Аңдатпа
Мақалада «оқу - танымдық табыстылық» ұғымы талданады, сондай - ақ критериалды сипаттама деңгейінде көрсетіледі және ашылады. Педагогикалық ғылымдар мен практикаға университет студенттерінің оқу - танымдық белсенділігінің жетістікке жету мәселесі зерттелді.
Kipicne
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын үлт қана табысқа жетеді» [1], - деп көрсетеді. Демек, білім беру саласын дамыту арқылы табысты ұлт қалыптастыратынымыз анық, ал білім беру ісін дамытатын - ол педагогикалық оқу орындары. Сол себепті де педагогикалық оқу орындарында студенттердің оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығын дамытудың маңызы зор.
«Оқу - танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымының мағынасын түсіну үшін оны келесідей категорияларға бөліп қарастыруға болады. Олар: «табыстылық»,
«іс - әрекет табыстылығы», «оқу әрекетінің табыстылығы», «танымдық әрекет табыстылығы». «Табыстылық» ұғымын түсіну үшін «табыс» ұғымына тоқталған жөн. Қазіргі таңда ғылыми әдебиеттерде «табыс» ұғымын әртүрлі аспектілерде қарастырады:
- психологиялық аспектіде: «табыс» дегеніміз қуаныш жағдайын сезіну, жеке басының күткен үмітпен, үміттерге (талап деңгейіне) сәйкес келетін нәтиже немесе оның асып түскен нәтижесінен қанағаттану;
- әлеуметтік - психологиялық аспектіде: «табыс» басқалардың үміттері, тұлға және іс - әрекет нәтижесі арасындағы оңтайлы ара қатынасы ретінде қарастырылады (егер адамның үміттері басқа адамдар күтуіне сәйкес келетін болса, адам үшін ең маңыздысы, табысқа жету туралы айтуға болады);
- педагогикалық аспектіде: «табыс» білім беру мен оқыту процесінде табысқа қол жеткізген адамға тән қасиет деп қарастырылады. Бұл баланың мектептегі жетістігі және мұғалімнің оқушыларды тәрбиелеудегі жетістіктері және ата - аналардың балаларды тәрбиелеудегі табысы болуы мүмкін.
Осылайша, «табыс» ұғымы тар және кең мағынада қарастырылуы мүмкін. Tap мағынасы адам үшін маңызы бар іс - әрекеттің нақты нәтижесін бағалауы болса, ал кең мағынада, табысқа жету адам өміріндегі жетістікке жетіп, өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға ұмтылу арқылы жетістікке жетуі.
Студенттердің танымдық іс - әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс - әрекеттер қарым - қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы - оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс - әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу - тәрбие үрдісі жағынан қарастырған. Студенттік кезде алған білімдерін табысты пайдала білудің орны айрықша.
Отандық ғалым Н.Кулмышева өз зерттеулерінде: «Оқу - танымдық іс - әрекет - шәкірттің ақыл - ой белсенділігі және оның өздігімен ізденіп оқуға мүмкіндік беретін әрекеті» [2], - деп қарастырған.
М.Қ. Бапаева өзінің «Студенттердің психологиялық білім мен дағдыларды игеруі және танымдық іс - әрекет» атты мақаласында, «Оқу іс - әрекетінің табыстылығы - студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс - әрекеттері арқылы қалыптасады. Оқыту әрекетінде студенттердің қызығушылығы, қабілеттері, мотивтері (ниеттері), темперамент! мен мінезі тағы басқа да психикалық қырларынан көрінеді. Сондықтан оқытушылар негізгі мақсатқа жету - қандай психикалық процестер, жағдайлар мен қасиеттерге байланысты екенін ажырата білуі керек. Оқу материалдарын қалай ұтымды пайдалану, теориялық және практикалық даярлығы бар болашақ мамандарды жан - жақты дамытуға қажетті оқыту жағдайларын да білуі қажет», - деп атап көрсетеді [3].
Студенттердің оқу - танымдық іс - әрекеті табыстылығын дамыту үшін ең алдымен оны анықтау керек.
Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруге бір -бірін толықтырушы және бірін - бірі тексеруші әдістер қолданылды:
- теориялық (ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, т.б.);
- диагностикалық (сауалнама, жеке және топтық әңгіме, сүхбат, бақылау, тестілеу, т.б.);
- статистикалық (зерттеу нәтижелерін математикалық - статистикалық өңдеу).
Сонымен қатар, студенттердің оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығын анықтау мақсатында келесі әдістемелер қолданылды:
- «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі (Т. Элерс) [4].
- «Табысқа жетудің оң және теріс факторлары» сауалнамасы (А.К. Усенова) [5].
Кез - келген педагогикалық іс - әрекеттің тиімділіг оның диагностикалаудың негізінде анықталады. Зерттеуде қолданылатын педагогикалық диагностика тұтас алғанда оқыту үрдісінің нәтижесін ғана емес эксперименттік жүмыстың көрсеткіштерін айқындауға бағытталған. Зерттеу бойынша эксперименттік - тәжірибе жүмыстарына 98 студент қатысты: эксперименттік топта «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтары бойынша 48 студент (Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университет!), ал бақылау тобында «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 50 студент! (Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ) қатысты.
Ең бірінші анықтау эксперимент! жүргізілді. Анықтау экспериментінің мақсаты - педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығының алғашқы мәліметтеріне сүйене отырып, дамытудың жолдарын анықтау.
«Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесі жүргізіліп, келесідей көрсеткіштерге ие болды: бақылау тобында табысқа жетуге деген мотивацияның төменгі деңгейі 38 % болса, ал эксперимент тобында 48 % - ды құрады. мотивацияның орташа деңгейі бақылау деңгейінде 50 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 46 % - ды көрсетті, мотивацияның жоғары деңгейі бақылау тобында 8 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 4 % көрсетті, табысқа жету мотивациясы өте жоғары бақылау тобында 4 % көрсетсе, ал эксперимент тобында 2 % көрсетті (Кесте 1).
Кесте 1 «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің
көрсеткіштері
Деңгейлері |
Бақылау тобы (50 студент) |
Эксперимент тобы (48 студент) |
||
Сандық үлеспен |
Пайыздық үлеспен (%) |
Сандық үлеспен |
Пайыздық үлеспен (%) |
|
Табысқа жетуге деген мотивацияның төменгі деңгейі |
19 |
38 |
23 |
48 |
Мотивацияның орташа деңгейі |
25 |
50 |
22 |
46 |
Мотивацияның жоғары деңгейі |
4 |
8 |
2 |
4 |
Табысқа жету мотивациясы өте жоғары |
2 |
4 |
1 |
2 |
А.М. Усенованың «Табысқа жетудің оң және теріс факторлары» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша бақылау тобында табысқа жетудегі оң факторлар: ыңғайлы сабақ кестесі 25 %, жүмысты орындаудағы қызығушылық 21 %, жеке жүмыс тәжірибемнің болуы 14 %, шығармашыл оқытушылардың болуы 40 %, ал табысқа жетудегі теріс факторларға: сабақ кестесі ыңғайсыз 22 %, қолдан келмейтін немесе қызығушылық тудырмайтын тапсырмалардың берілуі 34 %, басқа жұмыстардың кедергі болуы 18 %, іс-шараларды атқаруға уақыттың жетіспеушілігі 26 % көрсетті. Эксперимент тобының жауаптары, табысқа жетудегі оң факторлар: ыңғайлы сабақ кестесі 18 %, ұйымдағы қолайлы ахуал 13 %, тұрақты бақылаудың болуы 21 %, студенттердің тұлғалық өсуіне мән беретін мұғалімдердің болуы 28 %, шығармашылық іс - шаралардың жүйелі өткізіліп тұруы 20 % көрсетсе, ал табысқа жетудегі теріс факторлар: тым тығыз жұмыс жоспары 31 %, ұйымдағы қолайсыз ахуал 9%, қоғамдық іс - шаралардың жүйесіз өткізілуі 14 %, мүғалімдердің біліксіздігі 12 %, қолдан келмейтін немесе қызығушылық тудырмайтын жұмыстардың тапсырылуы 34 % көрсетті (Кесте 2).
