Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл бірліктерін жағдаяттар арқылы үйретудің тиімділігі

Kipicne

Студенттердің бойында терең біліммен қатар сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, сөздік қорларын арттыруда оқытушының атқарар рөлі зор. Осыған орай әр оқытушы студенттердің сөйлеу мәдениетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта түрлі көрнекіліктерді, ойын элементтерін, техникалық құрал - жабдықтарды немесе кітап оқуды пайдалану арқылы сабақ мазмұнын түрлендіріп отыруы тиіс. Осы мақсатта сабақтарымызда тілдік көркемдеу, бейнелеу тәсілдерін кеңінен қолданамыз. Алайда тәжірибемде байқағаным тіл бірліктерін жаттаумен ғана шектелген жағдайда оң нәтиже бере қоймайды. Сол себепті өз тәжірибемде жағдаяттар арқылы беруді кеңінен қолданамын.

Мәселен, белгілі бір жағдаятқа байланысты орынды айтылған немесе қолданылған тілдік құрылымдар студенттердің ой өрісі мен сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттырады. Және дүрыс таңдалған, сондай - ақ жатталған тілдік құрылымдар студенттердің тілін байытып, олардың дүние - танымын кеңейтіп, тақырыпты анықтай түсіп, жүйеге түсіретіні белгілі болды.

Сөзім дәлелді болу үшін, мысалы Қулдай істеп, бидей һиті - «жүмыста аянбай істеп, зейнетін көрді немесе ерінбей еңбек етіп, тіленбей ас ішті» деген мағынада қолданылатын тілдік бірлікті қолдана отырып, жағдаятты ашу. Жагдаят: Бір топта оқитын екі дос еңбек және еңбектің пайдасы жайында екеуара әңгімелеседі, одан ары әңгіме өздерінің сенбі - жексенбіні және әке - шешелерінің «Еңбек демалыстарын» қалай өткізетіні жайына өрбіді. Бірінші достың айтуына қарағанда ол демалыс күндері мейрамханада жүмыс істеп, өзін қаражат жағынан қамтамасыз етеді екен, ал оның ата - аналары кезекті демалыстарын бау - бақшада жұмыс істеп, қысқы азықтарын қамдайды екен. Екітиі дос демалыс күндері достарымен кездесіп, тынығумен өткізетін болса, ал ата - аналары да өз демалыстарын саяхатпен, басқа елдерге, туысқандарға барумен өткізеді. Тапсырма: сіздің ойыңызша қай достың және ата - аналардың істері дүрыс? Осы жағдаятқа байланысты пікір таластырыңыздар.

Жагдаят: «Жеке кәсіпкерлік», «Шағын және орта бизнес», «Іскер адамдар» тақырыбы бойынша «қаганагы қарқ, саганагы сарқ», «сауырынан бит домалаган», «ит басына іркіт төгілгендей» деген тілдік құралдардың мағынасы айналасында екі топқа бөлініп дебат сайысын өткізу. Бір топ жағымды жағын, екінші топ жағымсыз жағын дәлелдеу.

Жалпы «Теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілерінің негізінде бір затты екінші бір затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелік, көркемдік, эмоционалды - экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы» деп ой түйіндейді А.Байтұрсынов өзінін еңбегінде. [1,7 - б.].

Келтірілген тұжырымдарды дәлелдей түссек, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасаған Р. Сыздық, Б. Шалабай, А. Әділова тілдік бірліктер туралы былай дейді: «Эпитеттер жай қолданылмай, суреттеліп отырған жайдың мәнін аша түсу үшін пайдаланылады. Эпитеттердің әсіресе кейіпкердің портретін жасаудағы қызметі айрықша. Олар кейіпкерлердің сын - сипатын бейнелей отырып, оның мінезіндегі ерекше бір жайды, жағымды - жағымсыз қасиетін не әлеуметтік иерархияда алатын орнын дәл байқатады». [3, 100-6.].

Ұсынылып отырған көркемдегіш құралдар тілді меңгертетін, сөздік қорын байытатын және жағдаятгық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жүйесіне ыңғайластырылып жасалып беріліп отыр, яғни қолданылу мақсатына қарай бірнеше түрге белу мүмкіндіктері арқылы студент білімі мен тәжірибесіне пайдалана отырып, жеке немесе топпен белгілі бір мақсатқа жете алады. Сондықтан төменде сабақ барысында қарастырып, тәжірибеде қолданып келе жатқан тілдік қүрылымдардың кешенді топтастырылуын назарларыңызға ұсынамын.

