Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзіндік сана-сезімін жетілдіруінің негізгі жолы

Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жүмыс істеуі тиіс. ¥лы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған. Отбасы, мектеп, қоғамдағы игілікті тәрбие беру үшін жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес адамның тұлғалық дамуына, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет ететіндігіне баса назар аудару қажет. Жас ұрпақтың өзінің ішкі әлеміне терең бойлау арқылы рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуін, рухани тағылымды меңгеруін, өзін-өзі жан-жақты зерттеуін, түсінуін, бойындағы құндылықтарды бағалай білуін, өмірден өз орындарын табуға және өз күштеріне сенетін жан-жақты жан ретінде қалыптастыру көзделеді. Осы орайда, болашақ мамандар өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз - ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзін қоғам мүшесі ретінде, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасын тануы.

Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады.

Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа не адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін- өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бүл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би- шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт - бағдар береді.

Мысалы: Ертеде Фейербех танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан жете алмайды «адам» деген абстракциядан өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен шектеледі.

Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.

Өзін - өзі тану дегеніміз не?

Өзін-өзі тану - бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-қүлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

  • өзін-өзі тану - жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
  • өзін-өзі тану - ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
  • өзін-өзі тану - жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.

Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым- қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Жеткіншек жастағы маңызды психологиялық процесс - бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.

Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше багытта өтеді:

Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы - жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға үқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.

Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін—өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір СҮРУ стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі қүрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсатгарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.

Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды- психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сүрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып жеткіншектер :

  • өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.
  • өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы - бақыт, махаббат, саясат жэне т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, қүмарлығы, әр түрлі мүраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дүрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Erep бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де,жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г. Ананьев, Л.И. Божови, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин И.И. Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сүрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған.

А. Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағыттталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сүрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады.

И.С. Конның еңбектерінде философиялық, жалпы және әлеуметтік- психологиялық, тарихи-мәдени аспектілер, теориялық мәселелер мен нақты эксперименталды алынғандарды талдаулары жоғарыда аталған психологиядағы бүрыннан қарастырылып келген сүрақтың жаңа қырлары ашылған. Сана психологиясына шетел ғалымдарының У. Джеймс (сананың тү-рақты және айнымалы күйлері бар деп түсіндірген), К. Роджерс (тұлғаның өзінің ұғымы мен өмірлік тәжірбиесінін тұрақтылығы конгруэнттік (сәйкестік) мәселелері туралы зерттеулер жүргізген), Р.В. Бернс (Мен-тұжырымы мен өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты пікірлер айтқан), Э. Берн еңбектерінде де өзіндік санаға қатысы бар әр түрлі көзқарастар жеткілікті.

Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана - пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады. А.Г. Спиркиннің пікірі бойынша, өзіндік сана адамның өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін, ойларын, сезімдерін, өнегелілік бейнесін және қызығушылықтарын, идеалдары мен қылықтарының түрткілерін (мотивтерін), өзін және өмірдегі өз орнын толық бағалай алуынан көрініс береді дейді.

Өзіндік сана, өзінің «Менін» ұғыну адамның тұлға ретінде жетілуінің нәтижесі.

Зерттеуде өзіндік сананың теориялық талдамасы, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеулерге негізделіп келесі тұжырымдар қарастырылды:

І.Өзіндік сана - бүл:

  • өзінің теңдестігін ұғынуды;
  • белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;
  • өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;
  • өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық түрғыдан байланысты.

2.Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс- әрекетінің қүралы ретінде оның өзіндік анықталуының және қажеттіліктер иерархиясында із қалдырады. Жеткіншекте шығармашылық сынап ойлау қабілеті пайда болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділіктері неге сәйкес деген сұрақтар, оны өзі туралы ойланып өзіндік санасын айрықша дамуына жетелейді.

З.Жеткіншекте ересек адамның бағыттылығы қалыптаса бастайды, оған ересек сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл бағыт жеткіншектің өмірдегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересек дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді не болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің максаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерий! болады.

4.Мотивациялық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушының тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет. Сыналушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі боямауын анықтап, соның негізінде әрі қарай жетілдіреді.

б.Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік сезімінің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен себептер кемшіліктерді жою, сыныптың әлеуметті сыйлы мүшесі болу жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға өзін тәрбиелейтін оқушыны мүғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске асыруға өз үлестерін қосуға тиіс.

Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа қүрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі - бүлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге үшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сүрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты эсер етеді.

Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» - оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мэніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі элемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына томен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді жэне өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.

Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы жэне құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, эр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі жэне өзінің өзіндігін бекітуі тән.

Осыларды қорыта келе, эрбір адамның тұлғалық кэсіби қалыптасуы - түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тэрбие-тэлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте түлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы эр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық жэне физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.

 

Әдебиет:

  1. Сабыров Т. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
  2. Уманов Ө.А., Парфенов В.А.. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
  3. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана. 1999.
  5. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000.
  6. Петровский А.В. Педагогикалық жэне жас ерекшелігі психологиясы. Алматы. 1987.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.