Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану бағытындағы сауаттылығы

Андатпа

Бұл мақаланың мазмұнында «функционалдық сауаттылық», «дүниетаным» ұғымдары қарастырылды. Жаратылыстанулық білім. білік. дағды қалыптастыруда дүниетану пәнінің маңызы айқындалды. Қазіргі заманғы ғылыми білімнің. мәдениеттің әр түрлі салаларынан хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен окушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым - қатынасын жан - жақты дамытып, тәрбиелеудегі дүниетану пәнінің мүмкіндіктері анықталды.

Kipicne

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, түрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жүмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай - ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек үрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бүл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын [1].

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жэне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [2].

Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Дегенмен, қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету детей сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Функционалдық сауаттылық - тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік - қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

Бүгінгі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді құзыреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр. Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық - гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат - міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру жүйесін өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып, бастауыш мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын құзыреттіліктер алынады.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек.

Оқушыларға берілетін білімнің көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне және психикалық тұрғыдан дамуына лайықталуы тиіс. Сондай - ақ, олардың сүраныстары мен қабілеттері де ескерілуі қажет. Өйткені, оқушы ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана қабылдай алады.

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол түлға меңгерген білім, білік, дағдылардан көрініс табады.

Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі жастардың сауатсыздығы салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кетті. Жалпы, барлық зерттеу шілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің өсуі, оларға дүрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Мүның бәрі ережені дүрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Зерттеу әдістері

Жаратылыстанулық білім, білік, дағды қалыптастыру бастауыш мектепте «Дүниетану» пәні арқылы жүзеге асырылады. Пәннің ерекше мәнге ие болу себебі ол - барлық жаратылыстану пәндерінің, оның ішінде биология, география, химия, экология пәндерінің бастамасы болғандықтан, сол пэндер бойынша элементарлық білім негізі қаланады. Бала дүниеге келгеннен кейін өзін қоршаған барлық дүниені тануға талпынады. Бастауыш сынып оқушысы - белсенді дүниетанушы. Сондықтан осы пәнді оқыту арқылы оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады.

Кез - келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық - саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады [3].

Дүниетаным - баланың қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортаға өзінің қатынасын білдіретін шындыққа негізделген көзқарастар жүйесі.

Дүниетаным - адамның белсенді ақылшысы. Оның ерекшелігі - адамның табиғат пен қоғамға қатынасын білдіріп, оның іс - әрекеті мен қызметінің бағыт - бағдарын анықтап белгілеу. Дұрыс дүниетаным балаларды жақсылыққа жетелейді, прогрессивті түрдегі өмірді қайта құруға ұмтылдырады [4].

Дүниетанымның негізі ретінде философияның барлық құбылыстары, жайлары, салалары бір - бірімен тығыз байланыста және бір - біріне кірігіп жатқандықтан бастауыш мектепте қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - бір тұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді.

Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенің үш құрамдас бөлігі туралы білім алады. Пәнді оқыту мақсаты - адам, қоғам, табиғат яғни шынайы дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.

Көзқарас қалыптастыру - дүниені танудың бір амалы. Осы тұрғыдан алғанда 1 - сыныпта дүниетанудың бастамасы балалардың күнделікті өмірімен байланысты, күнде көріп жүрген қоршаған ортаны ғылыми тұрғыда таныстыру болып табылады. Бізді қоршаған табиғаттың өлі және тірі заттарымен таныстыру қарапайым тұрғыда, бірақ ғылыми ұғымдармен және қарапайым терминдермен (ағаш, құс , күн, ай т. с. с. тірі, өлі табиғат) жүргізілуі тиіс.

Бұл ұғымдар сыныптан сыныпқа біртіндеп күрделеніп, 1-4 сыныптарда үздіксіз оқытылады.

Дүниетанудың көптеген тақырыптары дүниетанымның дүрыс қалыптасуына жағдай жасайды.

Жаратылыс құбылыстарын толыққанды ұғыну үшін ғылымилылығы ескерілген практикалық тұрғыда орындалатын тапсырмалармен алмасады.

Дүниетану пәнінің мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әр түрлі салаларынан (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, қүқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, экспримент, тәжірибе, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Табиғат жөнінде білім беру оқушы санасында ғылыми әлем бейнесін қалыптастыруда маңызы зор.

Табиғат адамды рухани байытады, онымен қарым-қатынас жасау адамдардың жоғары моральдық қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды. Нағыз әсемдік табиғатта болатыны белгілі, ал мүғалімнің міндеті оқушыға оны көре білуге, бағалай білуге және көргенін пайдалана білуге үйрету болып табылады. Сондықтан табиғат обьектілерін зерттегенде қалыптастырылатын түсініктер мен ұғымдардың мазмұнына кіруге тиісті эстетикалық белгілерді бөліп көрсету қажет.

Оқушыларды әсемдікті көре білуге үйрету - күрделі іс. Мүғалімнің бағыттаушы және басқарушы ролінсіз бүл әрекетте табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан мұғалімнің өзінің әсемдікті қабылдауға дайындығы болуы тиіс. Сонымен бірге бұл жұмысты табиғатта көргенді сөзбен айтып жаттығудан бастау керек [5].

Табиғаттың әсемдігін онымен тікелей қарым - қатынас жасағанда ғана ашуға болады. Барлық бастауыш сыныптарда бағдарлама бойынша табиғатқа экскурсия жасау қарастырылған. Экскурсия барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге мол мүмкіндіктер туады.

Эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жүмыстар сабақта, әсіресе заттық сабақтарда жалғаса түседі. Қандай болмасын бір ұғымды қалыптастыруда міндетті түрде оның эстетикалық жағын баса корсету керек.

Дүниетануды оқытуда пайдаланылатын көрнекі құралдар да оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту құралдары болып табылады [5].

Оқушыға қызықтыра отырып, корсете отырып берілген білім оқушы санасында мықты бекіп, іскерлік дағдысының қалыптасуына әсерін тигізеді. Ал, білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы - функционалдық сауаттылық қалыптастырудың көзі болып табылады.

Зерттеу нәтижелері

Мақалада қарастырылған мәселелерді жүзеге асыру «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандыгыныц «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінде қамтылады.

Қорытынды

Дүниетануды оқытуда оқушыларда сүлулықты кору мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін дамыту - функционалдық сауаттылық қалыптастырудың шарттары болып табылады. Осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының жаратылыстану бағытындағы сауаттылығы қалыптасады.

 

Әдебиет:

  1. «Қазакстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Pecm бликасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Ақиқат. - 2013. № 1.
  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана. 2010.
  3. Бастауыш мектеп окушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік қүрал. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013.
  4. Әбенбаев С. Тэрбие теориясы мен әдістемесі. - Алматы: Дарын, 2004.
  5. Оспанов Л. Табиғаттануды оқыту жэне бала тэрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1985.
Жыл: 2018
Категория: Педагогика