  1. Байлықты, бақыттылықты білдіретін теңеулер: Сауырынан бит домалаган «ауцатты, бай, семіз» деген мағынада. Мысалы: Зарды көп естіп, көп ішіп, көп талмаган соц да сауырынан бит домалап жүрген Бабатаныц ту өцірі Әбекецніц қүсасын TfaumciH, туншыққанын қайтсін (А. Сүлейменов). Ит басына іркіт төгілгендей - «ішкені алдында, ішпегені артында, ағыл - тегіл, молшылық» мағынасында. Мысалы, Молшылық дегеніцізде есеп жоқ, ит басына іркіт төгілгендей (F. Мүстафин). Багландай - «бағлан тәрізді». Мысалы, Қабанбай мені бірден багландай - ақ көтеріп үрып, қол - аягымды матап тастады (С. Камалов). Үйректей жүзіп, куіздай калқыоы - «өмірдіц цызыгын көрді, иіаттьгқта өмір сүрді» магынасында. Мысалы, paifam өмірде қазоаіі қалқып, үйректей жүзіп жүрміз, міне.
  2. Екі қошқароыц басы бір қазанга сыймас - әлеуметтік дәрежесі, салмағы бірдей екі мықты адамның бір жерде, бір ортада сыйыса алмауына байланысты туған мәтел. Оның негізінде қазақ өміріндегі нақты этникалық салт жатқан сияқты. Қазақ қашанда бір қазанда екі қошқардың басын аспаған, бір табаққа екі бас салмаған, яғни бір отырыста қонақтарға екі бас тартпаған. Нақты өмірден алынған осы тұрмыстық салт кейін ауыспалы мағынада бейнелі түрде қоғамдық - әлеуметтік сипат алып, дәрежесі мықты, күштілерді меңзеп айтылатын болған. Ал дәрежесі мықты, күшті деп қарапайым халық қандай да бір үстем тап өкілін, ел билеушілерді айтатын болған. Мәтелдің стильдік - экспрессивтік мәні өте жоғары. Онда мықтылардың бақталастығы, бір - бірімен сыйыса алмауы, бірін - бірі көре алмауы сияқты жағымсыз сипаты қарапайым тұрмыстық құбылыс арқылы шебер берілген.
  3. Тырнадан жасауыл койсаң, басыңнан қнқу кетпес. Әпербақан, ұрда жық үстемдік өкілінің жүртқа маза, тыныштық бермеуін меңзеп білдіретін мақал. Мақалда халық тіліндегі бірнеше түсінік бір - бірімен ұштасып жатыр: рш\У салды фразеологизм! «дабыл қақты, шу көтерді, аттанға басты» мағынасын береді [1, 338 - б.]. Табиғатта киқу салу тырнаға байланысты айтылады. Жасауылдың (есауылдың) аныцтамасы: 1. Әскер басының оң қолы, шабарман. 2. Казак әскеріндегі әскери шен. Халық түсінігінде жасауыл шаш десе бас алатын, есерсоқ, жауыз адам. Жаманды жасауыл қойса, жалгыз үлының көзін шыгараоы деген де мақал қалған [4, с. 290]. Осындай әртүрлі түсініктегі сөздер бір - бірімен ассоциялық байланысқа түсіп, мазасыздық тудыратын, тыныштық бермейтін жайтты бейнелі түрде білдіріп тұр. Мақалдың стильдік - экспрессивтік сипаты оның құрамындағы басыңнан риңу кетпес тұрақты тіркесінен, тырнадан жасауыл қойсац еркін тіркесімен бейнеленіп, тұспалдап берілуінен байқалатын сияқты.
  4. Тапқаны тамагынан, жүтцаны жүмырынан артылмайды - халық тілінде жиі айтылған, қазірде айтылатын, жоқшылықты білдіретін ақпараттық фразеологизм. Ол аршаны табушы мына малайлардың тапқаны тамагынан, жүтңаны жүмырынан артылмайды (F. Мустафин). I. Кеңесбаев бүл фразеологизмнің мағынасын «табысы ішкен - жегенінен артпайды» деп түсіндірген [67, 494 б.]. Бірақ осы мағынаны беретін фразеологизм эмоционалды - экспрессивтік тұрғыда аса айқын стильдік қызмет атқарып тұр. Оның құрамында тапқаны тамагынан, жүтқаны жүмырыгынан деген есімшелі зат есімдік екі тіркес және екеуіне ортақ ойды тиянақтаушы артылмайды деген бір баяндауыш бар. Фразеологизмнің эмоционалдық - экспрессивтік мәнін күшейтіп тұрған осындағы тапқаны тамагынан, жүпгңаны жүмырынан дегендегі т - т, ж - ж аллитерациялық дыбыстық үйлесімдер. Сөздік құрамы жағынан алғанда фразеологизм даму барысында көп мағыналы сипат алған man, тамак, жүт, жүмыр, артпайды сөздерінің негізгі лексикалық мағыналарынан жасалған.
