Ацдатпа
Мақалада казак халқының ұлттық киімдерінің әлемдік көркем модснисттсн алатын орнын анықтау, ежелгі, дәстүрлі және қазіргі костюмдердің айырмасын, жалғастығын корсету мақсаты көзделеді. Қазак ұлттық костюмдері туралы шет ел этнограф - суретшілері салған бейнелері. ежелгі киім үлгілерініц коне нүскалары. археологиялық қазба жүмыстарының негізінде табылған алтын адам киімі. қазақ арулары мен батырларының дәстүрлі киімі үлгілері. ұлттық салт - дәстүр мен көркемдің дәстүрге негіздерген киімдерді дизайнерлік жобалау бағыттары анықталады.
Kipicne
Әлемдік өркениеттің дамуындағы қазақ мәдениетінің, оның ішінде қазақ халқының ұлттық киімдерінің орнын анықтау маңызды өнертанымдық проблема болып табылады. Қазақ костюмі ұлтымыздың көркем мәдениетінен ерекше орын алатын бұйым. Қазақ костюмдері халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне байланысты туындаған, адамды ыстық пен суықтан қорғауға, әсем етіп көрсетуге арналған мүмкіндік пен шеберлер еңбегінің нәтижесі ретінде танылады. Біз ақсақалын ардақтаған, салт - жоралғысын салмақтаған жұрттың ұрпағымыз.
Зерттеу әдістері
Қазақтың ұлттық костюмінің қалыптасуы мен дамуын зерттеудегі маңызды проблема, қазақ киімінің ежелгі формаларының үлгілерін табу мен оның көркемдік ерекшеліктерін өнертанымдық тұрғыда тану, оларды элем халықтарына таныстыру, даму жолдарын корсету - қазақтың өнертанымдық зерттеулеріне үлес қосатын ерекше багыт болып табылады. Қазақтың ұлттық костюмдері, қысқы, жазғы, көктемгі және күзгі болып, ерлер мен әйелдер киімдері, балалардың, қыз бен жігіттің киімдері болып анықталады. Сонымен қатар, батырлар мен аңшылардың, салтанат пен мереке киімдері болып жіктеледі. Қазақ костюмдері туралы шетел этнограф - суретшілері Н. Аткинсон, В. Краплот, А. Мартов, Е.Стасовтардың салған суреттерінен иллюстрацияларынан, графикалық туындыларынан қазақтың ежелгі киім үлгілерінің көне нұсқаларын байқауға болады. Мүнан соңғы көне үлгілер, Пазырық қорғанынан табылған алтын адамның киімі де, бізге сол кездегі ежелгі киім үлгілерін елестетеді. Бірқатар киім үлгілерінің ежелгі нұсқаларының көріністері археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған білезік, қапсырма т.б. алтын мен күмістен жасалған әшекей бұйымдардан да адам бейнесін және сол бейнедегі ежелгі киім үлгілерін байқау қиын емес [1, 19 - 266.].
Қазақ арулары мен батырларының дәстүрлі киім үлгілері казақтың батырлар жырларында шеберлікпен сомдалған. Бұл жырларға арқау болған Айман - Шолпан, Қыз Жібек, Құртқа, Гулбаршын киген ұлттық костюмдер қазақ сүлуларының қайталанбас бейнелері асқақтата көрсетілген. Сол сияқты Алпамыс, Қобыланды, Ep Тарғын, Төлеген сынды батырлардың сипаттаған киімдері ұлттық көркемдік дәстүр үлгісін көрсетеді. Қазақ арулары мен батырлары киімдер үлгісінің бірқатары Ә. Қастеев, Е. Сидоркин, К. Баранов, Қ. Телжанов, Т. Ордабеков сынды көрнекті суретшілердің өнертанымдық, көркем шығармашылық бағыттағы ізденістерінің нәтижесі болып табылады. Коне ұлттық киім үлгілерін қазіргі тарихи - өлкетану және өнер мұражайларынан көруге болады. Қазақ жерінде айдауда болған жылдары шетел суретшілерінің бірқатар суреттері өмір шындығынан алынған шынайы суреттер салумен айналысқан. Украинаның суретшісі Т. Шевченко қазақ жерінде ересек адамдармен қатар балалардың суреттерін салған. Ол суреттерден қазақтардың күнделікті киетін тұрмыстық және шаруашылық киімдері шынайы бейнеленген. Поляк суретшісі К.