Аңдатпа
Техника мен ғылымның дамуы балалардың психологиялық дамуы мен сөйлеу тіліне өзіндік әсерін тигізуде. Электрондық ойыншықтар, гаджеттердің әсерінен ата - аналар мен балалардың арасындағы қарым - қатынасы әлсіреуде. Бұл жалпы сөйлеу тілінің дамымауына. аутизм және аутизм спектрі бүзылулары бар балалар санының едәуір үлғаюының себептерінін бірі. Осы мәселені шешу жолында гаджеттік ойындарды шынайы өмірде қолдануды жөн көрдік. Зерттеу жұмысы барысында ойындарды ойнату арқылы балалардың диалогтық сөйлеу тілін дамытып, қарым - қатынас жасауға бейімдеу жайлы сөз қозғалады.
Kipicпe
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы балалардың психологиялық дамуы мен сөйлеу тіліне де өзіндік әсерін тигізуде. Атап айтқанда, балалардың жалпы сөйлеу тілінің дамымауына әкеп соқтыруда. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, қазіргі кезде 4 жастағы балалардың 25 % - ында сөйлеу тілінің дамуы нормаға сәйкес келмейді. 2001 - жылдардың ортасында сол жастағы балалардың тек 4% -ы сөйлеу тапшылығына ие болды. Соңғы 17 жыл ішінде ауызша сөйлеу тілінің бүзылыстарының саны 6 еседен асты. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілі, яғни ана тілін дүрыс меңгеруі баланың дамуына, тәрбиеленуіне, білім алуына үлкен әсерін тигізеді. Ал электрондық ойыншықтар, гаджеттердің әсерінен ата - аналар мен балалардың арасындағы қарым -
Заманауи гаджеттердің мектепке дейінгі балалардың коммуникациясына, 41 әлеуметтенуіне және сөйлеу тілінің дамуына тигізер әсері және оның шешу жолдары қатынасы әлсірей түсуде. Біртіндеп ересектер мен балалардың ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, коммуникативтік, әлеуметтік және рухани дамуға қатысты жетекші рөлін және мінез - құлқына эсер ету қабілетін жоғалтады. Бұл жалпы сөйлеу тілінің дамымауына, аутизм жэне аутизм спектрі бүзылулары бар балалар санының едэуір үлғаюының себептерінің бірі [1,2].
0 - ден 3 жасқа дейінгі балаларда сөйлеудің қарқынды қалыптасуы мен ана тілін дамыту, есте сақтау, көңіл белу, визуалды тиімді ойлау кезеңі болып табылады. Бұл өзін - өзі сезіну жэне бастапқы өзін - өзі бағалаудың пайда болу уақыты. 3 жасқа дейін балаларда жоғарғы ойлау қабілеті, көру, есту қабілеттері, қоршаған ортамен танысуға деген ынталары жоғары болады. Осы жаста жақын адамдарымен ерекше эмоционалдық қатынастар ерекше орын алады. Бала айналасындағы элемнің шекаралары мен ережелерімен танысады жэне олардың мінез-қүлықтарында да жағымды ерекшеліктер байқалады. Сонымен қатар, баланың тілін дамыта отырып, оның ой - өрісін, интеллектуалдық қабілетін арттыруға болады. Ал сөйлеу тілінің ақаулықтары баланың танымдық қабілеттеріне жэне жеке тұлға болып қалыптасуына жағымсыз эсерін тигізеді. Олар бірте - бірте XXI ғасырдың «эпидемиясына» айналуда [3].
Американдық педиатрия академиясы жэне Канада педиатрия қоғамы 0-2 жастағы балалар электронды құрылғыларды мүлде пайдаланбауы тиіс, 3 -5 жас аралығындағы балалар электронды гаджеттермен байланысы күніне бір сағаттан, ал 6- 18 жас аралыгында балалардың гаджеттерді қолдануы - 2 сағаттан аспауы тиіс деген тұжырымдама жасады.