  5. Бірқатар ақпараттық фразеологизмдер айшықгап, бейнелеп бақ - дәулетті, байлықты білдіреді. Мысалы: аузынан ақ май ақты; кекірік атты; басынан құс ұшпады; бақ - дәулеті шалқыды; деміне нан пісті; мұртын балта шаппады; танауымен көк тіреді; ит басына іркіт төгілген; ен байлық; ен дәулет; еңсесі биік ақ орда; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болды; үлде мен бүлдеге оранды; шен алып, шекпен киді т.б.
  6. Дәулетті, бай болған адамдардың мінезіне, психологиясына байланысты айшықты экспрессивтік ақпараттық фразеологизмдерге мысал: кердец қақты; көзге ілмеді; көзінің еті өсті; көкірек керді; цүдайын үмытты; мейманасы тасыды; мүрнын көкке көтерді; басынан қүс үшырмады; астамшылық жасады; көкірегін керді; үртын көптірді; ханга сәлем бермеді; шекесінен қарады; көзіне шел бітті; шайқап төгіп, үріп ішті; баса көктеді; деміне нан пісті; дүниеге көзі тоймады; дүннені шайқап өтті т.б.
  7. Кедейлікті білдіретін теңеулер: Мойны ыргайдай, биті торгайдай - «әбден азып - тозған, жүдеген» мағынасында. Мысалы, Мойны ыргайдай, биті торгайдай, көзі шүуірейіп азып уалды - ау, сабазым (Ә. Тарази). Аруасына аяздай батты - «қатты тарығушылық көрді, азап шекті, жанына батты» мағынасында. Мысалы: Біз болыстың айласы мен салмагы аруамызга аяздай біткен елміз (М. Әуезов). Халыу бір кезде иіаііқыниіылықпіан көрген уорлыгын, аруасына аяздай батуан ауыртпалыу күндерін, ашулы кегін үмытпайды (М. Ғабдуллин).
  8. Үстемдік, озбырлықты білдіретін теңеулер. Аюдай ауырды - «үстемдік жүргізеді, айқай салды» мағынасында. Мысалы: Болыстыу шабарманы аюдай ақырып, ежіреудеп, қырын жібере жаздады (Диал. Сөздік). Сырык ойнатып, сырмагын жүндей түтті - «шауып алды, ойрандады» мағынасында. Мысалы: Бері көш десе, ары көшкен ауылдардыу басына хан нөкерлері сырық ойнатът, сырмагын жүндей емес пе? (I. Есенберлин). Сүліктей сорды - «аяусыз қанады» мағынасында. Мысалы: Бай, патша, би, болыстар сүліктей сорып ел уанын («Халық ақындары»), Жемтікке уонган күшігендей - «ел ырысын шайқап жеген жемқорлар» туралы. Мысалы: Ауылдыу атка мінеріЖемтікке қонган күшіген. Өзі тойса, мәз болды, Ел іргесін саутамай (Дулат).
  9. Лауазымдықты білдіретін теңеулер. Мүйізі уарагайдай - «дәрежесі жоғары» мағынасында. Мысалы: Сен кайоа оуыгансыу? Мүйізі уарагайдай жуан молда да, Кызыл молда да баска үйде отырып - ау куәлерден сүратып оун береты деп, ал келіп дуылдасты (С. Торайгыров). Наугиаруандай әділ - «қара қылды қақ бөлген әділ» арақалыс төреші» мағынасында. Мысалы: Көктемеген Еділді айт, Қара уылды уау жарган, Наушаруандай әділді айт (Бұқар жырау). Наушаруан - Иранның 6 - ғасырда жасаған билеушісі Хосрав I Ануширванның кейінгі дәуір әдебиетіндегі - араб, парсы, шағатай әдеби шығармаларында Атымтай Жомарт сияқты дәрежеде аңызға айналған, әділдік өлшемі ретінде бейнеленетін дара тұлға. [2, 404 - б.] Абылайдай айбатты - «Абылай сияқты айбынды, айбарлы» деген магынада. Мысалы: Абылайдай айбатты елбасым бар, Кең байтау елім бар, Шалуып жатуан байлыгым бар ... («Айтыс»),
  10. Сараңдықты білдіретін мақал - мәтелдер. Сараңга Сырдыу суы да жетпейді - «Ешкімге ешнәрсе бермейтін, қолы тар, сараң» ұғымын гипербола тәсілімен ауыс түрде ұлғайтып айтудан туған мақал. Заттанған сын есім сараңга Сырдың суы жетпейді - деу арқылы сараңдықтың мейлінше қарау, қатты, қытымыр бейнесі сипатталып тұр. Мақалдың көркемділігі, әсерлілігі оның құрамындағы сөздердің аллитерациялық дыбыс үйлесімінен туып тұр.
  11. Берместің үйінде бесті уымыз түрады - сараңдық, қол тарлық ұғымын қазақтың тұрмыс салтында жалпыға белгілі тагам атауымен байланыстыру арқылы туып тұрған мақал. Қазақ ұғымында бесті сөзі көбінесе малға байланысты айтылып, қашанда мал түрінің кемеліне келгенін, толып - жетілгенін, күш - қуаты молайғанын білдіреді: бесті жылуы, бесті айгыр, бесті бие, бесті бүуа т.б. Осы қатардағы бесті уымыз сөзі «бес күн сақталып, әбден бабына келген қымыз» ұғымын береді.

