kipicne
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты даму тетіктерін жетілдіру мәселелерін зерттеу, әсіресе, «кәсіпорынның тұрақты дамуды» экономикалық аспектіде нақтылап анықтауды қажет етеді.
ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының саяси бағыттарының бірінде «¥лттық экономикамыздың жетекші күші - өнеркәсіпті жан - жақты тұрақты дамытуда» - деп атап көрсетеді [1].
Өнеркәсіп - ол ел экономикасының халық шаруашылығында негізгісі болып табылады және нақтырақ айтатын болсақ, өнеркәсіп өндірісі өнімдері қоғамның тұтыну өнімдері және өндірістің өнімдеріді өндіретін фирмалар, зауыттар мен кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар, сонымен қатар, өнеркәсіп халық шаруашылығының салаларының бірі болып табылады [2].
Өнерркәсіпте негізінен өндіріс қүрал - жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал - саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал - саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми - техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық - түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында [3].
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80 % - ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық - түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ. Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50 %, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға белу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау - кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды [4].
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі карьерлерді қазу және кен өндіру өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, газ, бу беру және ауа баптау және электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау, сумей жабдықтау салаларынан құралған.
Өңдеу өнеркәсібінің саласы: жиһазды басқа ағаштан және жихазды тоздан жасалған өнімдер, тамақ өнімдерін, темекі бүйымдарын, тоқыма бүйымдарын, сусындарды, киімді өндіру; жеңіл өнеркәсіп өнімдері - бүйымдар, сабаннан өруге ар налган өнімдер, қағаз және қағаздан жасалған тауарлар, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің, мүнай және кокс өңдеу өнімдерін өндіру, пластмасса және резеңке бүйымдарын, өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру болып табылады және металлургия өнеркәсібі мен машина жасауда қазіргі таңда дамыған.
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10 % - ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салага тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды [5].
Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісі инфрақүрылымы мен орналасуы және үйымдасуы жағынанда күрделі жүйе болып келеді. Өнеркәсіптердің орналасуына эсер ететін көптеген факторлар да ел экономикасының дамуына сэйкес эрдайым өзгерісте болады. Бұл негізінен өңдеуші өнеркэсіптердің орналасуынан нақты болады.
Өнеркэсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім жэне кэсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми - техникалық элеует шешуші рөл атқарады. Өнеркэсіптің байырғы жэне жаңа салалары ірі өнеркэсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркэсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркэсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен жэне оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан - жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркэсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақүрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркэсіптің орналасуына «астаналық» фактор да эсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркэсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мүндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады [6].
Қазіргі танғы өнеркәсіптік кәсіпорындар салықтық жеңілдіктері бар экономикалық аймақтарда орналасады. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірістердің теңіз аймақтарына орналасуы көбірек. Осының нәтижесінде кейбір портты аймақтар айналасында шеттен әкелінетін шикізаттарды бастапқы өңдеуден өткізетін өнеркәсіптік кешендердің пайда болуын көреміз.
Сонымен, өнеркәсіптердің орналасуы мен дамуы бір - біріне қарама - қайшы екі бағыттан тұрады. Біріншісі, технологиялық жағынан бірдеу өндірістерді біріктіру арқылы аймақтық - өндірістік кешендер пайда болса, екіншісі, экономикалық тиімді факторлары негізінде бір саладағы кәсіпорынды жан жаққа орналастыруды байқаймыз.
Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторлары[7]: Өнеркәсіптің дамуы мынандай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады. Кәсіпорындардың орналасуы:
- аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде;
- шикізат көзіне, отынға, энергияға, ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бүл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді);
- қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым - қатынас жағдайын есепке ала отырып;
- еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперативтендірудің, құрамдастырудың және аумақтық - өндірісті үйлестірудің (кешендердің) артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.
Өнеркәсіптік қызметтің басымдық бағыттары халық шаруашылығы кешенінің (станок - аспап өнеркәсібі, электр - энергетикалық) техникалық базасын жасау мен дамытуды қамтамасыз ететін төртінші және бесінші технологиялық құрылыстар (электроника, әуеқұрылысы, автомобиль құрылысы, XXI ғасырдың технологиясын талдау бөліміндегі салалық ғылым) ядросын қалыптастыратын; инфрақұрылымдар (жол - коммуналдық машина құрылысы, құрылыс материалдары өнеркәсібі) саласы үшін шығарылатын өнімдер; тұрғындарды бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын (тамақ, жеңіл жэне текстиль, медицина өнеркәсіптері) салаларымен тікелей байланысты [8].
Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан экономикасының өсуін анықтайды, оның үлесіне елдегі барлық ЖІӨ - нің үштен бір бөлігі тиеді. Қолайлы сыртқы коньюктура аясында соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісі серпіні бірқатар аралықта өсті. Өнеркәсіптің өсу қарқыны төмендегідей цифрларды құрады: 2009 жылы - 2,7 %, 2010 жылы - 9,6 %, 2011 жылы - 3,8 %, 2012 жылы - 0,7 %, 2013 жылы - 2,5 %, 2014 жылы - 0,3 %, 2015 жылы - 98,4 %, 2016 жылы - 98,9 %, 2017 жылы - 107,1 % - ды құраған. Соңғы жылдардағы төменгі өсу қарқыны әлемдік дағдарыстың салдарынан бәсеңдеген.
Сонымен, өнеркәсіп өндірістерінің саясатының мақсаты жаңа техникалар мен технологиялардың және материалдардың базалық өндірістерін сақтау мен дамыту, жандандыру болуы тиіс. Осы өндірістер Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуының және мемлекет экономикасының дамуының негізін құраушысы болып табылады.
Соңғы жылдары машина жасау саласы көлемінің өсуінің жылдамдауын өндірісті дамытудағы жағымды тенденциялардың бірі ретінде санауға болады, бірақ бүгінгі даму қарқыны сала дамуының мейлінше төмен старттық көрсеткіштеріне негізделгені мұндағы кемшілік болып отыр.
Қазіргі таңда ауыр индустрия саласы аймақтың өнеркәсіп өнімдерін өндіруде. Болашақта оның үлесі біршама өсіп, бірқатар проблемаларды шығаруда.
Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін орнықтыру және нығайту процесіндегі бірінші деңгейдегі рөлді бүл саладағы тиісті мемлекеттік саясат атқаруы керек екендігі күмән туғызбайды.
Қазақстан экономикасы дамуының аталмыш сатысында технологиялық инновациямен басқару негізінде тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу ең маңызды мәселелердің бірі болып қалады. Бүгінде жаңаша әрекет жасау тізбегі ұзындау болып тұр, жаңаша әрекет жасау әр түрлі деңгейде және әр түрлі салада: қаржы, жабдықтау, өндіріс технологияға кіретін тар мағынадағы маркетинг, қызметкерлерді ұйымдастыру және басқару сөздері арқылы жүзеге асырылады. Инновациялық үрдістің ерекше сипаты жаңа «инновациялық циклға» өту, техникалық - технологиялықтан нарыққа өту болып тұр. Анық емес нарықтық орта жағдайындағы инновациялық қызмет ең басты қүрал - өзді - өзімен бәсекелесетін кез - келген кәсіпорын үшін жоғары маңызға ие.
Стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру экономика қүрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл адамды, өндірісті және табиғи капиталды тиімді пайдалану негізінде оның тұрақты өсуіне, Қазақстанның әлеуметтік дамуы мен қоғамдық құрылыстың жаңа дейгейге көтерілуіне алып келеді.
Соңғы жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуы мемлекетке қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік беруде. Әлеуметтік даму мүдделеріндегі жоғары дәрежелі Бүкілдүниежүзілік кездесуде (Копенгаген, 6-12 наурыз, 1995 жыл) қабылданған әрекет Бағдарламасында түрақты экономикалық даму шеңберінде адамдардың әлеуметтік дамуы үшін қолайлы ұлттық және халықаралық деңгейде жағдайлар жасау жөніндегі іс - шаралар негізінде тұрақты дамудың әдеуметтік негіздері мемлекет деңгейінде қамтамасыз етіледі деп атап көрсетілген.
Мұнда қабылданған құжатта тұрақты дамудың негізгі әлеуметтік параметрлері, тұрғындардың салауатты жемісті өмірлері үшін жағдай жасау, қайыршылықты түп - тамырымен жою, жүмыссыздық деңгейін төмендету, білімге, технологияға, білім алуға, медициналық қызмет көрсетуге, ақпаратқа, қоршаған табиғи ортаны қорғауға және сақтауға, т.б. қол жеткізуге мүмкіндіктер жасау жайттары айқындалған болатын.
Нарықтық қатынастарды тереңдету сатысында болып жатқан әлеуметтік процестердің әр түрлілігі көрсеткіштер мен индикаторлардың жеткілікті толық жиынтығын пайдалануға, экономиканың жүмыс істеу тиімділігі мен әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды айқындайтын серпінге байланысты. Тұрғындардың әл - ауқатының негізгі параметрлерін анықтайтын маңызды көрсеткіш көбінесе кіріс деңгейі болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптерінің динамикасын инновациялық дамыту негізде аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуына тікелей әсерін тигізеді. Сонымен бірге, аймақтың экономикалық және әлеуметтік ерекшелігін аймақтар арасындағы денгейін ғалымдар төмендегідей қарастырған.