Залецкийдің қазақ жерінде XYIII ғасырда болған кездегі салған суреттеріненде казақ халқының ұлттық костюмдерінің үлгілерін көруге болады [2, 14 - 166.]. Қазақтың көрнекті ғалымы, этонограф, зертеуші Ш. Уәлиханов кезінде «Боранбай», «Тезек торе» портреттерінде ер адамдардың ұлттық киіміндегі көріністері бейнеленген. М.Әуезовтың «Абай жолы» романында Абайдың, Құнанбайдың, Айғанымның тағы басқа да, көптеген кейіпкерлердің киім үлгілеріне тартымды суреттеме берген. Осы роман кейіпкерлерінің көркем образы халық суретшісі Е. Сидоркиннің «Абайды оқығанда» атты көркем графикалық шығармасында шынайы көрсетілген. Мұнда ерлер мен әйелдердің, байлар мен сүлтандардың, сал - серілердің мерекелік киім үлгілері шынайы бейнесімен көз тартады. Қазақ арулары мен батырларының, сал - серілерінің, би - болыстарының ұлттық костюмдерінің көне үлгілерін анықтауда, кино мен театр өнері сурет шеберлерінің орны бөлек. Солардың ішінде Ш. Аймановтың «Қыз Жібек» фильміндегі ұлттық костюмі ерекше көз тартады. Бұл фильмдегі көріністерде Қыз Жібек пен Төлегеннің, HIere мен Қаршығаның, жауынгерлер мен арулардың киім үлгілері сол уақыт тыныс тіршілігінен хабардар етіп, көрушіге ерекше әсемдік сезімін сыйлайды. Сондай - ақ, «Көшпенділер» фильміндегі жауынгерлердің киім үлгілері бабаларымыздың ерлігімен қатар, әсемдік талғамын жоғары болғанын паш етеді. «Ақан сері» фильміндегі сал - серілердің киім үлгілері ұлттық костюм жасаудағы қазақ шеберлерінің жоғары талғам иесі болғандығын айғақтайды. Сонымен қатар, даңқты суретші Қ. Телжановтың «Көкпар», белгілі суретші А. Тұрсыновтың «Аударыспақ» атты кескіндемелік шығармаларында ұлттық ойындарға қатысқан ер жігіттердің киімдері, қазақтың басқада дәстүрлі киім үлгілері молынан көрініс табады.
Зерттеу нәтижелері
Қазақ халқының көрнекті ғалымы Ә. Марғұлан қазақ костюмін жинап, зерттеуге үлкен үлес қосқан. Оның қазақ халқының ежелгі костюм үлгілерін жинап, оларды жүйелеп, көркемдік ерекшеліктерін танып білу үшін көпшілік қауымға ұсынған альбомы бар. Бұл еңбек дәстүрлі қазақ костюмдерінің түрлерін, формаларын, түстері мен композициялық шешімдерін, көркем безендіруі мен қолданылған материалдар арсеналын танып білуге толық мүмкіндік береді. Ә. Марғұланның еңбектерінде қазақ даласында ісмерлермен қатар киімді тігуді жоғары дәрежеде меңгерген тігіншілердің болғанын дәлелдейді. Олардың қатарында балалардың киімдерінен бастап, салтанат киімдеріне дейін пішіп, тігіп халыққа қызмет еткен бірқатар шеберлердің есімдері атап көрсетілген. Бай қазақтар тек қана тапсырыс берушілер болған, орындалған жүмыстың ақысын олар шеберге малмен немесе мал өнімдерінің азық - түлігімен төлеген. Ең бағылы да, қымбат киімдер хандар, сүлтандар және бектерге арнап тігілген. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің көркемдігі денеге қонымдылығымен, өлшемдерінің дене мүшелеріне сәйкестігімен, түр - түсінің тұтыну мазмұнымен, сұраныспен байланыстылығымен сипатталады. Қазақтың дәстүрлі киімдерін зерттеп, олардың көркемдік ерекшеліктерін, өзі жасаған эскиздерінде шебер көрсете білген ерекше тұлға, қазақтың тұңғыш рет әйелдер арасынан шыққан суретші А. Ғалымбаеваның есімімен байланысты. Ол өзі жасаған дәстүрлі қазақ ұлтының киімдерінің эскиздер жинағын альбом етіп шығарған. Көпшілік қауымға арналған бүл эскиздер жинағы, қазақ халқының ұлттық киімдер үлгісін жан - жақты көрсете алатын мүмкіндігі бар жүмыс нәтижесі. Бұл еңбек қазақ халқының дәстүрлі ұлттық киімдерінің дамуына үлкен ықпал етіп, танымдық міндетті қазірге дейін атқарып, келе жатқан өміршең еңбек.