Болымсыздық мәндегі берме етістігіне с жүрнағының жалғануы арқылы туған, ауыс мағынада заттық сипат алған бермес сөзі сараң, уытымыр, уатты сөздерімен синонимдес болып келеді. Міне, осы берместің үйі деген еркін тіркестің бесті уымыз детей күрделі атаумен (І.Кеңесбаев оны фразеологизмге жатқызады [1]) тіркесіп, аллитерациялық дыбыс үйлесімін (б - б) тудырып, тартымды, әсерлі әрі көркем стильдік экспрессия жасалып тұр. Қымызды сақтаудың бүрынғы замандағы технологиясы бойынша қымыз бес күннен кейін бүзылып, ескіруі мүмкін. Сондай жағдайда оны ешкімге бермеу сараңдықтың асқан түрі деуге болады. Сараңдыққа байланысты осы тәріздес мақалдарға Capay да бір, сасыу су да бір. Capay иттен сорпасын да қызганаоы. Қарау адам - нәпсініц қүіы. Қарау адам күниііл, мекер адам міншіл т.б. жатқызуға болады.

  1. Кедейлік, жоқшылыққа қатысты осы тәріздес мақалдарға Ашаршылықта жеген цүйқанъщ дэмі ауыздан кеткес. Аштыц ақылы тамагында, жаяудың ақылы табанында. Жігітті тоңтъщ косаоы, тоқтық цоспаса, жоқпіық цосады. Аш цадірін тоқ білмес, ауру қаоірін сау білмес. Аштыц ацы жүрмейді, тоцтыц тобасы жүрмейді. т.б. жатқызуға болады.
  2. Көптеген ақпараттық фразеологизмдерден байлықтың, дәулеттіліктің стильдік бояуын айқын көруге болады. Мысалы: Ақ түйенің қарны жарылды - халық тілінде жиі айтылатын, молшылықты білдіретін ақпараттық фразеологизм. Сол күннен бастап Итбай аулында ақ түйеніц царны жарылды (С. Мұқанов). Шын мәнінде бұл фразеологизм алғашында аса дәулетті адамдардың өміріндегі ерекше қуанышын қызықтауға байланысты тугаи. Бұл фразеологизмнің жай сөзбен беретін мағынасы «молшылық, ас та төк» болғанымен, оның стильдік қызметі, эмоционалды - экспрессивтік қызметі өте күшті. I. Кеңесбаев бұл фразеологизмнің мағынасын оның «қарық боп қалды», «ит басына іркіт төгілді» сияқты синонимдерімен берген [67, 27 б.]. Шынында, бұл синонимдерге қарағанда «ақ түйенің қарны жарылды» ерекше жағдайдағы қуанышқа қатысты айтылатын фразеологизм ретінде оның стильдік бояуы келтірілген синонимдерден жоғары.