Кесте 2 «Табысқа жетудің оң және теріс факторлары» сауалнамасының көрсеткіштері
(А.К. Усенова сауалнамасы негізінде)
Табысқа жетудегі оң факторлар |
Пайыздық үлеспен (%) |
Табысқа жетудегі теріс факторлар |
Пайыздық үлеспен (%) |
|
Бақылау тобы (50 студент) |
Ыңғайлы сабақ кестесі |
25% |
Сабақ кестесі ыңғайсыз |
22% |
Жұмысты орындаудағы қызығушылық |
21 % |
Қолдан келмейтін немесе қызығушылық тудырмайтын тапсырмалардың берілуі |
34% |
|
Жеке жұмыс тәжірибемнің болуы |
14% |
Басқа жұмыстардың кедергі болуы |
18% |
|
Шығармашыл оқытушылардың болуы |
40% |
Іс-шараларды атқаруға уақыттың жетіспеушілігі |
26% |
|
Эксперимент тобы (48 студент) |
Ыңғайлы сабақ кестесі |
18% |
T ым тығыз жүмыс жоспары |
31 % |
Ұйымдағы қолайлы ахуал |
13 % |
Үйымдағы қолайсыз ахуал |
9% |
|
Тұрақты бақылаудың болуы |
21 % |
Қоғамдық іс- шаралардың жүйесіз өткізілуі |
14% |
|
Студенттердің тұлғалық өсуіне мән беретін мүғалімдердің болуы |
28% |
Мұғалімдердің біліксіздігі |
12% |
Шығармашылық іс-шаралардың жүйелі өткізіліп тұруы |
20% |
Қолдан келмейтін немесе қызығушылық тудырмайтын жүмыстардың тапсырылуы |
34% |
«Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу - танымдық іс - әрекеті табыстылығын анықтау» тақырыбына жазылған жұмысты былайшы қорытынылауға болады:
- Студенттердің, әсіресе педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығын дамыту және анықтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені табысты студент - ол табысты маман. Табысты маман - еліміздің жарқын болашағы.
- Әр ғылым салаларында «оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығы» ұғымына берілген анықтамаларды саралай келе, оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығы дегеніміз - студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс - әрекеттері арқылы қалыптасады, яғни оқу әрекетін табысты қылу ол тікелей таным әрекетіне байланысты.
- «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесінің қорытындысы бойынша бақылау жэне эксперимент топтарында да мотивацияның орташа деңгейі басымдылық көрсетті, демек мотивациясын арттыру керектігі көзделеді.
- «Табысқа жетудің оң және теріс факторлары» сауалнамасының көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша табысқа жетудегі оң факторларында студенттердің жеке тәжірибесінің аз болуы, ал теріс факторларында қызығушылықтарының болмауы анықталады. Демек, студенттердің озқу- танымдық қызығушылықтары мен кәсіби дағдыларын дамытуға байланысты жүмыстар жүргізуді қажет етеді.
Педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу - танымдық іс - әрекет табыстылығын дамыту арқылы сапалы маман даярлайтынымыз анық.
Әдебиет:
- Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы.12 сәуір 2017 ж. // ҚР Президентінің Ресми сайтынан алынған:һ11р://\\\\\\.акогба.к/..
- Кулмьппева Н.А. Жоғары оқу орын студенттерінің оқу - танымдық іс - әрекеті табыстылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары // педагогика ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дай.дисс.авторефераты. - Алматы, 2010.
- Балаева М.Қ. Студенттердің психологиялық білім мен дағдыларды игеруі және танымдық іс - әрекет // Қаз¥У хабаршысы. Психология жэне социология сериасы. - 2010. - № 3. - 29 - 36 бб.
- Кухарь Т.В. Мотивация учебной деятельности. Учебные методические рекомендации. Биробиджан, 2015.
- Усенова А.М. Болашақ бастауыш сынып мұға.іімдерінің әлеуметтік табыстылығын дамыту. Философия докторы (PhD) дәр,алу үшін дай.дисс. Алматы, 2016. - 197 б.