Ғалымдардың пікірінше, заманауи гаджеттердің балаларға тигізетін эсері мынадай:
- Мидың тез жетілуі. Баланың миы туғанынан жэне 2 жасқа дейін үш есе тез жетіледі жэне 21 жасына дейін жетілуін тоқтатпайды. Заманауи гаджеттердің (ұялы телефондар, интернет, теледидар) жетіліп келе жатқан миды одан сайын тездетеді - бірақ мұның теріс жағы да бар. Зерттеулер көрсеткендей, гаджеттерді пайдалану назар жетіспеу синдромына, дамудың когнитивті бөгелісіне, білім алуының қиындауына жэне есіріктікке экелуі мүмкін.
- Дамудың тежелуі. Қимыл - қозғалыс - денсаулықтың кепілі, сонымен қатар бұл зейін мен зеректікті дамытады. Бірақ заманауи ойыншықтарға эуес бала аз қимылдайды - нэтижесінде, дамуы тежеледі.
- Артық салмақ. Ғалымдар балаларда артық салмақтың пайда болуын ұзақ уақыт бойы смартфонда ойын ойнауымен жэне теледидар қарауымен байланыстырады. Түрлі гаджеттерді өз бөлмесінде еркін пайдалана алатын балалардың 30 % - ы көбіне толықтықтан зардап шеккен. Өз кезегінде, 30 % толық балалардың диабетке ұшырау қаупі жоғары, сонымен қатар толық адамдар ерте инстульт алуға жэне жүрек тоқтап қалуға бейім келеді.
- Ұйқының жетіспеуі. Ата - аналардың 60 % - ы балаларының гаджетпен қанша уақыт отырғанына назар аудармайды. Эрине балалар ойынның қызығына кіріп, кеш жатады, ұйқылары қанбайды, күн тэртібі бұзылады, ал кейде ұйқысыздыққа ұрынады - мұның бэрі олардың денсаулығына кері эсер етеді.
- Психикалық аурулар. Көптеген зерттеулер тағы мынадай пікір айтады: заманауи ойыншықтар мен құрылғыларды шамадан тыс көп пайдалану балаларда күйзеліс, үрей, назар жетіспеушілік синдромы, аутизм, қос полярлық ауытқушылық, психоз бен баланың іс - эрекетіндегі басқа да ауытқушылықтардың пайда болуына экелуі мүмкін.
- Агрессия. Психикасы әлі қалыптаспаған кішкентай балалар теледидар мен ойындарда көрсетілетін көріністерге аса бейім. Онда кейде өлтіру, сабау, қиынау мен зорлау сияқты зұлымдық іс - әрекеттерді көрсетеді. Мүның бәрі балада агрессияның пайда болуына әкеледі.
- Ақпараттық қайта жүктеу. Шамадан тыс көп ақпарат (мысалы, БАҚ) та назар жетіспеушілік синдромының пайда болуына себеп болуы мүмкін, сонымен қатар бұл зейін қоюды сейілтіп, жақсы оқуға кедергі болады.
- Гаджеттерге байлану. Ата - аналар балаларымен ойнап, сөйлесудің орнына көп уақытын ноутбукқа және смартфонға қараумен өткізеді. Erep бала ата - анасына байланбаса, онда кейбірі заманауи ойыншықтардан жұбаныш іздеп, соларға байланып қалады.
- Радиациялық сәулелену. Балалар үлкендерге қарағанда әлдеқайда сезімтал, сонымен қатар олардың миы мен имундық жүйесі әрдайым даму үстінде. Сол себепті ұялы телефондардан бөлінетін радиациялық сәулеленуге назар аудармауға болмайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы оларды және басқа да сымсыз құрылғыларды 2 B санатына - ықтимал канцерогенге жатқызды.
- Сөйлеу тілінің жас нормасына сәйкес болмауы. Логопедтердің пікірінше, ЖСТД - сы (жалпы сөйлеу тілінің дамымауына) бар балалардың басым көпшілігі заманауи гаджеттерге әуес. Соның салдарынан баланың тілі шорқақ, жеткізер ойы түсініксіз [4].
Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай - ақ, ұялы телефонная бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататынын, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратынын дәлелденген [5].
Ресейлік ғалымдар ұялы телефонная бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері эсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нэтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай - ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі элсіреп, бүзылғаны анықталды.
Балалар гаджетпен көп ойнаған уақытта жүйке жүйесі мен ойлау қабілетіне зиян келеді. Сондай - ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сэуленің бас ауруы, есте сақтау жэне көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дэлелдеген.
Зерттеу әдістері
Зерттеу жумысының болжамы: жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтық сөйлеу тілін көрнекі - бейнелік жұмыстар арқылы дамытсақ, онда олардың элеуметтенуі, коммуникациясының дамуы арта түседі.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі мен қатар ой - өрісін дамыту барысында «Павлодар қаласының сөйлеу қабілеті бүзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі № 14 балабақша» МКҚК өткізілді. Ол мекемеде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінген. Олар: «Балапан», «Теңізшілер», «Жүлдыздар», «Балауса», «Күншуақ». Балабақшада 100 ге жуық бала бар. Балабақшада 100 ге жуық бала бар. Біз тэжірибеміздің мақсат, міндеттеріне сэйкес «Теңізшілер» тобына бақылау жүргіздік. Себебі бүл топтағы балаларда жиі кездесетін жалпы сөйлеу тілі дамымауының 3 деңгейі. Бүл топта 20 бала, олардың 12 ұл бала, 8 қыз бала. Солардың ішінен зерттеуге 3 ұл, 3 қыз бала алынды.
Ойын іс - эрекеті барысында сөйлеу тілі бұзылған балалардың ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, өздігінен жұмыс жасау сияқты жеке тұлға қасиеттері, өзін-өзі бақылау
Заманауи гаджеттердің мектепке дейінгі балалардың коммуникациясына, 43 әлеуметтенуіне және сөйлеу тілінің дамуына тигізер әсері және оның шешу жолдары біліктілігі қалыптасады. Педагог - дефектологтың немесе логопедтың, тәрбиешінің жетекшілігімен жүзеге асатын бұл үдеріс кезінде балалардың интеллектуалды дамуында, танымдық, қоғамдық және т.б. қажеттіліктер мен қызығушылықтарының туындауында едәуір жағымды өзгерістер болады.
Ойын кезінде балаға фантазиясы мен шығармашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік беріледі. Ойын жаттығуларын жағымды жағдайларда өткізген жөн. Балаға берілетін тапсырмалар оның жеке бас мүмкіндіктеріне және логопед ұсыныстарына сәйкес келуі керек.
Бала тапсырманы орындап жатқан кезде оны асықтыруға немесе тапсырманы орындау деңгейін нашар деп айтуға, оған тапсырма нәтижесі жөнінде сыни пікірлер айтуға болмайды. Ойын кезінде баланы белгілі бір іс әрекеттерге үйретуден қарағанда, оның өзіне деген сенімділігін, өз пікірін ашық білдіртуге үйрету маңыздырақ.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүмыс істеуде логопедтің балаға әрекеті ретінде тиімді әдістердің бірі - дидактикалық ойын болып табылады.
Дидактикалық ойындар келесі принциптерге негізделеді:
- Дидактикалық ойын бағдарламаға сәйкес болуы ;
- Дидактикалық ойын ең алдымен баланың сақталған мүмкіндіктерін әрекеттендіруі;
- Заттардың, суреттердің, нүсқаулардың міндеттері, сүрақтардың мәні, ойын шарттары балаларға түсінікті болуы керек;
- Ойынды өткізуге арналған нұсқамалар түрлі-түсті, яғни баланың зейінін аударатындай болуы керек;
- Ойын шарты мен нұсқамада ойынға барлық баланың қатысуын қадағалау керек.