Қазақ өмірінде түйе малы қай заманда болсын ерекше қадір - қасиетке ие, қазақтың түйеден үлкен, түйеден еті мол басқа малы болмаған. Сол себепті бұл фразеологизмнің құрамындағы «түйе» сөзі және жай түйе емес, «ақ түйе» сөзінің өзі - ақ, оның көркемдік бейнесін арттырып тұр.

Студенттерді қазақ тілінің тіл бірліктері арқылы шығармашылық жүмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, сабақта әртүрлі жғдаяттық әдіс - тәсілдерді қолдануға болатындығын зерттеу іс - тәжірибе жұмыстарымыз дәлелдеді. Олар мыналар:

  1. - жагдаят: оқиғаның, әңгіменінің мазмұнына сай келетін тіл бірліктерін қолдана отырып аяқтау;

Мысалы: Қарағаш орта мектебінің ұжымы облыс деңгейіндегі беделді, абыройлы, ұйымшыл білім ордасының бірі болатын. Кенет аталмыш мектепте үлкен даулы мәселелер шыға бастады. Оған себеп жаңа мектеп директорының келуі. Басшы аз уақыт ішінде қарамағындағы мұғалімдерді айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізді; ашса алақанында, жұмса жүдырығында ұстады; бір шыбықпен айдады; қамшысын үйіріп отырды; қойдай жусатты; қойдай өргізіп, қозыдай көгендеді; уысынан шығармады; шырқ иірді. Сүрақ: мұғалімдер қандай әрекетке барды?

Бұл жағдаятты бір - екі студент былай деп аяқтапты:

  1. - студент: Мектептің мұғалімдері жаңа басшының бұл әрекетіне басында түсіністікпен қарағанмен, уақыт өте кеуде көрсетті; кеудеге салды; қара күшке салды; малына құрық, басына сырық ойнатты; төбесіне әңгіртаяқ ойнатты; ішкенін ірің, жегенін желім етті; жүнін сыртына түкситті.
  2. - студент: Жаңа басшының бұл әрекеті ұжымды екіге бөлді. Бір топ ешбір қарсылық көрсетпей, айтқанын екі етпеді. Екінші топ керісінше болды. Нәтижесінде мектептің берекесі кетіп, әбден азып - тозып кетті.
  3. - жагдаят: /иілдік құрылымдар негізінде жағдаят жазғызу;
  4. - жагдаят: кейіпкерлерге тілдік құрылымдарды пайдаланып мінездеме бергізу;
  5. - жагдаят: тілдік цүрылымдар бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу.

Мұндай тапсырмалар студенттердің белсенділігін арттырып, шығармашылық ойлау білімін жетілдіріп, дамытады. Берілген жағдаяттық тапсырмалар бойынша ауызша екеуара тілдесу, яғни тілдік жағдаятқа түсу. Сүхбаттасу барысында тақырыпты ашу үшін кейіпкердің рөлін сомдауда қажеттілігі бойынша тілдік құралдарды пайдалануына болады. Тапсырманы орындау барысында студент тыңдаушыларға түсінікті болатындай етіп сәлемдесу, тіл қатысу, түсінісу, келісу, өтініш жасау, алғыс айту, қабылдау, келісу, кешірім сүрау, қуаныш, таңдану, алғыс - кеңес, қоштасу сияқты тілдік оралымдарды өз сүхбатында жүйелі түрде қолданып сөйлесу керек.

Қорытынды

Зерттеу нәтижесін қорытындылай келе мүғалім әрбір сабақты жан - тәнімен беріле оқытуды, студенттердің жанына эсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін заң санауы керек. Аталмыш мақала қазақ тілінің практикалық сабақтарында студенттерге тапсырмаларды жағдаяттар арқылы беруде сөйлесім эрекеті дағдыға айналатыны дэлелденеді. Осыған орай Ы. Алтынсариннің: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу тіліне жаттықпайынша қай - қай тілде болса да, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»,- дегені жұмысымызды аша түседі.

 

Әдебиет:

  1. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989. - 318 б.
  2. Кеңесбаев I. Қазак тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. - 771 б.
  3. Сыздық P.Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. Алматы, 2002. - 202 б.
  4. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғасырлар). Алматы, 1993.-319 6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.