Соныменен, аймақтық экономиканың көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік - экономикалық дамуның қарқыны мен мәселелеріне байланысты екі топты қарастырамыз:
Бірінші топқа - аймақтар, мемлекеттің азық - түлік қорын қалыптастыратын аймақтар кіреді (Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары).
Екінші топқа - депрессиялық аймақтар, экстремалды топырақты - климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техникалық - технологиялық жағдайымен және қатал лимиттеу мүмкіндіктерімен экономикалық әдістері бар, сонымен қатар, экологиялық дағдарыстағы мына аймақтар кіреді. (Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары, Қызылорда, Атыраудың ауылдық жерлері).
Сурет 1 Аймақ өнеркәсібін дамуға әсерін тигізетін көрсеткіштер
Біздің ойымызша, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының жағдайының дамуын анықтау мақсатында біз негізгі және бірнеше көрсеткіштерді ұстанғанымыз тиімдірек болып табылады (Сурет 1).
Нарықтық қатынаста орталықтан басқару мен меншікті бөлуде өзгерістер туындады. Жекешелендіру үрдісінде өндірістердің және үйымдардың үлкен бөлігі ұжымдық меншікке өтті, оларды қаржыландырудан бюджетке түсетін күш төмендеді. Бірақ аймақтық меншікте әлеуметгік және үй - коммуналды объектілер қалды, сондықтан, мемлекетік бюджетке түсетін жалпы күш қысқарғанмен, әлеуметтік сала толық жақсы дамымағандықтан және қажеттілік белгілі мөлшерде қанағаттандырылмағандықтан оның қызметі мемлекеттік бюджеттің күшін өсірді, ол өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің шығынын көбейтті.
Біздің ойымызша, мемлекеттің экономикалық реформасы және оның ішінде аймақтардың дамуы өндіріс өнеркәсіптерін басқарудың келесі негіздерімен анықталады:
- нарықты экономикада мәні мен әдістеріне байланысты реформаны басқару, әсіресе мемлекеттік реттеуде өнеркәсіп өндірістерін дамыту мақсатында салынатын салықтарды жеңілдету, несие саясатының әдістері, бағытты бағдарламалар және т.б. қамтамасыз ету;
- мемлекет экономикасын дамытып жандандыруда бағытты басқару - ол елде болашақта өндірістердің құлдырауын болдырмау, тоқтап тұрған кәсіпорындары бар аймақтардың негізгі мәселелері жүмыссыздыққа, әлеуметтік мәселелердің шиеленісуіне соқтырады, ол сол жерде халықтың өмір сүру деңгейіндегі теңсіздікке, тұтыну көлемінің кемуіне, экспорттық мүмкіншіліктердің азаюына, ғылыми - техникалық әлеуетің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бағытты басқару мақсатгы түрде мемлекеттің өндірістердің жүмыс істеуіне түрлі көмек беру;
- бағытты түрде елде реформаны дамытуды басқару - ол құрылымды инвестициялық және өнеркәсіп саясатының басымдықтарын анықтау арқылы шетел және отандық инвестицияларды тарту;
- бюджет алдында барлық меншіктердің теңдігі.
Бірінші және төртінші негіздер макроэкономикалық әдістермен іске асырылады. Екінші және үшінші негіздер бағытты бағдарламалар негізінде іске асырылады.
Соныменен, өнеркәсіптерді стратегиялық дамыту, өндірістік қызметті, экономикалық жүйелерді мақсатты бағытталған басқаруды жетілдіру. Өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде әр түрлі әлеуметтік - экономикалық жүйелер қолданылатын инновацияларды дамытуға, аспектілері кәсіпорындардың өндірістік қызметінің ажырамас ерекшелігі негізі болып табылады.
Өнеркәсіптік өндірістердің стратегиялық дамуының негізгі ерекшеліктеріне оның алғышарттары, факторлары, қорлары, ресурстар мен нәтижелері болып табылады. Ол Сурет 2 - те келтірілген.
Алғышарттар - қандайда бір шешім қабылдау үшін шынайы және бастапқы нүктесі болып табылатын жорамал. Шарттар - бүл олармен тікелей қарымқатынаста болатын, экономикалық объектілер мен процестерді зерттеу негізі. Факторлар - бүл бастапқы компоненттер, процесс, кез келген құбылыстардың маңызды мән жайлары.
