Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өзге ¥лт өкілдеріне қазақ тілін үйретудегі жаңа технологияларды ұтымды қолдану жолдары

Аңдатпа

Бұл макалада қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиялардың колданылуы қарастырылған. Мемлекеттік тілді оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану бізге әдістемелік әдіс - тәсілдерді дүрыс таңдауға. жұмыс түрлерін түрлендіруге, тыңдаушылардың есінде қаларлықтай. әрі қызықты қүрастыруға көмектеседі. Сонымен қатар тындаушылардың уәждемесін, жскс және топтық жұмыстардың тиімділігін арттырады.

Kipicne

Бүгінгі білім жүйесі оқыту үдерісінде жаңа әдіс - тәсілдерді, жаңаша идеяларды пайдаланып, келер үрпаққа тиімді де сапалы білім беруді көздейді.

Педагогика ғылымында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдері бар. Жалпы алғанда, әдіс дегеніміз - білім берудің негізгі теориясы, ал тәсіл - іс, меншікті іс деген мағынаны білдіреді. Сондықтан ұстаздың оқыту әдісі тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі қүралдарды қолдану әдіске бағынышты болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді өзге үлт өкілдері тыңдаушыларына үйрету - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімінің басты міндеті. Тіл аса маңызды қатынас қүралы. Қазақ тілі балабақша, мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей міндетті білім беру талаптарына сай оқытылып, үйретіліп келеді. Ал аталмыш білім

беру сатыларынан өткен, бүгінде қызмет атқарып жүрген ересек қауымға қазақ тілін жеделдете үйрету - еліміздің тілдік егемендігінің бірден - бір талабы. Тыңдаушыларға мемлекеттік тілді оқыту және оны тиісті дәрежеде игерту - қазіргі күндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Оқытушы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі жаңа технологияларды қолдануы қажет. Сол себепті сабақта қолданылған әдіс тыңдаушылардың өз ынтасын, ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды үстанады. Бірақ оқытушы қай әдісті таңдамасын, оның тіл үйренушінің қабылдауына жеңіл, тиімділігі мол, нәтижелі болуын, ең негізгісі, дидактикалық мақсат - міндеттерге сәйкес келуін ескеру қажет.

Тыңдаушыларға қазақ тілін игеру үшін сабақ қызықты, әрі тартымды болуы тиіс. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей оқытушының шеберлігіне байланысты. Сондықтан оқытушы тыңдаушыға білім беруде әр түрлі оқу үрдісінің жаңа технологияларын тиімді қолдана білуі, тақырыпты саналы, сапалы меңгеруіне бағдар беріп отыруы тиіс. Оқытушы әрдайым ізденісте болса ғана, тыңдаушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, тілге деген қызығушылықтары артады.

Зерттеу әдістері

Сабақ барысында бүл мәселені шешудің сан алуан жолдары бар. Солардың қатарына ойын әдісін жатқызуға болады. Тіл үйрету мақсатын алға қоя отырып, сабақтарда ойын технологиясына басты назар аударып, соны сабағымызда қолдануға тырысамыз. Сабақ кезінде ойын элементтерін пайдалану тыңдаушылардың қызығушылығын оятатындығына, танымдық белсенділігін, оқуға деген ынтасын арттыратындығына көзіміз іс - тәжірибе барысында анық жетті. Өйткені ойын - жаңа тақырыпты ашуда, оны жүйелеуде, сондай - ақ өткен материалдарды еске түсіруде, алған білімді жинақтауда да өте тиімді әдіс. Ойын әдісін ұстаз мақсатты түрде сабақтың кез келген кезеңінде яғни, басында, ортасында, соңында да пайдалана алады. Сабағымызда чайнворд, бағдарлау, «қарлы көш», «кемпірқосақ», сандар сөйлейді және де т.б. ойындарды пайдаланамыз.

Күнделікті сабақ беру барысында өзіміздің өткізген іс - тәжірибемізді әріптестермен бөлісу мақсатында сабақ жоспарын ұсынып отырмыз. Бұл мемлекеттік тілді оқитын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлеріне арналған.

Зерттеу нәтижесі

Сабақтыц тақырыбы: Қызмет көрсету орындары.