Қазақ сән үлгілеріндегі ерекше костюм - бойжеткеннің киімі. Қазақтың сүлу қыздары кестелі ою - өрнектерімен көмкерілген, асыл тастармен безендірілген сәукеле, қамзол, қос етек көйлек пен аяқ - киім бойжеткеннің бет әлпетіне ерекше ажар беріп, дене келбетін ерекше көріктендіріп, тартымды ете түскен. Үлттық костюмнің дизайнерлік жобасын жасау үдерісінде қазіргі шеберлер халықтың салт - дәстүріне, ырым - тиымдарына ерекше көңіл аударуда. Мысалы: адамның күші алақаннан шығып кетпесін деп, білезік тағып жүрген. Сақина, сырға тіл - көзден қорғауға қолданылған, ерлер көлемді үлкен жүзік таққан. Бұл аталғандар ұлттық киімнің қосымшасы ретінде қабылданған. Қалыңдық киімін оның шашбау, алқа, білезік, қапсырма, сақина, сырға сияқты аксесуарлардан бөліп қарауға болмайды. Мұны ұлттық костюмінің сән үлгілерін жасауда қолданылатын ұстаным ретінде тануға болады. Қазақ эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман Шолпан, Қыз Жібек сынды сүлулардың бет - жүзі мен дене сұлулығын асқақтатып көрсететін бірлік олардың әдемі пішіліп, әдемі тігілген киімдерімен қатар, алтын мен күмістен жасалған безендіру элементтері болған. Батырлар жырларындағы ақындар мен жыраулардың суреттеген қазақ сүлуларының киген киімдері, ежелгі қазақ қыздарының дәстүрлі киімдерінің сән үлгілері ретінде тануға болады. Бұл аталған көрсеткіштерге киімді безендіруге қолданылатын ою - өрнектер, камзолға тігетін қапсырма, бас киімге тағатын үкі, киім жағасына қолданатын, бөрік жиегіне тігілетін қымбат бағалы аң терілері, казақтың дәстүрлі киіміне ерекше сән беріп тұрған. Қазақ халқының көрнекті суретшілері халық мұрасын зерттеу нәтижесінде ұлттық костюмдер эскиздерін көптеп жасаған. Бұлардың қатарында кинофильмдер мен сахна актерлеріне арнап жасалған суретші С. Романовтың «Құлагер» атты эскизін, суретші Г. Исмайлованың «Қыз Жібек» фильміне арнап салған ұлттық костюм эскиздерін айту орынды. Қазақ костюмінің дамуына ерекше үлес қосқан кино мен театр суретшілері болды. Олардың ішінде Г. Исмайлова, Ә. Исмайлов, С. Романов, А. Ғалымбаевалардың есімдерін ерекше атауға болады. Олар батырлардың, сал - серілердің, абыз аталар мен абзал аналардың костюмдерінің эскиздерін жасауы, олардың қазақ сән өнеріне қосқан ерекше үлесі ретінде танылады.
Егеменді Қазақстан кезеңі қазақ костюмінің дамуына жол ашқан белгілі кезең. Бұл кезеңде ұлттық костюм тарихын зерттеуге, халықтың киім үлгілерін жаңаша жасауға, оларды этнодизайнерлік жобалауға көңіл бөлінді, киім дизайнерлерін даярлау ісі қолға алынды. Қазақ елінің билері мен хандары және сұлтандарының кескіндемелік, мүсіндік портреттері жасалды. Томирис пен Атилла бейнесі жасалды, ұлттық теңге бетіне казақ елінің даңқты қоғам қайраткерлерінің портреттері салынды. Егеменді Қазақстан кезеңіндегі қазақ костюмінің дамуы, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын кезең болып табылады. Еліміздің Егемендік алуы, қазақ костюмінің дамуына жол ашты. Үлттық костюмдердің даму тарихын зерттеу басталды, халықтың киім үлгілерін жаңаша жасаған жобалары пайда болды, кәсіби киім дизайнерлерін даярлау ісі дами түсті. Қазақ ою - өрнек шебері Ғ. Иляев, С. Қасиманов, С. Төленбаев, М. Өмірбекова, ¥. Әбдіғаппарова жасаған ою - өрнектер үлгісі, ұлттық киімді безендіру ісіне кеңінен қолданыла бастады.