Балаларға арналған ойын тапсырмалары олардың сөйлеу қабілетін дамытуға және баланың жан - жақты дамуына үлкен көмегін тигізеді. Ойын арқылы бала өзінің сөйлеу қабілетін, логикалық ойлауын, зейінің, есте сақтау қабілетін, графикалық дағдыларын дамытады. Мұндай жетістіктерге жету үшін баланы ойын кезінде түрлі жағдайларға тап болуын жоспарлау керек, яғни ойлауға қабілеті бар, жағдайды анализдей алатын, өзіндік қорытындылар жасай алатын бала мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді. Дидактикалық ойындарды түрлі көркемдік материалдармен бірге жүргізген кезде логопедиялық коррекция әлдеқайда өнімдірек болады егер тұрмыстық заттар, ойыншықтар, арнайы дайындалған нүсқамалар қолданылса.
Балалардың жақсы көретін гаджеттік ойындарын зерттей келе төмендегі ойындарды жоспарлап, өткіздік.
Кесте 1 Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың диалогтық
сөйлеуін дамытуға арналған ойындар тізбегі
Ойынныц атауы |
Мсщсаты |
Міндеттері |
Менің мысығым - Том |
Балалардың сөздік қорларын кеңейту, байланыстырып сөйлеу тілін, грамматикалық қүрылысын дамыту. Диалогтық сөйлеу тіліне үйрету, қарым - қатынас |
Балалар ойын барысында бір - бірлерін тыңдап сүрақтарға жауап беру. Сөз бен іс - әрекеттің сәйкес келуі. Топтық ойындарда өзіне жүктелген міндеттерді |
Minecraft |
||
Subway Surf |
||
Менің Анджелам |
жасау ға бейімдеу. Балалардың қоршаған орта жайлы түсініктерін кеңейту. Адамдармен байланыс жасау барысында эмоциясын басқаруға үйрету. Психикалық қасиеттерін дамыту. |
толық атқару. Ұжымдық ойындарда өзара ынтымақтастық қарым - қатынаста болу. |
|
Мен - аспаз (Я повар) |
||
Жарыс (Гонки) |
||
Том мен Джерридің лабиринті |
Зерттеу барысында «Менің сүйікті ойыным» деген тақырыпта сабақ жүргізілді. Бүл сабақта өздерінің гаджеттік сүйікті ойындарымен танысып, оның ерекшелігі туралы айтып, денсаулыққа пайдасы мен зияны туралы түсінік берілді. Осы бойынша сабағымызды әрі қарай жалғастырып, ойындар ойнап, тапсырмалар орындады. «Менің мысығым ТОМ» ойынында балаларды өмірлік дағдыларға бейімдеп, түрмыстық техникамен, адамдармен қарым - қатынас жасау ерекшеліктері жайлы түсіндірілді. Ойын барысы бірнеше деңгейлерден өту арқылы орындалады. Дәл интернеттік ойындар сияқты әр деңгей сайын ойын шарттары да қиындай түседі. Ал балаларды бүл өмірлік ойындарға қызықтыру барысында үпайлар мен дәрежелер беріліп отырды. Ойын барысында балалар өздерінің жүмсақ мысықтарын немесе кез - келген жүмсақ ойыншықтарын пайдалану арқылы жүзеге асты. Сол жүмсақ ойыншықтарын күн тәртібі бойынша әрекет жасап, бір - бірлеріне қонаққа барып сөздік байланыс жасады. Сабақта өткен «Менің мысығым - Том» ойыны барысында қысқаша сипаттап беретін болсақ, А. есімді үл өзінің жүмсақ мысығын таңертең үйқысынан оятып, тамақтандырды. Бүл іс - әрекетті жасау барысында А. есімді үл өзін анасы таңертең қалай оятатындығы (мысалы, жылы сөздер айтып, күлімсіреп) есіне түсіп сол әркеттерді қайталады. Яғни балада бүл процестердің жадында жатталғандығын, сөздік қорының байығандығын, баланыс жасау білгендігін байқаймыз. Тамақтандыру