Сабақтыц мацсаты:

  1. Қызмет корсету орындары тақырыбы бойынша тыңдаушылардың білімдерін бекіту. Жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым негізінде оқитындардың ойын, пікірін жеткізе алуға бағытталған тапсырмалар жүйесін ұсыну.
  2. Тыңдаушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Топпен және жеке жұмыс жасау.
  3. Өз мамандығын сүюге, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтыц түрі: бекіту сабағы.

Сабақтыц әдіс - тзсілдері: сүхбаттасу, әңгімелесу, пікір - талас, ойын әдісі.

Сабацтыц көрнекілігі: сызба, аудиожазба, қиықшылар, интерактивті тақта, бейнеролик, таныстырылым.

CaoaKiiibiн барысы:

  1. Үйымдастыру кезеці.
  2. сәлемдесу.

ә) топты түгендеу.

  1. көңіл - күйлерін сүрау

«Қарлъг көиі» әдісі.

Бүгінгі сабағымызда қонақтарымыз бар, сондықтан өзімізді ерекше таныстырып өтейік. Сіз өз есіміңізбен бір қасиеттеріңізді атаңыз. Ал көршіңіз сізді айтады және өзін таныстырады.

M - ы: Менің атым - Әлия, мен сұлумын. Менің есімім - Қайрат, мен тапқырмын. Әлия - әдемі. Қайрат - тапқыр. Менің атым - Танат. Мен жомартпын ... )

IL Yii жумысын тексеру.

АЙТЫЛЫМ. «Кемпікосак» әдісі. (2 түрлі түсті қиықшаларды таратамыз. Оларда сұрақтар жазылып тұрады).

  1. Көлік бұзылса қайда барасыз? (Көлік жөндеу орталығына)
  2. Құжаттарды алу, рәсімдеу, аныктамалар алу үшін қайда барасыз? (ХҚКО - цон)
  3. Құжаттарды растау үшін баратын жер. (Нотариус)
  4. Киім тазалату және жудыру үшін қайда барасыз? (Киім тазалау орталығына)
  5. Дәрігерге қаралу үшін қайда барасыз? (Емханаға)
  6. Тамақ ішу, қонақ шақыру үшін баратын жер? (Дәмхана, мейрамхана)
  7. Азық - түлік сатып алатын жер? (Дүкен, гипермаркет)
  8. Дәрі алу үшін қайда барасыз? (Дәріханаға)
  9. Шашты қию үшін қайда барасыз? (Шаштаразға)
  10. Ақша алу, ақша салу үшін қайда барасыз? (Банкке)

2 - тапсырмамыз чайнвордпен жұмыс.

2 - тапсырма. Қызметп көрсету орындары тақырыбына қатысты сөздерді тауып, аудармасын айтпып, сөз тіркестерін цүрастырыцыздар.

Бул тапсыуманың мақсаты: сөздік корын молайту.

Кесте 1 Әріптер

ш

A

Л

I

P

M

E

T

A

M

T

ш

ө

K

I

Ш

Ө

K

3

1

A

P

K

қ

¥

Ж

A

T

A

И

3

A

A

H

A

X

M

E

Л

K

Ж

A

H

A

P

M

A

Й

A

У

(шаштараз, көлік, жанармай, көшірме, қүжат, тазалау, емхана, киім)

Нэтижесі: осы тапсырманы орындау барысында тыңдаушылар тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыра алатын болады.

II Жаңа сабақ.

- Жарайсыңдар, жаңа сіздердің сөз тіркестеріңіздің арасында көлік, жанармайға байланысты сөздер болды. Ал енді келесі тапсырмада да осы сөздер кездеседі.

ТЫҢДАЛЫМ. (тыңдайды)

3 - тапсырма. Мәтінді мүрият тыцдаңыздар. Түсініксіз сөздерді теріп жазыңыздар.

A) 2 рет тыңдаиды, не туралы екенін аіітады.

Мақсаты : Тыцдау арцылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Mamiн не туралы?

Нәтнжесі: осы тапсырманы орындау барысында тыңдаушылар тыңдаған материалдың мазмұнын саналы түрде қабылдайды.

- Қандай түсініксіз сөздерді кездестірдіңіз. Кім жазып алды?

и^ЖАЗЫЛЫМ

1) Сөздерді оқытцызу, жазгызу.