Сонымен, өнеркәсіп өндірісін стратегиялық дамытудың маңызы оның ұтымды бірінғай элементтерінің үздіксіз сапалы өзгерісі, ішкі және сыртқы қарымқатынасты жаңарту негізінде өнеркәсіптік және инновациялық процестерді іске асыру және өнеркәсіпті толық тұрақты дамыту болып табылады.
Ғылыми - техникалық прогрестің өркендеуі және ғылыми сананың өзгеріп, жаңа талаптарды қажет етіп отыруы, әлеуметтік - экономикалық өмірдің барлық саласындағы көлемді, терең және радикалды өзгерістерді - барлығы да жаңа негіздер мен әдістерді зерттеуді, концептуалды аппаратты, сонымен қатар экономикалық ғылымды да іздеуді қажет етеді [9].
Сурет 2 Өнеркәсіп өндірісін стратегиялық дамытудың сипаттамасы
Аймақтың өнеркәсібін дамыту мәселелері өндірістердің ішкі және сыртқы нарықта бәсекелі, инновациялық, алғышартты, сұранысқа сай өнімдерді өндіргенде шешілетіндігі негізделді.
Зерттеу әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі республикалық өндірістегі үлес салмағы 2012 - 2016 жылдар аралығында жоғарлады. Облыс өнеркәсібінің үлес салмағының жоғарлауы өнеркәсіптерде шығарылатын өнімге деген сұраныстың болуы, ескірген технологиялар, бәсекелестіктің төмен болуы, шығарылған өнімді нарықтарда өткізуі негізінен болған. Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібі салаларының республикалық өнеркәсіп салаларының өндірісіндегі үлес салмағы 2012 жылы 2,8 % - ға, 2013 ж. - 2,6 %, 2014 ж. - 2,4 %, 2015 жылы 2,9 %, 2016 жылы 2,9 2,9 % құрап, жылдан жылға көрсеткіштен жоғары (Сурет 3).
Кесте 1 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Қазақстан
Республикасында индустриялық - инновациялық дамуындағы орнын сипаттайтын
негізгі көрсеткіштер, (%)
Өнеркәсіп өнімдерінің түрлері |
Оңтүстік Қазақстан облысының Республикалық инновациялық өнім өндірудегі үлес салмағы, (%) |
|||
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
|
Инновациялық өнім көлемі |
5,8 |
5,7 |
7,7 |
1,6 |
Қазақстан Республикасынан сыртқа шығарылған инновациялық өнім көлемі |
5,5 |
6,4 |
2,0 |
2,0 |
Технологиялық инновацияның жалпы шығыны |
3,2 |
3,0 |
3,1 |
3,2 |
Инновациялық белсенді кәсіпорындар |
2,8 |
2,57 |
2,28 |
3,8 |
Fылыми - зерттеу, жобалық - конструкторлық бөлімдер |
3,7 |
2,7 |
1,7 |
1,6 |
Fылыми зерттеулер мен әзірлемелер орындаған қызметкерлер саны |
2,24 |
2,18 |
1,98 |
1,59 |
F ылыми - техникалық жұмыстардың көлемі |
1,2 |
0,7 |
0,8 |
0,8 |
ОҚО - ның ҚР - ның индустриялық - инновациялық өнім көлеміндегі үлес салмағы 2013 - 2016 жж. аралығында төмендеген. Сонымен бірге, қарастырылып отырған кезеңде ОҚО - ның республиканың индустриялық - инновациялық дамуындағы үлес салмағының барлық көрсеткіштер бойынша төмендеген (Кесте 1).
Өнеркәсіп өндірісіне салынған инвестициялар көлемі қаржыландыру көздерін республикалық және облыстық бюджет, инвесторлардың жеке қаржылары, қарыз қаржылар қүрайды.
Кесте 2 2011 -2015 жылдар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы
қаржыландыру көлемі және көздері
Қаржыландыру көлемі және көздері, млрд. теңге |
Жылдар |
||||
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Республикалық бюджет |
59,1 |
118,4 |
112,6 |
87,8 |
74,2 |
Облыстық бюджет |
50,2 |
55,5 |
47,9 |
48,1 |
51,0 |
Жергілікті бюджет |
13,6 |
14,4 |
13,7 |
18,0 |
20,6 |
Өзге де көздер |
56,0 |
39,2 |
И,4 |
178,6 |
312,9 |
Барлығы |
178,9 |
227,5 |
185,6 |
332,5 |
458,7 |
Ескерту - ОҚО Статистика басқармасының мәліметтері негізінде дайындалды
2013 - 2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бағамен есептегенде 1,2 есеге өскен, ал әкімшілік - аумақтық бірлік тұрғысынан алғанда, өнеркәсіптік өндіріс бойынша: Бәйдібекте 9,4 % - ға, Отырарда 58,2 % - ға, Сайрамда 34 % - ға төмендеген (Шымкент қаласы шекарасының кеңеюіне байланысты 6 ауылдық округ қала құрамына өткен). Өнеркәсіптік өнім дамуының жоғарғы қарқыны: Төлеби - 1,8 есе, Ордабасы - 1,5 есе, Сарыағаш - 1,3 есе аудандарында, Шардара - 1,3 есе, Түркістан - 1,7 есе, Шымкент - 1,4 есе, Кентау қаласында - 1,4 есе байқалады (Кесте 3).