Қазақ костюмі тарихының дамуына үлес қосқандардың қатарынан мәдениеттанушылар ерекше орын алады. Бұлардың қатарынан С. Қасиманов, X. Арғынбаев, М. Мұханов, Т. Тәжімұратов, F. Иляев, С. Төленбаев, Қ. Әміргазин, Д. Шоқпаров есімдерін құрметпен атауға болады. Олар ұлттық костюмдердің көркемдік ерекшеліктерін қоғам дамуымен байланысты қарастырып, олардың ерекшелігін ашуға үлкен үлес қосты. Үлттық костюмді қалпына келтіру, дизайнерлік жоба жасауда қолдану, дизайнның кәсіби мамандарын даярлау ісі жалғаса түсті. Үлттық кәсіби киім дизайнерлерін даярлау ісіне Г. Ибрайшина, С. Асанова, Б. Оспанов, С. Жолдасбекова, Е. Асылханов, С. Бейсенбаев қомақты үлес қосты. Қазақтың дәстүрлі костюм үлгілерін заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртуда, оқу - әдістемелік құралдар даярлауда киім дизайнері С. Асанова еңбегі ерекше бағаланады [3, 25 - 276.]. Үлттық костюмнің дамуына қазіргі қазақ дизайнерлері жаңа технологияларды шығармашылығанда шеберлікпен қолданыуымен, ұлттық салт - дәстүрге құрылған композициялық ерекше үлгілерді өмірге әкелуімен, Қазақстандық дизайн кеңістігінде көрнекті орын алады. Олардың дизайнерлік жобаларында ұлттық ою - өрнектермен, асыл тастармен өрнектелген кестелер, жартастағы таңбалар, салт - дәстүрлер көріністері, көркемдік элемент ретінде кең көлемде қолданыс тапқан. Көптеген дизайнерлер ән мен би ансамбльдеріне арналған костюмдерге эскиз салуда. Қазақ дизайнер! Балнұр Асанова шығармашылығы классикалық костюм, предопорте үлгілерін жасап, салтанат киімдеріне кесте, шынжыр, біз, кесте қолдануымен ерекшеленеді. Қүралай Нүрқаділова шығармашылығы ою - өрнектермен безендірілген ұлттық киім, күнделікті киім, мектеп формасын жасауға бағытталса, Берік Исмайлов шығармашылығы әншілер мен бишілерге сахына киімдерін тігуге бағдар ұстайды. Айда Кауменова шығармашылығы әншілердің сахына киімдерін ұлттық стильде жобаласа, Айя Бапани шығармашылығы жүннен ұлттық костюмдер тігіп, оған кестені безендіру элемент! ретінде кең қолданады. Жадыра Сахиева шығармашылығы сахына киімдері мен бишілер костюмдерін жобалау, Лария Жағамбаева шығармашылығы ұлттық костюмді жобалау бағытын ұстайды. Белгілі әншілер Бибігул Төлегенова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясава, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Садуақасова, Алтынай Жорабаева, Айгүл Иманбаевалардың сахыналық костюмдері, осы аталған киім дизайнерлерінің ұлттық сән үлгісін негізге ала отырып жасаған, этнодизайнерлік жобаларының материалда орындалған тігу нәтижесі болып табылады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, қазақ ұлттық киімдерінің үлгілерін іздеу, табу және оларды сараптау, бізге әлемдік көркем мәдениеттен қазақтың дәстүрлі және қазіргі костюмдерінің алатын орнын анықтауға, ежелгі дәстүрлі және қазіргі костюмдердің айырмаларын көрсетуге мүмкіндік туғызды. Қазақ ұлттық костюмдері туралы мәліметтер шет ел этнограф - суретшілері салған суреттерінен, археологиялық қазба жүмыстарының негізінде табылған материалдардан, Ш.Уәлиханов салған графикалардан, әдеби шығармалардағы сипатталған дәстүрлі костюмдердің көркем көріністерін негізге алуға болатыны айқындалды. Қазақтың дәстүрлі киімдерін дизайнерлік жобалау барысында ерлер мен әйелдердің, байлар мен сүлтандардың, сал - серілердің, жыраулардың, сүлу бикештердің киім үлгілері, қазақ эпосындағы «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар батыр» бейнелелері, «Гүлбаршын», «Қүртқа», «Баян сүлу», «Айман Шолпан», «Қыз Жібек» сынды сұлулардың киімдерін негізге алуға болатыны көрінді. Қазақ дизайнерлері жобаларында ұлттық салт - дәстүрге құрылған дизайнерлік жобалау бағыттарына басымдық берілгенін белгілі болды. Қазақ ұлттық киімдерінің түп нұсқаларын табу мен костюм дизайнының дамуын зерттеу бізге, қазіргі костюмнің болашағын айқындауға бағыт - бағдар беріп, оның жалғастығын табу жолдарын көрсетеді.
Әдебиет:
- Ералин Қ. Қазақстан бейнелеу өнері. Түркістан: Туран, 2009 - 220 б.
- Ералин Қ. Ералина F.Дизайн негіздері. Түркістан: Тұран, 2013 - 122 б.
- Асанова С. Қазақтың үлттық киімдері. Алматы: Атамұра. 1995 - 160 б.