тыйым салу - запрещать

кедергі келтірмеу - не препятствовать жол қозғалысы - дорожное движение сыпайы болу - быть вежливым

шыдамсыздық - нетерпение

дөрекілік - грубость

сөз таластыру - прение, спорить

дэлелденбеген айып - не доказанная вина

жауапкершілікке тарту - привлечь к ответственности көлік құралы - транспортное средство

  1. - тапсырма. Жана сөздермен сөйлем ңурастыру. (Oyy)

ОҚЫЛЫМ

  1. - тапсырма. Мәтінмен жұмыс. (Мәтінді оларға таратып беру)

Жол полициясы қызметкерінің әрекеті заңмен белгіленген. Көлікті себепсіз тоқтатуға тыйым салынған. Көлікті тоқтатқан кезде, қозғалысқа кедергі келтірмеу қажет. Жол - патруль полициясының қызметкерлері жол қозғалысы қатысушыларымен сыпайы түрде сөйлесуі тиіс. Азаматтармен сөйлескенде жол - патруль полициясының қызметкерлеріне сөз таластыруға, шыдамсыздық танытуға, дөрекілікке дөрекілікпен жауап беруге болмайды. Жол - патруль полициясының қызметкері лауазымын, арнайы атағын және аты - жөнін айтып, өзін таныстырады. Содан кейін көлік құралын тоқтатудың себебін хабарлайды. Жүргізушіні дэлелденбеген айыптар бойынша жауапкершілікке тартуға болмайды.

АЙТЫЛЫМ

  1. - тапсырма. «Идеал» стратегиясы. (Матінді талдау)

а) Мэтін бойынша қандай мэселені анықтауға болады?

э) Сіздердің бастарыңызда осындай жағдай болды ма?

в) Сіздер сонда не істедіңіздер? Әрекетіңіз қандай болды?

Мақсаты: тыцдауиіылардың айтылым, сөйлесім әрекеттері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Натижесі: осы тапсырманы орындау барысында тыңдаушылар ойларын дэлелдей алатындығын көрсетеді.

- Осы мэтінді пысықтау мақсатында жазбаша тапсырма орындау.

7 - тапсырма. Мэтін бойынша сұрақтарга жауап беріціздер.

1/Mamime сайкес келмейтін аупаратты таңдаңыз.

А) Жүргізушілер полиция қызметкерімен сөз таластыруға, дөрекі сөйлеуге, шыдамсыздық танытуға болады.

Б) Көлікті себепсіз тоқтатуға болмайды.

С) Полиция қызметкері көлік жүргізушімен сыпайы сөйлесуі тиіс.

Д) Қызметкер жүргізушіге өзін таныстырады.

2/ Мәтінге сзйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Жүргізушіні дәлелденбеген айыптар бойынша жауапкершілікке тартады.

Б) Азаматтармен сөйлескенде полиция қызметкері ең алдымен олардың аты - жөнін сұрайды.

С) Жол полиция қызметкері үлкен жылдамдық үшін тоқтатты.

Д) Полиция қызметкері жүргізушілермен биязы сөйлесулері керек.

3 Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Жол - патруль полициясының қызметкері көлікті немен тоқтатады?

Б) Жол - патруль полициясының қызметкерлерімен қалай сөйлесу керек?

С) Жүргізуші айыпты қайда төлейді?

Д) Жол - патруль полициясына жүргізушілер қандай құжат беруі тиіс?

4 Млтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) Жол полициясы, көлік, міндеттері.

Б) Жүргізуші, азаматтар, айып.

С) Жауапкершілік, жол - патруль, мерзім.

Д) Сөз таластыру, жолаушы, лауазым.

- Жарайсыздар! Ал енді сабақтың басында таратқан қиықшаларға назар аударыңыздар. Олардың түсіне карай 2 топқа бөлініңіздер.

8 - тапсырма. «Қала ішін багдарлау» ойыны.

Тапсырманың максаты: жергілікті полиция департаментінен шыгып төмендегі багыт - багдарлар бойынша тиісті жерлерге жету.