Кесте 3 2013 - 2015 жылдардағы Оңтүстік қазақстан облысы өнеркәсіптерінің
даму динамикасы
Көрсеткіштер атауы |
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге |
Нақты көлемінің индексі, өткен жылға % - бен |
Өнеркәсіп қүрылымындағы үлесі, о/ /О |
||||||
2013 |
2014 |
2015 |
2013 |
2014 |
2015 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Өнеркәсіп |
496,8 |
552,6 |
604,0 |
106,5 |
102,3 |
104,6 |
100 |
100 |
100 |
Tay - кен өнеркәсібі |
140,2 |
146,0 |
149,4 |
109,6 |
108,6 |
107,3 |
28,2 |
26,4 |
24,7 |
Өңдеу өнеркәсібі |
312,9 |
355,3 |
397,4 |
103,5 |
100,2 |
102,8 |
63,0 |
64,3 |
65,8 |
Электрмен жабдықтау. газ беру, бумен - ауамен ауа баптау |
37,6 |
42,4 |
48,7 |
113,2 |
95,6 |
110,3 |
7,6 |
7,7 |
8,1 |
Облыстың өндірістік салалық және функционалдық құрылымының, нақты сектордың айтарлықтай дамып, жанданып келе жатқанын, сондай - ақ өнеркәсіпте жаңару, толығу, кеңеюі сияқты оң өзгерістердің біртіндеп қалыптасып жатқандығын байқалады.
Зерттеу нәтижелері
Зерттеу негізінде аймақ өнеркәсібін дамуға әсерін тигізетін көрсеткіштері, өнеркәсіп өндірісін стратегиялық дамытудың сипаттамасы және аймақ өнеркәсібінің даму жағдайы мен мемлекет денгейдегі үлесі анықталды.
Қорытынды
Жүмысты қорытындылай келе Оңтүстік Қазақстан облысы өндірісінің дамуында Қазақстан аймақтары арасында сонғы қатардан орын алатындығын, үлес салмағының төмен екендігін және сонғы жылдары өсу қарқыны төмен болғанын жоғарыдағы статистикалық мәліметтерден байқаймыз.
Әдебиет:
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050 Қазақстан» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы - 2012 - 41 б.
- Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. Электронды ресурс. Қолжетімділік режимі: http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_sittings/page_21361 3.
- Востриков, А. В. Проблемы и перспективы развития производства авто компонентов, как звена в производстве автомобилей [Текст]/ А.В. Востриков// Вектор науки ТГУ, 2011. - № 3 (17), с. 158- 163.
- Садыков А.С. Модернизация экономики Казахстана: теория, тенденции и механизмы. - Шымкент, 2012. - С.56.
- Анпилов, С.М. Ключевые факторы устойчивого развития современных предприятий [Текст]/ С.М. Анпилов // Вопросы экономики и права. - М. - 2012. - №4 (48). - с. 40 - 45.
- Курмангалиев С. Г. Решение приоритетных направлений развития перерабатывающей промышленности - путь улучшения эффективной деятельности пищевого кластера / С.Г. Курмангалиев // Пищ. и перераб. пром - сть Казахстана. - 2007. - № 3. - С. 26 - 29.
- Алимбаев А.А., Притворова Т.П. Экономический потенциал региона: оценка, пространственная организация, перспективы размещения деятельности в экономике нового качества. Караганда, 2009 г. - 352 с.
- Алимбаев А.А., Притворова Т.П. Стратегическое планирование развития региона в мировой, национальной и региональной экономических системах, Караганда, 2008 г. 385 с.
- Каренов Р.С. Приоритеты стратегии индустриально - инновационного развития горнодобывающей промышленности Казахстана. - Астана: Изд - во КазУЭФМТ, 2010. - 539 с.
- ҚР өнеркәсібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитет! статистикасы комитет! - 2016.
- Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі. Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департамент! 2010-2015.