барысында жеміс - жидектердің, көкеністердің, тағамдардың түрлерімен танысқандығын, дүрыс тамақтану керектігін, ағзамыз мықты болып өсуі үшін дәрумендердің қажеттігі жайлы мілімет алып отырды жэне олардыойын барысында жүзеге асырды. Балалар бір - біріне өздерінің сүйікті ойыншықтарымен қонаққа бару арқылы бір - бірлерімен ортақ тақырыпта кішігірім диалог құрып, байланыс жасады. Әрі қарай ойынымызда мысықты ойнату, шомылдыру, үйықтатумен жалғаса берді. Әр дәрежеден өткен сайын мысықтары өсіп, үпайлар алып, тапсырмалар орындап отырды. Бүдан байқайтынымыз әрбір тірі жан иелерінде даму, өсу процесі жүретіндігі жайлы мәләмет алады және әрбір даму кезінде өзіндік ерекшеліктермен танысып, ойын барысында жүзеге асырды.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалармен жүргізілген әр сабақ сайын интернеттік ойындарды шынайы өмірде қолданып, диалогтық сөйлеуін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар жасалды. Түрлі сюжеттік ойындар, еркін тақырыпта әңгіме қүру, сөзіндегі қателіктерді түзету мақсатында әр түрлі грамматикалық ойындар ойнатылды, ертегі тыңдап, оны мазмүндап беруге тырысты. Бүл тапсырмаларды орындауға аудиожазбаларды, бейнелік кітаптарды, карточкалар мен суреттерді қолдандық. Осы мақсатта балалардың сүйікті интернеттік ойындары қолданылды. Мысалы «Менің мысығым - ТОМ», «Майнкрафт» ойындарын ойнату нәтижесінде көздеген мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз. Ойындардың нәтижесін төмендегі диаграммадан байқауға болады.
Заманауи гаджеттердің мектепке дейінгі балалардың коммуникациясына, 45 әлеуметтенуіне және сөйлеу тілінің дамуына тигізер әсері және оның шешу жолдары
Зерттеу нәтижелері
Бүл кесте арқылы диалогты сөйлеу тілін дамытпас бүрын балалардың сөздік құрылымына мән беру керектігін байқаймыз. Сөздік қүрылымын дамыту барысында диалогтық сөйлеу тілін де дамытамыз. Диалогтық сөйлеу тілін дамытудың негізгі құралы - сюжеттік ойындар. Біз балалармен интернеттік ойындарын сюжеттік ойындар арқылы ойнадық. Бүл балалардың сүйікті ойындары болғандықтан балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Сабақ арасында балаларға қызықты таппақтар мен өлеңдерді жаттатқызып, жүмбақтар мен сөзжүмбақтарды шештік. Мақал мәтелдер мен жаңылтпаштар оқыдық. Балаларға өздеріне үнайтын ертегі немесе кызықты оқиғаларын айтып беру барысында сөйлеу тілдерінің дамығанын байқадық. Сөздік қорларында жаңа сөздер пайда болған, бір - бірінің айтқандарын тыңдай алатын болды.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сюжеттік ойынға деген қызығушылығының арқасында бір - бірімен қарым - қатынас жасауға қиналмайтын болды. Оларға берілген сүрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге тырысып, коммуникациялық қабілетгерін артып, диалогтық сөйлеуі біршама дамығанын байқадық.
Әдебиет:
- Өмірбекова Қ.Қ., Оразаева Г.С.. Төлебиева Г.Н.. Ибатова Г.Б. Логопедия. Алматы, 2011 ж.
- Өмірбекова Қ. Қ.. Серкебаев Қ. Логопедия, Алматы, 1996 ж.
- Волкова Л.С. Логопедия. 2007 ж. - С. 282 - 284.
- https://kz.otyrar.kz/2014/08/%D2%B1yaly -telefon-midy-%D2%9Bajnatady.