(бүл тапсырманы бастамас бүрын, көмекші есімдерді еске түсірейік)

Рядом - Жанында / қасында

Напротив - Қарама - қарсысында

Между - Арасында

В углу - Бұрышта

Прямо - Typa

Налево Сол жаққа

Направо - Оң жаққа

Вперед - Алға

До - Дейін

Повернуть - Бұрылу

Мақсаты: тыңдаушылардың жазылым әрекеті мен грамматикалық сауаттылығын арттыру

- Әр командадан бір адам шыгады, белгіленген жерге багыт арқылы баруларыңыз керек.

  1. Жергілікті полиция департамент! нен шығып, Володаров көшесімен Интернационал көшесіне дейін барыңыз. Енді сол жаққа бүрылыңыз. Сіз Интернационал көшесіндесіз. Осы көшемен Пушкин көшесіне дейін тура жүре беріңіз. Қайтадан сол жаққа бүрылыңыз. Пушкин көшесімен Абай көшесіне дейін барыңыз. Осы жерде оң жаққа бүрылыңыз да, Абай көшесімен тура жүре беріңіз. Қайтадан сол жаққа бүрылыңыз. Ол ішкі істер органдары құрылуының 25 жылдығына арналған аллеясына қарама - қарсы орналасқан. Бұл не? (Эксим банк) Онда не үшін келдіңіз, қалай ойлайсыз?
  2. Сіз Володаров көшесіндесіз, Жергілікті полиция департаментінің алдында тұрсыз. Енді оң жаққа бүрылыңыз. Володаров көшесімен Интернационал көшесіне дейін барыңыз. Қайтадан сол жаққа бұрылыңыз. Осы Интернационал көшесімен Жамбыл көшесіне дейін тура жүре беріңіз. Қайтадан сол жаққа бұрылыңыз. Жамбыл көшесімен Абай көшесіне дейін барыңыз. Бағдаршамның қасына тоқтаңыз. Енді оң жаққа бұрылып, көшені кесіп өтіңіз. Абай көшесімен тура жүре беріңіз. Әуезов көшесінен өтіңіз. Ол оң жақ бұрышта, Абай мен Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан. Бұл не? (Халыққа қызмет көрсету орталығы - ЦОИ) Онда не үшін келдіңіз, қалай ойлайсыз?

Натижесі: күнделікті өмірдегі жагдаяттарда қазақ тілінде багыт - багдар айта алатын болады

СӨЙЛЕСІМ

  1. - тапсырма. Диалог цүрастыру. (Багыт бойынша барган орны бойынша диалог қүрастыру. Сахналык, көрініс түрінде корсету)

А) ХҚКО (ЦОН)

Ә) Банк

Мақсаты: тындаушылардың айтылым, сөйлесім эрекеттері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Нәтижесі: осы тапсырманы орындау барысында тыңдаушылар командамен жүмыс жасау, ойларын дэлелдей алатындыгын көрсетеді.

Біз сіздермен бірнеше тапсырма орындадық, ал енді сәл демалып алыңыздар.

Видеоролик. (Түрсынбек Қабатовтың «Жол ережелері» әзілінен үзінді)

Жақсы, ал енді сабағымызды аяқтайық. Ол үшін маған .... көмектеседі. Сіз бүгін тілші боласыз. Әріптестеріңізден интервью алыңыз.

«Микрофон» әдісі

  • Бүгінгі сабақ немен ұнады?
  • Сізге ше?
  • Қандай тапсырма сізге жеңіл болды?
  • Сізге ше?
  • Қандай тапсырма қиын болды?
  • Сізге ше?
  • Қандай тапсырма қызықты болды?
  1. Сабақты цорыту.
  2. Багалау.
  3. Yii жумысы. Жаца сөздерді жаттау.

Қорытынды

Қорытындылайтын болсақ, сабақта түрлі жаңа технологияларды пайдалану барысында тыңдаушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.

Сабақтың танымдық, әдістемелік жағынан қызықты өтуі ұстаздың үнемі іздену, заманауи әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты болмақ.

 

Әдебиет:

  1. А. Меңжанов «Псдагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі» Алматы. 1996 ж.
  2. «Қазақ тілін үйрснсйік» №3, 2012, 12 - бет.
  3. «Қазақ тілі мен әдсбиеті орыс мектептерінде» № 6. 2011. 25 бет.
  4. М.М. Жанпеисова. «Модульді оқыту технологиясы окушыны дамыту құралы ретінде» A., 2002.
  5. А.В. Петров «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.